www.testent.ru
ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕРИИТОРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазіргі Қазақстандағы қала мен селоның әлеуметтік көкейтесті мәселелері.
Қала мен ауыл-селоның әлеуметтік көкейкесті мәселеріне олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін, мүдделерін қамтамасыз ететін, қанағатандыратын мәселелер жатады. Олар, ең алдымен, қала мен ауыл-село тұрғындарының әлеуметтік-материалдық тұрмысын ұдайы жақсарту, олардың мұң-мұқтажын жақсарту, талап-тілектерін орындау, жұмыспен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты жою, жалақыны көбейтіп, оны уақытында беріп отыру, жұмыс жағдайын жақсарту, еңбеккерлердің бос уақытын, демалысын дұрыс ұйымдастыру, жас өспірімдерге лайықты тәрбие беру, білікті, сапалы маман кадрларды дайындау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау тұрмыстық қызмет көрсету, зейнеткерлерге ұдайы қамқорлық жасап отыру, мәдени-ағарту мекемелердің жұмысын ұдайы жақсартып отыру.
Жалпы алғанда, қаланың жағдайы қалатұрғындарының тұрмыстық, материалдық жағдайы, қажетті мүмкіндіктерді табу, орындау жағынан ауыл-селодан көп алда деп айтуға болады.
Қазақстан өкіметінің 2000-2005 жылдарда ауыл-селоны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, бүгінгі таңда еліміздің селоларына қайта құру процестері жүргізілуі қажет. Осы мерзімдердің ішінде Қазақстанның әрбір аймағында машина-технологиялық станцияларды, ақпараттық-маркетингтік жүйелерді салу, өндірілген өнімдерін өткізу жүйесін ұйымдастыру, малдың генофондыларын сақтау, олардың тұқымын асылдандыру және пайдалану, несиелік жолдастық ұйымдар құру, ауыл шаруашылығына инвестиция тартуда ынталандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өнідірушілердің ішкі нарығын қорғау, ауыл-селода тұрмыс қызметін көрсететін және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды көлік, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану, энергиямен жабдықтау, жаппай елді мекендерге телефон, газ жүргізу, сумен жабдықтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік-мәдени мекемелермен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, білім жүйесін, бұқаралық мәдениетті, дене шынықтыру және спортты дамыту, шағын бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту, т.б. мәселелерді орындау көзделген. Бұларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіншіліктерді, ресурстарды (запастағы ақша-қаржыларын, материалдық құралдарды, әр түрлі бағалық-құндылықтарды, табыс көздерін көбейтіп, шағын көздерін азайту, еңбекке жарамды, оған қабілеті бар адамдарды еңбекке жұмылдыру, т.б.) халық шаруашылығына толықжұмылдыру, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану қажет.
Қазіргі уақытта қала мен ауыл-селоны жүйе ретінде қайта құру экономикалық бәсекелестік дамудың негізі болып саналады. Осыған сәйкес басқарудың тиімді жүйесінің қажетті құрамды бөлігі- оны дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Қандай да бір міндеттер, қызмет бағыттары басым екендңгңн түсіну бір басқа, сөйтсе де оларға сай келетін ұйымдық құрылымдарды көрсету өте маңызды. Тек осындай жағдайда ғана жүйе өміршең болып табылады және ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Осыған орай экономикалық және әлеуметтік мәселелрі әр уақытта бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Ал, бұл қоғамның ең басты өндіргіш күші-адам мен оның жұмысы тығы байланысты және бұл күрделі де шетін мәселе адам арқылы шешіледі, яғни оның жұмысы мен жағдайы арқылы анықталады.
Бір жағынан, адам өндірістің объектісі болуымен қатар, екінші жағынан, өндірістің субъектісі (яғни, оны қорғаушы, жүргізуші, белсенді өзгертушісі, оны ұйымдастырушы, қайта құрушы). Алам өндірістің объектісі ретінде оның мақсаты болғандықтан оның өз еркі болмайды, сондықтан өндіріс адамның, жалпы қоғамның жан-жақты дамуынан материалдық игілікті өндірудің алғы шарттарын, жағдайын жасайды. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді, сөйтіп өндңрңс алға қойған мақсатын іске асырады.
Адам өндірістің субъектісі бола отырып, өндірістің шарттары мен жағдайларын өзінің ыңғайына жасап олардың өндірісітің шарттарымен, жағдайларымен сәйкестендіреді, оған белсенді әсер етеді, оның тиімділігін арттырады. Екінші жағынан, өндірістің тиімділігі, субъектінің (яғни, еңбектердің) әлеуметтік дамуының әр уақытта жоғары жағдайда болуын тілейді, қоғам мүшелерінің жан-жақты үйлесімді дамуын қажет етеді. Осыған орай олардың арасында да үйлесімді қарым-қатынастар болуы керек, өйткені еңбекшіге, қызметкерге әр уақытта дұрыс жағдай, жақсы тұрмыс, көңіл-күй жасалмаса, ешқандай өндіріс тиімді дамымайды. Бұлардың нақтылы көрінісі еңбек, жұмыс процесінде, оған қатынастарынан, олардың ондағы тәртібінен белсенділігі мен жауапкершілігінен т.б. сезіледі. Еңбеккерлердің, қызметкерлердің өмір сүру жағдайы төмен болған сайын, адамдардың қанағаттандыру дәрежесі, яғни қанағат сезімі тіпті төмендейді. Мұны өндіріс ұжымдарының басқару, жұмыс деңгейінен байқаймыз. Осының басты көрінісі ретінде, олар әлеуметтік даму міндеттемелері мен жоспарды орындамайды, оларды жүзеге асыруға қайта кедергі жасайды. Міне, осылардан адамның, әсіресе, еңбеккер мен қызметкердің әлеуметтік даму деңгейінің төмендігі неге әкеліп соғатынын көреміз.
Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілген мәселелер қала жіне ауыл-село тұрғындарының әлеуметтік дамуының негізгні көрсеткіштері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |