«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру



жүктеу 99,62 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі99,62 Kb.
#14919
түріКонкурс






Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

C-R-1 санаты бойынша: Жоғары білім;
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 8) ғылыми дәрежесінің болуы.* Лауазымның функционалдық бағыттары - заңгерлік қызмет.

С-R-4 санаты бойынша: Жоғары білім;
 мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мамандық бойынша: Құқықтану.
С-R-5 санаты бойынша:  Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
 Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Лауазымның функционалдық бағыттары - заңгерлік қызмет.

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

** Ескерту: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

*** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:


Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-R-1

142 412

192 382

С-R-4

73 288

99 106

С-R-5

64 960

88 279


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды. 160011, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, № 87.

Анықтама үшін телефондары: (8 7252) 99-75-43 ішкі (0201, 0202), (8 7252) 99-75-42 электронды пошта: 725-0202@sud.kz.


Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
1. Соттың кеңсе меңгерушісі С-R-1 санаты - 1 бірлік: Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты-1 бірлік (негізгі қызметшінің 16.05.2017 жылға дейін еңбек жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Сот кеңсесінің қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлу, арыз, шағымдарды қабылдау жұмысын ұйымдастыру, кіріс және шығыс журналдарын, нарядтарды жүргізу, сот кеңсесінің қызметкерлерінің міндеттерін, атқаруын бақылау.
2. Кеңсенің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы С-R-4 санаты – 4 бірлік: Мақтаарал ауданының №3 аудандық соты-1 бірлік; Сайрам аудандық соты-1 бірлік; Төлеби аудандық соты-1 бірлік (негізі қызметшінің 01.06.2017 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Ордабасы аудандық соты-1бірлік (негізі қызметшінің 17.09.2017 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне);

Функционалдық міндеттері: Сот талқылау алдында қажетті жұмыстарды орындау, сот отырысының хаттамасын толық және дұрыс жүргізу, үкімдердің, шешімдердің орындалуын бақылау жасайды.
3. Кеңсенің бас маманы С-R-4, 1 бірлік: Сайрам аудандық соты-1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Түскен арыз, шағымдарды тіркеу, есепке алу және мерзімін сақталуын қадағалау, сот істерін және арыздарды бөлу, сот қызметкерлеріне заңдардың өзгерістерімен толықтыруларын жеткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.


4. Кеңсенің жетекші маманы С-R-5, 3 бірлік: Арыс аудандық соты-1 бірлік; Қазығұрт аудандық соты-1 бірлік; Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты-1 бірлік (негізгі қызметшінің жүкті және босануына байланысты демалыс кезеңіне 06.06.2017 жылға дейін)

Функционалдық міндеттері: тарату журналын жүргізу, сот кеңсесінен барлық шығыс қағаздарын, хаттарын уақтылы тарату, кіріс, шығыс құжаттарды журналдарға тіркеу, т.б.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей тапсырады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінде өткізіледі. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері және де «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің өкілдерін қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжататрдың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Шағым жасау тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


жүктеу 99,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау