«Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»
Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 38 386 бала бар
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Ертең елордада «Қазақстан Республикасында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және төмендету» атты халықаралық конференция өтеді.
«Бүгінде Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 386 бала бар. Жыл сайын тағы 8 мыңнан астам бала айқындалып келеді. Балалар үйлерінде және білім беру жүйесінің басқа ұйымдарында 11 612 бала тәрбие алуда, олардың тек 2 106 - жетім. Қалған 9 506 бала - әлеуметтік жетімдер. Олардың ата-аналары бас тартқан, ата-аналық құқықтарынан айрылған немесе құқықтары шектелген, хабарсыз кеткен, балаларының тәрбиесімен айналыспайды», - дейді Қазақстанның SOS Балалар ауылдарының өкілі Тихонова Лариса.
Халықаралық конференцияның басты мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік жетімдікті алдын алу және төмендету бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-лар үшін ұсыныстар мен нұсқаулар құрастыру.
Әлеуметтік жетімдіктің қауіп-қатер тобындағы балалар саны тура пропорционалды түрде артып, бейресми деректер бойынша елімізде 400 мыңнан астам санды құрайды.
«Халықаралық конференцияда үкіметтік емес ұйымдар, ҚР Парламенті және Үкіметі өкілдерінен тұратын, елімізде әлеуметтік жетімдікті алдын алу мен төмендету бойынша ұсыныстарды орындау бойынша жұмыс тобы құрылады. Шара барысында үш тақырыптық секция жұмыс істейді: «Әлеуметтік жетімдікті алдын алу және төмендету», «Қазақстандағы отбасылық құрылымның альтернативті формаларын дамыту», «Балалар мекемелерін бітірушілердің әлеуметтік адаптациясы». Жалпы сессия барысында жетім балалар құқықтары саласындағы уәкілетті органдардың, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының, балалар құқықтары саласындағы халықаралық ұйымдар өкілдерінің негізгі баяндамалары мен таныстырылымдары тыңдалады. Конференция қорытындысында ұсыныс-тілектер қалыптастырылады», - дейді Қазақстанның Азаматтық альянсының волонтерлік бағдарламалар директоры Вера Ким.
|
Жетім жеткіншектерді психологиялық диагностау ерекшелігі [4 бет]
Статистикалық мәлеметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе, әлеументтік жетімдер, яғни белгілі бір себептерге қатысты ата – аналар құқығынан айырылған балалар саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95% әлеументтік жетімдерді құрайды. Осындай тағдыр тәлкегіне тап болған бүлдіршіндер балалар үйі, балалар ауылы, психологиялық - педогогикалық реабилитациялық орталықтар, дағдарыс орталықтары, уақытша пана мекемелерінде тәрбиеленеді. Статистика аталған мекеме түлектерінің 40% – қылмыскер, 30 % – маскүнем, 10% - өз -өзіне қол салуға баратынын көрсетеді. Ал мемлекеттік жетім балалар мекемелерінде әр балаға айына отбасына асырандылыққа алынған балаларға қарағанда 10 – 15 есе артық қаржы бөлінеді. Сонда бұл балалардың проблемалары материалдық шеңберде емес, психологиялық сипатта екені айқын.
Сонымен, бұл дипломдық жұмысымызда біз ғылыми әдебиеттерді және балалар үйі тәрбиеленушілерімен жұмыс жасау тәжірбиелерін талдау негізінде балалар үйі психологынің іс - әрекетін ұйымдастыру жолдарын көрсетуге тырысамыз.
Балалар үйі жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастырудың көп қырлы мәселелері түрліше типтегі балаларды тәрбиелеу мекемелері мен мектеп – интернаттарына психолог қызметін еңгізуден басталады. Бұл отбасынан тыс жағдайда тәрбие алатын балалардың толыққанды психикалық дамуы үшін психологиялық қызмет көрсетудің арнайы жолдарының қажет екенің құптады. Аталған типті мекемелерде психологиялық қызметті қалай ұйымдастыру қажеттілігіне қатысты мәселе осы күні де өз шешімін іздестіруде. Жалпы мектептегі психолог іс - әрекетінен балалар үйі психологынің әрекеті немен ерекшеленеді? Отбасынан тыс тәрбие алып отырған балаларға тиісті көмек көрсету процесін қалай ұйымдастыру керек?
Жетім балаларға тәрбие берру саласындағы психологиялық қызметтің дамуын білім беру саласындағы психологиялық қызметтің дамуына жекелей қарастыруға келмейді.Балалар үйі психологі мен білім беру саласындағы психолог әрекетінің негізгі бағыттары, принциптері, жұмыс жасау әдістері бір. Әйтсе де, балалар психологінің іс - әрекет мазмұны бала дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сүйенеді. Ол:
-баланың жетімдер үйіне тап болу себебі;
-аталған мекемеге келген уақытты және осында өмір сүру тәжірбиесі;
-ата – аналарының құқығынан айырылуы, не қаза болу себептері;
-баланың осы мекемеге отбасынан не көшеден келуі,т.б.
Осы келтірілген әр балалар тобы психологтың ерекше ұйымдастырылған жұмысын қалайды.
Практикалық психологтың жетім жеткіншектермен басты жұмыс мәселесі, ол балалардың қабілетін дамыту, ересектермен, құрбылары мен қарым-қатынас кезіндегі бұзылысын шешу психологтың басты міндеті болып табылады. жетімдер үйінде, мектеп интернаттарында жұмыс істейтін психологтардың, ұстаздардың, тәрбиешілердің жиі мәселесі «эмоционалдық сөндірілу» болып табылады. Жетім балалрға арналған мекемеде, біздің ...
Достарыңызбен бөлісу: |