Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет13/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

(міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады.  

Осындай  іс-әрекет деңгейлері  арқылы оқушылар оқу  материалын әртүрлі 

деңгейде қабылдайды. Зерттеуші, ғалым В.П. Беспалько ұсынған бұл деңгейлер 

бүгінгі тәжірибеде қолданыс табуда. Оған дәлел бүгінде сабақта берілген білім 

мазмұнын  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  ояту,  мағынаны  тану, 

шығармашылық  іс-әрекетін  ұйымдастыруды  көздей  отырып,  тапсырмаларды 

төрт деңгейге бөлініп берілуі.  

Міндетті  деңгейдегі  тапсырманы  әрбір  оқушы  меңгеруі  тиіс.  Бұл  деңгей 

оқушыға  өзінің  қызығушылығы  мен  қабілетін  ескере  отырып,  уақыты  мен 

күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.  

Мүмкін  деңгейдегі  тапсырманы  пәнге  деген  қызығушылығы  жоғары, 

белсенді, өздігінен ізденуге қабілетті, шығармашылық тапсырмаларды ерекше 

ынтамен  орындайтын, оның нәтижесіне қуанатын,  оны жолдастарымен  бөлісе 

алатын, уақыты мен күшін тиімді пайдалана білетін оқушы меңгереді.  

Дамыта  оқытудың  негізгі  бағыттарының  бірі  –  жобалап  оқыту 

технологиясы.  Жобалап  оқыту  технологиясының  негізін  салған  американдық 

ғалымдар  Дьюи,  Лай,  Трондайк.  Олар  жобалап  оқыту  технологиясының 

төмендегідей негізгі идеяларын ұсынған:  

бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;  



балада  қызығушылықтың  пайда  болған  сәтін  қалт  жібермеу,  соған 

сүйену;  

іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;  



шынайы  оқыту  ешқашанда  біржақты  болмайды,  қосымша  берілетін 

мәліметтердің де маңыздылығына байланысты болады.  

Ғалым  Н.Г.  Чернилованың  жоғарыда  берген  анықтамасынан  жобалап 

оқытуды  дамыта  оқыту  технологиясының  бір  түрі  деп  қарастырғанын  көруге 

болады.  

Сабақта  қолданылатын  педагогикалық  технологияның  бір  түрі  оқу  мен 

жазуды  сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқытуда  баланың  ізденушілік, 

зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады. Ол үшін бала өзінің бұған 

дейінгі білетін амалдары мен тәсілдің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін 

түсінетіндей жағдайға түсу керек. Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы 

артып,  әрекеттенеді.  Оқушының  іс-әрекеті  сабақ  үстінде  көрінеді.  Сабақты 

дұрыс  ұйымдастыру  үшін  оның  негізгі  бөліктеріне  баса  назар  аудару  қажет. 

Дамыта оқыту тұрғысынан алғанда сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады:  

1.  

Оқу мақсаттарының қойылуы;  



2.  

Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;  

3.  

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.  



Бұл  үшеуі  дамыта  оқытудың  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов  жасаған 

жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. 

Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек 

ұйымдастырушы, бағыттаушы. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын 

өзінше  дәлелдей  білуге  үйретіледі.  Әр  оқушыға  өз  ойын,  пікірін  айтуға 

мүмкіндік  беріледі,  жауаптары  тыңдалады.  Әрине,  жауап  үнемі  дұрыс  бола 

бермейді.  

28 


 


Л.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» 

бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:  

1. 

Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту.  



2. 

Теориялық білімнің жетекші ролі.  

3. 

Оқу материалын жеделдете оқыту.  



4. 

Оқу үрдісін оқушының сезінуі.  

5. 

Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.  



Д.Б.  Эльконин  мен  В.В.  Давыдовтың  зерттеулері  оқу  әрекеті  және  оның 

субъектісін қалыптастыруға бағытталады.  

Оның  құрылымы  мынадай:  оқу-танымдық  мотивтер,  оқу  тапсырмалары, 

оқу амалдары, оқу операциялары.  

Л.В.  Занковтың  оқыту  жүйесінде  оқушы  өзін  емін-еркін  сезінеді,  оның 

әлеуметтік  мүмкіндігі  мен  дербестігінің  дамуына  жағдай  жасалады.  Осы 

жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы 

қаланады.  Мұгалім  түсіндіруші,  оқытушы  тұрғысында  емес,  оқушының  оқу 

әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді [17].  

Дамыта  оқытудың  бір  түрі  -  модульдік  оқыту  технологиясы.  Модульдік 

оқытудың  негізгі  ұғымы  –  модуль.  Модуль  адамның  өзін-өзі  дамытуының 

тәсілі, мөлшері. Модульдік оқытуда білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, 

өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы 

оқу  әрекетінің  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Ғалым  З.Б.  Бейсембаеваның 

пайымдауынша,  модуль  -  әрекеттің  мақсатты  жоспары,  ақпараттар  банкі  мен 

дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін  материал  мазмұнын  жекелеудің  жолы,  өз 

бетімен  жұмыс  жасаудың  деңгейі  [18].  Ал,  ғалым  М.М.  Жампейсова  оқыту 

технологиясының 

бірнеше 

ерекшеліктеріне 

тоқталды: 

оқыту 


технологияларының білімді меңгертуге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін 

және  танымдық  процестерді,  (есту,  көру,  қимыл,  т.б.)  ойлауды,  ынтаны, 

қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы 

дамытуға,  шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  белсенді  сөздік 

қорын  (ауызша  және  жазбаша)  дамытуға  бағытталуы,  сонымен  қатар 

оқушылармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндіктеріне байланысты. 

Сонымен қатар, автор модульдік оқытудың құрылымына тоқталып, модульдік 

оқыту  технологияларын  меңгеру  әдістемесінің  негізгі  шарттарын,  негізгі 

қағидаларын  ұстанды.  Дидактиканың  негізгі  талдаптарына  байланысты 

бірқатар  өзгерістер  енгізді.  Олар  оқушыларды  оқытуға  емес,  тұлғалық 

бағыттылығын  ұйымдастыру,  танымдық  қызметін  ұйымдастыру,  оқу  процесін 

өзара сөйлесу негізінде құру деп көрсеткен [19].  

Модульдік оқу технологиясының негізгі идеялары:  

модульдік  оқыту  іс-әрекет  принципіне  негізделген,  оқушының  белсенді 



іс-әрекеті  жүйелі  болғанда  ғана  білім  мазмұны  саналы  меңгеріледі.  Мұғалім 

дайындаған  тапсырмалар  оқушыларды  оқу  мақсатына  бағыттап,  оның  жаңа 

білімді  қабылдауына  жағдай  жасайды.  Модульдік  технологияның 

психологиялық  негізіне  Л.С.  Выготскийдің  «Оқыту  процесінде  оқушының 

ақыл-ойынның  дамуы»,  «жақын  арадағы  даму»  аймағынан  «актуальды  даму» 

аймағына  ауысуы  туралы  теориясы  алынды.  Оқушы  мұғалімнің  немесе 

29 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау