«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


(17 тармақ ДК 09.10.2009ж. № 82 шешімімен толықтырылды)



жүктеу 0,89 Mb.
бет2/5
Дата14.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#12730
1   2   3   4   5

(17 тармақ ДК 09.10.2009ж. № 82 шешімімен толықтырылды)


18. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісіміне қол қоя отырып, Салымшының Банктің ішкі құжаттарында анықталған талаптарда:

1) екі немесе одан да көп тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын біріктіруге;

2) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беруге;

3) тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бөлуге;

4) тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын өзгертуге;

- шарттық соманы өзгертуге;

- Тарифтік бағдарламаны өзгертугеқұқығы бар.

Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында қарастырылған операциялар келесі талаптарды1 бірге сақтаған кезде мүмкін болады (егер заңды күшіне енген сот актісінде немесе мұрагерлік құқығы туралы куәлікте басқа жайт қарастырылмаған жағдайда):



  • тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін;

  • жинақтау шотында кемінде 50 (елу) АЕК қаржы қалдығы болғанда.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап салымшының жинақ шотына былтырғы жылға мемлекет сыйлықақысы нақты есептеліп қосылған сәтке дейін, Банк тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын біріктіру, бөлу, құқықтар мен міндеттемелерді беру бойынша қосымша келісімдерді рәсімдемейді.

Бұл талап мыналарға жүрмейді:

- Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына, өңірлік және басқа да тұрғын үй бағдарламалары мен жобаларға қатысушылардың/өтінім берушілердің тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары;

- мемлекет сыйлықақысы есептелінбейтін тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары.



(18 тармақ ДК 18.11.2011ж. № 124 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 28.02.2012ж. № 129 шешімімен толықтырылған, 02.04.2012ж. бастап қолданысқа енгізіледі, ДК 28.09.2012ж. №138 шешімімен өзгертілген, ДК 13.11.2012ж. №140 шешіміммен толықтырылған, ДК 05.12.2013ж. № 214 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 30.10.2015ж. № 17 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 29.04.2016ж. № 7 шешімі редакциясында баяндалған, 01.07.2016ж. бастап қолданысқа енгізіледі)

19. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйақы есептеген кезде, егер жасалған шарттың талаптарында немесе Банктің Есеп саясатында өзге жағдайлар көзделмеген болса, есепке жылдағы 360 күнге және айдағы 30 күнге тең күндер саны алынады.

20. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңда, тұрғын үй құрылыс жинақ шартында және Банктің кредиттік саясатында белгіленген шарттық соманы төлеудің барлық талаптары сақталған жағдайда, Банк өзіне тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымшысына құрамында жинақталған қаражаттар сомасы (салымдардан, оларға Банк есептеген сыйақы мен мемлекет сыйлықақысынан тұратын) және тұрғын үй заемы кіретін шарттық соманы төлеу бойынша міндеттемелер қабылдайды.

(20 тармақ ДК 19.03.2010 ж. № 89 шешімімен толықтырылған)

21. Егер тарифтік бағдарлама талаптарында басқаша қарастырылмаса, Банк салымшысына, ол тұрғын үй заемын алу талаптарын сақтаған (белгіленген бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету, жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинау) және тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, қосымша сыйақы төленеді.



(21 тармақ ДК 27.03.2015 ж. № 4 шешімі редакциясында баяндалған)

21-1. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдау мақсатында, Банктің мүмкіндігі болған жағдайда, тараптар анықтаған талаптарда сыйақы төленуі мүмкін.



(21-1 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен енгізілді)

22. Жинақтау мерзімі аяқталған және салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтарының ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтамаған жағдайда, оның салымды және оған есептелген Банк сыйақысын, ал салымды үш жылдан артық жинақтаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын алуға немесе Банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысының есептелуімен Банкте жинақтауды әрі қарай жалғастыруға құқығы бар.



(22 тармақ 04.07.2012ж. № 135 шешіміммен өзгертілді)

Банктің жеке банктік заем шартында қарастырылған талаптарда тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша салымшыға аралық тұрғын үй заемын, алдын ала тұрғын үй заемын беруге құқығы бар.

23. Жинақ шотын ашу үшін жеке тұлғалар Банкке толық тізбесі Банктің ішкі құжаттарында көрсетілген жеке тұлғалар үшін банктік шот ашу кезінде берілетін құжаттар топтамасын береді.

23-1. Банктік ағымдағы шот шарты бойынша клиент-заңды тұлғаға ағымдағы шотты ашқан кезде, Банк клиент-заңды тұлғаның пайдасына түскен ақшаны қабылдауды, тиісті ақша сомасын клиент-заңды тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға аудару (беру) туралы клиент-заңды тұлғаның өкімін орындауды және ағымдағы банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтер көрсетуді міндеттенеді. (23-1 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен енгізілді)

23-2. Клиент-заңды тұлғаларға ағымдағы шот ашу үшін Банкке құжат топтамасы тапсырылады, оның тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған. (23-2 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен енгізілді)

3-бөлім. Тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын) беру операциялары

(Бөлімді нөмірлеу ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен өзгертілген)
24. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі кредиттік саясаты туралы ережелерге, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарына сәйкес заем (тұрғын үй, аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын) беру операцияларын жүзеге асырады.

24-1. Банк банктің заем шарты жасағанға дейін, осы Ереженің 9-1 тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттардан басқа, клиент-жеке тұлғаға ауызша түрде заемдар бойынша мынадай ақпарат береді:

1) заем беру мерзімі;

2) заемның шекті сомасы және валютасы;

3) сыйақы мөлшерлемесінің түрі: (тіркелген);

4) жылдық пайыздардағы сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері және оның клиенттің өтініш жасаған күніне салыстырмалы есептелген (нақты құны) дұрыс, жылдық, тиімді мөлшері;

5) Банк пайдасына, банктік заем алумен және қызмет көрсетумен (өтеумен) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және басқа шығыстардың толық тізбесі мен мөлшерлері;

6) банктік заем шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, клиент-жеке тұлғаның жауапкершілігі мен тәуекелдері;

7) заемды қамтамасыз ету шартының тарабы болып табылатын кепіл берушінің, кепілгердің және басқа тұлғаның жауапкершілігі.

(24-1 тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен толықтырылды, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылды)

24-2. Тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй, аралық тұрғын үй заемдарын рәсімдеуші тұлғаның жасына қойылатын талап Банктің ішкі құжаттарымен рәсімделеді

(24-2 тармақ ДК 28.02.2012ж. № 129 шешімімен толықтырылған, 02.04.2012ж. бастап қолданысқа енгізіледі, ДК 24.01.2014ж. №1 шешімі редакциясында баяндалған, ол 10.02.2014ж. бастап күшіне енеді, ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)

(25 тармақ 28.02.2012ж. № 129 шешіміммен алынып тасталған, 02.04.2012ж бастап қолданысқа енеді)

26. Жасалған шарт немесе Банктің Есеп саясатының талаптарында басқаша қарастырылмаса, тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын) пайдаланғаны үшін сыйақы есептеген кезде, егер жасалған шарттың талаптарында немесе Банктің Есеп саясатында өзге жағдайлар көзделмеген болса, есепке жылдағы 360 күнге және айдағы 30 күнге тең күндер саны алынады.

Заемды өтеу және сыйақыны төлеу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

- ай сайынғы аннуитетті (тең) төлемдер;

- ай сайын негізгі қарыз сомасын тең үлестермен және заем бойынша нақты есептелген сыйақы сомасын өтем күніне сай (азайтылған қалдық тәсілімен) өтеу;

- шартты соманы төлеу сәтіне дейін (бірақ 3 жылдан артық емес) негізгі қарызды өтеусіз, Банктің тарифтерімен белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақының ай сайынғы төлемі;

- шарттық соманы алғанға дейін негізгі қарызды өтеусіз, алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақының ай сайынғы төлемі.

- негізгі қарыздың аралық тұрғын үй заемының сомасының 50%-ы және сыйақының аралық тұрғын үй заемы сомасының 100%-ы бойынша ай сайынғы аннуитетті (тең) төлемдер;

- негізгі қарыздың аралық тұрғын үй заемының сомасының 50%-ы және сыйақының аралық тұрғын үй заемы сомасының 100%-ы бойынша (азаятын қалдық тәсілімен) тең үлестермен негізгі қарыз сомасын және заем бойынша есептелген сыйақының нақты сомасын ай сайын өтеу.



(26 тармақ 19.03.2010ж. № 89 шешімімен толықтырылған, ДК 28.09.2012ж. №138 шешімімен өзгертілген, ДК 13.11.2012ж. №140 шешімімен толықтырылған)

27. Тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3,5% құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі* – 4%-дан), ең жоғарғы – жылдық 8,5% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 9,5%-дан бастап). Аралық тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,5%**2 құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 7,6%-дан бастап), ең жоғарғы – жылдық 12% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 20,7%). Алдын ала тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8%** құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 8,6%-дан бастап), ең жоғарғы*– жылдық 14% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 18,2%-бан бастап), Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5% құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 7,9%-дан бастап).



(27 тармақ ДК 18.11.2011ж. № 124 шешімі редакциясында баяндалған. ДК 04.07.2012ж. № 135 шешімі редакциясында баяндалған. ДК 06.08.2012ж. № 136 шешімі редакциясында баяндалған.27 тармақ 27.12.2012ж. № 143 шешімімен өзгертілді. ДК 30.10.2015ж. № 17 шешімі редакциясында баяндалған)

28. Аралық тұрғын үй заемының, алдын ала тұрғын үй заемының ең төменгі сомасы бір заемшыға – 500 АЕК. Аралық тұрғын үй заемының ең жоғарғы сомасы бір заемшыға және заемшымен байланысты тұлғаға – 90,0 миллион теңге. Алдын ала тұрғын үй заемының ең жоғарғы сомасы бір заемшыға және заемшымен байланысты тұлғаға – 45,0 миллион теңге.

Тұрғын үй заемының ең төменгі мөлшері шарттық сома мен нақты жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының арасындағы айырмаға тең және шектеусіз. Тұрғын үй заемдарының ең жоғарғы сомасы 100,0 миллион теңге көлеміндегі заемшы мен заемшымен байланысты тұлғаның Банк алдындағы жиынтық міндеттемелерінің лимиттерімен шектелген.

(28 тармақ ДК 28.02.2012ж. № 129 шешімі редакциясында баяндалған. 02.04.2012ж. бастап қолданысқа енеді, ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)

28-1. «Заемшымен байланысты тұлға» термин заемшының жұбайын, заемшыласты, кепілгерді білдіреді.

Заемшы мен заемшыласпен байланысты тұлғаның міндеттемелері деп:


  1. Заемшы мен заемшыласпен байланысты тұлғаның Банктен алған заемы;

2) Заемшы мен заемшыласпен байланысты тұлға кредиттік шарттың қолданысы кезінде заемшылас және/немесе кепілгер болған Банктегі қолданыстағы заем.

(28-1 тармақ ДК 03.07.2015ж. №10 шешімімен енгізілген)
29. Тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары 6 айдан 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі, алдын ала тұрғын үй заемы 6 айдан 8,5 жылға дейінгі мерзімге беріледі (таңдап алынған тарифтік бағдарламаға және заем түріне байланысты) және салымшы оларды тек Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында ғана пайдалана алады, ондай мақсаттарға мыналар жатады:

1) баспана салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда), сатып алу, соның ішінде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен);

2) баспананы жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердігерлік жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда);

3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларымен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу;

4) банктерден және банктік операциялардың жекелеме түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдардан ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна енгізу.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларымен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеуге мыналар жатады:

- баспана салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда), баспана сатып алуға және баспананы жөндеу мен жаңартуға (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердігерлік жұмыстарға төлем жасауды қоса алғанда) екінші деңгейлі банкте (банктік операциялардың жекелеме түрлерін жүзеге асыратын ұйымда) берілген заемды өтеу;

- баспанаға құқық меншігі сатып алынған (сатып алынатын) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді өтеу (лизингілік компания, құрылыс компаниясы және өзге ұйымдар).

Кез келген үшінші (заңды) тұлғалар алдындағы көрсетілген міндеттемелерді өтеу олар құжатты түрде расталған жағдайда жүзеге асырылады.

Банктік заемдар бойынша мерзімі өткен берешектерді өтеуге (қайта қаржыландыруға) жол берілмейді.



(29 тармақ ДК 19.03.2010ж. № 89 шешімімен өзгертілді.)

30. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары жылжымайтын мүлікті, соның ішінде сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қоюмен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі кепілдік саясатына сәйкес Банк белгілеген, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

31. Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, Банк кепілзат мәні есебінде мынадай өтімді мүліктерді қабылдайды:


  1. Банктің шотындағы заемшының немесе үшінші тұлғаның ақшалары;

  2. меншік құқығында және/немесе заем есебінен сатып алынатын заемшының немесе үшінші тұлғаның иелігіндегі мынадай жылжымайтын мүліктер:

а) жер телімі бар жеке үй;

б) жер телімі

в) көп пәтерлі үйдегі 2 және одан көп пәтерден тұратын пәтер;

г) ұзақмерзімді өтеулі жер пайдалану құқығында құрылысқа тапсырыс берушіге тиесілі жер телімінде орналасқан көппәтерлі үйдегі пәтер.


  1. коммерциялық жылжымайтын мүлік.

  2. Тиісті шарттық міндеттемелермен рәсімделген жылжымайтын мүлік түрінде болашақта кепілдікті қамсыздандыруды тапсырған жағдайда, уақытша кепіл ретінде мүліктік құқық (талап құқығы). Банктің Заемшыларына жылжымайтын мүлікті өткізуге бағытталған, Банк пен жергілікті атқару органдары арасындағы (жасалған келісімдер/шарттар негізінде) ынтымақтастық схемалары бойынша мүліктік құқықтың (талап құқығы) уақытша кепілін қабылдауға жол беріледі. Мүліктік құқық (талап құқығы) кепілін беру мүмкіндігі Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

Жылжымайтын мүлікті, соның ішінде коммерциялық жылжымайтын мүлікті кепілдікті қамсыздандыру ретінде тапсыруға қойылатын талаптар Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

(31 тармақ ДК 28.09.2012ж. №138 шешімімен өзгертілген, ДК 24.01.2014ж. №1 шешімімен толықтырылған, 10.02.2014ж. бастап күшіне енеді, ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 17.02.2016ж. №3 шешімі редакциясында баяндалған.)

31-1. Банк заңды тұлғалардан кепіл мәні ретінде жылжымайтын мүлікті сатып алуға заемшыға берілген заем есебінен алынған, меншік құқығында заңды тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлік (тұрғын жылжымайтын мүлік, жер телімі) қабылданады.



( 31-1 тармақ ДК 03.07.2015ж. №10 шешімімен енгізілген)

32. Кепілдік есебінде Банк жеке тұлғаның кепілдігін қабылдайды. Кепілгерге және кепілдікке берілген заемдарға қойылатын талаптар Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.



(32-тармақтың 2) тармақшасы ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 04.05.2012ж. №132 шешімімен толықтырылған; ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)

33. Банк кепіл мәні есебінде мыналарды қабылдамайды:



  1. Заем алуға өтініш қабылдаған сәтке қарай пайдаланылу мерзімі 50 (елу) жылды құрайтын тұрғын үй жылжымайтын мүлкі (пәтер, жеке үй);

  2. саманнан/ шикі қыштан салынған жекеленген тұрғын үй, заем алу үшін өтініш қабылдау сәтіне 25 (жиырма бес) жылдан артық мерзімнен тұратын пайдалануға беру мерзімі;

  3. Ағаштан (діңгек,бөрене) салынған жекеленген тұрғын үй , заем алу үшін өтініш қабылдау сәтіне 30 (отыз) жылдан артық мерзімнен тұратын пайдалануға беру мерзімі;

  4. Қамыс іргелі, бақсадан салынған тұрғын үй жылжымайтын мүлкі, сондай-ақ құрамында жеке қамыс іргелі және/немесе бақса элементтерібар жылжымайтын мүлік;

  5. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары кепілге беруге рұқсат етілмейтін жер телімі (жер телімінің үлесі);

  6. Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмейтін, нақты

жоспарлауында құжаттарда көрсетілгендегіден алшақтығы бар үй-жай (үйлер, пәтерлер).

(33 тармақ ДК 31.05.2016ж. шешімі (№9 хаттама) редакциясында баяндалған)

(33-1 тармақ ДК 28.09.2012ж. №138 шешімімен енгізілген, ДК 03.07.2015ж. №10 шешімімен алынып тасталды)

34. Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілді қамтамасыз ету қабылданған жағдайда, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес Кр/К (Кредит/Кепіл) және К/Кр (Кепіл/Кредит) көрсеткішінің орындалуын сақтау қажет.

Мүліктік құқық (талап ету құқығы) түріндегі кепілді қамтамасыз ету қабылданған жағдайда, Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес LTV көрсеткішінің орындалуын сақтау қажет.

Кр/К, К/Кр, LTV көрсеткіштерінің соңғы мәндері осы Ережелердің №3 Қосымшасында берілген.



(34 тармақ ДК 19.03.2010 ж. №89 шешімімен толықтырылған, ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 17.02.2016ж. №3 шешімі редакциясында баяндалған)

35. Жылжымайтын мүлік және мүліктік құқық (талап ету құқығы) түріндегі кепілді қамсыздандыру құны бағалау туралы есептің негізінде анықталады. Сонымен қатар, нарықтық құнын келісу кепілді және басқа да қамсыздандыру құнын анықтау тәртібін реттейтін Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте және мерзім ішінде жүзеге асырылады.



(35 тармақ ДК 29.06.2011 ж. №112 шешімімен өзгертілген, ДК 04.05.2012 ж. №132 шешімімен өзгертілген, ДК 24.01.2014ж. №1 шешімі редакциясында баяндалған, ол 10.02.2014ж. бастап күшіне енеді, ДК 17.02.2016ж. №3 шешімі редакциясында баяндалған)

36. Банк қызметкерлерінің кепілзат мәніне тексеру жүргізуі Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Тексеру жүргізудің міндетті талабы – кепілзат мәнінің нақты бар екендігін, техникалық және сапалық сипаттамаларын анықтау. (36 тармақ ДК 18.08.2014ж. №9 шешімі редакциясында баяндалған)

37. Салымшыға шартты соманы төлеу (соның ішінде тұрғын үй заемын) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты күшіне енгеннен кейін кем дегенде 3 (үш) жыл өткеннен кейін мынадай талаптарда жүргізіледі:

1) жинақталған ақша сомасының тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкестігі;

2) Банк есептеген тәртіпте бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету. Бағалау көрсеткішін есептеген кезде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтаудың ұзақтығы және жинақтау талаптарының сақталуы есепке алынады;

3) салымшының қажетті тұрғын үй заемын қамтамасыз етуді беруі;

4) заемшының тұрғын үй заемын өтеуге төлем қабілеттілігінің расталуы.

38. Заем беру туралы шешімді Банктің уәкілетті органы шығарады. Банкпен ерекше қатынас арқылы байланысқан тұлғалармен мәміле бойынша шешімді Банктің директорлар кеңесі қабылдайды. Банк Клиентке кредит беру туралы оң шешім шығарған жағдайда, Банк пен Клиент-жеке тұлға ол бойынша Банк клиент-жеке тұлғаға заем беретін, ал клиент-жеке тұлға алынған соманы шартта келісілген талаптарда қайтаруға міндеттенетін банктік заем шартын жасайды.

(38 тармақ ДК 28.02.2012ж. №129 шешімі редакциясында баяндалған. 02.04.2012ж. бастап күшіне енеді, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

39. Банк ағымдағы/мерзімі өткен несиелік берешекке, салымшының ай сайынғы жарнаның ұсынылған сомасын (алдын ала тұрғын үй заемын алған жағдайда) сақтауына, заемшылардың қайта рәсімделген сақтандыру полистерін/сақтандыру шарттарын уақтылы берулеріне, берілген банктік заемның мақсатты пайдаланылуын тексеруге мониторинг жүргізеді. Мұндай жағдайда клиент оның жүргізілуіне жан-жақты жәрдем етуге, соның ішінде кірістер және заем бойынша қамтамасыз етудің жағдайы туралы Банктің сұранысы бойынша қажетті құжаттарды беруге міндетті. (39 тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

40. Салымшыға аралық тұрғын үй заемын беру жеке банктік заем шарттарында келісілген талаптарда, ол шартты соманың 50% (елу пайызын) мерзімінен бұрын жинақтаған немесе енгізген жағдайда жүргізіледі. Аралық тұрғын үй заемы тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгіленген тұрғын үй заемын пайдалану мерзіміне беріледі. (40 тармақ ДК 04.07.2012ж. №135 шешімімен өзгертілген)

Аралық тұрғын үй заемын пайдалану мерзіміне енгізілген/жинақталған қаражаттар оларға Банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысы есептелетін заем бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін аралық тұрғын үй заемын өтеуге бағытталатын жинақталған қаражаттар мен тұрғын үй заемы төленеді.

41. Салымшыға алдын ала тұрғын үй заемын беру шарттық соманы алғанға дейін тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі шеңберінде, шарттық соманың 50% (елу пайызын) алдын ала жинақтаусыз жеке банктік заем шарттарында келісілген талаптарда, беріледі.

Қаражаттарды жинақтау негізгі қарызды өтеусіз алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақыны бір мезгілде өтей отырып жүзеге асырылады.

Алдын ала тұрғын үй заемын пайдалану кезінде болашақта жинақталатын/енгізілген жинақ заемның кепілді қамсыздандыруы болып табылады, сонымен қатар оларға Банктің сыйақысы мен мемлекет сыйақысы есептеледі.

Шарттық соманы төлеу кезінде, тұрғын үй заемының сомасы алдын ала тұрғын үй заемы бойынша міндеттемелерді өтеуге жіберіледі. (41 тармақ ДК 14.05.2013ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)



( 42 тармақ ДК 19.03.2010ж. №89 шешімімен алынып тасталды.)

42-1. Банктік заем шартына қызмет көрсету кезеңінде Банк клиент-жеке тұлғаның (заемшының) немесе кепіл берушінің сұранысы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банктік құпияны жарияламауға қойылатын талаптарды сақтай отырып), сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтер береді:

1) Банкке төленген ақша сомасы;

2) мерзімі өткен берешек мөлшері (болған жағдайда);

3) қарыз қалдығы;

4) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;

5) кредит беру лимиті (болған жағдайда). (42-1 тармақ 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-2. Клиент-жеке тұлғаның өтініші бойынша Банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктік заем шарты бойынша берешекті өтеу шотына клиент-жеке тұлғаның (заемшының) түсетін ақшасын бөлу туралы жазбаша нысанда өтеусіз ақпарат береді. (42-2-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-3. Банктік заем шарты бойынша берілген ақшасы Банкке ішінара немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы клиент-жеке тұлғаның өтініші бойынша Банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тегін, ол қайтаруы тиіс соманың мөлшерін хабарлайды. (42-3-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-4. Банктік заем шартында көзделген жағдайда, Банк кезеңді түрде клиент-жеке тұлғаға банктік заем шартында көзделген тәсілмен Ереженің 42-1 тармағында қарастырылған мәліметтерді береді. (42-4-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-5. Ереженің 42-1, 42-2, 42-3, 42-4 тармақтарында көзделген мәліметтер негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы және айыппұл санкцияларының басқа түрлерін, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсете отырып беріледі.

42-6. Егер банктік заем шартында көзделген болса, Банк заемшыны банктік заем шартында көзделген мерзімде және тәсілмен міндеттемелерді орындау мерзімінің кешіктірілгені және шарт бойынша төлем енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Тараптардың келісімі бойынша банктік заем шартында шарт бойынша кезекті төлемдердің уақытын хабарлаудың мерзімдері мен тәсілдері көзделеді.

42-7. Банк берешектерді өндіруді Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және банктік заем шартында белгіленген тәртіпте және негіздерде жүзеге асырады.

42-8. Банктік заем шарты бойынша берешектерді өндіру мақсатында, Банк клиент-жеке тұлғаға банктік заем шарты бойынша төлем енгізу қажеттілігі және клиенттің өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабарлайды. (42-8-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-9. Банктік заем шарты бойынша берешектерді өндіру туралы хабарлама банктік заем шарты бойынша берешектің мөлшері (негізгі қарыздың, сыйақының, комиссияның тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының басқа түрлерінің сомасы, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларкөрсетілген) туралы клиент-жеке тұлғаға арналған қысқа ақпарат тұрады. (42-9-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)
42-10. Клиент-жеке тұлғаға, сондай-ақ кепіл берушіге, гарантқа, кепілгерге және заемды қамтамасыз ету шартының тарабы болып табылатын басқа тұлғаға жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден бастап сағат 9-ға дейін банктік заем шарты бойынша қызмет көрсетуге байланысты хабарламаларды тапсыруға және ескертпелер жасауға (телефон арқылы қоңырау шалу) жол берілмейді. (42-10-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-11. Осы Ереженің 42-8 тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, Банк клиент-жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады. (42-11-тармақ ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

42-12. Егер банктік заем шартында Банктің банктік заем шарты бойынша құқықтарды (талапты) үшінші тұлғаға беру құқығы (талапты беру) көзделген болса, Банк құқықтарды (талапты) бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде берілген құқықтардың (талаптың) толық көлемін, сондай-ақ негізгі қарыздың, сыйақының, комиссияның тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының басқа түрлерінің мерзімі өткен және ағымдық сомасының қалдықтарын, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсете отырып және Банкке немесе құқықтар (талап) берілген тұлғаға заемды өтеу бойынша әрі қарайғы төлемдерді міндеттей отырып, ол туралы борышкерді (оның уәкілетті өкілін) хабарландырады. (42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5, 42-6, 42-7, 42-8, 42-9, 42-10, 42-11, 42-12 тармақтар ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен толықтырылған)

43. Банк сондай – ақ кепілді қамтамасыз етудің мониторингін жүргізеді. Кепілді қамтамасыз етудің мониторингі – бұл кепілзат мәнінің сапалы және құндық параметрлеріне бақылау жасауды қамтамасыз етуге, оның құқықтық меншіктілігіне, ұстау талаптарына бағытталған іс – шаралар кешені.

44. Кепілдікке мониторингтің негізгі мақсаты кепілдік қамтамасыз ету сипаттамаларының (соның ішінде нарықтық және кепілдік құнының), оны күтіп-ұстау және пайдалану талаптарының кепілзат мәні туралы шартта көрсетілген ережелерге сәйкестігін анықтау болып табылады.

Мониторингтің ең басты негізгі міндеті кепілдік қамтамасыз етудің сапалық және құндық параметрлерінің төмендеу фактілерінің алғышарттарын немесе заемды кепілмен қамтамасыз ету саласындағы банктердің мүддесін қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін қалыптастыру мақсатында кепілзат шартының талаптарының өзге де бұзылу жайттарын уақтылы анықтау болып табылады.

45. Банк кейіннен кепілдік қамтамасыз етуге қайта бағалау жүргізу қажеттілігі туындаған кепілдік қамтамасыз ету бойынша заемшылар тізімін қалыптастыра отырып, кепілдік қамтамасыз ету нысандарының құнына, жылжымайтын мүлік нысанына бағалау жүргізу мерзімінің жарамдылығына, кепілдік қамтамасыз етудің заем сомасын жабуға жеткіліктілігіне сараптама жүргізеді.

46. Кепілдік қамтамасыз етуге қайта бағалау жүргізумен, атап айтқанда, бағалау туралы есеп дайындаумен және мүлікке меншік құқығын тіркеу мен ол бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын уәкілетті органда жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының қосымша келісіміне тіркеу жүргізу үшін алым төлеуге байланысты барлық шығыстар заемшыға (кепілзат берушіге) жүктеледі.

47. Заемшыдан Банкте заем беру тәртібін реттейтін ішкі құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін кепілдік қамтамасыз етудің нарықтық құны көрсетілген бағалау туралы есеп алынған жағдайда және заемшының мерзімі өткен қарызы (тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша қарызы) болған жағдайда, Банктің уәкілетті органы заемшының атына Банктің талаптарына сәйкес келетін жаңа немесе қосымша кепіл беру талабымен жазбаша хабарлама жібереді.

(47 тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен толықтырылған)

48. Заемшы жаңа немесе қосымша кепілді белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, тараптар Банк жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартында және банктік заем шартында қарастырған іс-әрекеттерді жасайды.


4-бөлім.

Қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету операциялары



(Бөлімнің нөмірленуі ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен өзгертілген)
48-1. Банк қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

48-2. Қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша мынадай кеңес беру қызметтерін көрсету үшін комиссиялық сыйақы алынады (осы Ереженің №4, №5 қосымшасы). (48-2 тармақ ДК 28.02.2012ж. № 129 шешімі редакциясында баяндалған. 02.04.2012ж. бастап қолданысқа енгізіледі)



(5 бөлім ДК 24.01.2014ж. №1 шешімімен алынып тасталды)


жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау