оқытудың заңдылықтарынан дамитын оқытудың принциптерін басшылыққа ала
отырып білім берудің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын
таңдап, оқушыларды жоғары нәтижелерге жеткізуі тиіс. Мұғалім оқытудың
принциптерін дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және
нәтижелі болады. Оқытудың принциптері көп жылдық тәжірибенің
қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту
процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады. Оқыту принциптерін
тұңғыш ұсынған Я.А. Каменский адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан,
оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты деп
дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі –
табиғатқа сай болу принципі. И.Г. Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін
ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп
санаған. К.Д. Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып,
оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы. Алтынсарин
оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне
байланысты қолдану керектігін айтқан [4].
А.П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық
еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір
жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш
жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық –
қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін
анықтау [4].
Оқыту принциптері – оқыту үрдістерінің нақты заңдары мен
заңдылықтарының қозғалысын бейнелейтін және оның тұлғаны дамытуға
бағытталғанын анықтайтын негізгі дидактикалық ережелер, оқыту
принциптерінде оқу үрдісін құруға және оны басқаруға теориялық әдістер
айқын көрініс табады. Олар мұғалімдер мен оқушылар оқу үрдісін
ұйымдастыратын және оны оңтайландыру мүмкіндіктерін іздестіретін ұстаным
мен бағытты анықтайды [2].
Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәйкес
ұйымдастыруға, оқу материалының мақсаттарын орынды анықтауға және
мазмұнын таңдап алуға, оқытудың түрлері мен әдістерінің мақсаттарына тиісті
түрін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар оқушыға және оқытушыға
оқу үрдісінің кезеңділігін сақтауға, өзара қатынас пен бірлесіп қызмет атқаруға
мүмкіндік береді [2].
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік,
беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі, оқытудың
топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану сияқты принциптер кеңінен
қолданылады. Бұл принциптерге тоқталатын болсақ:
-
саналылық принципінің көмегімен заңдылықтарды, анықтамаларды,
фактілерді білу, өз ойын қорытындылап дұрыс жеткізе алу, алынған білімді
өмірлік жағдайларда қолдана білуді қамтамасыз етіледі. Саналылық принципі
оқушының сөйлеу тілін ойлаумен ұштастыра алуымен, туындаған сұрақтарға өз
бетімен жауап таба білумен сипатталады;
-
белсенділік
принципі
оқушылардың
өздік
жұмыстарды
7
шығармашылықпен орындауын, оқу материалын меңгеруде белсенді болуын,
ойлау әрекетін белсендендіруін болжайды. Белсенділік өз бетімен жұмыс істеу
қабілетін, шығармашылық ынтасын және сөйлеу тілін жетілдіру жолында
үздіксіз жұмыс істеуін қарастырады;
-
көрнекілік принципі заттар мен құбылыстар туралы өзіндік ойын,
түсінігін қалыптастыруға көмектеседі. Көрнекіліктің көмегімен оқушыларды
нақты өмірлік жағдайларға дайындайтын және тіл байлығын дамытуға ықпал
ететін оқу жағдаяттары жасалады. Көрнекілік принципі лингвистикалық (жаңа
сөздерді, контексті талқылау, синонимдер мен антонимдерді іріктеу) және
экстралингвистикалық (қимылдар, заттарды көрсету және қоршаған ортадағы
құбылыстарды бақылау) құралдары арқылы жүзеге асырылады;
-
жүйелілік принципі материалды меңгеруді қарастырады. Жүйелілік
материалды ұсынуды ұйымдастыру мен бірізділігінен көрінеді және оқытудың
түсініктілігін қамтамасыз етеді;
-
нәтижелердің беріктілігі принципі алынған білім оқушылардың
санасында сақталып қалуын талап етеді. Жақсы меңгеру үшін оқылатын
материалға қызығушылық тудыру қажет;
-
ғылымилық принципі білім мазмұнының оқушыларды ғылымның
заманауи жағдайын көрсететін нақты ғылыми фактілермен, теориялармен,
заңдылықтармен таныстыруды талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламалары
мен оқулықтарда, оқу материалын іріктеуде көрініс табады, сонымен қатар
оқушыларды ғылыми ізденіс әдістерінің элементтерін меңгеруге үйретеді;
-
оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану принципі мұғалім
оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануына болатынын және
қолдануы тиіс екенін білдіреді. Оқыту сабақта, сонымен қатар оқушылардың
сабақтан тыс (саяхаттар, экскурсиялар, үйірмелер, қызығушылығына қарай
ұйымдастырылған ұйымдар) алуан түрлі іс-әрекеттері барысында жүзеге
асырылады.
Оқытудың бұл принциптері дидактиканың заманауи біртұтас, біріккен
жүйесін құрайды. Олардың бәрі бірігіп оқыту процесінің негізі сабақта жүзеге
асырылады.
Сабақ – бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты мектептегі оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты
оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне
ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің
барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру,
басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады.
Сабақ арнаулы оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен
тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі
(45 минут) және оқу кестесі бойынша жүреді. Сабақтың басты мақсаты –
мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін
мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге
дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттерді қалыптастыру [5].
Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту үрдісіндегі сабақтың мәні мен
мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына
8