57
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын асырап алушы
және меймандос отбасыларының тәжірибесін зерттеу және әлеуметтік-
экономикалық қиындықтарын анықтау .
Зерттеу объектісі: Алматы, Астана, Қарағанды жәнеТараз ққ .
Сұхбат алынғандардың жалпы саны: 86 адам – алмастырушы
отбасыларының өкілдері (53 асырап алушы отбасы (бала асырап алған,
қорғаншылық, патронат, отбасылық типтегі балалар үйі; 33 меймандос от-
басылар); 8 сарапшылар – қорғаныштық органдарының, ИТБМ және ҒЖҰ
өкілдері .
Зерттеу жүргізу кезеңі: 2015 ж . қараша
1 . Сұхбаттық сұраныс сараптамасы Қазақстанда кеңінен тарағаны
қорғаншылық пен қамқоршылық (Алматы, Қарағанды), содан соң
патронаттық тәрбиелеу (Астана) екендігін көрсетті . Асырап алу-
шылар әлікүнге дейін асырап алу құпиялылығын сақтауға тырыса-
ды . Сарапшылардың ойынша асырап алушылық әсіресе жаңа туған
нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларға қатысты қолданылады .
Қорғаншылық пен патронатқа 7-ден 17 жасқа дейінге түседі . Мейман-
дос отбасылар негізінен жасөспірімдік жастағы (13-17 жас) балаларды
қолдау үшін қолданылады . Тараз қаласында Отбасылық типтегі бала-
лар үйі (бұдан әрі-ОТБҮ) формасы кеңінен тараған . Меймандос отбасы
мүлдем қолданбайды десе де болады .
2 . Асырап алушы отбасыларының/тәрбиелеушілердің өз отбасыларына
балаларды алу себептерінің ішіндегі негізгілері келесілер:
• асырап алушы отбасыларында негізінен туысқандардың балалары, олар
қандайда бір себептермен өз балаларын асырай алмайды/асырағылары
келмейді;
• медициналық себептермен отбасында өз балалары болмайды;
• ОТБҮ өкілдері себептердің арасында келесілерді атайды: «жақсы іс жа-
сауды шешті» және сонымен қатар «үлкен отбасылы болғылары келеді»;
3-тарау
АЛМАСТЫРУШЫ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ БАР
ФОРМАЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
САРАПТАМА
58
• меймандос отбасылар негізінен «жақсы іс жасағылары келеді»;
• себептердің арасында азырақ деңгейде айтылатындары: «бала үшін ана
болғын келеді»; «ұлды болғымыз келеді» (егер отбасында тек қыздар
болса); «балаларды жақсы көремін»; «жалғыздықтан шаршадым» .
3 . Зерттеуге қатысқан отбасыларының арасында негізінен әртүрлі жастағы
өздерінің балалары бар толық отбасылар, екінші орында балалары бар
жалғыз/айырылысқан әйелдер . Сұхбат берушілердің жастары 25-тен 45
аралығында, Тараз қаласында ОТБҮ өкілдерінің арасында 50 жас және
одан үлкен өтелімімен отбасылар/ата-аналар кездеседі . Меймандос
тәрбиелеушілер арасында жастары негізінен 25 -тен 40 аралығында .
Асырап алушы ата-аналардың білімдері негізінен жоғары, бірнеше
адам ғана орта мамандандырылған білімдері бар .
4 . Асыранды/меймандос отбасыларын ресімдеу рәсіміне қатысты
сұраққа көпшілік сұхбат берушілер әлеуетті асырап алушы ата-аналар
үшін толық және қолжетімді ақпараттың болуы керектігін айтты, бірақ
олардың ақпаратқа қолжетімділік тәжірибелері бойынша, ойлары екіге
бөлінді: 50% ақпарат қолжетімді болды деп жауап берді, ал 50% олай
емес деді . Көптеген сұхбат берушілер оларға қорғаныштық органдар
көмектескендігін растады және 70%- асыранды баланы отбасына алу
ешқандай қиындық туғызбады деді .
5 . Асырап алушы ата-аналар тап болған қиындықтар/күрделі мәселелердің
арасында негізінен тұрғын үй-тұрмыстық және материалдық қиындықтар
аталды . Екінші орында – баланың жаңа отбасында бейімделі
қиындықтары . Меймандос тәрбиелеушілер негізінен психологиялық
қиындықтарды атайды: тәрбиелеуші ретіндегі өзінің біліктіліктеріне
қатысты қобалжулар мен қорқыныш, баланың бұрынғы өмірі, мінезі мен
әдеттері бойынша қорқыныш және т .б .
ОТБҮ өкілдері күрделі мәселелердің арасында негізінен материалдықта
атады . Сонымен қатар Тараз қаласының сұхбат берушілері қорғағыш
органдарының көмегін, қиындықтар/күрделі мәселелерді бағалауда және
т .б . өте ұстамды болғандығын айта кеткен жөн . Мүмкін бұл сұхбат кезінде
бақылаушы ретінде қаланың білім басқармасының өкілі болғандығынан
болар . Сонымен қатар дәстүрлі қала мен облыстың қорғағыш органда-
ры аймақтың барлық асыраушы отбасыларымен жақсы қарым-қатынас
пен үлкен тәжірибеге ие, осылайша асырап алушы отбасы институтын
дамыта отырып, оларға жан-жақты көмек көрсетуге тырысатындықтары
да болуы мүмкін . Осы аймақта Отбасылық типтегі балалар үйі тәрізді
форманың көптеген жылдар бойын дамуы және осында асырап алу-
шы ата-ананың үлкен тәжірибесі мен көпжылдық өтілімі бар осындай 12
отбасының болу фактісі барлығын түсіндіреді .
59
3-тарау. Әлеуметтік-экономикалық сараптама
6 . Асыранды баланы отбасына алу шешіміне жақын қоршаған орта-
лары мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасына қатысты барлық
сұралған отбасылар негізінен позитивті және оң тәжірибе ие . Ерлі-
зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас кем дегенде бұрынғыдай
қалған, ал сұхбат берушілердің жартысында жақсы жаққа өзгерген;
сонымен қатар туған балаларының асыранды балаға деген қарым-
қатынастары да жақсы жаққа өзгерген . Асыранды баланы отбасына алу
шешіміне қатысты қоршаған ортаның ойы 50 – 50 бөлінді: қолдады не-
месе бейтарап жағдайды ұстанды, тек санаулылары ғана осы шешімге
қарсы болды . Бұл факт қазақстандық қоғамның асырап алушы отбасы
мен жетім балалар институтына қатысты көзқарастары жақсы жаққа
өзгеріп жатқандығын көрсетеді .
7 . Сіздің асырап алған балаңызда мектепте (балабақшада) өзінің
қатарластарымен қиындықтар туындайды ма, туындаса қандай деген
сұраққа негізінен теріс жауаптар алынды және 30% кей кезде тартыстық
жағдайлар туындайды, оның себебі «баланы сыныпта қабылдамайды»,
«мектепте жаңа оқушы» ретінде хабарландырылды .
8 . Барлық дерлік асырап алушы ата-аналар өздерінің балаларын
әрдайым/жиі мақтап тұрады, олардың дамуына және мектептен тыс
уақыттарын өткізуіне көңіл бөледі . Балалар әлтүрлі үйірмелерге (сурет
салы, ән айту, билеу, музыкалық мектепке) қатысады, спортпен айна-
лысады, кітап оқиды . Кейбір ата-аналар балаларының теледидар мен
компьютерлік ойындардан басқа, ештенеге қызықпағандығымен, со-
нымен қатар мектептегі сабақтардың кесірінен басқа ештенеге уақыт
жетпейтіндігімен қиындықтар болғандығын айтады . Меймандос отба-
сылар оқуға деген және басқа да танымдық әрекет түрлеріне төмен
анталық деңгейге тап болады .
9 . Баланы/балаларды тәрбиелеу барысындағы қиындықтар туралы
сұрақтарға негізінен келесілері аталды: «бала тыңдамайды», «бала
өтірік айтуы мүмкін», «мектептегі қиындықтар (үлгермеушілік)» . Кей
кезде ата-аналар үлкендерге сыйластықтың болмауы және құқық
бұзушылықтарға (ұрлау төбелес және т .б .) тап болады . Сұхбат
берушілердің басыңқы көпшілігі баланың зиянды әдеттерінің бар
жоқтығына теріс жауап берді, тек 2 адам ғана баланың темекі
тартатындығын және 1 баланың спирттік ішімдіктерді қолдануы мүмкін
деп қобалжулы екендігін айтты . Соған қарамастан тек 4 адам ғана
«Сізде баладан бас тарту туралы ой болды ма» деген сұраққа «кей-
де» баланың нашар тәрбиеленуімен және баламен келіспеушіліктер
немесе денсаулығымен қиындықтар салдарынан деп жауап берді .
Қалғандарының барлығы бұл сұраққа теріс жауап берді .
Достарыңызбен бөлісу: |