132
3-Қосымша
Жетім баланы және/немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған ба-
ланы өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін тұлғаларды
дайындау жөніндегі
Регламенттің Жобасы
I. Жалпы ережелер
1 .1 . Осы Регламент Қазақстан Республикасының аумағында жетім ба-
ланы және/немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына
тәрбиелеуге алғысы келетін (асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық,
патронаттық тәрбие, меймандос отбасы, асырап алушы отбасы) азаматтар-
ды (әрі қарай «алмастырушы ата-аналыққа үміткерлер») дайындау процеду-
расын реттейді .
1 .2 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау ата-ана
қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына алғысы келетін барлық азамат-
тар үшін міндетті болып табылады . Бұл қатарға келесі тұлғалар қосылмайды:
1) ата-ана қамқорлығынсыз қалған
баланың жақын туысқандары;
2) асырап алған немесе бұрын асырап алушы болған және оларға
қатысты асырап алу құқығының күші жойылмаған тұлғалар;
3) балалардың қорғаншылары (қамқоршылары) болып отырған немесе
бұрын болған және өздеріне жүктелген міндеттерді атқарудан шеттетілмеген
тұлғалар;
4) асырап алған балалардың өгей әкесі (өгей шешесі) болып табылатын
асырап алушылар .
1 .3 . Үміткерлерді алмастырушы ата-аналыққа дайындау міндеттері:
1) азаматтарды жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-
ларды
тәрбиелеуге алуға дайындау,
2) азаматтардың тәрбиелеу құзыреттерін анықтау және қалыптастыру,
сондай-ақ баланы қамтамасыз ету және тәрбиелеу, соның ішінде оның
құқықтары мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны құру, сәтті әлеуметтендіру,
білім беру және дамыту дағдыларын қалыптастыру;
3) алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерге ата-ана қамқорлығынсыз
қалған баланы қабылдауға дайындығын анықтауға, баланы отбасына алу
формасын таңдауға, асырап алатын баланы тәрбиелеу процесінде бетпе-
бет келетін нақты мәселелер мен қиындықтарды түсінуге
көмектесу;
4) алмастырушы ата-аналыққа үміткерлердің ата-ана қамқорлығынсыз
134
1 .10 . Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет):
1) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына және алмастыру-
шы ата-аналыққа үміткерлерді дайындайтын Ұйымдарға әдістемелік көмек
көрсетеді;
2) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының алмастырушы ата-
аналыққа үміткерлерді дайындау бойынша өкілеттіктерін орындауына
бақылау жасайды;
3) тоқсан сайын қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен ал-
мастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындайтын Ұйымдардан ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына алғысы келетін
және дайындықтан өткен азаматтар саны туралы мәлімет жинайды (осы
Регламенттің №3 қосымшасына сәйкес форма бойынша) .
1 .11 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындайтын ұйымдар ту-
ралы ақпарат Комитеттің ресми сайтында, қорғаншылық және қамқоршылық
органдарының сайттарында жарияланады .
1 .12 . Алмастырушы
ата-аналыққа
үміткерлерді
дайындайтын
Ұйымдардың орналасқан жері, жұмыс кестесі туралы ақпарат пен анықтама
телефондары жарияланады:
1) қорғаншылық және қамқоршылық органының ақпараттық стендтерінде;
2) Комитет пен жергілікті атқарушы билік органдарының ресми сайтта-
рында;
3)
бұқаралық ақпарат құралдарында;
4) ақпараттық-анықтамалық басылымдарда (брошюра, буклет, жадына-
малар) .
1 .13 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау мәселелері
жөніндегі ақпаратты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының неме-
се Ұйымның қызметкерлері келесідей жолдармен ала алады:
1) жеке консультация;
2) телефон
бойынша жеке консультация;
3) пошта бойынша жеке консультация;
4)
жария жазбаша консультация;
5) жария ауызша консультация .