Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет15/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Жаңа  технология  жүйесінде  проблемалық  және  іскерлік  ойын  арқылы 

оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның 

шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау 

қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі 

қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді [11].  

Оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  жетілдіру  үшін  оқытудың  жаңа 

технологиясы  негізінде  дифференциалдық  және  дербес  деңгейлік  оқыту  үшін 

тұрақты оқулықтар мен оқу құралдары керек деп есептеймін. Сонымен қатар, 

жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі ақпарат құралдарымен жұмыстана 

білуіне  назар  аудару  керек.  Оқушы  қызметін  активтендіру  негізінде 

педагогикалық  технологиялардың  бірі  –  деңгейлік  саралау  технологиясының 

элементін қолдану.  Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы 

өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.  

Ал,  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен  Дьяченконың 

оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  сондай-ақ  профессор  Ж.А.  Қараевтің  оқытуды 

дифференциялау  және  білім  беру  демократияландыру  мен  ізгілендіру 

ұстанымдарына  негізделген  жаңа  педагогикалық  компьютерлік  технологиясы 

еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.  

Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  негізін  қалаған  Ш.А. 

Амонашвили.  Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  мақсаты  –  баланы 

азамат  етіп  тәрбиелеу,  баланың  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту, 

баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату [20].  

Себебі,  оқушы  материалдарды  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдап  қана 

қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында  меңгереді. 

Тірек  белгілері  арқылы  оқыту  технологиясының  негізін  қалаған  В.Ф.Шаталов 

тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын – білім, 

білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету [21].  

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері – үнемі 

қайталау,  міндетті  кезеңдік  бақылау,  жоғары  деңгейдегі  қиыншылық,  ірі 

блокпен  оқыту,  тіректі  қолдану;  жеке бағдарлы  қарым-қатынас  ықпал;  ізгілік, 

еркімен оқыту.  

Жалпы білім беретін мектептерде

 

деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев 



Ж.Д.),  жүйелік  негізде  оқыту  технологиясы  (Ғалиев  Г.Г.),  шоғырландырып-

қарқынды оқыту  технологиясы  (Әбдіғәлиев  Қ.А.,  Нурахметов  Н.Н.),  блоктық-

модульдық  технологиясы  (Жанпейісова  М.Н.)  қолдау  табуда.  Ғалымдардың 

пікірінше  шағын  комплектілі  мектептер  жағдайында  оқу-тәрбие  үрдісін 

ұйымдастыруда  жүйелік  негізде  оқыту  мен  шоғырландырып  оқыту 

технологияларының  оқыту  сапасын  арттыруда  дидактикалық  мүмкіндіктері 

мол.  

Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, 



ол  оқытушыдан  білімділікті,  іскерлікті,  еңбекқорлықты,  шығармашылықты, 

құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.  

 

 

 

32 


 




Қазіргі  сабақты  жобалау  және  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар  

 

Оқушылардың  сабақта  оқу  еңбегін  тиімді  ұйымдастыру  оқытудың 

тиімділігін  арттыру  жолдарын  үнемі  іздестіруді  талап  етеді.  Енді  сабақтың 

тиімділігін арттыру жолдарын қарастырайық:  

1) 

оқушылардың  оқу  материалының  негізін  сабақ  барысында  меңгеруі 

және игерілуі. Сабаққа дайындалар кезде мұғалім оқушыларды таныстыратын 

ақпарат  көлемін  ойластырып  қана  қоймай,  окушыларға  сабақтың  өзінде 

оқылатын  материалдың  негізін,  әсіресе,  қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдер 

арқылы материалды меңгерту жолдарын қарастырады. Жаңа материал түсінікті 

әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды 

емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі 

үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек;  

2) 

ұжымдық  жұмыс  кезіндегі  әр  оқушының  дамуына  мүмкіндік  туғызу. 



Мұғалім  сабаққа  дайындалу  процесінде  үлгерімі  орташа  оқушыға  назар 

аударады.  Жалпы  тапсырманы  орындау  үшін  бір  сыныптың  оқушыларына  әр 

түрлі уақыт қажет, өйткені үлгерімі жақсы оқушылар жұмысты тез орындайды. 

Әр  оқушының  жоғары  деңгейде  дамуына  мүмкіндік  беретін  амалдарды 

ойластыру қажет;  

3) 


белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы 

(сұрау,  түсіндіру,  бекіту)  емес,  оның  ішкі  құрылымы  оқушыларға  білінбейді, 

бірақ оны мұғалім нақты ойластыру қажет. Сабақтын құрылымы – бұл мұғалім 

мен  оқушылардың  қызметтерінің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  сабақтың 

кезеңдер жүйесін ұйымдастыру.  

4) 


оқушылардың өзіндік жұмыстарының үлесін арттыру;  

5) 


пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау;  

6) 


оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бақылау,  бақылаудың  сапалы  жаңа 

түрлерін қолдану.  

7) 

оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктік деңгейін анықтау.  



Қазіргі  сабақты  жобалау  және  ұйымдастыру  бойынша  қазіргі  сабаққа 

мынадай талаптар қойылады:  

1. 

Қазіргі кездегі ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалану.  



2. 

Сабаққа дидактикалық ұстаным мен ережелерді тиімді пайдалану.  

3. 

Оқушылардың қызығушылын, қабілетін біле отырып, дарынын дамыту.  



4. 

Пән аралық байланыс құру.  

5. 

Оқушылардың  бұрынғы  алған  біліміне  сүйене  отырып,  оқушыны  жаңа 



деңгейге көтеру.  

6. 


Оқушылардың белсенділігін арттырып қажеттілігіне түрткі жасау.  

7. 


Оқу-тәрбие  жұмысының  барлық  кезеңдерінде  қисындылықты  және 

көңіл күйді ұйымдастыру.  

8. 

Педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру.  



9. 

Алынған білімді іс-жүзінде өмірмен байланыстыру.  

10. 

Практикалық білім, білік дағдыны қалыптастыру, еңбекке үйрету.  



11. 

Үнемі әрі үздіксіз білім алу қажеттігін ұйымдастыру.  

33 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау