Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет12/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

 
26 
Молданияз Бекімов шығарманың негізгі идеясы Пугачев бастаған шаруалар 
қозғалысының  халықтық,  бостандықшылдық  сипатын  көрсету  деп  ұқпай, 
әңгімедегі  Петр  Андреевич  Гринев  пен  Мария  Ивановна  Миронованың 
сүйіспеншілдік,  үйішілік  әңгімелері  деп  ұққан.  Осыдан  аудармашы 
шығарманың  көбінесе  Пугачевке  байланысты  тұстарына  көп  көңіл  бөлмей 
қысқартқан  да  Гринев  пен  Мироноваға  байланысты  әңгімелерді  қалдырмай 
аударуға тырысқан.  
Бұл жерде айта кететін бір жай М.Бекімов «Капитан қызын» аударған тұста 
орыс  классигінің  шығармалары  қазақ  жеріне  келе  бастаған,  бірақ  біздің 
топшылауымызша  аударушы  өзінің  туындысына  дейін  жарық  көрген  бұл 
шығарманың  татар  тіліндегі  нұсқасын  да  назарынан  тыс  қалдырмаған  ба 
дейміз.  
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тілінде  басылып  шығып  жүрген  кітаптардың 
бәрінің  мазмұны,  идеясы,  көбінесе  ескілік,  діни,  қиял-ғажайып  болып  келетін 
ертек  екені  көпшілікке  мәлім.  Осы  жағдайда  тарихи  тақырыпқа  реалистік 
әдіспен  жазылған  шығарманың  –  «Капитан  қызының»  қазақ  тілінде  шығуы, 
тіпті,  оның  тек  желісі  ғана  болса  да  зор  әдеби  жаңалық  болды.  Ол  қазақ 
халқының жаңа бағытты әдебиетінің алдында жаңа белес есігі болып ашылды.  
 «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» деген еңбегінде С.Талжанов: 
«Капитан  қызын»  1936  жылы  Қ.Тайшықов,  1949  жылы  Ә.Тәжібаев  аударғаны 
мәлім.  Кейінгі  аударманың  бұрынғы  төл  әдебиетіміздің  мешеу  кезіндегі 
Молданияз  Бекімов  берген  үлгіден  көш  ілгері  екені  даусыз»  дейді.  Әйтсе  де, 
әрбір  аударманың  өзіндік  орны  бар.  Ал,  З.Тұрарбеков  сөзімен  айтсақ, 
«М.Бекімов  Пушкин  прозасын  алғаш  ашушы,  алғаш  таныстырушысы,  алғаш 
аудармашы  болғаны  хақ».  Демек,  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  М.Бекімов 
аудармасының әлеуметтік, эстетикалық мәні зор болғаны сөзсіз» және Абайдан 
соң  Пушкинтану  ілімінің  қазақ  жерінде  кең  қанат  жаюына  үлес  қосқанын  да 
есте ұстауымыз қажет.  
Қалай болғанда да, аудармашы М.Бекімовтың тәржіма ісіне сіңірген еңбегін 
уақыт атты философиялық категория тұрғысынан алсақ, төмендегідей тұжырым 
жасаумызға  болады:  Молданияз  Бекімов,  бәрінен  бұрын,  өз  аудармаларында 
ұлттық  болмыстың  сыр-сипаты  мен  қасиет-қырларын  қатаң  сақтай  білді.  Ал, 
бұл 
белгілі 
дәрежеде 
Абай 
аудармаларындағы 
ұлттық 
сипаттың 
ерекшеліктерімен  үндес,  яғни,  зерттеуші  М.Гачаевтың  пікіріне  сүйенсек, 
«Подобно тому как человек есть троичное единство  – тело, душа, дух, –  так и 
каждая  национальная  целостность  есть  троичное  единство:  национальная 
природа – космос, психея – характер народа и логос – склад мышления».  
Молданияз  Бекімовтан  кейін  ұлы  жазушының  жоғарыда  сөз  болған 
туындысын аударған Қадір Тайшықов болса, аударма ісінің өз дамуы жағынан 
жоғары деңгейге көтерілген тұсында «Капитан қызының» үшінші рет қазақша 
нұсқасын жасаған – ақын Әбділдә Тәжібаев. 
 
Сұрақнама: 
1)  А.С.Пушкиннің қазақ әдебиетіне келуін түсіндіріңіздер. 
2)  Қазақ  әдебиетінде  пушкинтану  ілімінің  тууы,  қалыптасуы  және  дамуы 


 
27 
қалай жүзеге асты? 
3)  А.С.Пушкин 
шығармашылығын  алғаш  қазақ  ортасына  әкелуші  
М.Бекімов жайлы не айта аласыздар? 
 
 2.5 Әдеби аударма бірліктері 
 
Әрине  кейінгі  аударманың,  сонау  төл  әдебиетіміздің  ертеректе  М.Бекімов 
аударған үлгіден көп  ілгері екені сөзсіз. Бұл жерде тағы айта кететін бір жай, 
«өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші аудармада да әркім аудармашылық өз 
қабілетін,  өз  серпінін  көрсететіні  түсінікті.  Және  аударма  шеберлігін  әркім 
әртүрлі ұғынушылық та болмай қалмақ емес. Сондай-ақ, аударманың бойында 
қай  уақытта,  қандай  ортада  жасалғаны  да  ескерілетін  жай.  Жалпы, 
тәжірибемізде  аударма  өнерінің  келелі  мәселелері  түгел  шешіліп  болды  деп 
айта  алмаймыз.  Бірақ  аудармаға  қойылатын  негізгі  талаптар  бәрімізге  белгілі 
сияқты.  Аударма  шығарманың  әрпін  емес  рухын  жеткізуі  тиіс,  автор 
интонациясын,  тіл,  образ,  стиль  т.б.  ерекшеліктерін  сақтауы  шарт.  Аударма 
мейлінше жатық болуы керек.  
Сонымен аударманың сапасына байланысты «аударма дәл емес», «аударма 
мен  түпнұсқа  бір-бірінен  алшақ»,  «қазақшаға  аударылғанымен  қазақша  емес» 
деген  сияқты  сындар,  түпнұсқаның  аудармада  басқа  ұлт,  басқа  мәдениетке 
бейімделіп  кетуі  (қазақыланып,  орыстанып  деген  сияқты)  аударманың  өзінің 
қоғамдық  қызметіне  лайық  болмай қалғанын  көрсетеді  екен. Демек  аудармаға 
қоғам тарапынан қойылатын талап өте жоғары.  
Міне, осындай талапқа жауап беретін аударма Әбділдә Тәжібаевтың бүгінде 
өзіміз тілге тиек етіп отырған туындысы яғни А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» 
повесінің үшінші қазақша түпнұсқасы.  
Аударма 1949 жылы жасалған. Түпнұсқа мен қазақ ақынының туындысын 
өзара  салыстырып  қарағанымызда,  аудармашының  түпнұсқаны  дәл  аударуға 
тырысқанын байқаймыз. Әрине, дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, 
сөйлем ерекшеліктерін өз мәнінде бере алатын болады, бұл жөнінде дәл аудару 
дегенді,  сөйлеміне  сөйлем  етіп  орай  аудару  деп  түсінген  жөн.  Сөйтіп, 
Пушкиннің  сөйлемдері  қазақшасында    да  өзінің  ұзынды-қысқалы  көлемімен 
дәл  беріледі.  Ә.Тәжібаев  түпнұсқадағы  образдылық,  синонимдердің, 
идиомалардың, мақал-мәтелдердің, афоризмдердің дәл аударуылына, сондай-ақ 
олардың  қазақша  баламаларымен  берілуіне  көп  көңіл  бөлген  және  оларды 
қазақыландырып та жібермеген.  
Осы  жерде  айта  кететін  бір  жай,  идиомалардың,  мақал-мәтелдердің  және 
басқа да тұрақты сөз тіркестерінің аударылу принциптері орыс әдебиетінде де, 
сондай-ақ біздің төл әдебиетімізде де аудармашы алдына үлкен талап қояды.  
Осы  тұста  аударма  теориясына  біраз  көңіл  бөлер  болсақ,  аударма 
теориясына  арналған  көптеген  еңбектерде  «дәлдік»  ұғымына  айрықша  мән 
беріліп  жүретін.  Бұл  ұғымға  күмән  келтіретін  пікірлер  де  аз  емес.  Сондықтан 
болар  соңғы  жылдарда,  әсіресе,  көркем  аудармаға  байланысты  теориялық 
әдебиеттерде  «дәлме-дәл»  деген  сөз  тіптен  сирек  қолданып  жүр.  Бұл  –  әр 
тілдегі  мәтіндер  арасында  теңдік  белгісін  қоюдан,  абсолютті  түрдегі 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау