Қазіргі кезеңде бүкіл көлік және ауыл шаруашылығы техникасының қозғаушы күші механикалық энергия негізінен органикалық отынның қызуынан алынады


Курстық жобаның көлемі, құрамы және жасалуы



жүктеу 3,11 Mb.
бет2/20
Дата22.05.2018
өлшемі3,11 Mb.
#16273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

2.2 Курстық жобаның көлемі, құрамы және жасалуы

Курстық жоба ПМУ ҰС 7.18.3-10 стандартқа сай А4 форматта компьютерде терілген көлемі 25 – 35 бет түсіндірме-есептемелік жазбадан және А3 форматта жасалған графикалық бөлімнен тұрады.

Түсіндірме жазбада тапсырма шартын ескере отырып, мотордың жұмыс циклін есептеу, жылу балансын құру, индикаторлық диаграммасы мен сыртқы жылдамдық сипаттамасын есептеу мен тұрғызу және мотордың салқындату немесе майлау жүйесін есептеу беріледі. Сонымен қатар мұнда мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасы (СЖС) бойынша есептемелік көрсеткіштер мен түпнұсқа мотордың техникалық сипаттамасында (мотор құжатында) келтірілген тиімділік көрсеткіштері салыстырмалы түрде талданып, қорытынды жасалады.

Мотордың жұмыс циклі мен жылу балансын есептеу микрокалькулятордың көмегімен атқарылады. Аяқталған есеп нәтижесін көрнекі түрде кестеге жинақтаған ыңғайлы. Мотордың СЖС-ын есептеу үшін арнайы жасалған компьютерлік бағдарламаны пайдалану қажет.

Жазбада есептеме өрнектері, коэффициенттер мағынасы мен есеп нәтижелері, графикалық бөлімге енбеген сызбалар көрсетіледі. Есеп өрнегі бір жолда, нәтижесі келесі жолдарда жазылуы қажет (өлшем бірлігі мәтінде көрсетіледі).

Түсіндірме-есептемелік жазбаның құрылым үлгісі :



Мазмұны




Кіріспе

3

1

Бензин моторының (дизельдің) жұмыс циклін есептеу

4

1.1

Жұмыстық зат өлшемдері

4

1.2

Енгізу процесі

7

1.3

Сығымдау процесі

9

1.4

Жану процесі

10

1.5

Ұлғаю процесі

13

1.6

Жұмыс циклінің индикаторлық көрсеткіштері

15

1.7

Мотордың тиімді көрсеткіштері

17

2

Мотордың жылу балансын есептеу

19

3

Индикаторлық диаграмма тұрғызу

20

4

Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасын есептеу және талдау

22


4.1

Сыртқы жылдамдық сипаттаманы есептеу

24

4.2

Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасын және тиімді көрсеткіштерін талдау

25

5

Мотор жүйесін (салқындату немесе майлау) есептеу

26

5.1

Жалпы мәлімет

26

5.2




27




Әдебиеттер

Қосымша (қажет болса)



30

Кіріспе тарауда студент тапсырманы зерделеген соң курстық жобаның мақсаты мен орындалатын жұмыс көлемін қысқаша сипаттайды. Сонымен қатар өз варианты бойынша тапсырмалық мәліметті келтіруі қажет.


Тапсырмалық мәлімет
Вариант – №... (шифрдің соңғы 2 саны)

Мотор үлгісі –

Сығымдау дәрежесін Δε ұлғайту (бензин моторы үшін) –

Үрмелеу қысымы рк (дизель үшін) –

Тиімді қуат – ... кВт

т.б. 2-кестеден алынған техникалық сипаттама өлшемдері


4.2-тарау студенттің өздік жұмысының деңгейін көрсетеді, сондықтан бұл тарау есеп нәтижелеріне негізделіп, мұқият жасалуға тиіс.

Жобаның графикалық бөлімі КОМПАС, T-flex, Auto-CAD бағдарламаларының көмегімен А3 форматтағы 3 парақта жасалады:

1-парақ – р-V координат жүйесінде салынған индикаторлық диаграмма және оны тұрғызуға қажет есеп өлшемдері жинақталған кесте;

2-парақ – сыртқы жылдамдық сипаттама мен оны бейнелеуге қажет есеп өлшемдері жинақталған кесте;

3-парақ – мотордың салқындату немесе майлау жүйесінің сұлбасы мен есептемелік өлшемдері.

Графиктер бейнеленген жүйенің координат өстерінде әрбір өлшемнің белгісі мен бірлігін көрсету өте маңызды, ал тең аралықтарға бөлінген шкала өлшемнің өзгеру ауқымын толық қамтуы қажет. Мысалы, СЖС бойынша Ne 48,5 кВт (min) шамасынан 156 кВт (max) дейін өзгерсе, шкала 40–160 кВт ауқымында бейнеленіп, аралық интервал 20 кВт болғаны дұрыс.

Графикалық бөлімді бейнелеу үлгісі А қосымшасында көрсетілген.
3 Бензин моторының жұмыс циклін есептеу
3.1 Жұмыстық заттың өлшемдерi

Автомобиль бензинiнiң орташа элементтiк құрамы:

- көмiртегi ;

- сутегi ;

- молекулалық массасы  кг/кмоль;

- төменгі қызуы  кДж/кг.



1 кг бензиннiң толық жануы үшiн ауаның теориялық тұрғыдан қажеттi мөлшерi:



Берілген қосынды құрамына (a = 1) сәйкес нақты ауа мөлшерi, кг



Жанғыш қосындының жалпы мөлшерi



Қоламта газ компоненттерiнiң мөлшерi (К = 0,5), кмоль/кг





a = 1 болғандықтан .





Қоламта газдың жалпы мөлшерi, кмоль/кг



Қоламта газдың көлемдiк өзгеруi, кмоль/кг



Mолекулалық өзгерудiң теориялық коэффициентi




жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау