|
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
|
бет | 2/4 | Дата | 13.02.2023 | өлшемі | 3,04 Mb. | | #41276 |
| Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысыЖаңа қазақстан - Ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Жаңа Қазақстан» жобасының іске асуы барлығымыз үшін өте маңызды және жауапты мақсатқа айналуға тиіс. Жақында өткен референдум мемлекетіміздің жаңа кезеңге қадам басуына негіз болса, Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты – Жаңа Қазақстанды халықпен кеңесе отырып, іске асыру.Мақсатқа жету үшін елдің бірлігі қажет, адамдарды біріктіретін ортақ құндылықтар болуға тиіс.
1. Президенттің өкілеттігі туралы
2. Өкілді билік тармағын қайта құру
3. Сайлау жүйесін жетілдіру
4. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту
5. Сайлау үдерісін жаңғырту
6. Құқық қорғау институттарын күшейту
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы - Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
- 1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
- 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- 1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
- 2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
- 3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
- 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Тоқаев
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|