Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет20/22
Дата19.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#20655
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

38

 



 

деңгейде деген тұжырым жасауға ерік береді. 

Айта кетерлік қызықты бір дерек – бұл мәселе 

жөнінде  қалалықтармен  салыстырғанда  ауыл 

тұрғындарының көбірек хабардар екендігі.   

 

 



Гендерлік  саясат  туралы  ақпарат  таратушы 

дәстүрлі  түрде  алдымен  БАҚ  (47,2  %),  содан 

кейін ғана ғаламтор (20,2 %) болып табылады. 

Сауалнамаға  қатысушылардың  бар  болғаны 

9,1  %  ғана  гендерлік  саясат  туралы  білімді 

білім  жүйесінің  арқасында  алғаны  –  өкінішті 

жайт.   

 

 



Сауалнамаға 

қатысушылардың 

көпшілігі 

Қазақстан 

Республикасы 

азаматтарының 

гендерлік  құқықтарын  реттейтін  нормативтік 

құжаттарды  білмейді.  Тек  6,8  %  информант 

«ҚР  2006-2016  жылдарға  арналған

 

гендерлік 



теңдік  стратегиясының»  мазмұнын  білетінін 

айтты.   

 

 

Ерлер  мен  әйелдерге  ортақ  проблемалар 



ретінде  жұмыссыздық,  еңбек  нарығындағы 

бәсекелестіктің  жоғарылығы  атап  көрсетілді. 

Ең  көп  таралған  ерлер  проблемаларына 

респонденттер  жоғары  деңгейдегі  өлім-

жітімді,  жүрек-қан  тамырлары  ауруларының 

көптігін және жұмыссыздықты жатқызады.   

 

 

Әйелдердің  басты  проблемалары  ретінде 



аталғандар:  ерте  жүктілік,  ақы  төленбейтін  үй 

еңбегі, жұмыс  орнындағы және  үйдегі екі есе 

жүктеме.  Тұрмыстық  зорлық  проблемасы  тек 

төртінші орынға қойылды.   

 

 

Информанттар  әлеуметтік  тұрғыдан  осал 



әйелдер  санатын  қарастыра  келе,  бірінші 

орынға 


мүгедектерді, 

екінші 


орынға 

жұмыссыздарды,  үшінші  орынға  мүгедек 

балалары  бар  әйелдерді  жатқызды.  Айта 

кетерлік  қызықты  бір  дерек  –  әлеуметтік 

тұрғыдан  осал  әйелдер  санаты  ретінде  жауап 

түрінде 


ұсынылған 

басқа 


нұсқаларды 

респонденттердің  таңдамағандығы.  Бұл  жайт 

аталмыш  әлеуметтік  санат  адаптациясына 

қатысты  тәжірибе  мен  стратегия  Қазақстанда 

толығымен  жабық,  аз  зерттелген  және  оған 

қол жеткізу мүмкін емес деген ойға жетелейді.  

 

Сауалнамаға  қатысқан  қазақстандықтардың 



көпшілігі әйелдердің саясатқа араласуы қажет 

деген  пікірде.  Ерлер  әлі  күнге  дейін  саясат 

әйелдердің ісі емес, өйткені ол әйелдердің ана 

мен жар болуына кедергі болады және жалпы 

алғанда  саяси  қызмет  әйелдер  үшін  тым 

күрделі  іс  деген  таптаурын  пікірді  қолдайды. 

Ал  әйелдердің  өздері  әйелдер  ерлерге 

қарағанда  айлалы  әрі  икемді  болғандықтан 

саясатқа  қажет  деген  таптаурын  пікірді 

жақтайды.  

 

 

Сауалнамаға  қатысқан  қазақстандықтардың 



көпшілігі  әйелдерді  саясатқа  белсенді  түрде 

тарту  үшін  оларға  саясат  пен  отбасын  қатар 

алып 

жүру 


мүмкіншіліктеріне 

қатысты 


жеңілдіктер жасап, оларды саяси басшылыққа 

тәрбиелеу 

керек 

екендігін 



айтады. 

Респонденттердің  айтарлықтай  бір  бөлігі  

әйелдердің  саяси  партиясын  құру  қажет 

екендігін білдірсе, мәслихаттар мен мәжілістен 

әйелдерге  орын  бөлу  жөніндегі  жауап 

нұсқасын  информанттардың  ең  аз  бөлігі 

таңдады.  

 

 



Сауалнама 

нәтижелері 

бойынша 

қазақстандықтардың 

көпшілігі 

гендерлік 

бюджеттендірудің  не  екенінен  бейхабар 

екендігі 

анықталды. 

Сауалнамаға 

қатысушылардың  бар  болғаны  10,1  %  ғана 

гендерлік 

бағыттағы 

бюджетті 

біледі. 

Жауаптардың  мұндай  бөлісі  зерттеуіміздің 

гендерлік 

бюджеттендіру 

мәселесі 

қазақстандықтар  үшін  өзекті  емес  деген 

болжамының  растығын  дәлелдеді.  Гендерлік 

бюджеттендіру деген не, оның үрдістері қалай 

жүріледі,  қандай  пайда  әкеледі  және  онымен 

кім айналысады дегеннен хабардар адам аз.  

 

 

Жауаптарды 



саралау 

сауалнамаға 

қатысушылардың 

көпшілігінің 

(45,8 

%) 


мамандықтарды  гендерлік  белгі  бойынша 

бөліп  қарастырмайтындығын  көрсетті.  Тек 

39,6  %  ғана  еңбектің  гендерлік  тұрғыдан 

бөлінетіндігімен 

келісті. 

Ал 


қазақстандықтар 



«ерлерге 

тән» 


және 

«әйелдерге 

тән» 

мамандықтар 



болатындығынан  мүлде  бейхабар.  Ерлердің 


 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

39

 



 

де,  әйелдердің  де  басым  бөлігі  еңбек 

нарығының 

гендерлік 

сипатын 

жоққа 


шығарады.  

 

 



Сауалнамаға 

қатысушылардың 

көпшілігі 

кенші,  қарауыл  және  құтқарушыны  ерлерге 

тән  мамандықтар  деп  біледі.  Тек  әйелге  ғана 

тән мамандықтар ретінде хатшы, кітапханашы 

және бет сәндеуші атап көрсетілді. Әйелдерге 

мүлде  лайық  емес  мамандықтар  қатарында 

құтқарушы,  кенші  және  жүргізуші  аталды.  Ал 

дәрігер,  басшы  және  мұғалім  гендерлік 

тұрғыдан бейтарап мамандық деп саналады.  

 

 



Сауалнамаға  қатысушылардың  басым  бөлігі 

Қазақстанда  бір  мамандық  бойынша  ерлер 

мен  әйелдер  бірдей  жалақы  алады  деген 

пікірде.  Бұл  мәселе  жөнінде  білмейтіндердің 

және  ойланбағандардың  үлесі  жоғары.  Бұл 

жайт респонденттер Қазақстандағы кірістердің 

орташа  деңгейіне  сараптама  жасамаған,  

еңбек 


нарығында 

гендерлік 

сипаттағы 

асимметрия 

бар 

екендігін, 



әйелдердің 

айналысуына  тыйым  салынған  мамандықтар 

тізімі  болатындығын,  ерлер  мен  әйелдерді 

жұмысқа  қабылдау  мен  олардың  қызметін 

бағалауда 

ерекшеліктер 

бар 

екендігін 



түйсінбейді деп жорамалдауға итермелейді.   

 

 



Сауалнамаға  қатысушылардың  49,4  %  неке 

қиылғанға  дейінгі  жыныстық  қатынастарға 

жол  беруге  болмайды  деген  пікірде.  Жауап 

берген  ерлердің  де,  әйелдердің  де  басым 

бөлігі  некеге  дейінгі  жыныстық  қарым-

қатынасқа 

қарсы. 

Жыныстық 



қарым-

қатынасқа  деген  екіжүзді  көзқарас  –  бұл 

дәстүрлі  моральға  негізделген  қоғамда 

шешілуі 


қиынға 

соғатын 


проблема.    

Сексуалдық 

тақырыптағы 

қоғамдық 

наразылықтарға 

тыйым 


салу, 

адамның 


сексуалдық  болмысын  түсіну  мен  суреттеуге 

қатысты  дискурстың  жоқтығы  халықтың 

сексуалдық  тұрғыдан  денсаулығы  саласында 

үлкен жағымсыздықтарға әкеліп соғары хақ.  

 

 

Некеге тұруға ең қолайлы жас ерлер үшін  26 -



30,  ал  әйелдер  үшін  20  -  24  жас.  Өйткені  бұл 

жастағы  ерлер  мен  әйелдер  өздеріне 

отбасылық  міндеттердің  жүктелуіне  дайын 

болады. Қазақстандықтардың неке үшін лайық 

жасқа  қатысты  да  таптаурын  көзқарастары 

байқалады.  Ол  бойынша  ер  адам  жасы 

жағынан  үлкен  және  әлеуметтік  тұрғыдан 

тұрақтанған,  ал  әйел  ең  бастысы  жас  болуы 

керек.  

 

 



Қазақстандықтардың 

«қалыңдық 

ұрлау» 

дәстүріне  қатысты  көзқарастарын  саралау 



барысында  респонденттердің  көпшілігі  (43,1 

%) полиция көмегіне жүгінетінін білдік. Ондай 

жағдайға  амалсыз  бой  ұсынатындардың  үлесі 

де  айтарлықтай  жоғары  (20,8  %).  5  % 

«Материалдық  және  моральдық  нұқсан  үшін 

күйеу  жігіт  тарапынан  өтемақы  төленуіне 

үміттенеді».  Демек  олар  аталмыш  жағдайды 

ықтимал  әрі  оған  жол  беруге  болады  деген 

ойда.  Ондай  жайтқа  бой  ұсынатындардың 

көпшілігі  –  ауылдық  елді  мекендердің 

тұрғындары.  

 

 



Жауап берушілердің басым бөлігі  «қалыңдық 

ұрлау» қылмысына қатысты жаза бар екенінен 

бейхабар. Тек 8,5 % ҚР ҚК 125 бабы бар екенін 

білсе, информанттардың 3,9 % ондай жазаның 

жоқ  екендігіне  сенімді.  Әйелдердің  48,2  %, 

ерлердің  48,1  %  қалыңдық  ұрлау  үшін  белгілі 

жаза бар екендігінен хабарсыз.   

 

 



Ата-анасы  қарсы  болған  жағдайда  қыздың 

тұрмыс  құруына  бола  ма  деген  сұраққа 

респонденттердің  басым  бөлігі  «Білмеймін/  

жағдайға  байланысты»  деген  жауап  нұсқасын 

көрсетті. 35,1 % «Жоқ, қажеті жоқ болу керек»

 

деп  санаса,  бар  болғаны  19,9  %  қыздың  ата-



анасының  еркiне  қарсы  шығуын  қолдайды.  

Бұл  факт  ұрпақтар  арасындағы  қарым-

қатынастар  иерархиясын,  әйелдің  екі  жыныс 

жағынан  да  жасы  үлкен  жақындарына 

бағыныштылығын  көрсетеді.  Ерлерге  қатысты 

тура 


осындай 

сұрақтың 

жауаптарын 

салыстырып  қарағанда  пікірлердің  тең  екіге 

бөлінгенін  көреміз:  27,4  %  ондай  некені 

мүмкін  емес  деп  тапса,  27,4  %  сол  сәттегі 

шарттарға  байланысты  мүмкін  деген  пікірді 

білдірді. 

 



жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау