ҚАзақстандықтардың Әл-ауқатының Өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру құрметті қазақстандықтар!



жүктеу 5,85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата03.02.2020
өлшемі5,85 Mb.
#28079
1   2   3   4   5   6   7

5

қараша 2018 жыл

2018  жылдың  5  қазаны  Қазақстан  халқы  үшін  аса 

маңызды  күн  болды.  Онда  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан  халқына  елдің  әлеуметтік-экономикалық 

дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың 

әл-ауқатын  одан  әрі  арттыру  жөніндегі  міндеттері 

жайындағы  «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының  өсуі: 

табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру»  атты  кезекті 

Жолдауын жариялады.

Елбасы  Жолдауының  маңыздылығы  жылдан  жылға 

арта  түсуде.  Оның  негізінде  егемен  еліміздің  тұрақты 

дамуын  қамтитын,  мемлекетіміздің  барлық  саласына 

серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы 

іс-жоспарларға  құрылған  стратегиялық  құжаттар 

жатқандығында. 

Бұл тарихи құжатта еліміздің болашақ бағыт-бағдары 

айқындалып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге 

асу барысының нақты жолдары белгіленіп отыр.

Еліміз  егемендік  алып,  ата-бабаларымыз  аңсаған 

тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде қыруар 

істер  атқарылып,  ұлы    жетістіктерге  жетелейтін  биік 

белестерді бағындырдық. 

Бүгінде  Қазақстан  мемлекеті  дамудың  басқа  елдерге 

үлгі  боларлық  жаңа  моделін  қалыптастырып  отырған 

алдыңғы қатардағы елдердің бірі.

Жуырда  Көкшетау  қаласының  әкімі  Ермек 

Мыржықбаевтың  бастамасымен,  әрі  әкімдіктің 

шешімімен  жергілікті  жерлердегі  мекемелерде,  білім 

ордаларында, кәсіпорындар мен бизнес орталықтарында 

Елбасы  Жолдауын  талқылау  мақсатында  кешенді  іс-

шаралар  жоспары  бекітіліп,  ақпараттық-насихат  тобы 

құрылған болатын.

Осыған орай, 2018 жылдың 8 қараша күні ақпараттық-

насихат  тобының  мүшесі,  Ш.  Уәлиханов  атындағы 

Көкшетау  мемлекттік  университетінің  ректоры  Марат 

Қадырұлы  Сырлыбаев  бастаған  университеттің  ұстаз-

ғалымдары  Көкшетау  қаласында  жуырда  ашылған 

IT  мектеп-гимназиясында  болып,  Елбасы  Жолдауын 

мектеп ұжымымен бірге талқылап қайтты. 

Аталмыш  шараға  Ш.  Уәлиханов  атындағы  КМУ 

ректоры  М.Қ.Сырлыбаев,  ректордың  көмекшісі 

С.С.Қайырденов, 

университеттің 

ғалым-хатшысы 

Г.Т.Тілеубердина,  баспасөз  хатшысы  А.Қ.Қожабаев, 

техника және технологиялар факультетінің оқытушысы, 

ғылым 


магистрі 

М.М.Шалабаева, 

университет 

жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Әділет Құрманбек, 

филология және педагогика факультетінің 3 курс студенті 

Ботагөз  Әбсадық,  сондай-ақ  Көкшетау  қаласы  әкімдігі 

ішкі  саясат  бөлімінің  жетекшісі  Досбол  Сағындықов, 

Көкшетау газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, 

Ұлттық  Банктің  бас  менеджері  Гүлден  Марленқызы 

Омарова, IT мектеп-гимназиясының директоры Айнагүл 

Қадырбайқызы Балташева және мектеп ұстаздары мен 

оқу бітіруші түлектер қатысты.

Алқалы жиынды Көкшетау қаласы әкімдігі ішкі саясат 

бөлімінің жетекшісі Досбол Сағындықов кіріспе сөзбен 

бастап, бүгінгі кездесудің мақсатымен таныстырды. 

Білім ордасының ұжымымен арнайы кездесуге келген 

университет  ректоры  Марат  Қадырұлы  Сырлыбаев 

биылғы  Жолдаудың  маңыздылығы  мен  ерекшелігіне, 

ондағы  Президент  көтеріп  отырған  күрделі  де  қажетті 

меселелерге  арнайы  тоқталды.  Марат  Қадырұлы 

әсіресе,  ағартушылық  салаға  жасалып  жатқан  жаңаша 

бетбұрысты,  еліміздегі  балабақшалардан  бастап, 

жоғары оқу орындарына дейінгі тұтас тетікті дұрыс деп 

қабылдау керектігін баса айтты. 

Білім  беру  сапасын  жоғары  деңгейге  көтеру  бүгінгі 

күннің басты талабы. Білім саласын жиі реформалауды 

тоқтатуға  қатысты  мәселе  көтерген  Мемлекет 

басшысының орта мектептерге жасалып жатқан шегі жоқ 

өзгерістердің,  Қазақстандағы  барлық  мемлекеттік  орта 

білім ордаларына Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім 

беру әдісін енгізу қажеттігін құптайтындығын жеткізді. 

Жолдаудағы  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің 

оқыту  жүйесі  мен  әдістемесі  мемлекеттік  мектептер 

үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс. Бұл мектеп білімін 

реформалаудың  қорытынды  кезеңі  болады.  Білім 

сапасын  бағалау  жүйесі  халықаралық  стандарттарға 

негізделуге  тиіс.  Орта  мектептердің  өзінде  балаларды 

мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби 

диагностика  жүргізу  маңызды»,  -  деген  Елбасы  сөзін 

келтіріп  өтті.  Сондай-ақ,  бұл  қадам  жасанды  интелект 

қалыптастыруға,  оқушылардың  жаңа  технологияны 

меңгеруіне, инновациялық жобалар жасауына үлкен жол 

ашатынын, сонымен қатар жоғары білім беру ісінде оқу 

орындарының  маман  дайындау  сапасына,  оқу  бітірген 

студенттердің  жұмыспен  қамтылуына,  Назарбаев 

Университетінің тәжірибесіне сүйене отырып, ең үздік 

шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту мәселелері 

де сөз болды.

Келесі  сөз  кезегін  алған  университеттің  ғалым-

хатшысы  Гүлден  Тоқатқызы  Тілеубердина  «Педагог 

мәртебесі туралы» заң әзірленіп, оның қабылдану үстінде 

екендігін, сондай-ақ университеттегі жас ғалымдардың 

Қазақстандық  ғылымға  қосып  жатқан  үлестері  туралы 

айтып берді. 

Техника 

және 


технологиялар 

факультетінің 

оқытушысы,  ғылым  магистрі  Мақпал  Мұратқызы 

Шалабаева «Болашақ» бағдарламасының маңыздылығы 

туралы, әрі Сингапур мемлекетінің білім беру жүйесіндегі 

ерекшеліктерге  тоқталып,  шетелдік  ғылымнан  өзімізге 

қажетті  дүниелер  алуға  болатындығын  тілге  тиек  етті. 

Сондай-ақ,  техника  және  технологиялар  факультетінің 

4  курс  студенті  Әділет  Құрманбек  пен  филология 

және педагогика факультетінің 3 курс студенті Ботагөз 

Әбсадық  та  мектеп  ұжымының  алдында  сөз  сөйлеп, 

Елбасы Жолдауына байланысты өз пікірлерімен бөлісті. 

Әсіресе,  Жолдаудағы  келесі  жыл  «Жастар  жылы» 

аталатынына  аса  мән  беріп,  бүгінгі  таңда  мемлекет 

тарапынан  жастардың  сапалы  білім  алып,  оларға 

қажетті барлық жағдайлардың жасалып жатқандығына 

толталды.  Сөз  соңында  білім  ордасының  студенттері 

оқу бітіруші түлектерді өздеріне қажет дұрыс мамандық 

таңдап, сапалы білім алуға шақырды.  

Ұлттық  Банк  қызметкері  Гүлден  Марленқызы 

Омарова  Елбасы  Жолдауындағы  тұрғындардың  ба-

спанамен  қамтылуы  туралы,  «Нұрлы  жер»,  «7-20-

25»  бағдарламаларын  жан-жақты  талдап,  тұрғын  үй 

мәселесіне тоқталды. 

Шара соңында IT мектеп-гимназиясының директоры 

Айнагүл Қадырбайқызы Балташева мектеп шаңырағына 

арнайы  келген  жоғары  оқу  орнының  басшысы  Марат 

Қадырұлы  Сырлыбаев  пен  университет  ұстаздарына, 

Көкшетау қаласының әкімдігіне ризашылығын білдіріп, 

ұжым атынан алғыс айтты.

Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдаулары 

еліміздің  кемелділігі  мен  азаматтарының  игілігі 

үшін  қызмет  ететініне  сеніміміз  мол.  Жолдау  әрбір 

қазақстандық  үшін  маңызы  зор  тарихи  құжат  болып 

қала бермек. 

  Осынау  ұлы  жолдағы  істеріміз  сәтті,  болашағымыз 

жарқын болсын, ағайын!

Жастарға жігер берген маңызды құжат



жүктеу 5,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау