7.3 Сыртқы жылдамдық сипатамасын талдау
Бұл сипаттаманы жалпы талдау Ne, Me, GОТ, ge көрсеткіштерінің айналым жиілігінде байланысты өзгеру себептерін түсіндіруге негізделген. Мысалы, мотордың жылдамдық режимі өскенде Ne өсімінің бірте-бірте бәсеңдеуін, Me шамасының төмендеуін, отын мөлшерін реттегіш тетіктің бір қалыпты жағдайында GOT мөлшерінің ұдайы ұлғаюын, gemin деңгейі қандай режимге сәйкес келетінін түсіндіре білу өте маңызды.
Курстық жобада міндетті түрде салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Бұл үшін жобада есептелген және мотордың техникалық сипаттамасында көрсетілген Nemax және Memax шамаларын салыстырып, айырмашылығын түсіндіру керек. Сондай-ақ айналдырғыш моменттің астамдық коэффициеттерін де анықтап, зерделеу қажет.
Талданатын көрсеткіштерді кестеге (8-кесте) жинақтаған ыңғайлы.
Мотордың техникалық сипаттамасында nном режимі үшін Me шамасы көрсетілмегендіктен, оны сипаттамадағы Nе үшін анықтап, кестеге енгізу қажет, Нм
Онан кейін айналдырғыш моменттің астамдық коэффициентін 8-кестедегі мәліметтер бойынша 2 рет – техникалық сипаттама бойынша және курстық жобада анықталған СЖС бойынша төмендегі формуланың көмегімен есептейді.
8-кесте – Мотордың техникалық сипаттамасы және есеп бойынша анықталған негізгі көрсеткіштері
Негізгі өлшемдер
|
Техникалық сипаттама бойынша
|
Есеп бойынша
|
Тиімді қуат Nе (nном сәйкес), кВт
|
берілген
|
жылулық есептен
|
Айналдырғыш момент (nном режиміне сәйкес), Н·м
|
анықтау қажет
|
Айналдырғыш момент максимум шамасы Ме мах, Н·м
|
берілген
|
СЖС графигі бойынша
|
Мемах шамасына сәйкес айналым жиілігі, айн/мин
|
берілген
|
Айналдырғыш моменттің астамдық коэффициенті К
|
анықтау қажет
|
Әрі қарай 8-кесте бойынша мотордың негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы түрде талдау қажет. Ең әуелі техникалық сипаттамадағы және есептелген Ne, Me шамаларының айырмашылығын (немесе теңдігін) түсіндіру қажет. Бұл үшін тапсырмада берілген есептеу шартын, оның бұл көрсеткіштерге әсері қандай екенін ескерген жөн. К коэффициентінің өзгеруін мотордың динамикасы тұрғысынан зерделеу қажет.
Отын үнемділігінің көрсеткіші – nном режиміндегі үлестік отын шығынын көліктік ІЖМ озық үлгілеріне тән ge шамасымен салыстыру керек. Атамыш көрсеткіш бензин моторы үшін ge =220 – 230 г/(кВт∙сағ), дизель үшін ge = 200 – 210 г/(кВт∙сағ) деңгейінде.
8 Майлау жүйесін есептеу
8.1 Негізгі өлшемдер
Мотордың майлау жүйесі қосарланған тетіктердің үйкелісін азайтып, салқындауын қамтамасыз етеді. Көлік моторларында негізгі тетіктерге май қысыммен беріліп, ашық үйкеліс беттері шашырату әдісімен майланады.
Майлау жүйесін есептегенде белгілі бір уақыт ішінде айналымдағы май мөлшері, май радиаторының салқындату беті, май айдағыштың құрылымдық өлшемдері анықталады.
Айналымдағы май мөлшері қызған тетіктерден майлау жүйесіне түсетін жылу деңгейіне байланысты. Бұл жылу мөлшері, кДж/с
Qж – отын жанғанда бөлінуге тиіс жалпы жылу мөлшері (жылу балансын қараңыз).
Демек айналымдағы май мөлшері, м3/с
– май нығыздығы, = 900 кг/м3 деп алуға болады;
– майдың орташа жылу сыйымдылығы, = 2,1 кДж/(кг·К);
– майдың мотор ішінде қызынуы, = 10 – 15 К.
Майлау жүйесіндегі май қысымының қажетті деңгейі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін май айдағыштың жұмыс өнімділігін әдейі жоғарылатады, м3/с
ηайд – айдағыштың май түсіру коэффициенті, ηайд = 0,6 – 0,8.
Олай болса, май айдағышты айналдыруға қажет қуат, кВт
р – жүйедегі май қысымы (бензин моторында р = 0,3 – 0,5 МПа, дизельде p = 0,3 – 0,7 МПа);
ηма – айдағыштың механикалық ПӘК, ηма = 0,85 – 0,90.
8.2 Май суытқыш радиатор
Көлік моторларында мұндай радиатордың ауамен немесе сұйықпен салқындатылатын түрлері қолданылады. Жобада ауамен салқындатылатын радиатор есебі берілген.
Радиатордың негізгі өлшемі – Qм жылуын қоршаған ортаға сейілтетін салқындату бетінің тиімді ауданы, м2
Тм – радиатордағы майдың орташа температурасы, Тм=350 – 365 К;
Та – ауаның радиатор алдындағы орташа температурасы, Та = = 300 –315 К;
Км – майдан салқындатқыш ауаға жылу беру коэффициенті, Км = = 23 –72 Вт/(м2·К).
9 Салқындату жүйесін есептеу
9.1 Салқындату жүйесінің негізгі өлшемдері
Көлік моторларында басым түрде қолданылатын сұйықпен салқындату жүйесінің негізгі өлшемдеріне белгілі бір уақыт ішінде айналымдағы сұйық мөлшері, сұйық айдағыштың жұмыс өнімдігі мен қуаты жатады.
Айналымдағы сұйық мөлшері, м3/с
мұндағы Qсал – салқындату жүйесіне өтетін жылу (жылу балансын қараңыз);
ΔTc – сұйықтың радиаторға енетін және шығатын жеріндегі температура айырмашылығы, ΔTc = 8 – 14 К;
сc және ρc – салқындатқыш сұйықтың жылу сыйымдылығы мен нығыздығы. Қату температурасы төмен арнайы сұйық үшін сж = 4000 Дж/(кг·К), ρж ≈ 1070 кг/м3.
Айдағыштың жұмыс өнімділігі, м3/с
η – айдағыш коэффициенті, η = 0,8 – 0,9
Айдағыштың айналдыру қуаты, кВт
ηм — сұйық айдағыштың механикалық ПӘК, ηм = 0,7 – 0,9;
pа – сұйық айдағыштың қысымы, pа = 0,10 – 0,15 МПа.
9.2 Сұйық салқындатқыш радиатор
Жылу алмастыру құралы болып табылатын радиатордың негізгі өлшемдері – салқындату беті, 1 с ішінде радиатор арқылы өтетін сұйықтың және салқындатқыш ауаның массасы.
Радиатордың тиімді салқындату беті, м2
К – радиатордың жылу шығару коэффициенті, К = 100 – 160 Вт/(м2·К);
Tс – радиатордағы сұйықтың орташа температурасы, Tс = 358 – – 365 К;
Та – радиатор арқылы өтетін ауаның орташа температурасы, Та = = 323 – 328 К.
Радиатордан өтетін сұйық мөлшері, кг/с
Gайн, ρс – айналымдағы сұйықтың мөлшері мен нығыздығы.
Радиатор арқылы өтетін ауа мөлшері, кг/с
сa – ауаның жылу сыйымдылығы, сa = 1000 Дж/(кг·К);
ΔTa – радиатордан өткенде ауа температурасының ұлғаюы, ΔTa = = 20 – 30 К.
Әдебиеттер
1 Автокаталог. Модели 1999 г. – М. : За рулём, 1998. – 384 с.
|
2 Володин А. И. Локомотивные двигатели внутреннего сгорания. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Транспорт, 1990. – 256 с.
|
3 Двигатели внутреннего сгорания : учебник в 3 кн. / под ред. В. Н. Луканина. – М. : Высшая школа, 1995. – 1478 с.
|
4 Ордабаев Е. К. Автомобиль моторының теориясы : окулық. – Астана : Арман-ПВ, 2009. – 126 б. – (Сер. «Кәсіптік білім»)
|
5 Расчет автомобильных и тракторных двигателей : учебное пособие для вузов / А. И. Колчин, В. П. Демидов – М. : Высшая школа, 2002. – 496 с.
|
6 Топлива, смазочные материалы, технические жидкости. Ассортимент и применение: справочник / под ред. В. М. Школьникова. – М. : Изд. центр «Техинформ», 1999. – 596 с.
|
7 Энергетические установки подвижного состава : учебник / В. А. Кручек, В. В. Грачёв, В. В. Крицкий. – М. : Издательский центр «Академия», 2006. – 352 с.
|
А қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |