Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет22/22
Дата19.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#20655
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

42

 



 

ұғыну  мен  оларды  білдіруге  қатысты 

сұрақтардың  респонденттер  үшін  оңайға 

соқпағанын көрсетеді.   

 

 

«Қазақстан 



Республикасында 

2006-2016 

жылдарға  арналған  гендерлік  теңдікке  қол 

жеткізу 


стратегиясын» 

жүзеге 


асыру 

мәселесіне  келсек,  аталмыш  бағдарламалық 

құжат  –  теңсіздік  пен  бақылаудың  қарым-

қатынасын тудыра отырып, «біз» және «олар»  

арасындағы  шекараны  айқын  бөлетін  ресми 

дискурстың  құралы.  Ерлер  де,  әйелдер  де 

ресми  стратегиялар  мен  бағдарламалар, 

сарапшылар 

пікірі 

тарапынан 



ерекше 

қысымға  ұшырайды,  олардың  алдына  әртүрлі 

«мемлекеттік міндеттер» қойылады.  Бұл жайт, 

әсіресе,  азаматша  ретінде,  әйел  ретінде,  жар 

ретінде  және  ана  ретінде  «жан-жақты 

жүктемеге»  ұшырайтын  әйелдерге  қатысты 

байқалады.  Ресми  дискурс  ресми  құжаттарда 

белгілі  бір  «нормативтік»  әйелдер  мен 

ерлердің,  «нормативтік»  отбасыларынң  бар 

екенін  сездіріп,  қалыптасқан  әлеуметтік-

экономикалық шарттарға бейімделудің өзіндік 

стратегиялары  мен  жолдары  бар  түрлі 

әлеуметтік-демографиялық 

топтардың, 

гендерлердің, 

жастардың, 

этникалық 

топтардың  ерекшеліктеріне,  өзіндік  қыр-

сырларына 

қатысты 


сұрақтарды 

талқыламайды.  Ресми  дискурс  үшін  басты  

тақырып 

әлеуметтік-демографиялық 

топ 

қандай да бір статусқа, әлеуметтік  жеңілдікке, 



әлеуметтік  жәрдемақыға  үміт  арта  алатын 

шарттар  болып  табылады.  Алайда  ерлер  мен  

әйелдердің  айырмашылықтарына  көп  назар 

аударылмайды. 

Отбасының 

жоғарғы 


әлеуметтік  құндылықтардың  бірі  ретіндегі 

абсолюттік  болмысы  мен  осы  әлеуметтік 

институтты  ресми  деңгейде  де,  күнделікті 

деңгейде  де  дәріптеушілік  сақталуда.  Отбасы 

моральдық  абсолют  мәртебесіне  ие  болады: 

отбасынан шыққан дүниенің бәрі де позитивті 

сипатта  болып  саналады.  Бұл  тұрғыдан 

алғанда 


әлеуметтік 

институт 

ретіндегі 

отбасындағы  дағдарыс  (туу  көрсеткішінің 

төмендеуі  мен  ресми  некелер  санының 

азаюы,  ажырасудың  көбеюі,  толық  емес 

отбасылары 

мен 


некесіз 

бірге 


тұру 

формаларының өсуі) қоғам дағдарысы болып 

саналады. 

Сол 


себептен 

отбасылық 

құндылықтарға, отбасылық  салтқа, отбасылық 

тәрбиеге,  отбасылық  өндіріске  қайтып  келу 

өтпелі  қоғамның  проблемасын  шешудің 

негізгі  жолы  ретінде  қарастырылады.  Ресми 

дискурс  отбасын  репродуктивтік  функцияға, 

балаларды  дүниеге  әкеліп,  әлеуметтендіру 

міндетіне  алып  келеді.  Ерлі-зайыптылардың 

қарым-қатынасы 

олардың 

ата-аналық 

функциясынан  туындайтын  қарым-қатынас 

ретінде қарастырылады, демографтар баласыз 

отбасын  тіпті  отбасы  деп  танымайды  да. 

Кеңінен  таралған  ұғым  бойынша  аз  балалы 

(әсіресе,  бір  балалы)  отбасы  негативті 

құбылыс  ретінде  бағаланады.  Ресми  дискурс 

отбасының тек бір түрін ғана әлеуметтік идеал 

ретінде атап көрсетеді, ол ата-ананың екеуі де 

және  кем  дегенде  екі-үш  баласы  бар  отбасы. 

Ол отбасының некенің альтернативті түрлерін 

мүлде  жоққа  шығарады.  Ресми  дискурстың 

бөлінбейтін  тұтастық  ретінде  отбасының 

ұжымдық 

мүдделерімен 

анықталатын 

отбасылық  саясатқа  қатысты  көзқарасы  үлгілі 

болып  табылады.  Соған  сай  сексуалдық  және 

репродуктивтік  құқықтар  мәселесіне  деген 

көзқарас  немқұрайлылық  пен  дұшпандық  

сипат  арасында.  Отбасы  түрлері  мен 

үлгілерінің  әртүрлілігі  және  отбасы  ішінде  

қарама-қайшы  мүдделердің  болуы  жоққа 

шығарылады.  Әрине,  бұл  дискурсқа  пікірлер 

мен  пайымдамалардың  тұтас  бірлігі  тән  емес. 

Олардың  төтенше  формалары  бар,  мысалы, 

көп  әйел  алушылыққа  рұқсат  беру,  жасанды 

түсікке тыйым салу, бала тууды күшпен реттеу. 

Біртоға 


өкілдер 

отбасын 


тұлғаның 

әлеуметтенуін  қамтамасыз  ететін  маңызды 

институт  ретінде  қарастырады.  Отбасына 

гендерлік  рөлдердің  дәстүрлі  бөлісін  сақтау 

ұсынылады.  Акторлардың  репродуктивтік 

және 


отбасылық-некелік 

іс-әрекеттер 

барысындағы  күнделікті  стратегиялары  мен 

тактикаларына  келсек,  мынадай  тұжырым 

жасауға 

болады: 


«сенің 

жағдайың» 

белгіленген ресми шеңберден тысқары болуы 

мүмкін  болғандықтан  акторлар  басынан 

бастап  ресми  органдарға  (АХАТ,  әлеуметтік 

қызметтер,  поликлиникалар,  репродуктивтік 




 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

43

 



 

орталықтар)  қарсы  тұруға  дайын  болады. 

Орын  алған  жағдайдан  шығу  стратегиясының 

бірі қандай да бір отбасылық, репродуктивтік, 

демографиялық 

проблемаларға 

қатысты 

бастары  қосылған  акторлардың  өзіндік 

рейтингісімен, 

абырой-беделімен, 

проблемаларды  шешу  жолдарымен  бөлісетін 

әлеуметтік  желісін  –  көршілер,  туысқандар, 

достар  секілді  –  сомдау  болып  табылады. 

Соның  негізінде  ресми  құрылымдар  мен 

күнделікті 

нақтылықтың 

арасында 

асимметриялық  қатынастар  қалыптасады. 

Мұндай 

жағдайда 



азаматтар 

ресми 


құрылымдар 

бекіткен 

ережелер 

мен 


тәртіптерді  өзінің  немесе  балаларының  өмірі 

үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алу 

үшін зор назар аудара отырып сақтайды.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ұсыныстар: 



 

 

Гендерлік  теңсіздік  проблемасының  бар 



екендігіне  қатысты    Қазақстандық  қоғамның 

терең  ойланымы  аса  қажет.  Гендерлік 

мәселенаманы  айқын  тұжырымдау  үшін  

Қазақстанда  жүргізіліп  отырған  гендерлік 

саясатқа  сыни  баға  беретін  сарапшылар  мен 

академиялық  қауымдастықты,  БАҚ,  үкіметтік 

емес  ұйымдарды,  білім  беру  жүйесін  іске 

тарту керек.  

 

 

Халыққа гендерлік саясат жөніндегі  мәліметті 



тарату  үшін  телевизияны  бұрынғыдай  ең 

басты, танымал және қол жетімді ақпарат көзі 

ретінде қолдану қажет. Алайда бұл тұста алуан 

түрлі  топтар  әртүрлі  ақпарат  көздеріне 

жүгінетінін  естен  шығармау  керек.  Мәселен,  

18  -  30  жас  аралығындағылар  ғаламторды 

қолданса,  басқа  жас  тобындағылар  көбінесе 

телевизияға  көңіл  бөледі.  Сонымен  қатар 

гендерлік  білімді  өзекті  ету  үшін  білім  беру 

жүйесін белсендірек қолданған жөн. 

 

 

Қазақстан 



Республикасы 

Президенті 

жанындағы  әйелдер  істері  мен  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық 

комиссия  Қазақстанда  гендерлік  саясатты 

жүзеге  асырудың  мақсат-міндеттері,  әдістері 

мен  жолдары  жөнінде  ақпарат  таратуда 

халықтың  барлық  топтарымен  түсіндіру 

жұмыстарын белсенді жүргізуі қажет. Ол үшін 

өзіндік  сайт  ашып,  ақпараттық  материалдар 

(буклеттер, 

брошюралар, 

үнпарақтар) 

дайындап  шығарып,  бұқаралық  ақпараттық-

түсіндіру шараларын ұйымдастыру керек.  

 

 



БАҚ, 

академиялық 

қауымдастық, 

ҮЕҰ 


қазақстандықтардың  өмір  сүру  стильдері  мен 

салттарының  әртүрлілігін,  сонымен  қатар 

олардың  заманауи  нақтылыққа  бейімделу  

жолдарының  ерекшеліктерін  көрсету  үшін  

«басқа»  әйелдер  мен  ерлердің  (мигранттар, 

ауылда  тұратын  ерлер  мен  әйелдер,  көп 

балалы 

ата-аналар, 



секс-индустрия  

қызметкерлері 

және 

т.б.) 


тәжірибесін 

таныстыруы қажет.    

 



 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

44

 



 

 

Қазақстанның 



шығыс 

және 


оңтүстік 

аймақтарына  ерекше  назар  аудара  отырып, 

жергілікті  БАҚ-та  гендерлік  мәселенаманы 

өзекті  ету  қажет.  Қазақстандық  әйелдердің 

саяси  тәжірибесі  мен  саяси  белсенділігін, 

саяси жетістіктерін көптеп көрсету керек.  

 

 

Гендерлік  бюджеттендіру  негіздері  бойынша 



мемлекеттік 

қызметкерлерге, 

Қазақстан 

колледждері  мен  ЖОО  студенттеріне  арнайы 

семинарлар  жүргізу.  Қазақстандық  БАҚ  үшін  

гендерлік  бюджеттендірудің  пайдасы  туралы 

ақпарат  қамтылған  әлеуметтік  жарнама 

дайындау. 

 

 

Мектептерде, 



колледждер 

мен 


ЖОО  

гендерлік  бағыттағы  оқу  курстары  арқылы 

қазақстандықтарға  еңбек  нарығының  да 

гендерлік сипатқа ие екендігін, сонымен қатар  

жұмысқа  қабылдау,  мәнсап  жолында  өсу, 

жалақының  мөлшерін  бекіту,  сұхбаттасу, 

лауазымға  тағайындау  немесе  одан  босату 

жосықтары 

да 

гендерлік 



сипатпен 

шартталғандығын жеткізу.    

 

 

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін  мектептен 



бастап  жоғары  оқу  орындарына  дейінгі 

аралықта  жыныстық  қатынастар  жөніндегі 

ағартушылық аса қажет.  

 

 



Қазақстандық  БАҚ-та  ерлер  мен  әйелдердің 

бейстереотиптік 

мәнсаптары, 

өмірлік 


стратегиялары,  өмір  сүру  салттары  мен 

стильдері  туралы  ақпараттар  мен  ток-шоулар  

көрсету.   

 

 



Мектептер,  колледждер  мен  ЖОО  оқу 

бағдарламасына 

«Гендерлік 

білімдер 

негіздері» міндетті курсын енгізу. Мемлекеттік 

білім  беру  стандартының  аясында  әрбір 

әлеуметтік-гуманитарлық  пәннің  мазмұнында 

«Қазақстан  Республикасындағы  гендерлік 

саясат» тақырыбын қарастыру.   

 

 



Әсіресе  30  -  60  жас  аралығындағы  ерлердің  

денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  мәселесін 

өзекті ету.  

 

 



«Қазақстан 

Республикасында 

гендерлік 

теңдікке  қол  жеткізу  стратегиясының»  негізгі 

ережелерін  қайта  қарастыру.  Жыл  сайын 

гендерлік  мәселенамаға  деген  сезімталдықты 

бағалауды 

қамтыған 

қоғамдық 

пікір 


мониторингісін  жүргізу.  Гендерлік  теңдікке 

қол  жеткізу  стратегиясының  қағидаларын 

орындаудың қысқа мерзімдік жоспарын (жыл 

сайынғы)  енгізу.  Олардың  орындалу  барысы 

бойынша    ағымдағы  жылдағы  әйелдер  мен 

ерлердің  жағдайлары  туралы  есеп  беру, 

баяндама  жасау;  гендерлік  теңдікке  қол 

жеткізу  стратегиясының  мақсат-міндеттерін 

орындауға  жауапты  құрылымдар  мен  оларды 

орындаудың  айқын  өлшемдерін  анықтау; 

аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жыл 

сайын  Қазақстандағы  ерлер  мен  әйелдердің 

жағдайларына  қатысты  мониторинг  жүргізу 

және 


зерттеу 

нәтижелерін 

БАҚ 

пен 


ғаламторда таныстыру.  

 

 


 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

45

 



 

Қорытынды 



 

Мемлекеттің гендерлік саясаты барлық салаларда 

гендерлік 

теңдікті 

ең 

жоғары 


деңгейде 

қамтамасыз  ететін  жаңа  қоғамдық  қатынастарды 

қалыптастыруға мүмкіндік беретін  нормалар мен 

стандарттар,  даму  бағыттары  мен  шеңберлері, 

шектеулер мен еркіндіктерді белгілеуге тиіс. Оған 

аталмыш  қоғамда  өндірістің  белгілі  бір  жолы 

арқылы  қабылданған  стереотиптер  мен  нақты 

тарихи қатынастар, көзқарастар, ережелер жүйесі 

кедергі  болады.  Нақты  гендерлік  теңдік  кейбір 

заңдық,  әлеуметтік  немесе  психологиялық 

теңсіздікпен байланысты болуы мүмкін. Гендерлік 

теңдік  сөзсіз  гендерлік  иерархияға  әкеледі.  Бұл 

жайт  кейбір  мамандықтар  мен  кәсіптердің 

қоғамдық 

маңыздылығын, 

төленетін 

ақы 

мөлшерін,  мәртебелілік  деңгейін  өзгертуге  тиіс. 



Мемлекет әзірше бөтен баланың балабақша мен 

мектепте  тәрбиеленуі  мен  оқуын  ақылы  және 

қоғамдық тұрғыдан пайдалы жұмыс ретінде, ал өз  

балаңның үйдегі тәрбиесін отбасылық бюджеттен 

қаржыландырылатын  жеке  бастың  шаруасы 

ретінде бағалап отыр. Гендерлік саясат ақырында 

қоғамдағы  гендерлік  қатынастардың  теңгеріміне   

әкелуге тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттің әйелдерге 

қатысты  саясаты  гендерлік  саясаттың  құрамдас 

бөлігі бола алады.   

 

Гендерлік  саясат 



мәселелерінің  ауқымына 

гендерлік  саясаттың  негізгі  субъектілері  мен 

олардың  көзқарастары,  саяси  өкілдік  пен 

азаматтық  қоғам  аясы  арқылы  жүзеге  асатын 

әйелдер мен ерлердің саяси іс-әрекеттері жатады.  

 

Жүргізілген  сараптама  нәтижелерінің  бірі  –  



сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі гендерлік 

саясатты  нысаны  көбінесе  әйелдер  болып 

табылатын 

мемлекеттік 

іс-әрекетпен 

байланыстырады. Әдетте әйелдер тәжірибесі мен 

соған  сай  келетін  мысалдар  алынатындықтан 

ақырында 

тек 

қана 


әйелдерге 

қатысты 


кемсітушіліктер анықталады.  

 

Мұны  «әйелдік»  және  «гендерлік»  саясат  



категорияларын  әртүрлі  ұғынуды  анықтаумен 

түсіндіруге  болады.  Біздің  ойымызша,  стратегия  

халықтың  ерекше  әлеуметтік-демографиялық  

тобы  ретіндегі  әйелдердің  мүдделерін  ескере 

отырып,  ең  алдымен  мемлекеттің  дәстүрлі 

гендерлік  саясатын  ауыстыруға  емес,  оны  

толықтыруға  міндетті.  Мұндай  екі  тәсіл  қоғамда 

жыныстардың  теңдігіне  қатысты  жағымды 

бұқаралық пікір қалыптаса бастағанға дейін қатар  

жүруі мүмкін.  

 

Сөйтіп  мемлекеттік  гендерлік  саясат  дегеніміз 



ерлер  мен  әйелдердің  тең  құқықтығын  құру, 

дамыту,  қолдау  және  қорғауға  бағытталған 

шаралардың  дәйекті  жүйесі.  Бұл  жүйе  нақты 

нәтижелерде  көрініс  табуға  тиісті.  Қазіргі 

қазақстандық  қоғамда  тиімді  гендерлік  саясатты 

жүзеге  асыру  үшін  халыққа  гендерлік  құқықтар 

мен  еріктерді  оқытып,  гендерлік  білім  мен 

гендерлік 

ақпаратпен 

жеткілікті 

деңгейде 

қамтамасыз ету қажет. 

 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

46

 



 

 

Авторлар туралы  мәлімет 

Өскембаева 

Маргарита 

Әбдікәрімқызы  

«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» 

қоғамдық қорының (Алматы) төрайымы, ҚР Президенті 

жанындағы 

Әйелдер 

істері 


және 

отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық  комиссияның 

сарапшылар  кеңесінің  мүшесі  (2011-2016).  Ғылыми 

зерттеу  тақырыптары:  гендерлік  психология,  гендерлік 

саясат,    Орталық  Азия  сауда  саясатының  гендерлік 

мейнстримингі,  гендерлік  білім,  Қазақстанның  ДСҰ-на 

қосылуының 

гендерлік 

қырлары 


және 

ауыл 


шаруашылығы;  БҰҰ  ҚК  1325  резолюциясының 

Қазақстанда 

сақталуының 

аясындағы 

әйелдер, 

бейбітшілік  және  қауіпсіздік  мәселелері,  гендерлік 

бағыттағы бюджеттендіру. 

 

Резвушкина  Татьяна  Александровна  «Қазақстанның 

тең  құқық  пен  тең  мүмкіндік  институты»  қоғамдық 

қорының  (Алматы)  сарапшысы,  әлеуметтану  магистрі, 

Е.А.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  оқытушысы.  Ғылыми 

зерттеу  тақырыптары:  посткеңестік  мемлекеттердегі 

гендерлік  саясат,  гендерлік  барабарлық;  қазіргі 

Қазақстандағы 

әлеуметтік 

және 

отбасылық-



демографиялық  саясат,  әйелдердің  репродуктивтік 

құқықтары; 

заманауи 

қоғамдағы 

маскулиндік 

трансформациясы.  



 

Бейсенова  Айгүл  Аманжановна  «Қазақстанның  тең 

құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қорының 

(Алматы)  сарапшысы,  әлеуметтану  магистрі,  әл-Фараби 

атындағы  ҚазҰУ  докторанты,  Е.А.  Бөкетов  атындағы 

ҚарМУ  оқытушысы.  Ғылыми  зерттеу  тақырыптары: 

еңбек қатынастарының гендерлік  қыры, Қазақстандағы 

репродуктивтік  мінез-құлық  пен  неке  стратегиялары, 

өнеркәсіп мекемелеріндегі әлеуметтік серіктестік. 

 

 

 



 

Зерттеуді орыс тілінен аударған: ф.ғ.к. Шырынгүл Зухай 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Авторлардың көзқарасы Ф. Эберт атындағы қордың  

ұстанымымен сай келуі міндетті емес. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

ISBN 978-601-80610-2-8 

ӘОЖ 316.3/4 

У 74

 

жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау