Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының техникалық еңбек инспекциясы туралы ереже



жүктеу 85,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі85,5 Kb.
#19983

Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлерінің кәсіподағы Атқару

комитетінің 2017 жылғы 11-қаңтардағы

№ 8, 6 т. Қаулысымен бекітілді



Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіподағының техникалық еңбек инспекциясы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер


1.1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының техникалық еңбек инспекциясы (әрі қарай – Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы) жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбекті қорғау туралы заңнаманы қадағалауына, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері (әрі қарай- кәсіподақ мүшелері) жұмыс жасайтын және (немесе) білім алатын ұйымдардағы ұжымдық шарттардың, келісімдер шарттарының орындалуына қоғамдық кәсіподақ бақылауын жүзеге асыру үшін құрылатын Кәсіподақтың ішкі құрылымы болып табылады.

1.2. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының өзге заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын (әрі қарай – Кәсіподақ Жарғысы), сондай-ақ Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының жарғыларын басшылыққа алады және осы Ереженің негізінде әрекет етеді.

Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы өз жұмысын еңбекті қорғауға кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кезінде еңбек жағдайлары, еңбекті қорғауды өздерінің бағалау заңдылығы, тәуелсіздігі принциптерінде құрады.

1.3. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы мемлекеттік еңбек инспекциясымен тығыз байланыста өндірістік кеңестің құрамында еңбекті қорғау туралы заңнаманы қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.


2. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының

ұйымдастырушылық құрылымы
2.1. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының қызметін жалпы басқаруды Кәсіподақтың салалық Кеңесі, ағымдағы басқаруды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін кәсіподақ төрағасының орынбасары өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.

2.2. Кәсіподақ ұйымдарында әрекет ететін Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы қызметін басқаруды Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының тиісті сайланбалы органдары жүзеге асырады.

2.3. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторынан, мүшелік ұйымдардың мамандарынан, сала кәсіпорындары мен мекемелерінің техникалық еңбек инспекторларынан тұрады.

2.4. Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторы Кәсіподақ Кеңесі аппаратының штаттық қызметкері болып табылады.

2.5. Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторы тікелей Кәсіподақ төрағасының орынбасарына бағынады, өз құзырлығы шегінде кәсіподақ органдарымен қабылданған шешімдерді орындайды.

2.6. Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторының лауазымына жоғары заңгерлік немесе жоғары техникалық білімі бар тұлға тағайындалады.

2.7. Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторы:

- Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы қызметін тікелей ұйымдастырушылық және әдістемелік басқару, оның қызметі туралы ақпараттандыру;

- Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекторларының жұмысын үйлестіру, оларға жүктелген міндеттерді орындауға жәрдемдесу;

- Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекторларымен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;

- еңбекті қорғау жөніндегі Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының қызметін бақылауға қатысты Кәсіподақтың басқарушы органдарының ұсыныстары бойынша жүзеге асырылатын тексерулерді ұйымдастыру және оларға қатысу;

- ҚР КФ-на Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясы туралы есептік ақпаратты ұсыну және оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

- Кәсіподақ Кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын оқуды өткізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

- еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің түрлі бағыттары бойынша Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының статистикалық деректерін зерттеу мен талдау;

- еңбекті қорғау туралы заңнаманы қадағалауға қоғамдық кәсіподақ бақылауын жүзеге асыру жөніндегі Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекторларының жұмыс тәжірибесін талдап қорыту жөніндегі қызметті орындайды.

2.8. Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторы лауазымына Кәсіподақ төрағасымен тағайындалады және босатылады.

2.9. Кәсіподақ Кеңесі, Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары Кәсіподақтың Атқару Комитетімен бекітілген штаттық құрылымдар нормативтері мен құрамы жөніндегі нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, техникалық еңбек инспекторларының штаттық санын өз еріктерімен анықтайды.

2.10. Кәсіподақтың мүшелік ұйымының төрағасы штаттық техникалық еңбек инспекторларын лауазымға тағайындау және лауазымдарынан босату туралы міндетті түрде апталық мерзімде Кәсіподақ Кеңесіне хабарлайды.

2.11. Мүшелік ұйымның техникалық инспекторы (еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі бас маман):

- мүшелік кәсіподақ ұйымының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларының қызметін әдістемелік басқаруды жүзеге асырады;

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өндірістік кеңестері мен техникалық инспекторларының қызметі туралы ақпаратты жинайды және талдап қорытады;

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларын әзірлейді және оқытады;

- Кәсіподақ Кеңесіне есептердің уақытында және толық берілуін қамтамасыз етеді;

- ведомстволық бағынышты ұйымдарда еңбекті қорғау ережелерінің қадағалануына жоспарлы тексерулерді жүзеге асырады;

- кәсіподақ ұйымының алқалы сайланбалы органдарының қарауына еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін әзірлейді.

2.12. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекторларымен қабылданған шешімдерге шағымдар Кәсіподақ ұйымының тиісті сайланбалы алқалы атқарушы органымен, қажет жағдайда Кәсіподақ ұйымында белгіленген тәртіпте Кәсіподақ ұйымының жоғары сайланбалы алқалы атқарушы органымен қаралады.

2.13. Кәсіподақтың бас техникалық еңбек инспекторымен қабылданған шешімдер бойынша келіспеушіліктер Кәсіподақ Төрағасымен немесе оның орынбасарымен қаралады.

  

3. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының



негізгі міндеттері
3. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:

3.1. Кәсіподақ мүшелерінің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына, өмірлері мен денсаулықтарын сақтауға құқықтарын қорғау;

3.2. Жұмыс берушінің еңбек заңнамасын және еңбекті қорғаудың мемлекеттік талаптарынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілерін қадағалауға қоғамдық кәсіподақ бақылауын жүзеге асыру;

3.3. Жұмыс берушілердің, олардың өкілдерінің, еңбекті қорғау жөніндегі заңнама нормаларын бұзушылыққа жол берген өзге де лауазымды тұлғалардың тараптарынан кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен мемлекеттік билік органдарына және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына өтініштер әзірлеу;

3.4. Кәсіподақ мүшелеріне олардың еңбекті қорғауға құқықтарын жүзеге асыру мен қорғау мәселелері бойынша ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

 

4. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының негізгі өкілеттіктері


4.1. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекторларының өкілеттіктері:

4.1.1. Кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ ұйымдарының құқықтарын жұмыс берушілердің, олардың өкілдерінің және Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін бұзатын өзге де лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен (әрекетсіздіктерінен) қорғауды қамтамасыз ету;

4.1.2. жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, еңбек заңнамасын және еңбекті қорғау нормалары мен қауіпсіздік талаптарынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, кәсіподақтар туралы заңнаманы қадағалауына, олардың Кәсіподақ мүшелері жұмыс жасайтын ұйымдардағы ұжымдық шарттар мен келісімдердің шарттарын орындауына кәсіподақ бақылауын жүзеге асыру;

4.1.3. бірлескен тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ тиісті келісімдер аясындағы басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен өзара әрекет жасау;

4.1.4. өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия жұмысына қатысу, өндірістегі жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептерін, жазатайым оқиғаларды тексерудің толық және уақытында жүргізілуін талдау, тексеру тәртібі мен мерзімінің бұзылуын жою, Кәсіподақ мүшелерінің бұзылған еңбек және әлеуметтік құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау;

4.1.5. кәсіподақтың тиісті сайланбалы алқалы органдарын еңбекті қорғау туралы заңнаманы, өндірістегі жазатайым оқиғадан міндетті әлеуметтік сақтандыруды бұзу фактілері туралы ақпараттандыру;

4.1.6. тиісті сайланбалы кәсіподақ органының қарауына еңбекті қорғау туралы заңнама нормаларын, өндірістегі жазатайым оқиғадан міндетті әлеуметтік сақтандыруды қадағалау, кәсіподақтық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

4.1.7. кәсіподақ активі мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен қызметкерлердің өмірлері мен денсаулықтарына қауіп туындаған жағдайда олардың жұмысты орындаудан бас тарту жағдайларын тексеру;

4.1.8. жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің санитарлық нормалар мен ережелерді орындауын, еңбек жағдайларының еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін, қызметкерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;

4.1.9. нұсқаулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу, еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қолдану, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беру;

4.1.10. еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіподақ активін оқытуды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру және оған қатысу;

4.1.11. еңбекті қорғау жөніндегі білімді тарату және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы, өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметік сақтандыруды, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу тәртібін қадағалау жұмыстарына қатысу;

4.1.12. өндірістік кеңестерде кәсіподақ ұйымдарының басшыларына, Кәсіподақ өкілдеріне еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша мекемелерге, кәсіпорындарға тексерулер жүргізу, ұжымдық шарт пен келісімдердің еңбекті қорғау бөліміне шаралар әзірлеу жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

4.1.13. Кәсіподақ мүшелерінің және кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі арыздарын, шағымдарын және өзге де өтініштерін қарау, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықты жою жөнінде қажетті шаралар қабылдау болып табылады.

4.2. Мүшелік ұйымның техникалық еңбек инспекторы кәсіподақ мүшелерінің еңбекті қорғауға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыста жүргізілген зерттеулер, тексерулер және басқа материалдар негізінде Ф-7 (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қадағалау туралы есеп), Ф-8 (Өндірістік жарақат туралы есеп), Ф-16 (Еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы туралы есеп) нысандары бойынша жұмыс туралы есептер және оларға түсінік хаттар жасайды.

 

5. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының



құқықтары мен міндеттері
Құқықтары
5.1. Кәсіподақ мүшелері жұмыс жасайтын ұйымдарға жұмыс берушілердің еңбекті қорғау туралы заңнаманы қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін кедергісіз бару.

5.2. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу.

5.3. Кәсіпорын басшыларынан, лауазымды тұлғалардан және мамандардан еңбекті қорағу, еңбек жағдайы, сондай-ақ өндірістегі барлық жазатайым оқиғалар туралы ақпаратты алу.

5.4. Жұмыс берушілерден (олардың өкілдерінен) бақылау функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұрату және алу.

5.5. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды арттыруға бағытталған еңбекті қорғауға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы кәсіподақ мүшелерін, қызметкерлерді ақпараттандыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет жасау.

5.6. Еңбекті қорғау жөніндегі, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі кеңестерге, семинарларға қатысу.

 

Міндеттері
5.7. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы қадағалауға кәсіподақ бақылауын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қадағалау.

5.8. Өз өкілеттіктерін адал жүзеге асыру, кәсіподақ мүшелерінің, кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік-еңбек және басқа да азаматтық құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, әділдік таныту, Кәсіподақ беделін нығайту.

5.9. Кәсіподақ мүшелеріне таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде органдарға өтініштер жасауға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеру кезінде көмектесу, қажет жағдайда еңбек дауларын шешу жөнінде органдарда олардың мүдделерін білдіру.

5.10. Өндірістік кеңестердің жұмысына қатысу, аталған кеңестердің құрамында қызметкерлер мен кәсіподақтың мүдделерін белсенді қорғау.

5.11. Өз жұмысында өндірістік кеңес туралы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы Ережені, еңбекті қорғауды басқарудың салалық жүйесі туралы Ережені басшылыққа алу.

5.12. Тексеру нәтижелері бойынша жұмыс берушінің өкіліне еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі Ұсынысты (1-қосымша) тапсырады.

 

                               



№1 қосымша
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының техникалық еңбек инспекциясы
Еңбекті қорғау туралы заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы 20__жылдың «___»______________

№_____ ұсыныстар

 
Кімге: __________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты

__________________________________________________________________лауазымы, ұйымның атауы
Көшірмесі: Ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасына

____________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты

 

ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес, төмендегі бұзушылықтарды жоюды



ҰСЫНАМЫН:





Анықталған бұзушылықтар

Бұзушылықты

жою мерзімі











Осы Ұсыныстарды қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы 20__жылдың ______________ дейін хабарлауыңыз сұралады.

Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекторы ______________ Тегі және аты-жөні.
Ұсыныстарды алды ____________________ Лауазымы, тегі және аты-жөні.

                                                           





жүктеу 85,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау