ҚАзақстандықтардың Әл-ауқатының Өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру құрметті қазақстандықтар!



жүктеу 5,85 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата03.02.2020
өлшемі5,85 Mb.
#28079
1   2   3   4   5   6   7

2

қараша 2018 жыл

маман  дайындау  сапасына  қатысты 

талаптар күшейтіледі.

Біз гранттардың санын көбейттік, енді 

жауапкершіліктің кезеңі келді.

Жоғары  оқу  орнының  табыстылығын 

бағалаудың  басты  критерийі  –  оқу 

бітірген 

студенттердің 

жұмыспен 

қамтылуы,  жалақысы  жоғары  жұмысқа 

орналасуы.

Нарықта  жоғары  сапалы  білім  беруді 

қамтамасыз  ететіндері  ғана  қалуға  тиіс. 

Назарбаев Университетінің тәжірибесіне 

сүйеніп, 

үздік 


шетелдік 

топ-


менеджерлерді  жұмысқа  тарту  арқылы 

әлемнің  жетекші  университеттерімен 

әріптестік орнату маңызды.

Қазіргі  білім  инфрақұрылымының 

базасында  Назарбаев  Университетінің 

үлгісімен  өңірлік  жаңа  жоғары  оқу 

орнын құру қажет деп санаймын.     

АЛТЫНШЫ.  Өңірлік  деңгейдегі 

резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен 

дене  шынықтырудың  қолжетімділігін 

арттыру қажет.

Үкіметке  және  әкімдерге  кем  дегенде 

100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін 

салуды тапсырамын.

Сондай-ақ,  қолданыстағы,  әсіресе 

мектептердегі 

спорт 


ғимараттарын 

тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен 

айналысу  үшін  аулаларды,  парктерді, 

саябақтарды жабдықтау қажет.

Ұлт  саулығы  –  мемлекеттің  басты 

басымдығы.  Бұл  –  қазақстандықтар 

сапалы  азық-түлікті  пайдалануға  тиіс 

деген сөз.

Бүгінде 

халықты 


сапасыз 

әрі 


денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін 

тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден 

қорғайтын тұтас саясат жоқ.

Үкіметке шаралар қабылдауды және осы 

жұмысты ретке келтіруді тапсырамын.

Келесі  жылдан  бастап  Тауарлар  мен 

көрсетілетін  қызмет  сапасын  және 

қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын 

бастауға тиіс.

Оның  қызметі,  ең  бастысы,  азық-

түлікке,  дәрі-дәрмекке,  ауыз  суға, 

балалар тауарына, медициналық қызмет 

көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын 

болады.  

Жалпы,  бизнес  пайда  табуды  ғана 

емес,  сондай-ақ,  мемлекетпен  бірлесіп 

азаматтарымыздың  қауіпсіздігі  мен 

жайлы  тұрмысын  қамтамасыз  етуді  де 

ойлауы керек.   

Халыққа  сапалы  әлеуметтік  қызмет 

көрсету ісі тұрғын үй жағдайын жақсарту, 

еліміздегі кез келген елді мекенде жайлы 

әрі қауіпсіз өмір сүру сипатындағы мол 

мүмкіндіктермен үйлесімді түрде толыға 

түсуге тиіс.

ӨМІР  СҮРУГЕ  ЖАЙЛЫ  ОРТА 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жайлылық  дегеніміз  –  ең  алдымен, 

тұрғын  үйдің  қолжетімділігі,  ауланың 

әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және 

жұмыс  істеуге  қолайлы  елді  мекеннің 

және сапалы инфрақұрылымның болуы.

Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй.

Бүгінде  біз  тұрғын  үй  құрылысына 

зор  серпін  беріп  отырған  «Нұрлы  жер» 

бағдарламасын табысты іске асырудамыз.

Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін 

арттыратын  жаңа  ауқымдағы  «7-20-25» 

бағдарламасы қолға алынды.

Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы 

үшін  тұрғын  үй  жағдайын  жақсартуға 

мүмкіндік береді.

Өңірлік  дамудың  аталған  аспектілері 

іске  асырылу  мерзімдері  2025  жылға 

дейін  ұзартылуға  тиіс  «Нұрлы  жол» 

және 


«Нұрлы 

жер» 


мемлекеттік 

бағдарламаларында ескерілуі керек.

Біріншісі  көлік  инфрақұрылымын 

дамытуға,  екіншісі  –  коммуналды  және 

тұрғын  үй  құрылысындағы  міндеттерді 

шешуге бағытталуға тиіс.



Сыбайлас  жемқорлықпен  белсенді 

күрес жалғасатын болады.

Біріншіден,  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызметтер 

аясында 


мемлекеттік  

қызметшілердің  тұрғындармен  тікелей 

қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген 

жөн.


Жалпы,  2019  жылы  көрсетілетін 

мемлекеттік  қызметтердің  80  пайызы, 

ал  2020  жылы  кемінде  90  пайызы 

электронды форматқа көшірілуге тиіс.

Қойылған  міндеттерді  тиімді  жүзеге 

асыру үшін реформалардың жүргізілуіне 

бақылау механизмдерін күшейту қажет.

Үкімет пен мемлекеттік органдар жыл 

соңына  дейін  дамудың  аталған  барлық 

мәселелерін  қамти  отырып,  нақты 

индикаторлар  мен  «жол  карталарын» 

әзірлеуге  тиіс,  сондай-ақ  реформаларды 

іске қосу үшін қажетті заң жобаларының 

бәрін  Парламентке  уақтылы  енгізуі 

керек.

Өз кезегінде, Парламент оларды сапалы 



әрі жедел қарастырып, қабылдауға тиіс.

Реформалар  мен  негізгі  стратегиялық 

құжаттардың жүзеге асырылу барысына 

мониторинг  жүргізіп,  бағалау  үшін 

қажетті  өкілеттіктер  бере  отырып, 

Президент 

Әкімшілігінде 

Ұлттық 


жаңғыру офисін құруды тапсырамын.

Бұл офис статистикалық көрсеткіштерге 

мониторинг жүргізуден бөлек, Экономикалық 

ынтымақтастық  және  даму  ұйымының 

тәжірибесіне  сәйкес,  тұрғындар  үшін  өзекті 

мәселелер  жөнінде  халық  пен  бизнес 

өкілдері  арасында  тұрақты  түрде  сауал-

нама жүргізуді қамтамасыз етеді.

Офис әрбір бағыт бойынша қалыптасқан  

жағдай  жөнінде  маған  үнемі  баяндап 

отырады.

Үкіметтің  әрбір  мүшесі,  мемлекеттік 

органдар мен компаниялардың басшылары 

алға қойылған міндеттердің орындалуына 

дербес жауап беретін болады.

  Барлық  кезеңде  де  табысқа  деген 

нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел 

тағдырын шешкен.

Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында 

ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз.

Әрбір  қазақстандықтың  еліміздегі 

өзгерістер үдерістеріне атсалысуы

Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан 

реформалардың  мәнін  және  олардың 

Отанымызды  өркендету  жолындағы 

маңызын жете түсінуге тиіс.

Реформаларды  табысты  жүзеге  асыру 

үшін  қоғамымыздың  ортақ  мақсатқа 

жұмылуы аса маңызды.

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы 

жаппай  қолдауға  ие  болып,  қоғамдағы 

жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді.

Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып 

қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен 

және бағыттармен толықтыру қажет.

Жастар  мен  отбасы  институтын 

кешенді  қолдау  мемлекеттік  саясаттың 

басымдығына айналуға тиіс.

Жастардың  барлық  санатын  қолдауға 

арналған  шараларды  толық  қамтитын 

әлеуметтік  сатының  ауқымды  платфор-

масын қалыптастыру керек.

Келесі  жылды  Жастар  жылы  деп 

жариялауды ұсынамын.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы 

аясында  еліміздің  өңірлері  бойынша 

жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту 

керек.

Қымбатты қазақстандықтар!

Халқымыздың  бақуатты  өмір  сүруі 

және  еліміздің  озық  дамыған  30 

елдің  қатарына  қосылуы  –  Тәуелсіз 

мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.

Біз қашан да заман сынына тегеурінді 

іс-қимылмен төтеп беріп келеміз.

Бұл  –  ең  алдымен,  ел  ынтымағының 

арқасы.

«Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді 



халқымыз.

Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес.

Бірлігіміз  мызғымаса,  ынтымағымыз 

ыдырамаса,  біз  үшін  алынбайтын  асу, 

бағынбайтын белес болмайды.

Қазіргі  «7-20-25»,  «Нұрлы  жол», 

«Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік 

бағдарламалардың  басты  мақсаты  – 

халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.

Қазақстанның  бағындыратын  биіктері 

әлі алда.

Осы  жолда  халық  сенімі  рухымызды 

жігерлендіріп,  бойымызға  күш-қайрат 

дарытады.

Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!

Ақорда, 

5 қазан 2018 жыл

ОБСУЖДЕНИЕ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РК Н.А.НАЗАРБАЕВА 

В актовом зале КГУ им.Ш. Уалиханова коллектив университета обсудил Послание 

Президента  РК  Н.А.Назарбаева  казахстанскому  народу  «Рост  благосостояния 

казахстанцев: повышение доходов и качества».

На  мероприятии  присутствовали  проректора,  деканы  факультетов,  руководители 

подразделений, магистранты, студенты и представители СМИ.  

  Ректор  КГУ  им.Ш.  Уалиханова  Сырлыбаев  Марат  Кадирович  выступая  перед 

коллективом обсудил основные и конкретные аспекты нового Послания, цели, которые 

Президент поставил перед правительством и народом Казахстана. 

Ректор  особо  отметил,  что  в  эти  трудные  дни  испытаний  Президент  возлагает 

большую ответственность на народ Казахстана и верит, что вместе с ним преодолеет 

нынешний  кризис  и  достигнет  цели  –  процветания  нашей  священной  Родины    - 

Мәңгілік  ел  и  вхождение  Казахстана  в  число  30  самых  развитых  стран.  А  также 

отметил, что несмотря на негативное влияние глобального кризиса, Казахстан добился 

значительных успехов в реализации долгосрочной Стратегии «Казахстан-2050».

На заседании преподаватели университета высказали свои мнения и выступили с 

докладами:  

1. Бельгибаева Анаргуль Сарсембаевна – зав. кафедрой экономики и учета., к.э.н., 

доцент. «Вопросы благосостояния и качества жизни казахстанцев в свете Послания 

Президента РК» .   

2. Шапауов Алиби Кабыкенович – руководитель службы науки и коммерциялизации, 

к.ф.н., доцент, «Отандық ғылым – ел игілігіне». 

3.  Какабаев  Нурбол  Аязбаевич  –  зав.  кафедрой  механизации  и  животноводства, 

доктор PhD. 

«Реализация  потенциала  агропромышленного  комплекса    в  свете  Послания 

Президента РК».

4. Базаров Канат Тастемирович - заведующий кафедрой Отечественной истории и 

АНК, к.и.н., доцент. «О вопросах высшего образования».

5. Муратбекова Светлана Кабденовна – декан факультета общей медицины, д.м.н., 

профессор. 

«О здоровье нации как главного приоритета государства» .

6. Абдилов Канат Серикович – зав.кафедрой юриспруденции, магистр юридических 

наук.  «О  вопросах  преобразования  органов  полиции,  судебной  системы  и  борьбы  с 

коррупцией в Послании Президента».

7.  Даирова  Маншук  –  магистрантка  2  курса  кафедры  История  Отечественной 

истории  и Ассамблеи Народа Казахстана.

«Әлеуметтік мәселелер мен жастар болашағы – жолдаудың негізгі басымдықтары».

Коллектив  Кокшетауского  государственного  университета  им.  Ш.Уалиханова 

обсудил инициативы Президента и единогласно поддержал их.  

Внесем  свой  вклад  в  подготовку  квалифицированных  кадров  для  всех  областей 

экономики  во имя светлого будущего нашего народа! 




жүктеу 5,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау