«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


-бөлім. Төлем қабылдау операциялары



жүктеу 0,89 Mb.
бет3/5
Дата14.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#12730
1   2   3   4   5

6-бөлім. Төлем қабылдау операциялары


(6-бөлім атауы 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған)
57. Тұрғын үй құрылыс салымдарын (депозиттерді) толтыру, тұрғын үй, аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын өтеу шотына төлемдер Банк кассасына ақша салу арқылы немесе Банкте мүмкін болатын тәсілдермен төленеді.

Кассалық операциялар – тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдау бойынша, салымшыларға тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру, тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын өтеу шотына ақша қабылдау, ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау және сақтауды қоса алғанда, төлемдер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың/заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау бойынша, банктік операциялардың бірін жүзеге асыру кезінде, қолма-қол ақша қабылдау және беру.

Қолма-қол ақшамен операцияларды кассалық операциялар бөлімшесі жүзеге асырады. (57 тармақ ДК 24.01.2014ж. №1 шешімімен өзгертілді, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған)

58. Клиенттерден Банк кассасына қолма-қол ақша қабылдау кіріс кассалық ордерлер бойынша жүргізіледі.

59. Банк кассасынан ақша беру шығыс кассалық ордерлер бойынша жүргізіледі.

Банк клиенттің шотына қабылдау аяқталған сәтке нақты қабылданған ақша сомасын енгізеді. Клиентке банктік шоттардан қолма-қол ақша беру банктік шоттағы ақша қалдығының шектерінде, клиенттің өтініші негізінде жүргізіледі.



7-бөлім. Аударма операциялары


60. Аударма операциялары – Банк жүйесі ішінде төлемдер және ақша аударымдары бойынша жеке/заңды тұлғалар – Банк клиенттерінің тапсырмаларын және сыртқы аударымдарды орындау. (60 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен өзгертілді)

61. Төлемдер мен ақша аударымдарын Банк клиентінің аударым жасауға берген өтініші негізінде Банк клиенттері банктік шот ашу арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Төлемдер мен аударымдардың мақсаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Сонымен қатар, мынадай жағдайларда банктік шоттан ақша аудару туралы нұсқау орындалуға қабылданады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, Клиенттің кемінде 3 (үш) данада, қағаз тасымалдағышта орындалған төлем құжаттарын беруі;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, Банкке кемінде 3 (үш) данада, қағаз тасымалдағышта орындалған төлем талап-тапсырмаларын және инкассалық өкімдерді көрсетуі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, Банкке кемінде 1 (бір) данада, қағаз тасымалдағышта орындалған, төлем құжатын қайтару туралы немесе оның орындаоуын тоқтату туралы өкімді көрсетуі.

(61 тармақ ДК 28.02.2012ж. № 129 шешімі редакциясында баяндалған. 02.04.2012ж. бастап қолданысқа енгізіледі, ДК 30.10.2015ж. №17 шешімімен өзгертілген, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен өзгертілген)




8-бөлім. Банктік шоттарға есеп айырысу қызметін көрсету

62. Банк клиенттің тапсырмалары бойынша төлемдер мен аударымдарды тек қана клиенттің банктік шоттағы ақша қалдығының шектерінде немесе жасалған шарттың талаптарына, Банктің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес жүргізеді.

Клиенттің төлемдерді валюталандыру мерзімімен жүзеге асыруға, Банк оларды орындаған сәтке дейін Банкке бұрын берілген төлем құжаттарының күшін жоюға құқығы бар. Клиенттердің банктік шоттары бойынша есеп айырысу және өзге операциялар Банктің белгіленген операциялық күні ішінде жүргізіледі.

Банктік шоттан ақша алу Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе банктік қызмет көрсету шартында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттің келісімі бойынша жүргізіледі.

Клиенттің жинақ/ағымдық шоттарға қолма – қол ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте енгізуге құқығы бар.

63. Банктің клиент жүргізетін төлемдер мен аударымдардың заңдылығын және легалды екенін растау үшін қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.

64. Клиент өз еркі бойынша банктен алынған қолма-қол ақшаны кассадан алыстамай тұрып немесе касса бақылаушысының қатысуымен ақшаны қайта санауға арналған арнайы орында қайта санауға құқығы бар. Мұндай жағдайда, егер олар ақшаны Банкте, кассадан алыстамай тұрып немесе касса бақылаушысының қатысуымен ақшаны қайта санауға арналған арнайы орында қайта санамаған болса, клиенттің ақшаның кем екендігі, банкноталар немесе монеталардың төлем жасауға жарамайтын, күмәнді екендігін анықтағаны туралы өтініші (шағымы), қанағаттандырылмайды.

65. Банктік шот шартына сәйкес Банк:



  1. клиент талап еткен жағдайда, (Банктің салымшыдан тиісті өтініш алған күнінен бастап 5 (бес) операциялық күн ішінде) қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз етеді;

  2. клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдайды;

  3. үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттің өкімдерін орындайды;

  4. егер ол банктік шот шартында көзделген болса, клиенттің ақшаларын өндіріп алу туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындайды;

  5. банктік шот шартымен белгіленген тәртіпте клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау мен оған беруді жүзеге асырады;

  6. клиенттің талап етуі бойынша клиенттің банктегі ақшасының сомасы және шартта көзделген тәртіпте жүргізілген операциялар туралы ақпарат береді;

  7. клиентке шартта, заңнамада көзделген және іскери айналым дәстүрлерімен банктік практикада қолданылатын өзге банктік қызмет көрсетуді жүргізеді.

Егер ондай тапсырма және ол бойынша берілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына қайшы келетін болса, Банктің клиент тапсырмасын орындаудан бас тартуға құқығы бар. (65 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен өзгертілді)

66. Банк банктік шоттағы жүргізілген операциялар бойынша банктік құпияның сақталуына кепілдік береді және тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана шот бойынша анықтамаларды клиенттің келісімінсіз үшінші тұлғаларға береді.

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шоттағы ақшаға тыйым салу банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе клиенттің банктік шоттағы ақшасына тыйым салу құқығы бар уәкілетті органдардың тиісті шешімдері (қаулылары) негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай жүргізіледі. Банктік шоттар бойынша операцияларды қайта жалғастыру банктік шоттағы ақшаға тыйым салу немесе банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдердің (қаулылардың) күшін жою туралы уәкілетті органдардың тиісті жазбаша хабарламалары негізінде (Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 28 тамызындағы № 191-IV «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған негіздер бойынша тоқтатылған банктік шоттар бойынша шығыс операцияларынан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

(66 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

9-бөлім. Банктік шоттарды жабу


67. Банктік шотты жабу, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгедей көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша кез келген уақытта жүргізіледі. Банктік шотты жабу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

68. Бір жылдан аса шотта ақша болмауына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған басқа да негіздер бойынша шоттың жабылуынан басқа, осы шотқа қойылған талаптар орындалмаған жағдайда, Банк клиенттік банктік шотын жаппайды.



(68 тармақ ДК 16.03.2011ж. № 106 шешімімен өзгертілген, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен баяндалған)

10-бөлім. Клиенттің және Банктің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі



(10 бөлім ДК 19.03.2010ж. № 89 шешімі редакциясында баяндалған)
69. Банктің және оның Клиентінің құқықтары мен міндеттемелері, олардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілерімен, Банктің ішкі құжаттарымен, сондай-ақ банктік шоттарға қызмет көрсету, банктік қызмет (кредиттік, депозиттік) көрсету туралы шарттарға, клиенттермен және серіктестермен Банктің өзге шарттарына сәйкес анықталады.

70. Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының, банктік заем шарттарының және заңды тұлғаның ағымдағы шоты шартының талаптарына сәйкес:

1) Банк:

1.1) жеке тұлғаларға:

1.1.1) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша банктік шот ашуға, клиент-жеке тұлғаның пайдасына қолма-қол енгізілген және/немесе қолма-қолсыз тәртіпте аударылған ақшаны қабылдауға және оларды Банктегі клиент-жеке тұлғаның банктік шотына енгізуге;

1.1.2) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша нақты жинақталған ақша сомасына тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көрсетілген мөлшерде, тәртіпте және талаптарда Банк сыйақысын есептеуге; Мұндайда тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша сыйақы есептеу мынадай жағдайларда тоқтатылады:

- тұрғын үй заемын рәсімдеген кезде банктік заем шартын жасаған сәтте;

- алдын ала тұрғын үй/аралық тұрғын үй заемынан тұрғын үй заемына өткен кезде тұрғын үй заемына өту туралы клиенттік өтініші тапсырылған сәтте.»;

1.1.3) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша мемлекет сыйлықақысы төленгеннен кейін – Қазақстан Республикасының заңнамасына және тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарына сәйкес оны тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша клиент-жеке тұлғаның банктік шотына енгізуге;

1.1.4) Клиент-жеке тұлға тұрғын үй құрылыс жинақ шартының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда, тұрғын үй заемын беруге;

1.1.5) Клиенттер-жеке тұлғаларға заемдарды тек қана Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуге беруге;

1.2) заңды тұлғаларға:

1.2.1) банктік шот ашуға, клиент-заңды тұлғалардың пайдасына қолма-қол және қолма-қолсыз тәртіпте енгізілген ақшаны қабылдауға және оны банктік шотқа қосуға міндеттенеді;

2) Банктің:

2.1) Клиенттен тұрғын үй құрылыс жинақ шартында, банктік заем шартында және Банктің өзге шарттарында көзделген мөлшерде және тәртіпте Банктің банктік қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеуін талап етуге;

2.2) Клиент-жеке тұлғаға берілген заемның мақсатты пайдаланылуын тексеруге;

2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда, Клиент-жеке тұлғаның жазбаша өтінімі негізінде оған жеке банктік заем шартында көзделген мөлшерде және мерзімге, сыйақы мөлшерлемесі бойынша және өзге талаптарда алдын ала тұрғын үй заемын немесе аралық тұрғын үй заемын беруге. Мұндайда, аралық тұрғын үй заемын және/немесе алдын ала тұрғын үй заемын беру Банктің міндеттемесі болып табылмайды және кез келген негіздемелер бойынша, соның ішінде бос ақша қаражаттарының болмауына байланысты Банктің аралық тұрғын үй және/немесе алдын ала тұрғын үй заемын беруден бас тартуға құқығы бар;

2.4) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты, банктік заем шарты және өзге шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын клиент-жеке тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және жасалған шарттың талаптарында белгіленген барлық жауапкершілік шараларын қолдануға құқығы бар.

3) Клиент:

3.1) жеке тұлға:

3.1.1) тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасағаны үшін Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес шарттық соманың есептелген мөлшерінде Банкке комиссиялық сыйақы төлеуге;

3.1.2) Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес Банктің банктік қызметтер көрсеткені үшін өзге комиссиялық сыйақыларды төлеуге;

3.1.3) Банктен алынған заемды уақтылы және толық көлемде қайтаруға;

3.1.4) тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарына сәйкес жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті сомасын жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша шотқа ақша енгізуге (қолма-қол немесе қолма-қол емес тәртіпте);

3.1.5) заем алған жағдайда, банктік заңнамаға, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттары мен тұрғын үй құрылыс жинақ шартының және банктік заем шартының талаптарына сәйкес Банкке ол бойынша қамтамасыз ету (кепіл) беруге, сондай-ақ дербес түрде және өз есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес кепілді бағалау, сақтандыру, тіркеу және ауыртпашылық салудан шығару және нотариатты қызметтер басқа ілеспе шығыстардан тұратын аталған қамтамасыз етуді рәсімдеуге байланысты барлық шығыстарды төлеуге;

3.1.6) Банкке заем бойынша қамтамасыз ету есебінде берілген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есептер беруге. Банктік заем шартының талаптарымен көзделген жағдайларда, заем бойынша кепілзат мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікке қайталама бағалау (қайта бағалау) жүргізуге;

3.1.7) егер жүргізілген қайталама бағалаудың (қайта бағалаудың) нәтижелері бойынша заем бойынша кепілзат мәні болып табылатын жылжымайтын мүліктің құны айтарлықтай төмендеген жағдайда, Банктің талабы бойынша Банктің ішкі құжаттарының талабына сәйкес келетін қосымша кепіл беруге;

3.1.8) заемды уақтылы және толық көлемде өтеуге мүмкіндік беретін тұрақты табыс көзінің бар екендігін растайтын құжаттар тізбесін беруге (төлем қабілеттілігін растау);

3.1.9) Банктің ішкі құжаттарының талабына сәйкес клиент-жеке тұлға қол қойған банктік заем шартының, жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының және өзге шарттардың талаптарында көзделген жағдайлардан сақтандыру шарттарын (полистерін) беруге;

3.2) заңды тұлға:

3.2.1) Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес Банктің банктік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеуге міндеттенеді.

4) Клиенттің:

4.1) жеке тұлға:

4.1.1) жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына және банктік заем шартына сәйкес банктік шоттың жағдайы, сондай-ақ заем бойынша берешектердің жағдайы туралы толық ақпарат алуға;

4.1.2) тұрғын үй құрылыс жинағының салымдары бойынша Банкте бірнеше шоттарының болуына. Мұндайда, мемлекет сыйлықақысы клиент-жеке тұлғаның таңдауы бойынша клиент-жеке тұлғаның – Қазақстан Республикасы азаматының тек бір ғана банктік шотына есептеледі;

4.1.3) Банктің жазбаша келісімімен тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтарды басқаға беруге, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын басқа тұлғаға қамтамасыз ету есебінде кепілге беруге;

4.1.4) жинақтау мерзімі аяқталған және клиент-жеке тұлға тұрғын үй құрылыс жинақтарының жинақталған ақшасының ең төменгі қажетті сомасын жинақтамаған жағдайда – салымды және оған есептелген Банк сыйақысын алуға, ал салымды үш жылдан артық жинақтаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын алуға немесе Банктің сыйақысын және мемлекеттің сыйлықақысын есептей отырып, Банкте жинақтауды әрі қарай жалғастыруға;

4.1.5) тұрғын үй заемын алудан бас тарта отырып, салымды және оған есептелген Банк сыйақысын алуға. Мұндай жағдайда, мемлекет сыйлықақысын алу тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады;

4.1.6) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша жинақталған ақшасының ең төменгі қажетті сомасын жинақтаған, тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша таңдап алынған тарифтік бағдарламада көзделген бағалау көрсеткішінің қажетті мәніне жеткен жағдайда, Банкке тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көзделген сомада, сыйақы мөлшерлемесі бойынша және мерзімде тұрғын үй заемын беру туралы өтініш жасауға;

4.1.7) Банкке аралық тұрғын үй заемын және алдын ала тұрғын үй заемын беру туралы өтініш жасауға; Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемын беру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және жеке банктік заем шартының талаптарына сәйкес белгіленеді.

4.1.8) бір немесе одан да көп ағымдағы шоттарға ие болуға;

4.2) заңды тұлға:

4.2.1) жасалған заңды тұлғаның ағымдағы банктік шоты шартына сәйкес, банктік шот жағдайы туралы толық ақпарат алуға;

4.2.2) Банктің жазбаша келісімімен басқа тұлғаға ағымдағы шоттағы ақша сомасын қамсыздандыру ретінде кепілге беруге;

4.2.3) бір немесе одан да көп ағымдағы шоттарға ие болуға (70-тармақ 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған) құқығы бар.

71. Банк және/немесе Клиент тұрғын үй құрылыс жинақ шарты, банктік заем шарты және өзге шарттар бойынша қабылданған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап жасалған шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

72. Жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартының, банктік заем шартының және өзге шарттардың талаптары бойынша Клиент өзі қабылдаған міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Клиентке қатысты мынадай жауапкершілік түрлерінің біреуі және/немесе бірнешеуі қолданылуы мүмкін:

1) тұрақсыздық айыбын (айыппұл және/немесе өсімпұл) есептеу;

2) есептелген жағдайда Банк шығындарын (шығасылар, шығыстар) қайтаруды талап ету;

3) заем сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;

4) жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартында көзделген, заемды қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті және клиент-жеке тұлғаның өзге мүлкін соттан тыс және сот тәртібімен өндіріп алуға өтініш беруге; (72 тармақ ДК 17.02.2016ж. №3 шешімі редакциясында баяндалған)

5) Клиент-жеке тұлға заемды мақсаттан тыс пайдаланған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда мемлекет сыйлықақысының сомасын республикалық бюджетке қайтаруды талап етуге. (72 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

73. Клиент-жеке тұлға тұрғын үй құрылыс жинақ шартының барлық талаптарын орындаған болса, ал Банк тұрғын үй заемын бермеген жағдайда және егер клиент-жеке тұлға тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтарды басқа тұлғаға бермесе және/немесе басқа тұлғаның пайдасына салмаған болса, Банк Клиенттің бірінші талабы бойынша 5 (бес) күн ішінде жинақталған ақшаны төлеуге міндеттенеді. (73-тармақ ДК 28.09.2012ж. 138 шешімімен өзгертілді, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен өзгертілді)

10-1-бөлім. Банктік қызмет көрсету барысында туындаған клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібі



(10-1 бөлім ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен енгізілді)

73-1. Банк клиенттердің мынадай өтініштерімен жұмыс жасайды:

1) қолма-қол, пошта байланысы бойынша, Банктің электрондық поштасына және интернет-ресурсына түскен жазбаша өтініштер;

2) телефон арқылы немесе клиент тікелей Банкке келген кезде түскен ауызша өтініштер.

73-2. Банктің уәкілетті тұлғалары Банктің Орталық аппаратында және филиалдарында Банк Басқармасының Төрағасы, филиал директоры (филиалда) бекіткен қабылдау кестесіне сай кем дегенде айына бір рет жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдайды.

Қабылдау жұмыс орны бойынша жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға хабарланған, белгіленген күндер мен сағаттарда жүргізіледі.

Егер Банктің уәкілетті тұлғасы өтінішті қабылдау кезінде шеше алмаса, оны клиент жазбаша түрде баяндайды және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

73-3. Клиенттердің жазбаша өтініштері Банктің ішкі құжаттарына сәйкес деректемелерден тұратын жазбаша өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі.

73-4. Банктің жауапты қызметкері тіркегеннен кейін мазмұнына қарай өтінішті Банк басшылығының немесе тиісті құрылымдық бөлімшелердің қарастыруына жібереді.

73-5. Клиентке оның қағаз тасымалдаушыдағы жазбаша өтінішінің қабылданғанын растайтын құжат беріледі немесе өтініштің көшірмесіне тиісті белгі жасалады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

73-6. Жазбаша өтінішке қойылатын талаптар:

1) Өтініш Банктің Бірінші басшысының атына жазылуы немесе құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға берілуі тиіс.

2) Өтініште аты-жөнін, еркіне қарай әкесінің атын, байланыс телефондарын және пошта мекенжайын көрсету қажет. Өтінішке өтініш берушінің қолы қойылуға тиіс.

Шағым берген кезде іс-қимылдарына шағым айтылған тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, өтініш беру себептері мен талаптар көрсетілуі қажет.

73-7. Банктің интернет-ресурсы арқылы түсетін өтініштер Банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте тіркеледі.

73-8. Клиенттердің телефон арқылы түскен өтініштері тіркеледі. Клиентпен болған телефон әңгімесін жазып алу әңгіменің басында ол туралы ескерте отырып, оның келісімімен жүргізіледі.

73-9. Банкке ауызша нысанда түсетін өтініштер (телефон арқылы немесе клиент Банкке өзі келген кезде) жедел түрде қарастырылады және егер ондай мүмкіндік болып жатса, клиенттің жазбаша өтінішіне бірден жауап беріледі. Егер ауызша өтінішті жедел шешу мүмкін болмаса, клиент оны жазбаша нысанда баяндайды және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі. Клиентке ондай өтініштерге жауап алу үшін қажетті рәсімдер және қарау мерзімі туралы хабарланады.

73-10. Банк өтінішті қараған кезде берілген ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, клиенттен қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрайды.

73-11. Банк жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті түрде, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді, клиенттерге олардың өтініштерін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

73-12. Клиентке өтінішті қарау нәтижелері туралы жазбаша жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш тілінде беріледі және сондай-ақ қабылданған шешімге дау айтуға оның құқықтары туралы түсінік берумен, қарастырылып отырған мәселенің нақты жағдайларына Қазақстан Республикасы заңнамасының, Банктің ішкі құжаттарының, қарастырылып отырған мәселеге қатысты шарттардың талаптарына сілтеме жасала отырып, клиент баяндаған әрбір тілекке, талапқа, қолдау-хатқа, кепілдемеге және басқа мәселеге қатысты негізді түрде және уәжді тұжырымдардан тұрады.

73-13. Клиенттің өтініші негізделген және заңға сай болған жағдайда, Банк тәртіп бұзушылықты жою және клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.

73-14. Жазбаша өтінішке берілген жауапқа Банктің уәкілетті тұлғасының қолы қойылады.

73-15. Пошта байланысы бойынша немесе қолма-қол түскен клиенттің жазбаша өтінішінің жауабын беру клиенттің өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша хабарламамен, пошта арқылы тапсырысты хатпен немесе клиент Банкке келген кезде қолын қойғызып ала отырып, жеке өз қолына тапсыру арқылы жүргізіледі, ол туралы жазбаша өтініштерді тіркеу журналында белгі жасалады.

73-16. Өтініштердің қаралуын сараптау және бақылау міндеттері Банктің ситуациялық монитринг бөлімшесіне жүктелген және оларға мыналар кіреді:

1) тиісті өтінішке негіз болған себептерді анықтау және жою үшін Банк клиенттерінің өтініштерін сараптау және жинақтау;

2) Банк клиенттерінің өтініштерімен жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) Банк клиенттерінің өтініштерін қарастыру нәтижелері бойынша анықталған барлық аталған қаржылық қызметті тұтынушыларға қатысты тәртіп бұзушылықтарды жоюға қажетті шаралар және Банк қызметінде ондай тәртіп бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шаралары туралы Банк басшылығына ұсыныстар енгізу.

Банкте қызмет көрсету кезінде қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, сондай-ақ банктік қызмет көрсетудің сапасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, Банк клиенттері кері байланыстың мынадай арналары арқылы өтініш жасай алады:

1) Электронды пошта;

2) Банктің интернет-ресурсы

3) Банктің операциялық залдарында орналасқан Пікірлер мен ұсыныстар жәшігі;

4) Банктің операциялық залдарында орналасқан Пікірлер мен ұсыныстар кітабы;Факс;

5) Пошталық-курьерлік жеткізілімдер;

6) Банкке қолмен жеткізілген жазбаша жүгінімдер;

7) телефонмен ауызша жүгінімдер. (73-16 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған)

73-17. Мынадай өтінімдер қарастырылмайды:

1) анонимді өтінім, егер ондай өтінімде дайындалып жатқан немесе іске асырылған қылмыстар немесе мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнуі туралы мәліметтер болатын болса және жедел түрде құзыреттілігіне сәйкес мемлекеттік органдарға қайыра бағытталуға тиіс өтінімдерді қоспағанда;

2) мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

Егер өтінімді қарастырусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылған болса, Банк көрсетілген өтінімді тиісті тәртіпте қарастыруға міндеттенеді.

10-2-бөлім. Банктік қызмет көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері



(10-2 бөлім ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен енгізілген)
73-18. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдауды, салымшылардың шоттарын ашуды, кассалық, аударым және айырбастау операцияларын Банк клиент Банкке өтініш жасаған күні іске асырады.

Кредиттік өтінімді, кредит беру талаптарын өзгерту туралы өтініштерді қарастырудың және Кредиттік комитетке шығарудың шекті мерзімі кредит беру ережесін реттейтін ішкі құжаттар арқылы анықталады және кредиттік өтінімді, кредит беру талаптарын өзгерту туралы өтінішті тіркеген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын жұмыс күнін құрайды. Банк клиентке бас тарту себептерін көрсете отырып, банктік заемды беру немесе бас тарту туралы хабарландыру мерзімі кредиттік өтінім бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен аспайды. Банкпен ерекше қатынас арқылы байланысқан тұлғалардың кредиттік өтінімі және кредит беру талаптарын өзгерту туралы өтініштері тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзім ішінде қаралады.

Банктік қызмет көрсету барысында туындаған клиент өтініші, соның ішінде қарастыру үшін басқа лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе сол жерге барып тексеру талап етілмейтін, банктік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау мәселесі бойынша өтініш қарастырылады және ол бойынша клиенттің өтініші Банкке түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылданады.

Қосымша зерттеу және тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, Банк Басшылығы қарастыру мерзімін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы өтінім берушіге қарастыру мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

Егер өтінімде баяндалған мәселелерді шешуге ұзақ уақыт талап етілсе, онда өтінім оның толық орындалған күніне дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтінім берушіге 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

(73-18 тармақ ДК 04.05.2012ж. №132 шешімімен өзгертілді, ДК 24.01.2014ж. №1 шешімімен өзгертілді, ДК 30.10.2016ж. №17 шешімімен өзгертілді, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалды)

11-бөлім. Қорытынды ережелер


74. Банктің банктік операцияларды (қызметтерді) жүргізу (көрсету) талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банктің ішкі құжаттарымен және шарттардың типтік және өзге нысандарымен белгіленеді. Мұнымен қоса Банк мыналарға ұмтылады:

1) клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, клиенттерге ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту, банктік операцияларды жүргізу кезінде туындайтын тәуекелдерді азайту және Банк ресурстарын тиімді пайдалану арқылы Банк тарифтері мен комиссиялық сыйақы мөлшерлерін бір мезгілде төмендету;

2) банктік операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын технологияларды жетілдіру;

3) Қазақстан Республикасының қаржы секторында және әлемдік қаржы нарықтарында болып жатқан өзгерістерге бара-бар іс-қимыл жасау;

4) бизнес жүргізудің әлемдік стандарттарына жету және халықаралық қаржы нарықтарына шығу.

Клиенттерге қызмет көрсетуге қатысатын Банк қызметкерлері банктік қызметтер көрсету кезінде клиенттерге қызмет көрсету, клиент өткізетін құжаттарға қойылатын талаптар және қызмет көрсеткені үшін алынатын Банк комиссиялары жөнінде кеңес береді.


Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 22 шілдедегі №79

шешімімен бекітілген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары

туралы ережелердің № 1 Қосымшасы



(№1 Қосымша ДК27.12.2012ж. №143 шешімі редакциясында баяндалған )
Қосымша 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

(27.12.2012ж. №143 шешіміне сәйкес)

(№1 Қосымша ДК 20.06.2013ж. №13 шешімімен, ДК 18.08.2014ж. №9 шешімімен ДК 24.04.2015ж. №5шешімімен өзгертілд, ДК 30.10.2015ж. №17 шешіміменөзгертілді, ДК 25.12.2015ж. №20 шешімімен өзгертілді, ДК 11.07.2016ж. №11 шешімімен өзгертілді )

жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау