«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: (150008 СҚО, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 83, телефон: 8(7152) 36-56-73, электронды мекенжайы



жүктеу 69,44 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі69,44 Kb.
#3388
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға
ішкі конкурс жариялайды:


(150008 СҚО, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 83, телефон: 8(7152) 36-56-73,
электронды мекенжайы:
skostat@gmail.com, statsko@economy.gov.kz)



1. Заң басқармасының бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Департаменттің қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және оған енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыруды, Департаменттің лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізілуіне заңгерлік жетекшілік жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеп іске асыру, Департаментте жалпы құқықтық оқуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті ұйымдастыру. Департамент қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелері бойынша консультация береді, қорытындылар дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі. Комитеттің Департаментке келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерінің жүйелік есепке алынуы мен сақталуын ұйымдастыру, кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақытылы дайындалуын жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алынатын басқа да тапсырмаларды орындау. Департамент құзыретіне жататын бақылау функцияларын құқықтық сүйемелдеу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану) саласындағы жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Департаменттің интернет-ресурсын өзектендіріп жаңарту, ақпараттың жаңартылу уақытылығын бақылау. Департамент интернет-ресурсының жұмыс істеуіне жауапты. ҚР ҰЭМ СК интернет-ресурсында жаңарту үшін департамент туралы материалдар дайындау. Департаменттің интернет-ресурсын және статистикалық дерекқорларды резервтік көшіруге жауапты. Департаментте ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуына жауапты. Есептеу техникасын паспорттау. Техникалық және жүйелік қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау. Есептеу техникасын сатып алуға/жөндеуге техникалық ерекшеліктер мен өтінімдер дайындау. ЭҚАБЖ біріктірілген ақпараттық жүйесінің және МОИП жүйесінің жұмыс істеу мәселелері. Алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технология (ақпараттық жүйелер), немесе білім (физика) саласындағы жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңын, «Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық жалақылары:



Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

min

max

С-О-5

83 282

112 431

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады, олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі және орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны СҚО Петропавл қаласы, Мир көшесі, 83 мекенжайында орналасқан Департамент ғимаратында, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Шағымдану туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
жүктеу 69,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау