Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет24/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

186

КӨШПЕЛІЛЕР ТҰРМЫСЫ

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы-

жазы отыратын өте қолайлы жəне төзімді баспанасы. 

Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда 

салқын болады. Көлеміне жəне сыртқы кейпіне қарай 

əр түрлі болып келеді.

Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің 

сүйегі деп атайды. Оларға кереге, уық, шаңырақ, есік 

немесе сықырлауық жатады. Сүйектері көлеңкеде 

кептірілген талдан, жіңішке қайыңнан немесе теректен 

жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері 

бар. Оны тек шебер-үйші жасайды.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені 

(биіктігі екі метрдей) жайып, əр бөлігін бір-бірімен 

жалғастырып, бекітеді. Керегенің əр бөлігін «қанат» 

деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе 

береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты 

болады. Хан ордасы отыз қанатқа дейін жеткен. 

Керегені құрып болған соң шаңырақты көтереді. 

Қазақ халқы шаңырақты кие тұтады. Шаңырақ – 

отан, əулет мағынасында да қолданылады. Оны «қара 

шаңырақ» деп атайды. Ұл бала əке шаңырағының иесі, 

мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері 

ескірсе, оларды жаңартуға болады, ал шаңырақты 

жаңартпайды. Əдетте, шаңырақты үй иесі, ер адам 

көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде 

тұрып бақанмен көтерген. Бақан – бір ұшы екі аша 

етіп жасалған ұзын сырық.

Шаңырақты көтерген кезде оның жан-жағынан 

уықтарды шаншыған. Уықтың шаңырақты ұстайтын 

жағы үшкір, кереге басына байланатын жағы 

жалпақтау болып келеді, жалпақ жағын тесіп бау 

өткізеді, оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы 

уық пен керегенің басын біріктіріп байлайды. 

Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра 

басқұрмен шалмалап таңады.

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі 

– босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. 



▲ Киіз үйдің қаңқасы

▲ Шаңырақ

▲ Кереге

▲ Уық


187

КӨШПЕЛІЛЕР ТҰРМЫСЫ

Оның екі жақтау ағашын «таяныш» дейді. Оған 

сықырлауық орнатылады.

Сықырлауық – киіз үйдің өте əшекейленіп 

жасалатын сəнді есігі. Бұл ортасынан ашылып-

жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа 

ілмек арқылы ұстасады, ашып-жапқанда сықырлап 

тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.

Осыдан кейін үйдің сыртынан киіз жабады. 

Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, 

киіз есік. Алдымен туырлықты керегеге керіп, ұзын 

баулары арқылы уыққа бекемдеп байлайды. Сонан 

соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. 

Үзік шаңырақ шеңберінен кереге басына дейінгі 

аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік-үзік 

киізден құралады.

Түндік – шаңырақты жауып тұратын төрт бұрышты 

шағын киіз. Түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып-

жабылады. 

Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ 

теріден жасалады. Ол шиыршықтап түріп қоюға 

ыңғайлы.


Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар: төр жақ (төрдің 

оң жағы, сол жағы), есік жақ (оң босаға, сол босаға). 

Қазақ халқы киіз үйдің ішін əсемдеп безендірген. 

Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа 

үш жерден байланып, керегеге асылады. Ол киіз үйге 

сəндік-жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – 

дауыл кезінде шаңырақты салмағымен басып тұру.

▲ Киіз үйді тігу

▲ Киіз үйдің есігі



188

КӨШПЕЛІЛЕР ТҰРМЫСЫ

Əдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатып, оның тұсына тұскиіз ұстап, шымылдық 

құрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне əбдіре (сандық) қояды. Əбдіреге көрпе-жастық, тағы 

басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан-аяқ салатын 

аяққап, ыдыс-аяқ (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ жəне т.б.) қойылады да, осы араны 

шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді. Ал үйдің ортасына 

тамақ асатын ошақ (таған) немесе темір пеш орнатып қояды. 

Сəндік үшін жасалған желбау, басқұрбаулар мен тұскиіздер үй ажарын ашып, 

айрықша рең береді.

Киіз үйді осылай əр отбасы өз қалауларынша безендіріп жабдықтаған. Жабдықталған 

үйдің сəнді, əдемі болуы үй иелеріне байланысты.

КИІЗ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ

Қазақ халқы ертеде киіз үйде тұрған. Сондықтан үй мүліктері мен жиһаздары 

ұлттық қолөнер дəстүрі бойынша көшпелі тұрмысқа лайықталып жасалған. Түрлі 

материалдардан əзірленетін үй бұйымдары киіз үй кеңістігімен жараса үйлескен. Оларда 

халықтың сан ғасырлық бай тəжірибелері көрініс тапқан. Үй жиһаздары көп орын 

алмайтындай жəне көші-қон кезінде алып жүруге қолайлы болатындай етіп жасалған.

Үй жиһаздары – сандық, жағлан, кебеже, жүкаяқ, əбдіре, асадал, ағаш төсек, 

қолсандық, шайсандық, қобдишалар, төсеніш бұйымдары – кілем, текемет, 

алаша, сырмақ, құрақ көрпежержастық жəне заттар мен ыдыс-аяқтарды сақтап, 

тасымалдайтын бұйымдар – керме, кесеқап, аяққап, қоржын сияқты дүниелерден 

тұрады. 

Жиһаздар қатарында сəндік, əсемдік жағынан кілемнің орны ерекше саналады. Кілем, 

негізінен, Сыр өңірі мен оңтүстік өлкелерде тоқылып, сол жердің атымен аталған. 

Тоқылу ерекшеліктеріне қарай қалы кілем (түкті), тақыр кілем (түксіз) деп бөлінсе, 

ою-бедерлерінің жергілікті үлгілеріне сай – адай кілеміқоңырат кілемікерей кілемі

үйсін кілемі, т.б. түрлері бар.



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау