158
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ұСыныСтаР
Осы мәселелерге орай, жазылған мақалаларды сараптай отырып, журналистерге тән
(қазақ, орыс тілдерінде) негізгі ортақ кемшіліктерді тізбелесек:
1. Журналистің субъективті ақпарат тарататыны, пікірлер балансының сақталмауы
2. Этносаралық жікшілдікті үндейтіндігі (әдейі болмаса да, эмоцияның жетегімен ұлтараздығын
қоздыруға жол бергенін өзі де білмей қалады)
3. Тұрмыстық кикілжің, қылмыстық оқиғалар орын алған кезде (қазақ пен өзбек арасындағы
дау, қазақ пен түрік арасындағы адам өліміне қатысты қылмыстық оқиға), ол оқиғаға
қатысушылардың ұлтын көрсетуі арқылы оқиғаны ушықтыруы
4. Жеке адамдар арасындағы кикілжіңдерді бүкіл-бүтін этноспен байланыстыру, сол арқылы
елде этносаралық шиеленістердің бар екеніне қоғамның назарын аударуға тырысу
Сол үшін ұлтаралық және этносаралық тақырыптарды жазу барысында ескеретін мәселелерге
көңіл аударғанды жөн көріп отырмыз.
Біріншіден, кез келген ақпараттың шынайылығын тексеру, қазір қолданыстағы БАҚ туралы заңның
жаңа редакциясына ақпараттың шынайылығын тексеруді міндеттейтін жаңа бап енгізілді.
Екіншіден, кез келген ақпаратта пікірлер балансын сақтау және журналистің оқиғаны бағалауда
бейтарап пікір ұстануы да маңызды. Журналист тараптардың пікірін тыңдап, мәселенің маңызына,
шиеленістің шығу төркініне үңілуі тиіс. Көп жағдайда оқиға әлеуметтік-экономикалық мәселеден
туындайды, алайда журналистер оны этникалық, әлеуметтік, діни тұрғыдан ушықтыруға тырысады.
Сол себепті де бұған дейін қалыптасып келген стереотиптерден арылу керек.
Үшіншіден, түрлі этникалық қақтығыстарға қатысушылардың ұлтына, этникалық тегіне назар
аудармау. Тіпті, бұл мәселені этикалық кодекстерге, заңдық құжаттарға енгізу де абзал болар еді.
Төртіншіден, эмоцияға берілмей, кез келген мәселеде салқынқандылық таныта білу. Ешқандай
тараптың сөзін сөйлемеу.
Бұл ретте, 2015 жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ
ауылындағы қазақ пен тәжік арасындағы кикілжіңді жан-жақты әрі объективті түрде сараптаған
www.azattyq.org сайтының мына
https://www.youtube.com/watch?v=UD8_Bni4Ywk репортажы
көп журналистке үлгі болатыны анық. «Азаттық» сайтының тілшісі оқиға орнына арнайы барып,
жергілікті халықпен кездесіп, оқиғаның неден туындағанын сараптауға тырысқан.
өзІңДІ-өзІң тЕКСЕР:
1. Әлемдік жетекші БАҚ-тардың этикалық кодексі нені ескеруге үндейді:
A. Оқиғаға қатысушылардың этникалық тегін мүлдем атамау
B. Оқиғаға қатысушылардың этникалық тегін атау: егерде оқиға этникалық жеккөрушілік
салдарынан болса
C. Оқиғаға қатысушылардың этникалық құрамын айту міндеттелген
2. ҚР Конституциясының 14-бабы бойынша:
A. «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»
B. Туған елінің тарихын білмегені үшін кемсітуге болмайды
C. Мұсылман болғаны үшін кемсітуге болмайды
D. Жоғарыдағы жауаптың бәрі дұрыс
3. Конституциясының 20-бабы бойынша:
A. республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды,