тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шебер үйлестіре отырып осы қызметтерді
басқару. Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы
сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек. Талаптарды келесі топтарға
бөлуге болады:
1.
Әрбір сабақ сабақтың білім беру, дамыту және тәрбиелеу мақсатының
бірлігін сақтау және оқыту процесінің маңызды заңдылықтарын жүзеге асыруға
ықпал етуі тиіс.
Сабақта белгілі бір тақырыпты баяндай отырып, оқушылардың ойлау,
қорытынды шығару қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың қоршаған ортаға
көзқарасын, заман талабына сай қатынасын, сол қатынастар негізінде мінез-
құлық дағдысын қалыптастыру, тәрбиелеу қажет. Оқушылардың қоршаған
ортадағы (көпшілік орындардағы мәдениеттілік, жүктелген тапсырманы
орындаудағы жауапкершілік, оларды орындау барысындағы қиындықтарды
жеңе білу) тұлғалық мінез-құлқының, тұлғалық қасиеттің қалыптасуына,
айқындалуына ұмтылу қажет.
2.
Әр пәндерден өтілетін сабақ дидактиканың барлық принциптеріне сай
болуы, оқытудың ғылыммен және өмірмен байланысына жауап беруі тиіс.
Кез-келген сабақ оқу процесінің бір бөлігі болғандықтан, сабақты өмірмен,
өмірде кездесетін жағдайлармен байланыстыра білу, оқушылардың оқу
процесіде алған теориялық білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана білу
дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
3.
Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын
анық дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек.
Бір тақырып бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін, осындай жағдайда бұл
тақырыптың әр сабағының нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс.
Оқушыларды ойлаудың түрлерімен (жіктеу, оқулықтан немесе берілген
мәтіннен тапсырмаға сәйкес мағлұматты көшіру, іріктеу, қорытындылау және
т.б.) қаруландыру, алған білімін өмірмен байланыстыра, өмірлік тәжірибеде
қолдана білуге дағдыландыру, тақырыптағы нақты деректермен таныстыру,
өзбетінше қорытынды жасау, тұжырымдама шығару дағдыларын қалыптастыру
және басқа да мақсаттар болуы тиіс.
Мұғалім күнделікті сабаққа дайындалу барысында қойылған мақсатқа
байланысты сабақтың құрылымын, оқу материалының мазмұнын, сабақта
қолданылатын әдіс-тәсілдерді, құралдарды, сабақтың әр кезеңін анықтап,
жоспарлауы керек. Әр сабаққа нақты мақсат қойылмаған жағдайда, олар бір-
біріне ұқсас, біржақты болуы мүмкін, ал бұл оқушылардың тақырыпты оқуға
қызығушылығының жойылуына әсер етеді.
4.
Оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында сабақтың әр
кезеңінде әдіс-тәсіл түрлерін қолдану қажет.
Сабақтың бір кезеңіне көп тоқталу, (мысалы, жаңа тақырыпты түсіндіру)
оқушылардың тыңдау ынтасының, қызығушылығының жойылуына әсер етеді.
Сол себепті әр сабақта және сабақтың әр кезеңінде оқушылардың сезім
мүшелеріне әсер ететін, танымдық қызығушылығын арттыратын әдіс-
тәсілдерді, іс-әрекет түрлерін тиімді өзгертуге ұмтылу керек. Мұғалім сабаққа
дайындалуы кезінде сабақтың қай кезеңінде қандай әдіс-тәсіл және құрал
11
түрлерін пайдаланатынын ойластыруы қажет. Іс-әрекет түрлерін ауыстыруда
оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі міндетті,
сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей сабақтағы іс-әрекеттің бір түрінен
екіншісіне бірден ауыса алмайтынын ескеру қажет.
5.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың келесі түрі – оның
эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызмет – жаңа білімнің
меңгерулеріне ықпал етеді. Ол сырттай, яғни мұғалімнің дауыс ырғағынан, қол
сілтеуінен, қозғалысынан байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы тиіс, бұл олардың
белсенділігін, қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Сабақта әртүрлі
проблемалық жағдайларды пайдалану да эмоционалды жағдай жасайды,
оқушылардың танымдық қызметін арттырады.
6.
Әр сабақта оқушылардың білімдерін есепке алу жүргізілуі керек.
Сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда оқыту үдерісінің
тиімділігі артады. Мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін
сабақтың әрбір кезеңінде біліп отыруы тиіс, себебі осы деңгейдің үздіксіз өсіп
отыруына жағдай туғызуға ұмтылуы керек. Сабақ барысында мұғалім барлық
оқушылардан сұрауға мүмкіндігі болмайтындықтан, алынған білімді
бақылаудың түрлерін пайдалануға болады. Бақылаудың түрлері: жазбаша
тапсырмалар, тесттер, сұрақтарға жазбаша жауап беру т.б., бұл мақсатты жүзеге
асыру үшін (егер мүмкіндік болса) әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды
пайдалануға болады, себебі олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға,
көруге мүмкіндік береді. Оқушының сабақта меңгерген білімін бағалау үшін, ең
бастысы мұғалімнің байқағыштық қасиеті керек.
7.
Кез келген пәннің әрбір сабағы өзінің ұйымдастырушылық
заңдылықтарымен, жетістіктерімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы,
меңгерілген білім көлемінің өсуін және сапасын қамтамасыз етуі керек. Білім,
білік және дағдының өсуі қанағаттану сезімін туғызады, сонымен бірге
оқушының оқуға деген белсенді көзқарасына ықпал етеді. Әрбір сабақ оқыту
үдерісінің аяқталған бөлігі болуы тиіс.
8.
Әр сабақта жүйелі қайталаудың элементтері болуы тиіс.
Жаңа тақырып алдында оқылған, меңгерілген материал, яғни қайталау
тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда оны
алдыңғы өткен тақырыппен байланыстырып, оған сүйенуі керек. Бірақ өтілген
оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей тиімді бола бермейтінін де ескеру
қажет және қайталау өткенді жаттап алып айтуға алып келмеуі тиіс.
9.
Әрбір сабақ техникалық жағынан сәйкес, ыңғайлы жабдықтармен және
дидактикалық қамтамасыз етілуі керек.
Оқушының танымдық әрекеті эмоционалдық қабылдауынан басталады.
Сондықтан, мұғалімнің сабаққа дайындалу барысында тақырыпқа сәйкес
көрнекі, дидактикалық құралдарды ойластырып және дайындауы тиіс, ал
олардың тиімділігі оқытудың нәтижесінен көрінеді. Көрнекілікті орынды және
тиімді пайдалану қажет.
10.
Кез келген пәннің әр сабағы өткен және алда өтетін оқу материалымен
12