Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы


Автор бейнесі көркем мәтін категориясы ретінде



жүктеу 0,51 Mb.
бет7/7
Дата21.11.2018
өлшемі0,51 Mb.
#22885
1   2   3   4   5   6   7

6.2 Автор бейнесі көркем мәтін категориясы ретінде

Сан алуан шексіз айтылымдар мен мәтіндерге сіңіп кеткен автор тұлғасы өзін автор бейнесінде көрсетеді, алайда оның шын авторға еш қатысы болмауы да мүмкін (мысалы, Л. Н. Толстойдың «Кавказский пленник» шығармасында автор бейнесі солдат, қарапайым халықтан шыққан адам).

Нақты тілдік тұлға мен автор бейнесін ұқсастыруға болмайды, олар бір-бірінен эстетикалық тұрғыдан мүлде бөлек. Автор бейнесін автор «актердің сахнада сомдаған ролі» сияқты әдейі жасайды.

В. В. Виноградов «автор бейнесі» ұғымын енгізіп, өзінің көркем сөз теориясының негізі етті. «Автор бейнесі-сөз өнерінің барлық стилистикалық амалдары тоғысатын, бірігетін, синтезделетін орталығы». Автор бейнесі дегеніміз «көркем шығарманың бойымен өтетін жеке дара сөз сөйлеу құрылымы». Автор бейнесі – шығарманың бірыңғай дүние таным арқау болған жеке бөлшектерін бір тұтастыққа біріктіретін ұйымдастырушы күш» [29, 151]. Автор бейнесі – әрдайым біршама идеалдандырылған, өмірбаяндық шындықтан белгілі бір ауытқушылық.

Автор бейнесі баяндау тәсіліне (бірінші жақтан, әңгіме айтушының атынан, т.б.) қарамастан кез-келген шығармада айқын не бүркемелі болады.

В. В. Виноградовтың пікірінше, «автордың қатысы» автор бейнесінің анықтауышы болып қызмет етеді. Оның тура айтылуы мүмкін, алайда көбіне мәтіннің бүкіл ішкі құрылымында болып, «композиция мен стильдің тереңінде» жасырынып жатады. Автор бейнесі, автор тұлғасы «оның тақырыпқа қатысынан» ашылады.

Көркем әдебиетте автор бейнесі айту формаларының көптігін көрсетеді. Шығарма авторы автор бейнесі арқылы өз тұлғасы адам және жазушы ретінде тікелей айтуға тырысып, авторға ұқсамайтын кейіпкерге, әңгімешіге барынша жақындауға ұмтылады.

Авторлық көзқарас автор бейнесін барынша ашық формада көрсетеді. Кейіпкерлерінің ойы мен іс-әрекетін суреткердің өзі топтаса, оның бейнесі туралы пікір қалыптасады. Осы бейне композицияда да, сюжетте де, шығарманың тілінде де жүреді. Ол өзінің ролін оқиғаға тікелей қатысушыға немесе куәгерге жүктеп қойса (осы мақсатта әңгімеші ролі енгізіледі), онда автордың позициясын анықтау қиынырақ. Әңгімешінің әңгімені бірінші, екінші немесе үшінші жақтан айтуы мүмкін.

Автор көзқарасының әңгімешінің көзқарасымен толық сай (бір бағытта әңгімелеу) келуі де, келмеуі де (әр бағытта әңгімелеу) мүмкін. Көркем әдебитте әңгімелеудің осы екі желісі бір-бірін толықтырып отырады.
Автор бейнесі ең алдымен баяндау тәсілінде байқалады. Автор, әңгімеші, кейіпкер суреттеуге қатысты әр түрлі позиция ұстануы мүмкін. Бірыңғай «мен» авторлық көзқарасқа жақын көзқарасты да, оған қарама-қарсы көзқарасты да біріктіре алады. Баяндау перспективасы автордың идеяны дамыту үшін таңдаған баяндау тәсілінің көрінісі болып табылады.

Көркем прозада баяндау перспективасының екі түрі бар:

1) шектеусіз баяндау перспективасы;

2) шектеулі перспектива. Көптеген шығармаларда баяндау перспективасының екі түрі әр алуан формада үйлесіп жатады: вариантты тұрақсыз баяндау перспективалы шығармаларды және тұрақты константты баяндау перспективалы шығармаларды атауға болады.

Баяндау перспективасы екі бағыттан – объектіленген авторлық баяндау мен субъектіленген әңгімеден тұрады. Әр бағытта (объектіленген және субъектіленген) бірнеше баяндау типтері ажыратылады:

- баяндаушының бірінші типі – мәтінде көрінбейтін, айтылмаған, авторға барынша жақындастырылған және әңгімені үшінші жақтан айтатын баяндаушы. Ол көркем шығарма оқиғасына қатыспайды, тек сыртынан бақылайды. Бұл тип автор - баяндаушы ретінде белгіленеді;

- баяндаушының екінші типі-кейіптендірілген әңгімеші, көркем шығарма кейіпкерлерінің бірі, оны «әңгімеші оқиғаға қатысушы»деп белгілеуге болады;

- баяндаушының үшінші типі әңгімешінің де, прозалық шығарма басты кейіпкерінің де бір адам болуы. Баяндау уағызды әңгіме (исповедальный рассказ) сипатында болады.

Осылайша көркем мәтін авторы баяндау типін, идеяны қай тұрғыда дамытуды және тұтас эстетикалық құрылым үлгісін анықтайды.

Оқиғаны басым көпшілігінде адам нақты баяндаушысы бар бірінші жақта әңгімелейді, алайда кез-келген жанды (жылқы, мысық, ит, т.б.), жансыз заттың әңгімеші болуы мүмкін. Өлеңдерде жансыз дүниенің не хайуанның атынан сөйлеу кең тараған.

Бірінші жақты шығармалардың бір бөлігін естеліктер құрайды.

Естеліктер әлі есімде, көз алдымда, т.б. тұрақты сөз тіркестерімен беріледі.

Бірінші жақты баяндауларға әңгіме тұрақты қайталанатын іс-әрекет туралы болғанда бірінші жақтағы есімдіктің варианты сияқты көрінетін екінші жақтағы есімдікпен ұйымдастырылған үзінділер қосылады.

Баяндаушы – әрі әңгімеші, әрі кейіпкер болса, бірінші жақтан баяндағанда әдеттегі «мен»-нің орнына үшінші жақты есімдіктің шығуы мүмкін.

Автор бейнесі – бүкіл шығарманың өзегі, ол өз кейіпкерінің басынан өткен жайларда, тағдырында, сөзінде, мінез-құлқында, оқырманға эстетикалық әсерінде көрініс табады.

Қорыта келгенде, автор бейнесі мәтіннің барлық категорияларын, соның ішінде когезияны, уақыт және кеңістік континуумын топтастырады. Бүкіл шығарманың композициялық-құрылымдық формасын анықтайды.



Қорытынды
Оқулықта баяндалған мәтіннің негізгі категориялары мен ұғымдары туралы түсінік тіл маманына жалпы мәтіндерді, соның ішінде талдауы ерекше күрделі көркем әдебиет мәтінін толық және жан-жақты талдауға көмектеседі.

Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді кешенді талдау көп аспектілі және көп қырлы. Талдау жасауға кірісерден бұрын мәтін, оның ерекшеліктері мен көбірек белгілі категориялары, сол сияқты әрбір нақты мәтінде олардың қалай көрінетіні жайлы түсінік болу керек. Алдымен мәтінге ішінара талдау жүргізіп, яғни не байланыс түрлері мен құралдарын, не мәтінде информативтік, континуум, модальділік т.б. категориялардың көріну тәсілдерін талдап, содан кейін мәтінді жан-жақты талдауға көшкен жөн.

Мәтінді терең кешенді талдау көркем әдебиет мәтіндерін шынайы түсінуге, оқушыларды қарабайыр сөздерден аулақтатып, өз бетінше ойлап, пікір айтуға, адамгершілігі зор білімді де мәдениетті тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.

Сөз соңында, «Мәтін лингвистикасы» пәні бойынша семинар сабақтары мен студенттердің өздік жұмыстарында мәтіндерді, әсіресе көркем мәтінді, лингвистикалық, филологиялық талдау жүргізгенде пәннің теориялық мәселелерін ойдағыдай игеру үшін міндетті түрде қазіргі қазақ тіл білімінде жарық көрген бай практикалық/тілдік материалды кеңінен, жүйелі түрде пайдаланған бірден-бір дұрыс бағыт деп санаймыз.



Терминологиялық түсіндірме сөздік
Абзац – жаңа жолдан басталатын мәтін бірлігі, күрделі құрылымдық-семантикалық тұтастық.

Автор бейнесі – көркем шығарманың мағынасы мен стилінің барлық элементтерін мәтіндік тұтастыққа біріктіретін лингвистикалық категория.

Автордың тілдік тұлғасы – автордың даралығы мен көркем мәтін тудырудағы ерекшеліктері.

Айтылым – бір коммуниканттың бір сөйлеу актісіндегі сөйлеу әрекеті.

Антропоцентристік бағыт – зерттеу жұмыстарының, танымның адамға, оның барлық сипаттарына (жеке басының, ұлттық, әлеуметтік) бағытталғандығы.

Ақпарат – (лат. informare-суреттеу, бір нәрсе туралы ұғым құрастыру, хабарлау) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында табиғи тіл арқылы берілетін ақпардың жиынтығы:

Мазмұнды-фактуалды ақпарат – фактілер мен оқиғаларды, олардың уақыты мен орнын, автордың ойын, сюжеттің дамуын көрсететін ақпарат;

Мазмұндық-концептуалды ақпарат – автордың қоғамдық өмір құбылыстарын өз бетінше саралауын, түсінуін, бағалауын оқырманға жеткізуінің көрінісі;

Мазмұндық-астарлы ақпарат – тіл бірліктерінің ассоциативті және бағалаушы мағына тудыра алу қабілетіне қарай мазмұндық нақты ақпараттан алынатын жасырын ақпарат.

Ақпараттылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі.

Әңгімелеу – тұтастық, байласымдық және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру категорияларына ие композициялық сөйлеу формаларының бірі.

Байланыс жарыспалы – мұнда сөйлемдер бір-біріне іліктеспейді;

Байланыс тізбекті – мұнда әр сөйлем келесі сөйлеммен іліктеседі.

Байласымдылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі, ол тұтастықпен бірігіп, автор интенциясы мен оқырман қабылдауын мейлінше жақындастыруға ықпал етеді.

Бөлшектік – автор өзі баяндап отырған оқиға, құбылыстың жекелеген қырларына назар аударатын және оқырманның алған ақпары түсінуін жеңілдететін мәтін категориясы.

Гипермәтінділік – бір мәтінді екінші бір мәтін арқылы ажуалау, кемсіту.

Дискурс – (лат.discursum-әңгімелеу,сөйлеу үдерісі) кең мағынадағы тілдік іс-әрекет, тар мағынада – байласымды мәтін.

Жағдаят – мәтіндегі оқиғаның орны мен уақыты және кейіпкерлер жөніндегі ақпар.

Идея – (грек. idea-ұғым, түсінік) – тақырып пен мазмұн қатынасының нәтижесі.

Инвенция – сөйлеуді тудыру.

Интермәтіндік – мәтінге басқа шығармалардың мәдени кеңістігінің енуі.

Категория – объективті болмыстың құбылыстары мен заттар аралығындағы қатынастар мен байланыстары, ортақ қасиеттері мен белгілері анықталған ұғым.

Категориялар мәтіннің – ақпараттылық, концептуалдылық, байласымдық, тұтастық, аяқталғандық, модальдылық, коммуникативтілік, прагматикалық т.б.

Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді:

Кеңістік көркем – шектеусіз кеңістік;

Кеңістік шынайы – нақты кеңістік.

Когезия – (ағыл.cohesion-«бірігу») – мәтіндегі сөйлемдер мазмұнының байласымдығы.

Когеренттік – (ағыл.coherence-«байласымдық») – мазмұндық, құрылымдық байласымдық.

Континиум – (лат. continuum-үздіксіз,толассыз) – мәтіндегі уақыт пен кеңістік ұғымдарының көрінісі:

Концептуалдылық – (лат. conceptio-қабылдау)

1) құбылысты қабылдаудағы пікірлер жүйесі;



2) негізгі идея.

Құрылым мәтіннің – мәтіннің мазмұны мен формасы категорияларының арасындағы қатынастар.

Мазмұн – тақырыпты ашу үшін тілдік талдауға түсетін фактілер мен құбылыстар.

Мәтін – (лат.textus-ткань, өрілім, қосылым) – аяқталған, объективтелген жазба құжаты ретінде... бірқатар ерекше бірліктері мен атауы бар, түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты бар сөйлеу шығармасының туындысы:

Макромәтін – көлемі үлкен шығарма;

Микромәтін – түрлі құжаттар, ақпараттар, көлемі шағын шығармалар.

Мәтін түзу – «Текст түзу» - жетілген жазба әдебиетінің көрінісі. Және ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст түзу үшін сөз таптарын, грамматикалық амалдарды таңдай білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу керек. Метамәтінділік – мәтіннің алдыңғы бөліктеріне түсіндірме немесе сыни сипаттағы сілтеме.

Модальділік – айтушының айтылымға қатынасын көрсететін, ақпарат пен объективті болмыстың арақатынасын бағалауға арналған грамматикалық-семантикалық категория:

Модальділік мәтіннің – автордың оқырманға болмыстағы құбылыстардың себеп-салдарын, қатынастарын түсінуіне ықпал жасау;

Модальділік объективті – ақпараттың болмысқа қатынасын білдіру;

Модальділік субъективті – айтушының айтылымға қатынасын көрсету.

Ойталқы – композициялық сөйлеу формаларының бір түрі, кейіпкердің әр түрлі сезімін, көңіл-күйін, дүниеге көзқарасын, кейде автордың ішкі ой-пікірін баяндайтын форма; ойталқының құрылымына уақыт, кеңістік және себеп-салдар категориялары жатады. Себеп-салдар ойталқыда құбылыстардың бірінен екіншісінің пайда болу байланысын көрсетеді.

Прагматикалық – коммуниканттардың сөйлеу жағдаятын ескере отырып, айтылым мақсаты мен бір-біріне және ақпарға қатынасын білдіретін категория.

Проспекция – (лат.prospicere-«алға қарау») – оқиғадан соң не болатынына тілдік құралдар арқылы сілтеме жасайтын категория, ол уақыт және кеңістікпен тығыз байланыста.

Рема – (грек.rhema-сөз) – сөйлемнің актуалды бөлігі; хабардағы бастапқы бөлік – тема жөнінде айтылатын және ойдың аяқталмаған көрінісін жасаушы.

Регистр сөйлеудің немесе мәтін түрлері – мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуы:

Регистр ақпараттық – айтушы өзі білетін оқиғалар мен фактілерді хабарлайды;

Регистр волюнтивтік – айтушы адресатты белгілі бір іс-әрекетке жұмсайды;

Регистр генеритивтік – айтушы ой елегінен өткізген және өмір тәжірибесінен жинақталған ақпаратты береді;

Регистр реактивтік – тыңдаушының жағдаятты бағалауы;

Регистр репродуктивтік – айтушы көргенін, естігенін, сезгенін хабарлайды.

Ретроспекция – (лат.retrospicere-артқа қарау) – бұрынғы айтылғанға (жазылғанға) оралу.

Суреттеуболмыстың белгілі бір қалпын, күй-жайын толықтайтын, көрсететін композициялық баяндау формаларының бірі.

Сюжет – (фр.sujet-шығарманың кейіпкерлері мен оқиғаларын баяндайтын негізгі мазмұн) – тақырып пен композиция қатынасының нәтижесі.

Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында зерттеу, көрсету үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой жиынтығы.

Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.

Тұтастық мәтіннің – мәтін ішіндегі сөйлем, абзац, тарау, бөлім мазмұндарының тұтастығы.

Тұтастық күрделі синтаксистік – ерекше синтаксистік-стилистикалық бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.

Тұтастық күрделі фразалық – мәтін құрайтын тіл бірлігі.

Уақыт – мәтінге тән категориялардың бірі, ол қатарлас нәрселердің бірін-бірі ауыстыруын көрсетеді:

Уақыт концептуалды – оқиға өтетін уақыт;

Уақыт көркем – сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы;

Уақыт объективті – күнтізбелік уақыт;

Уақыт перцептуалды – эмоциялық-экспрессивті уақыт;

Уақыт шынайы – басқа материалды объектілер сияқты мәтіннің (кітап, газет, іс қағаздар, хаттар т.б.) нақты уақытта өмір сүру формасы.

Әдебиеттер
1 Гальперин И. Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М. : Наука, 1981. – 183 с.

2 Золотова Г. А., Онипиенко Н. К., Сидорова М. Ю. Коммуникативная грамматика русского языка. – М., 1988. – 250 с.


3 Современная русская устная научная речь. / под. ред. О. А. Лаптевой. – Красноярск, 1985. – Т. 1. – 357 с.

4 Лингвистический энциклопедический словарь. – М. : Сов. энциклопедия, 1990. – 685 с.

5 Москальская И. О. Грамматика текста. – М. : Высшая школа, 1981. – 215 с.

6 Алефиренко Н. Ф. Смысловая структура текста // Семантика языка и текста: ғылыми мақалалар жинағы. – Волгоград, 1998. –

7 Бахтин М. М. Эстетика слова и язык писателя. – М., 1979. –

8 Богин Г. И. Речевой жанр как средство индивидуации / Жанры речи. – Саратов, 1997. –

9 Әбікенова Г. Т. Көркем шығармадағы мәтінтүзім мәселелері : оқу құралы. – Семей, 2010. – 155 б.

10 Одинцов В. В. Функциональные типы русской речи. – М., 1982. –

11 Тураева З. Я. Лингвистика текста. – М. : Просвещение, 1986. – 107 с.

12 Матвеева Т. В. Функциональные стили в аспекте текстовых категорий. – М., 1990. –

13 Лосева Л. М. Как строится текст. – М. : Просвещение, 1980. –94 с.

14 Кухаренко В. А. Интерпретация текста. – Л., 1979. –

15 Купина Н. А. Лингвистический анализ художественного текста. – М., 1980. –

16 Брандес М. Стилистический анализ. – М., 1971. – 190 с.

17 Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы : Білім, 1994. – 124 б.

18 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991. – 460 б.

19 Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми теориялық негіздері: филол. ғыл. д-ры... дисс. – Алматы, 1999. – 340 б.

20 Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы : Санат, 1995. – 208 б.

21 Кунанбаева С. С. Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. – Алма-Ата : Ғылым, 1991. –

22 Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. –Алматы, 2001. – 49 б.



23 Мустафина С. Текстообразующие средства казахского языка : автореф. канд. филол. наук. – Алматы, 1986. – 24 с.

24 Әзімжанова Г. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.



25 Әлкебаева Д. А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы : Зият-Пресс, 2007. – 243 б.

26 Маретбаева М. Ә. Әңгімелеу мәтінінің тілдік- стилистикалық сипаты: филол. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 2008. – 24 б.

27 Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы : Қазақ университеті, 2002. – 111 б.

28 Шмелева Т. В. Текст сквозь призму метафоры тканья // Вопросы стилистики. Вып. 27. – Саратов, 1998. –

29 Виноградов В. В. О теории художественной речи. – М., 1971. –

Қосымша

1 Арнольд И. В. Стилистика современного английского языка. –М., 1990. –

2 Әділова А. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы, құрылымы: филол. ғыл. д-ры... дисс.автореф. – Алматы, 2009. – 49 б.

3 Есенова Қ. Ө. Қазіргі қазақ медия-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз мактериалдары негізінде): филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. – Алматы, 2007. – 49 б.

4 Кәріпжанова Г. Т. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау : оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2009. – 112 б.

5 Қайшығұлова Ж. Қазақ мәтінінің күрделі фразалық тұтасым / абзац деңгейінде мүшеленуі: филол. ғыл. канд. дисс. автореф. –Алматы, 2001. – 24 б.



6 Қалиев Ғ. Қазақ тіл білімінің терминологиялық түсіндірме сөздігі. – Павлодар : Кереку, 2010. – 605 б.


Мазмұны





Алғысөз.....................................................................................

3




Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде...........................

4

1

Мәтін және оның негізгі белгілері.........................................

8

1.1

Мәтін туралы ұғым..................................................................

8

1.2

Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері......

12

2

Мәтінге тән категориялар.......................................................

16

2.1

Мәтін категориясы туралы ұғым...........................................

16

2.2

Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы.........................

7

2.3

Мәтіннің ақпараттылығы мен модальділігі..........................

31

3

Мәтіндегі уақыт пен кеңістік категориялары.......................

37

3.1

Шынайы, концептуалды, көркем уақыт................................

37

3.2

Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары..

40

3.3

Мәтіндегі ретроспекция мен проспекция. Алданған үміт...

44

4

Мәтінді бөлшектеу, оның композициялық бөлімдері..........

47

4.1

Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу.......................

47

4.2

Мәтін үзінділерінің автосемантиясы.....................................

49

4.3

Мәтінді контексті – вариациялық бөлшектеу.......................

51

4.4

Күрделі фразалық тұтастық және абзац................................

55

4.5

Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары......

57

4.6

Диалогты бөлшектеу...............................................................

65

5

Мәтіннің интеграциясы мен аяқталуы...................................

67

5.1

Мәтін интеграциясы туралы ұғым.........................................

67

5.2

Мәтін интеграциясындағы лексикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейлер бірліктері................................

69


5.3

Көркем мәтін интеграциясындағы бейнелік жүйе...............

72

5.4

Мәтіннің аяқталуы. Мәтіндегі тақырып пен эпиграф..........

72

6

Автордың тілдік тұлғасы және автор бейнесі.......................

74

6.1

Мәтін авторының тілдік тұлғасы...........................................

74

6.2

Автор бейнесі көркем мәтін категориясы ретінде..............

75




Қорытынды……………………………………………………

76




Терминологиялық түсіндірме сөздік……………….

77




Әдебиеттер …………………………………………………...

81




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау