Қазтұтынуодағы



жүктеу 294,32 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі294,32 Kb.
#7468
түріНұсқаулар

Қазтұтынуодағы

Қара ғанды Экономикалық Университетi




«Мемлекет және құқық теориясы»

пәнi бойынша курстық жұмыстарды жазу және

безендiру бойынша әдiстемелiк нұсқаулар

Қарағанды 2012


5В030100 – «Заңтану» мамандығының ҚР МЖМБС негізінде, 5В030100 – «Заңтану» мамандығының оқу жұмысы жоспары, «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінің типтік бағдарламасы мен ҚҚЭУ-МИ-85-05.01-2011 пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде әдістемелік нұсқауларды жасаған жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Әділбекова Қ.Қ.
Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қаралды

« » 2012 ж. Хаттама №











КІРІСПЕ
«Мемлекет және құқық теориясы» мемлекеттің құрылымы мен құқықтық жүйені жетілдіруге тікелей әсер ететін және мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы туралы ғылымдардың барлық салалары үшін үлкен маңызы бар фундаменталды ғылым. Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.

Заңдық ғылымдар жүйесiнде “Мемлекет және құқық теориясы” негiзгi, әрi әдiстемелiк ғылым ретiнде танылған. Ол тәлiмгерлерде кәсiби құқықтық сананы қалыптастырумен тiкелей байланысты болатын заңдық ғылымдардың бiрi. “Мемлекет және құқық теориясы” пәнiнiң мақсаты – тәлiмгерлердiң мемлекет туралы iлiмдердiң мазмұны мен мәнi туралы, саяси-құқықтық құбылыстар туралы жалпы теоретикалық бiлiмдердi игеруiне көмектесу, оларды бағалау және де оны болашақта заңгер-құқықтанушы ретiнде өзiнiң мiндеттерiн кәсiби түрде орындау әрекетiнiң қозғаушы күшiне айналдыру қабiлетiн қалыптастыру.

Мемлекет және құқық теориясының оқу пәні ретінде басты мақсаты – әдістемелік тәсілдер арқылы оқу үрдісі нәтижесінде тәлімгерлерге мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің басты заңдылықтары туралы ғылыми және практикалық ілімдерді жеткізіп түсіндіру. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеті тәлімгерлердің мемлекет туралы ілімдердің мазмұны мен мәні туралы, саяси-құқықтық құбылыстар туралы жалпы теоретикалық білімдерді игеруіне көмектесу, оларды бағалай және де болашақта заңгер-құқықтанушы ретінде өзінің міндеттерін кәсіби түрде орындау әрекетінің қозғаушы күшіне айналдыру қабілетін қалыптастыру. Оқулықтармен қатар ғылыми еңбектерді, монографияларды, құқықтық журналдардағы мақалаларды өз беттерінше игеріп, терең әрі жанжақты талқылап қарастыруды үйрету қажет. Ғұламалардың көзқарастары негізінде, түрлі концепциялар ішінен талқылау нәтижесінде өзіндік ой-пікір қалыптастырып айтуға қабілеттерін дамыту.

Университеттiң “Заңгер” мамандығында оқып жүрген тәлiмгерлер үшiн заңдық ғылымдар саласында жан-жақты бiлiм алу, өз беттерiнше зерттеу жұмысын жүргiзiп үйрену, сондай-ақ жинаған бiлiмдерiн қоғамдық тәжiрибемен ұштастыра бiлу қабiлетiн қалыптастыру аса маңызды мәселелердiң бiрiне жатады. Заңгер маманды даярлау кезiнде курстық жұмыс жазуға және оны дұрыс рәсiмдеуге үлкен орын берiледi. Себебi, курстық жұмыс жазу үрдiсiнде тәлiмгер өзi таңдаған тақырыптың теоретикалық сұрақтарын талдай бiлуi, мәселеге қатысты жинаған құжаттарын өз бетiнше саралауы, сондай-ақ жазған жұмысы туралыой-пiкiрлерiн негiздей бiлуi қажет. Курстық жұмысты жазу және оны жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сай дұрыс рәсiмдеудiң маңыздылығы осында.

Осы әдiстемелiк құралда курстық жұмысқа қажеттi құжаттарды жинау, оның мәтiнiн жазу және дұрыс рәсiмдеу әдiстерi туралы ұсыныстар берiледi.

Әдiстемелiк құралдың соңында курстық жұмысты жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсiмдеудiң үлгiлерi ұсынылып отыр.


1. Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
Білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес “Заңгер” мамандығы бойынша күндiзгi және сырттай бөлiмдерде оқитын тәлiмгерлер бірінші курста “Мемлекет және құқық теориясы” пәнi бойынша курстық жұмыс жазады. Ол бiлiм беру үлгiсiнiң жазбаша жұмыстарының бiр түрi және оқу үрдiсiнiң мiндеттi түрде орындалуға жататын бiр бөлшегi болып табылады.

Курстық жұмыс тәлiмгердiң өз бетiнше жүргiзетiн алғашқы ғылыми зерттеуi. Ол тәлiмгерлердiң арнайы пәндердi оқу барысында жинаған бiлiмдерiн бекiтуге, тереңдетуге және оларды нақты мәселелердi шешу кезiнде дұрыс қолдана бiлуге көмектеседi. Сондай-ақ, курстық жұмыс жазу тәлiмгерлердiң ғылыми зерттеулер жүргiзуге қызығушылығын оятуға ықпал етедi, олардың берiлген мәселенi өз бетiнше саралауға қажеттi ғылыми әдебиеттердi, арнайы құжаттарды, қайнар көздердi тиiмдi пайдалана бiлуге үйретедi.

Тәлiмгер бiлiм алу үрдiсiнде жинаған бiлiмдерiн өзiнiң кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде дұрыс қолдана бiлуге, қорытынды жасап үйренуге, мәселе бойынша ғылыми және заң терминдерiн пайдалана отырып өз ойларын қағазға түсiре бiлуге үйренуi тиiс. Берiлген тақырыпқа сай курстық жұмыс жазу тәлiмгерлерге осы мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi.

Курстық жұмыс жазу кезiнде тәлiмгер өз бетiнше нақты әлеуметтiк зерттеулер жүргiзуi қажет. Ол үшiн зерттелетiн мәселенiң мақсатын табу керек, оның жоспары құрылады, тақырыпқа сай құжаттар жиналады, белгiлi бiр жүйеге келтiрiледi, жұмыстың соңында қорытындылар жасалады.

Берiлген мәселе бойынша қажеттi құжаттарды зерттеу, топтастыру, саралау, тақырыптың теориялық және тәжiрибелiк жаңа көзқарастарын ашу курстық жұмыс жазудың негiзгi мақсаты болып табылады. Курстық жұмыстың төмендегiдей негiзгi мiндеттерiн атап өтуiмiзге болады:


  • таңдаған тақырып бойынша мемлекеттiк-құқықтық құбылыстардың мәнiн ашу, оны теориялық негiздеу;

  • курстық жұмыста көтерiлген мәселелердiң шешiмiн табу кезiнде зерттеу әдiстерiн меңгеру және өз бетiнше жұмыс жүргiзу амалдарын дамыту.

Курстық жұмыс тәлiмгерлердiң заң ғылымдарының және әрекеттегi заңдардың теоретикалық жағдайларын қаншалықты деңгейде меңгергендiгiн көрсетедi.

Курстық жұмыс жазудың тәсiлдерi күрделi болғандықтан, оны дұрыс орындау арнайы дайындықты және көмекшi әдiстемелiк құралдар мен ұсыныстардың көмегiн қажет етедi. Осы әдiстемелiк құрал жоғарыда атап өтiлген мәселелердi шешудi мақсат етiп қояды, яғни, тәлiмгерлердiң курстық жұмыс жазудың амалдары мен тәсiлдерiн игеруiне көмек көрсету, оны рәсiмдеу кезiнде кафедрамен ұсынылып отырған талаптарды негiзге алу.



2. Курстық жұмыс тақырыбының таңдалуы және бекітілуі

Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедрамен анықталып әр жыл са йын жаңартылып отырылады. Жұмыс тақырыптары қоғамдағы өзекті мәселелерге және олардың шешілу жолдарына бағытталады. Әрбір тәлімгер оқу жылының басында өз бетінше курстық жұмыс тақырыбын таңдайды және таңдалған тақырып бойынша кафедра меңгерушісінің атына тақырыптын реттік саны көрсетілген өтініш әкеледі. Тәлімгердің өзі қызықтырып жүрген мәселелері бойынша курстық жұмыс тақырыбын ұсыну құқысы бар. Бұл жағдайда таңдалған мәселенің өзектілігі баяндалған өтініш кафедра меңгерушісінің атына жазылады.



2. Курстық жұмысты дайындау және жазу.

Тәлiмгердiң курстық жұмысты орындау үрдiсi төмендегiдей негiзгi кезеңдерден өтедi:



  • зерттеу тақырыбын таңдау, оны кафедрада тiркеу;

  • қарастырылатын тақырып бойынша қажеттi әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;

  • оқу әдебиеттерiн және арнайы әдебиеттердi, қайнар көздердi зерттеу;

  • жұмыстың жоспарын құрастыру;

  • жұмыстың мәтiнiн жазу, рәсiмдеу және кафедраның сын-пiкiр бiлдiруiне ұсыну.

Тәлiмгер курстық жұмыстың тақырыбын кафедрамен ұсынылған және бекiтiлген тақырыптар тiзiмi iшiнен өз еркiмен таңдайды. Ол тақырып таңдау кезiнде тек өзiнiң мүдделерiн ғана емес, мәселенiң заң ғылымында ғылыми зерттелу деңгейiн, университет және қала iшiндегi кiтапханаларда арнайы әдебиеттердiң бар-жоқтығын басшылыққа алуы керек.

Кафедра рұхсат берген жағдайда тәлiмгер өзiн қызықтырып жүрген мәселе бойынша курстық жұмыс тақырыбын таңдауға құқылы, бiрақ ол мәселе курстық жұмыс жазылатын пәннiң оқу бағдарламасы шегiнен шықпауы тиiс.

Курстық жұмысты жазу таңдалған мәселеге сәйкес әдебиеттер жинау, оларды зерттеу, қысқаша мазмұндаудан басталады. Осылардың барлығы жұмыста көтерiлетiн сұрақтар шеңберiн анықтауға көмектеседi. Тәлiмгер өзiнiң ғылыми жетекшiсiмен келiсе отырып жұмыстың жоба жоспарын құрастырады, мәселеге байланысты арнайы әдебиеттердi, қайнар көздердi және басқа да құжаттарды жинайды, зерттейдi. Әдебиеттердi зерттеу кезiнде өздерi үшiн қысқаша үзiндiлер жасайды, арнайы сұрақтар бойынша құжаттарды топтайды, тәжiрибеден мысалдар жинайды.

Қажеттi әдебиеттер қарастырылып болғаннан кейiн тәлiмгер мәселенi толықтай ашуға қажеттi сұрақтар тiзiмiн көрсететiн жұмыстың түпкiлiктi жоспарын жасайды, ғылыми жетекшiмен келiсiледi. Жұмыс жоспарында тақырыптың негiзгi мәселелерi, оның баяндалу кезегi көрсетiледi.

Курстық жұмыстың құрылымы:


  • жұмыс мазмұнынан,

  • кiрiспеден,

  • негiзгi бөлiмнен,

  • қорытынды бөлiмнен,

  • пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Курстық жұмыстың жоспары жұмыстың төлқұжаты болып табылады. Онда жұмыстың негiзгi құрылымдық бөлiмдерiнiң атаулары кiредi. Курстық жұмыстың мәтiнi жоспарға сәйкес баяндалуы қажет. Кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды әрқайсысы мәтiнде жаңа беттен басталатындығын естен шығармау керек Жеке бөлiмдердiң атаулары жұмыстың атауымен сәйкес келмеуi керек.

Курстық жұмыстың кiрiспесiнде тәлiмгер келесi мәселелердi қарастыруы қажет:



  • жұмыс тақырыбын таңдау негiздерi;

  • оның көкейкестiлiгiн анықтау;

  • сол тақырып бойынша арнайы әдебиеттердi қарастыру;

  • жұмыстың негiзгi мақсаты мен оны ашудың жолдары.

Кiрiспе бөлiм 3-4 парақ көлемiнде жазылады.

Негiзгi бөлiм мәтiнде кiрiспеден кейiн орын алады. Талаптарға сәйкес екi немесе үш бөлiмге бөлiнiп қарастырылады. Ол бөлiмдер өз iшiнде бөлiмшелерге бөлiнуi мүмкiн. Бөлiмдер және бөлiмшелер көлемi жағынан бiр-бiрiне ұқсас болуы керек. Көп кездесетiнi – теоретикалық және тәжiрибелiк бөлiмдер. Теоретикалық бөлiмде тәлiмгердiң курстық жұмыста көрсетiлген мәселенiң тарихын бiлуi, тақырыпқа байланысты негiзгi әдебиеттердi жинауы, оларды өз бетiнше саралай алу қабiлетi көрсетiледi. Берiлген тақырыпқа қатысты аса маңызды мәселелер теоретикалық бөлiмде баяндалады. Теоретикалық бөлiмде көтерiлген мәселелер тәжiрибелiк бөлiмде нақты өз орнын алады. Тәжiрибелiк бөлiм жұмыстың нақты мазмұнын, тәлiмгердiң бақылауларының тереңдiгiн, оның теориялық мәселелердi тәжiрибемен ұштастыра алу қабiлетiн көрсетедi. Барлық бөлiмдер, бөлiмшелер, параграфтар өзара тығыз байланыста болып, бiрiн-бiрi толықтырып тұрады.

Қорытындыда тәлiмгер өзi жүргiзген зерттеулерiнiң негiзгi түйiндерiн баяндайды, мәселенi қорытындылайды.
Курстық жұмыстың рәсiмделуi.

Курстық жұмыс жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес орындалуы қажет. Соның iшiнде, қайнар көздерге, сiлтемелерге, оларды дұрыс рәсiмдеуге ерекше көңiл бөлiнедi.

Берiлген мәселенiң сұрақтары жоспарға сәйкес, арнайы әдебиеттердiң, қайнар көздердiң және басқа да құжаттардың көмегiмен толық баяндалған жағдайда жұмыс тақырыбы ашылған деп есептеледi.

Тәлiмгер курстық жұмыс жазу барысында жұмыс жоспарына сай бөлiмдердiң әрқайсысында қандай мәселелердi ашу керектiгiн бiлуi тиiс. Егер кiрiспеде таңдалған тақырыптың көкейкестiлiгi, оның ғылымда алатын орны мен мәнi, зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi, мәселенiң тарихы, сондай-ақ жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi нақты анықталатын болса, негiзгi бөлiмде мәселенiң нақты мәнi логикалық айқындалған кезекпен ашылады, тақырыптың негiзгi сұрақтары сараланады.

Қорытындыда курстық жұмыс тақырыбы бойынша қорытындылар жасалады, нақты тәжiрибелiк ұсыныстар берiледi. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi көрсетiледi. Қажет болса тақырыпқа қатысты қосымшалар, сызбалар жасалады.


  1. Курстық жұмыстың мазмұнына және рәсiмделуіне қойылатын талаптар

Курстық жұмыс жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсiмделедi. Ол төмендегідей құрылымдық бөлімдерден құралады:



  • жұмыстың сыртқы беті;

  • жұмыстың мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды бөлім;

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

Жұмыстың сыртқы беті

Жұмыстың сыртқы беті құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті мәліметтердің қайнар көзі болып табылатын курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады.

Онда төмендегідей мәліметтер баяндалады:


  • жоғарғы оқу орнының, факультеттің, кафедраның (филиалдың) атауы;

  • курстық жұмыстың тақырыбы;

  • тәлімгердің аты-жөні, тегі, тобының саны;

  • мамандық атауы;

  • ғылыми жетекшінің аты-жөні.

Жұмыстың сыртқы беті ғылыми еңбектің жалпы санына кіргенімен, ол бетке реттік сан қойылмайды. Курстық жұмыстың сыртқы бетіне тәлімгер мен ғылыми жетекшінің қолдары қойылады.


  1. Курстық жұмыстың безендірілуіне қойылатын талаптар




  • Мәтiн беттiң бiр жағында (А4 стандартты бетте) жазылуы қажет.

Жұмыс көлемi 25-30 беттен құралады. Жолдар арасында 1 интервал қашықтық сақталады.

  • Жұмыстың әр бетiнде реттiк сан қойылады, мәтiннiң сол жағынан - 3 см, оң жағынан - 1 см ашық орын қалдырылады. Рет саны парақтың оң жақ бұрышына қойылады, соңынан нүкте қойылмайды. Парақтың жоғарғы және төменгi жағынан - 2 см ашық орын қалдырылады. Жұмыс қатталып өткiзiледi.

  • Курстық жұмыстың бiрiншi бетi 1- қосымшаға сәйкес рәсiмделедi. Жұмыстың екiншi бетiнде жұмыс жоспары жазылады. Кiрiспе және жұмыстың негiзгi бөлiмдерi 3-шi парақтан басталады. Қарастырылатын сұрақтар бөлiмдерге бөлiнiп баяндалады.

  • Бөлiмдер мен бөлiмшелердiң аттары парақтың ортасында бас әрiптермен жазылады.

  • Әрбiр бөлiм немесе бөлiмше жаңа парақтан, бөлiмнiң аты бас әрiптермен жазылып басталады.,

  • Сілтемелер пайдаланылу ретіне қарай нөмірленіп, пайдаланған әдебиеттер тізімін құрайды.

  • Курстық жұмысқа қатысты қосымшалар пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен кейiн орын алады. Олар курстық жұмыс парақтарының жалпы санының қатарына кiргiзiледi.

  • Курстық жұмыс мәтiнi таза орындалуы қажет.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi төмендегiдей тәртiпте құрылуы керек:

  1. тәртiп саны,

  2. алфавит бойынша автордың аты-жөнi, тегi,

  3. әдебиеттiң атауы,

  4. шығарылған жерi, баспа,

  5. шығарылған жылы, парақ саны.

Мысалы:

  1. Алексеев Н.П. – Теория государства и права. – Москва: Юрист,2000.

(Тәлiмгер курстық жұмыс жазуға кем дегенде 10-15 түрлi әдебиеттердi пайдалануы керек.)
5. Курстық жұмыс жазуға басшылық жасау және оған сын-пiкiр бiлдiру

Курстық жұмыс жазуға басшылық жасауға кафедра оқытушыларының iшiнен жеткiлiктi ғылыми дәрежесi бар тәжiрибелi адам тағайындалады. Ғылыми жетекшi жұмыстың негiзгi бағыттарын белгiлейдi, тәлiмгерге жұмыс жоспарының сұрақтарын құрастыру, мәселеге қатысты арнайы және қосымша әдебиеттердi пайдалану туралы кеңестер бередi. Берiлген тақырыпты талдауға көмек көрсетедi, сондай-ақ курстық жұмыстың дер кезiнде орындалуына бақылау жасайды.

Тәлiмгерлерде ғылыми ойлауды қалыптастыру, өз беттерiнше пiкiр жасап үйрету, оларды жеткiзе бiлу, өздерiнiң жұмыстарының мазмұнын аша бiлу, дәлелдеп үйрету, сондай-ақ өздерi көтерген мәселенi негiздеп, қорытындылай бiлуге үйрету ғылыми жетекшiнiң негiзгi мiндетi болып табылады.

Курстық жұмыс жазылып бiткеннен соң кафедраның сын-пiкiр бiлдiруiне жiберiледi. Сын-пiкiр бiлдiру үрдiсi мынадай мәселелердi көтередi:



  • жұмыстың жақсы жақтарын ашу;

  • жұмыстың қате жерлерiн көрсету;

  • жұмысты қорғауға жiберу туралы ұсыныстар.

Жұмысты тексерiп бiтiргеннен кейiн ғылыми жетекшi өзiнiң сын-пiкiрлерiн жазады, яғни онда мынадай мәселелерге тоқталады:

  • курстық жұмыстың жақсы жақтарына қысқаша сипаттама;

  • курстық жұмыстың қате жерлерiн нақты көрсету;

  • жұмысты ауызша қорғау кезiнде өзi тереңдей қарамай кеткен мәселелерге көңiл бөлу туралы ұсыныстар;

  • қорғауға жiберiлу-жiберiлмеуi туралы ұсыныстар.

Пiкiр бiлдiрушi адамның соңғы қорытындысы қорғауға жiберiлдi, қорғауға жiберiлмедi деген ұсыныстармен аяқталады. соңында пiкiр бiлдiрушiнiң қолы қойылады, қорғаған күнi көрсетiледi.

Курстық жұмысты бағалау кезiнде жұмыстың тек қана мәтiнi ғана емес төмендегiдей мәселелерге де көңiл бөлiнуi керек:



  • құжаттарды меңгеру деңгейi және өз ойларын жазбаша, ауызша жеткiзе бiлу мүмкiндiгi;

  • ғылыми және оқу әдебиеттерiн пайдалана бiлу деңгейi;

  • теориялық мәселелердi тәжiрибемен ұштастыра бiлу қабiлетi;

  • курстық жұмыстың ғылыми және тәжiрибелiк маңызы.



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Мемлекет және құқық: пайда болу себептері мен теориялары.

  2. Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері.

  3. Мемлекет типтері: формациялық және өркениеттік тәсілдер.

  4. Мемлекеттік билік: түсінігі және жалпы белгілері.

  5. Мемлекет қызметтері түсінігі және мазмұны.

  6. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қызметтері.

  7. Мемлекет механизмі және аппараты.

  8. Мемлекет нысаны: түсінігі және элементтері.

  9. Басқару нысаны және оның түрлері.

  10. Қазіргі Қазақстанның саяси режимі.

  11. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және құрылымы.

  12. азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

  13. Құқықтық мемлекет: тарихы және өзекті мәселелері.

  14. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.

  15. Құқық және әлеуметтік нормалар, олардың арақатынасы.

  16. Құқық: оның анықтамасына көпжақты көзқарастар.

  17. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі.

  18. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.

  19. Заң құқықтың қайнар көзі ретінде.

  20. Нормативтік–құқықтық актілердің түсінігі және түрлері.

  21. Құқық нормалары: түсінігі, құрылымы.

  22. Құқық жүйесінің түсінігі және құрылымдық элементтері.

  23. Құқық шығармашылық түсiнiгi, қағидалары және түрлерi.

  24. Құқық шығармашылық үрдіс: түсінігі және сатылары.

  25. Заңдарды жүйелендіру: түсінігі және нысандары.

  26. Құқық нормаларын талқылау.

  27. Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері.

  28. Құқықтық қатынастардың құрамы және олардың сипаттамасы.

  29. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және нысандары.

  30. Құқық қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде.

  31. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

  32. Құқыққа сай мінез-құлық және құқықбұзушылық.

  33. Құқықтық тәрбие: қажеттілігі, нысандары және әдістері.

  34. Заңды жауапкершілік: ерекшеліктері мен түрлері.

  35. Құқықбұзушылықтардың заңды құрамы заңды құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде.

  36. Мемлекеттік мәжбүрлеудің құқықтық нысандары.

  37. Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен элементтері.

  38. Заңдылық және құқықтық тәртіп.

  39. Қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер.

  40. Мемлекеттік егемендік: түсінігі, белгілері, қамтамасыз ету механизмдері.

  41. Адам мен азаматтың құқықтары мемлекеттің басты құндылығы ретінде.

  42. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен заңды міндеттері.

  43. Құқықтық мемлекет және оның негізгі белгілері.

  44. Қазақстан Республикасы – құқықтық, әлеуметтік мемлекет.

  45. Мемлекеттік органдар, олардың жүйесі және белгілері.

  46. Мемлекеттегі билікті тармақтарға жіктеу теориясы.

  47. Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы билік.

  48. Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік.

  49. Қазақстан Республикасының сот билігі: тарихы мен қазіргі жағдайы.

  50. Қазақстан Республикасындағы әділсот түсінігі және қағидалары.

  51. Құқықтық нигилизм және оның алдын алу жолдары.

  52. Қазақстан Республикасындағы халық билігі механизміндегі демократияның нысандары.

  53. Демократиялық мемлекет.

  54. Қазақстан Республикасындағы адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының құқықтық кепілдіктері.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Нормативті-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (02.02.2011 жылы енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен).

  2. «Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы». 10.12.1948.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы. 1991 жылғы 16 желтоқсан. Соңғы редакциядағы күні:  16.12.1991

  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация жөнiнде Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1990 жылғы 25 қазандағы Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні: 25.10.1990

  5. Қазақстан Республикасының Президентi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 19.06.2007.

  6. Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 19.06.2007

  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 19.06.2007

  8. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 09.02.2009

  9. Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңы. Соңғы редакциядағы күні:  06.02.2009

  10. Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні:   04.05.2008

  11. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 17.11.2008

  12. Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы. Соңғы редакциядағы күні:  29.04.2009

  13. Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Заңы. Соңғы редакциядағы күні: 29.04.2009

  14. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заңы. Соңғы редакциядағы күні:  17.07.2009

  15. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы. Соңғы редакциядағы күні: 27.07.2007

  16. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы. Соңғы редакциядағы күні:  17.07.2009

  17. Әділет органдары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы. Соңғы редакциядағы күні:  29.04.2009

  18. Н.Назарбаев. Қазақстан - 2030. Алматы, 1997.

  19. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 29.01.2011.

  20. Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы. Соңғы редакциядағы күні: 08.12.2009

  21. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы. Соңғы редакциядағы күні: 20.01.2010




  1. Конституция Республики Казахстан (с дополнениями и изменениями по состоянию на 02.02.2011г.).

  2. Конституционный закон от 02.11.1995 N 2592 "О республиканском референдуме" (с дополнениями и изменениями по состоянию на 02.02.2008г.)

  3. Конституционный закон от 16.10.1995 "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов"(с дополнениями и изменениями по состоянию на 19.06.2007г.).

  4. Конституционный закон от 18.12.1995 года "О Правительстве Республики Казахстан" (с дополнениями и изменениями по состоянию на 19.06.2007г.).

  5. Конституционный Закон Республики Казахстан от 28.09.1995 N 2464 "О выборах в Республике Казахстан" (с дополнениями и изменениями по состоянию на 09.02.2009г.).

  6. Конституционный закон от 26.12.1995 N 2733 "О Президенте Республики Казахстан" (с дополнениями и изменениями по состоянию на 19.06.2007г.).

  7. Конституционный закон Республики Казахстан от 29.12.1995 N 2737 "О Конституционном Совете Республики Казахстан" (с изменениями и дополнениями по состоянию на 17.06.2008 г.).

  8. Конституционный Закон Республики Казахстан от 20.07.2000 N 83-1 "О Первом Президенте Республики Казахстан".

  9. Кодекс Республики Казахстан от 30.01.2001 N 155-II "Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях" (с изменениями и дополнениями по состоянию на 25.01.2012 г.).

  10. Кодекс Республики Казахстан от 16.07.1997 N 167-I "Уголовный кодекс Республики Казахстан" (по состоянию на 16.02.2012г.).

  11. Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан (с изменениями и дополнениями по состоянию на 08.04.2010 г.)

  12. Закон Республики Казахстан от 24.03.1998 N 213-1 "О нормативных правовых актах" (с дополнениями и изменениями по состоянию на 05.07.2011.).

  13. Закон Республики Казахстан от 20.12.1991 года "О гражданстве Республики Казахстан"(с дополнениями и изменениями по состоянию на 29.04.2009г.).

  14. Закон Республики Казахстан от 23.07.1999 N 453-1 "О государственной службе"(с изменениями и дополнениями по состоянию на 27.07.2007г.).

  15. Кодекс Республики Казахстан от 27.12.1994 года "Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть)"

  16. Кодекс Республики Казахстан от 01.07.1999 N 409-I "Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть)"

  17. О Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года. Указ Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858


Негізгі әдебиеттер

  1. Послание Президента Республики Казахстан «Об основных направлениях внутренней и внешней политики» от 19.02.2005г. // Казахстанская правда 25 февраля 2005г.

  2. Послание Президента Республики Казахстан «Рост благосостояния граждан Казахстана – главная цель государственной политики» от 6 февраля 2008 г.

  3. Послание Президента Республики Казахстан народу страны «Новое десятилетие, новый экономический подъем, новые возможности Казахстана». январь, 2010г.

  4. Послание Президента Республики Казахстан народу страны «Построим будущее вместе», 2 февраля. 2011г.

  5. Послание Президента Республики Казахстан народу страны «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана». 27 января 2012г.

  6. Проблемы общей теории государства и права: Учебник для вузов / Под общ.ред. В.С. Нерсесянца. М., 2004.

  7. Головистикова А.Н., Дмитриев Ю.А. Проблемы теории государства и права: Учебник. М., 2005.

  8. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права. Алматы, 2007.

  9. Теория государства и права: Учебник для вузов / под ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. М., 2000.

  10. Матюхин А. Государство в сфере права. Институциональный подход. Алматы, 2000.

  11. Сапаргалиев Г.С. , Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р. Правовые проблемы унитаризма в РК. Алматы, 2000.

  12. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт становления и эффективность механизма власти. Алматы, 2000.

  13. Кокишева В. Правовое государство и гражданское общество: идея и реальность // Евразийское сообщество: общество, политика, культура. 2000. N2.

  14. Общая теория государства и права: Академический курс: В 2 т.: Учеб. Для вузов / Отв.ред.М.Н.Марченко – М.: Зерцало. Т.2: Теория права. 2000.

  15. Венгеров А. Б. Происхождение права // Общая теория. Курс лекций. Под ред. В.К. Бабаева. Н. Новгород. 2003.

  16. Зорькин В.Д. Позитивистская теория права в России. М., 2001.

  17. Халфина Р.О. Право как средство социального управления. М., 1993.

  18. Богдановская И.Ю. Прецедентное право. М., 2003.

  19. Зивс С.Л. Источники права. М., 2001.

  20. Керимов Д.А. Культура и техника законотворчества. М., 1991.

  21. Керимов Д.А. Кодификация и законодательная техника. М., 1965

  22. Алексеев С.С. Частное право. М., 1999.

  23. Татаринцева Е.В. Правовое воспитание. М., 1990.

  24. Кудрявцев В.Н. Правовое поведение: норма и патология. М., 1982.


Қосымша әдебиеттер

  1. Абалкин Л. Роль государства в становлении и регулировании рыночной экономики // Вопросы экономики. 1997. №6.

  2. Проблемы общей теории государства и права: Учебник / под ред. Нерсесянца В.С. М., 1999.

  3. Поляков А.В. Общая теория права. Курс лекций. СПб., 2001.

  4. Козлихин И.Ю. Идея правового государства. История и современность. СПб., 1993.

  5. Права человека в истории человечества и в современном мире. М., 1989.

  6. Соловьев Э.Ю. Личность и право.//Вопросы философии. 1989. №8.

  7. Социалистическое правовое государство: концепции и пути развития. М., 1990

  8. Спиридонов Л.И. Социальное развитие и право. Л., 1973.

  9. Гузнов А.Т., Кененов А.А., Рождественская Т.Э. Современный законодательный процесс: основные институты и понятия. Смоленск. 1995.

  10. Загрядский Г.В. Правовые системы современности. М., 1995.

  11. Ильин И.А. О сущности правосознания. Мюнхен. 1956.

  12. Керимов Д.А. Культура и техника законотворчества. М., 1994.

  13. Кросс Р. Прецедент в английском праве. М., 1985.

  14. Лукашева Е.А. Право. Мораль. Личность. М., 1986.

  15. Малинова И.П. Философия правотворчества. Екатеринбург. 1996.

  16. Нерсесянц В.С. Право в системе социальной регуляции. М., 1986.

  17. Остроумов Г.С. Правовое осознание действительности. М., 1989.

  18. Пеньков Е.М. Социальные нормы-регуляторы поведения личности. М., 1972.

  19. Право и правотворчество: вопросы теории. М., 1982.

  20. Синюков В.Н. Российская правовая система. Саратов. 1994.

  21. Тилле А.А. Время, пространство, закон. М., 1965.

  22. Туманов В.А. Буржуазная правовая идеология. М., 1971.

  23. Гревцов Ю.И. Правовые отношения и осуществление норм права. Л., 1987.

  24. Денисов Ю.А.Общая теория правонарушения и ответственности. Л., 1983.

  25. Дудин А.И. Диалектика правоотношения. Саратов. 1983.

  26. Исаков В.Б. Юридические факты в советском праве. М., 1984.

  27. Карташов В.Н.Применение права. Ярославль. 1990.

  28. Кудрявцев В.Н. Закон. Поступок. Ответственность. М., 1986.

  29. Лазарев В.В. Социально-психологические аспекты применения права. Казань. 1982.

  30. Малеин Н.С. Правонарушение: понятие, причины, ответственность. М., 1985.

  31. Оксамытный В.В. Правомерное поведение личности. Киев. 1975.

  32. Протасов В.Н. Правоотношение как система. М., 1991.

  33. Ткаченко Ю.Г. Методологические проблемы теории правоотношений. М., 1980.

  34. Толстой Ю.К. К теории правоотношений. М., 1958.

  35. Юридическая ответственность. Проблемы теории и практики. Минск. 1996.

  36. Хаманева Н.Ю. Уполномоченный по правам человека – защитник прав граждан. М., 1998.

  37. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека. Вводный курс: Учеб.пособие. Иркутск. 2000

  38. Абельдинов А. Проблемы правотворчества и систематизация актов.//Фемида. 2000. N1-2.

  39. Бахрах Л.Н. Право и мораль. Моральная обыкновенность норм права.// Правоведение. 1991. № 2.

  40. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Учебник для вузов. М., 2004.

  41. Марченко М.Н., Дерябина Е.М. Теория государства и права. Учебное пособие. –Москва: Проспект, 2012.

  42. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах: Учебно-методическое пособие. -5еиздание, переработанное и дополненное. –М. 2006.

  43. Храпанюк В.И. Теория государства и права, М. 2003.

  44. Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. М., 2004.

  45. Мухамеджанов Э., Сафарова Т. Общественные объединения как институт гражданского общества // Юрист. 2011. № 3.

  46. Сулейменов М. Система права и система законодательства Казахстана: выбор пути // Юрист. 2011. № 4.     

  47. Братусь Д. Мораль и право: сущностные противоречия категорий // Юрист. 2011. № 12

  48. Тагаев А. Советско-президентская форма правления // Фемида. 2010. № 7(175).

  49. Шоженов Ж. Не ограничиваясь достигнутым (Актуальные проблемы статуса судей) // Әділ сот. 2012. № 2.

  50. Выступление министра юстиции РК Имашева Б.М. на правительственном часе по вопросу совершенствования законотворческой деятельности. // Әділ сот. 2012. № 2.


1 ҚОСЫМША

Курстық жұмыстың сыртқы бетiн безендiру үлгiсi (1 бет).


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

бизнес және құқық факультеті



жалпықҚұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері»

Орындады: Ю- (тобының номері)

(студенттің аты-жөні)


Ғылыми жетекші:

ҚАРАҒАНДЫ 2012



2 ҚОСЫМША

Курстық жұмыстың жоспарының үлгiсi (2 бет).


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ................................................................................................................. 4

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЬЕКТІСІ................... 7

1.1 Жеке тұлға ұғымы және жалпы сипаттамасы............................................. 7

1.2 Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі............................................................... 16

1.3 Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі................... 18
2 АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ.................................................................................. 24

2.1 Азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының

жүйесі..................................................................................................................... 24

2.2 Адам және азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны

қорғау институттары............................................................................................. 31

2.3 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың міндеттері............. 51

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 65


Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ.................................................... 68


3 ҚОСЫМША

Курстық жұмыстың мәтiнiн безендiру үлгiсi (3 бет).

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.




1 Жеке тұлға – азаматтық құқықтың субъектісі
1.1 Жеке тұлға ұғымы және жалпы сипаттамасы

ХХ ғасырдағы әлемдік ынтымақтастықтың дамуының алғышарты адамзат құндылығын тану, адамдар бостандығын жүзеге асыру мен тіршілік кепілдігінің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік қауымдастық кез-келген адамның әр мемлекетте оның қоғамдық құрылымына, басқару нысанына және саяси режиміне қарамастан не болатын стандартты жалпыадамзаттық құқықтар мен бостандықтарын іске асырды, осы құқықтар мен бостандықтарды анықтаудың негізгі құралы саяси және моральдық заңдық күшін өз еркімен қабылдаған және мемлекеттің орындауының міндеттілігінде адам құқықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттардың қабылдануы мен өңделуі болды.




Ескерту: Курстық жұмыстың реттiк саны 4-беттен басталады, себебi 1 бет сыртқы бетi, 2 бет жоспары, 3 бет кiрiспе болады, оларға реттiк сан қойылмайды. Мәтiндегi әрбір абзац қызыл жолдан басталады.

4 ҚОСЫМША

Курстық жұмыстың тақырыбын бекiту туралы жазылатын өтiнiштiң үлгiсi.


Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының менгерушiсi,

з.ғ.к., доцент Алимбаева А.А.

топ (топтың саны)

студенттің аты-жөнi
ӨТIНIШ

Маған № «___________________» дағы курстық жұмыстың

(тақырып атауы)
тақырыбын бекітуiңiздi сұраймын.

күнi


қолы





жүктеу 294,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау