«Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым» Жалмуханбетова Жазира Серікбайқызы ІІ санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Бостандық ожбб мектебі Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы



жүктеу 93,51 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі93,51 Kb.
#4225

«Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым»

Жалмуханбетова Жазира Серікбайқызы

ІІ санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі

Бостандық ОЖББ мектебі

Казталов ауданы,

Батыс Қазақстан облысы,

Қазақстан Республикасы,

Zhazirazhenis@mail.ru

Түйін:

Мақалада мұғалімнің сындарлы оқыту стратегияларын өзінің іс-тәжірибеде пайдаланулары туралы баяндалған.

Резюме:

В этой статье описывается об использовании стратегии критического обучения на практике учителей. ъ

Summary

This articleъ describes the use of strategies critical learning in practice teachers.

Педагог кадрлар біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясындъағы үшінші базалық деңгей курсын 2012 желтоқсан айында аяқтап, сертифиъкатталған мұғалім ретінде мектептепке үлкен жоспармен қайта оралдым.ъ Жаңа формадағы сабақ түрлері, деңгейлік тапсырмалар беру жолдары, къүрделі тапсырмаларды орындатуда оқушыларды жігерлендіру біз үшін өте мъаңызды жағдай. Алғашында мен неден бастарымыды білмей абдырағанымъы рас. Бұрын дәстүрлі сабақ беру кезеңінде ертеңгі сабаққа міндетті түрде ъдайындалатынмын. Қазір байқағаным, ол дайындық аз болып көрінентін секіълді, өйткені жеті модульді басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді, орта мъерзімді жоспарлауда жаңаша, тың идеялармен жасаймын. Жалпы сындарлыъ оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, аълған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдаълана білуін қамтамасыз ету. Сабақта жеті модульдің барлығын қамти алсақ,ъ сабағым тиімді болмақ. Сонымен бағдарламаның жеті модулі:ъ

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Өзімді бүгінгі таңда «керемет ұстазбын» деп айту ол тым артық деп ойлаймын, дегенмен де мен – заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды.

«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін, диалог арқылы оқыту, АКТ сынды модульдерді кеңінен қолданып келемін. Дәстүрлі оқыту барысында сабақ бір сарынды, жаттанды түрде, нашар оқитын оқушы сабаққа қызықпады, сабақта оқушы арасында қарым –қатынас, шығармашылықпен жұмыс аз болды, еркін сөйлемеді, өз ойын ашық айта алмады. Сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Сындарды оқытуда оқушы өзі сөйлейді, шығармашылықпен жұмыс істейді, бағалау критерийлерін, жалып 7 модульді сабақта пайдалануға тырысады. Мысал ретінде сындарлы оқыту теориясы бойынша өткізілген сабағымның талдауы: 5 сыныпқа өткізген “Whose T-shirt is this?” сабағымда тіл тосқауылын жеңу мақсатында жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. «Уақыт шеңбері» арқылы оқушылар дөңгелек құрып тұрды, мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады. Мысалы: a sock (s-o-c-k), a T-shirt (T-s-h-i-r-t), trainers (t-r-a-i-n-e-r-s), jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress. Венн диаграммасын құруда оқушылардың:

- танымдық қызметі қалыптасты;

- ойлау қабілеті артты;

- ағылшын тілінде айтып беруді үйренді;

- алған білімнің түйінін таба алды.

Қыздар Ұлдар

киімі Ортақ киімі



Овал 2Овал 1Овал 3

Оқушыларға жұппен жұмыс («жұптас - ойлан -бөліс» (pair -think - share) берілді. Сурет салып, суреттеу. Мысалы: Capы. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмысын топта талқылады, бірін-бірі сыни бағалады.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

5 сыныпта өткізілген әрбір сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым. Ағылшын тілі сабағында қарым-қатынасқа түсу, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызу ол күнделікті қайталанатын нәрсе. Сабағымда оқушылар кіріспе бөлімінде үй тапсырмасы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұралды. Мұнда оқушылардың ойлары жинақталған, жоғары мәртебелі сұрақтар қоюмен көзге түсті. Оқушыларды көңілді үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздеріне берілген көңілді смайликтер арқылы өз топтарына барып жайғасып, құралдарын шығарып, үй тапсырмасына дайындалды.

Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:

- Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;

- Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;

- Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;

-Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді.

Өз тәжірибемде АКТ- ны ағылшын тілі сабағында үнемі қолданамын. 5 сыныптағы «Whose T-shirt is this?» тақырыбындағы кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау негізделді. Интерактивті тақтада (флипчарттағы кітапхана) пайдаланып, қаламды дұрыс қолдана отырып, тақтада берілген баламен қызды киіндіру және оны суреттеу тапсырылды. Бұл тапсырманы орындауда Шерхан мен Тоғжан, Ұлан, Төрежан, Сәулет өздерінің ептілігі, икемділігі арқасында берілген суреттерді талғамға сай киіндіріп, оларды суреттеуде сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрін қолданды. Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықты тыңдап, өткен материалды естеріне түсіріп, қайталап, сабақта тиімді қолдана білді. Сонымен қатар осы сабақта тіл тосқауылын жеңу мақсатында интерактивті тақтада аудио жазбаға жазылған жаңа сөздерді суреттер арқылы тыңдады. Жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. Мұндай жұмыстар оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Келесі тапсырма бейне роликтен ән шырқау кезінде интерактивті тақтаны қолданғанымыз көрінді. «The blue coach» әнін оқушылар көткріңкі көңіл күймен шырқады. Ағылшын тілі сабағында АКТ-ны қолдану өте тиімді. АКТ-ны қолданудың тиімділігі оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, топтасып жұмыстануға, шығармашылық тапсырмаларды шапшаң, нақты орындай алады. АКТ- ны білу әр адамның өзіне байланысты. Өз тәжірибемде АКТ-ны сабақтарымда жиі қолданамын.

Курс барысында мен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында алған теориялық білімімді тәжірибеде қоланғанда оқушыға тиімді болды. Әр оқушы өзіне қажеттісін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстанады, талпынады, ізденеді, құлшынады, ынталанады, яғни көштен қалмау үшін барлық іс –әрекеттер мен қабілет, дарынын жұмсайды.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. (Нұсқаулық, 57-58 бет)

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалау формаларын енгізу маңызды рөл атқарады. «Whose T-shirt is this?» тақырыбы бойынша өткен сабағымда оқушылардың топпен бағалауын енгіздім. Ол үшін бағалау парағын критерий арқылы жасап, әр топқа үлестіріп бердім. Мысалы, бағалауда қызыл смайлик тобының топ басшысы Тоғжан өзінің тобындағы Шерханды төменде берілген критерийлер бойынша сыни бағалады. 1.Үй тапсырмасының орындалуына Шерханға өте жақсы баға қойылды, өйткені ол тапсырманы дұрыс орындаған, 2. Жаңа сөздікті меңгеруіне Шерханға өте жақсы деген баға қойылды, сабақта орындалған тапсырмаларды ол жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады. 3.Cұрақтарға нақты жауап беруінде Шерхан өз ойын ашық айтты, АКТ-ні қолдана алды, топта, жұпта, жеке жұмыс орындауда көшбасшылық танытты және нәтижесінде «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалады. Бағалауда Не дұрыс емес? Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады? деген сұрақтарға жауап беру арқылы сыни бағаланды.

Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

А) бақылау;

Ә) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

Б) бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау (Нұсқаулық, 57 бет).

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеп, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, өз пікірін дәлелдей алуға үйретеді.

Өз пәнімді оқытумен ғана шектелмей, сонымен қатар оқушымен арадағы ынтымақтастықтың қалыптасуына да мән бердім. Оқу мен оқытуда белгілі бір деңгейде табысқа жету үшін оқушылар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі керек. Оқушы бойында өзіне деген сенім мен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында алғашқы «Уақыт шеңбері» тренингін пайдаландым. 5 сыныбымның оқушылары қозғалғыш, бірақ ұйымшыл.

Сабақ барысында оқушыларыма топ ережелерін жасаттым. Алдымен олар жеке топ ережелерін шығарып, кейін ойларын біріктірді, постерға 3 топтың ережелерінен бір ереже құрып іліп қойдық. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда бұрын көп араласып, әңгімелесе бермейтін оқушылар Мейрамбек, Сәулет, Назерке топтық жұмыстар барысында, ынтымақтастық, ұйымшылдық қарым – қатынас пайда болып, нығая түсті. Оқушыларым бір – бірімен жұмыс істегенде өздерін өте жайлы сезінеді, достық қарым – қатынас орнаған сынып деп толық айта аламын. Сыныпта ынтымақтастық, достық қарым қатынас, жайлы атмосфера қалыптасса саналы тәрбие, сапалы білім қалыптасады деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда бұл сабақта оқушылар интербелсенді тақтаны бұрыннан пайдаланып жүргендіктен, оларға көп қиындық туғызбады. Сабақ кезінде үш топта белсенді жұмыстанды. Кейбір тапсырмаларды бөліп алып, «сен мынаны орындайсын, мен мынаны орындаймын»-деп, топ арасында бір шешімге келіп сабаққа деген қызығушылығы, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Барлық топ тапсырмаларды орындап болғасын топ басшысы мұғалім берген критерийлер бойынша өз тобын бағалап шықты. Кейбір оқушыларға сын айтылған кезде де, олар өз қателіктерін түсініп, қойылған бағаға риза болды.

Т. Г. Браже «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»

Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы».

2. Республикалық мектептегі шет тілі журналдары 2010,2012 жж

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ базалық деңгей. 5, 12 бет


Өтініш

Аты – жөні:

Жалмуханбетова Жазира Серікбайқызы

Жүмыс орны

БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылы, Бостандық ОЖББ мектебі.

Қызыметі, ғылыми дәрежесі, атағы

ІІ санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі

Мақаланың тақырыбы

Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым

Секция атауы

Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы

e-mail

Zhazirazhenis@mail.ru

Байланыс телефоны, факс

87028333783

87114424821



жүктеу 93,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау