«Б» корпусыныѕ бос мемлекеттік јкімшілік лауазымына орналасу їшін жалпы конкурсќа хабарландыру



жүктеу 67,09 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі67,09 Kb.
#17449
түріКонкурс


«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурсқа хабарландыру

Құжаттарды қабылдау 10 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың 16 мамырдан бастап 27 мамырдын қоса алғанда


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.     

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-5

64 960

88 279


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян қаласы – Зырян ауданы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасы, 070800, Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 11-үй, анықтама үшін телефон: 8(72335) 6-35-67, 6-13-84, факс: 8(72335) 6-13-84, электронды мекенжайы: zyran@taxeast.nalog.kz, E.Kozybayeva@kgd.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян қаласы – Зырян ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдерді және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, (1 бірлік).

Функционалдык міндеттері: Бюджетке түсетін салықтардың есептелуіне және түсіміне талдау жасау. Салық төлеушілердің дербес шоттарындағы есептелуге камералдық бақылау жүргізу, салық есептілігінің уақтылы тапсырылуын бақылау жүргізу. Бюджетке түсетін резерв көздерін іздестіру; салық салу объектілерін толық қамтып, салық төлеуге тарту үшін уәкілетті органдардан келіп түскен мәліметтерді саралау; арнайы салық режимінде жұмыс істейтін салық төлеушілердің тіркеу есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы мамандықтар бойынша (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгілеу) немесе кеден ісі мамандығы бойынша.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау 10 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың 16 мамырдан бастап 27 мамырдын қоса алғанда


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян қаласы – Зырян ауданы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасы, 070800, Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 11-үй, анықтама үшін телефон: 8(72335) 6-35-67, 6-13-84, факс: 8(72335) 6-13-84, электронды мекенжайы: zyran@taxeast.nalog.kz, E.Kozybayeva@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама ;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) ;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян қаласы – Зырян ауданы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасы, 070800, Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 11-үйде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян қаласы – Зырян ауданы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасының ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның http://www.kgd.gov.kz/. интернет-ресурсына орналастырылады.



Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
жүктеу 67,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау