Ќазаќстан тарихы


ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА



жүктеу 1,39 Mb.
бет2/7
Дата19.02.2018
өлшемі1,39 Mb.
#10111
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА

І. Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары

ІІ. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
І.Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары

1. Азамат соғысы- ол: мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы

2. Азамат соғысы болған жылдар: 1918 -1920 жж

3. 1918- 1920 жылдары азамат соғысында большевиктерге қарсы шыққан топ: «Ақтар»

4. Азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылармен бір топта болған: Алашорда

5. Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған: Алашорда үкіметі

6. Азамат соғысының басталуында үлкен рөл атқарған бүлік: Чехословак корпусының бүлігі

7. Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: Ағылшын әскерлері.

8. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов басып алған қала: Орынбор.

9. 1918 жылы маусымда Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастаған әскери қолбасшы: А.Дутов.

10. 1918 жылы қараша айында «Сібір армиясының» Екінші Жеке дала корпусының Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберудегі мақсаты: Ташкентті басып алу.

11. Кеңестердің Түркістан мен Қазақстанда құрған әскери бөлімдерінің атауы: «Мұсылман бөлімдері»

* 1918 жылы алғашқы кеңестік үлгілі қазақ кавалеристік полкі құрылды: Бөкей Ордасында.

* Қазақстан жерінде ротадан ірі емес әскери бөлімдер құру туралы шешім қабылданды.

12. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш реть күштеп жинау көрініс берді: 1920 жылы

13. 1920 жылға қарай Қазақ Әскери Комиссариаты құрған әскери бөлімшелер саны: 37.

14. Азамат соғысы жылдарындағы Дала өлкесінің төтенше комиссары: Ә.Жангелдин.

15. Азамат соғысы жылдарындағы Торғай уезінің әскери комиссары: А.Иманов.

* Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі: Б.Қаратаев.

* Лениннің тапсыруымен Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған: Жангелдин

16. 1919 жылы қаңтар айында Қызыл Армия азат етті: Орынбор мен Орал

17. Азамат соғыс жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы, 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқ қатысқан тұлға: Өтеп Ыбырев.

18. Қостанай уезінде астыртын жұмысты ұйымдастырған үш революцияяға қатысушы, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы: И.Эльбе

* Мәскеудегі қарулы төңкерісіне қатысушы М.Г.Летунов, Қара теңіз әскери бұрыңғы матросы Г.И.Муляр, Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.М.Иноземцев, әскерден қайтқан А.Жиляев

19. Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған: Черкасск қорғанысы (1918 маусым- 1919 қазан)

20. Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді: Колчак әскерлерін талқандау

21. Колчак әскерін талқандау міндеті жүктелген Шығыс майданының Оңтүстік тобының қолбасшысы: М.В.Фрунзе.

* Оңтүстік топтың әскерлері 1919 жылғы маусымда Уфаны азат етті.

22. 1919 жылғы шілдеде Оралды азат етуге 25- Чапаев дивизиясымен бірге қатысқан: қазақ атты әскери бригадасы

23. Орал майданы жойылды: 1920 жылы 5 қаңтар

24. 1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері азат еткен қала: Атырау

25. Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен «Монғол» кемесінде тірідей өртелген Өскемен уездік Кеңесінің тұңғыш төрағасы: Яков Ушанов

26. 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданның 5- армиясының қолбасшысы: Тухачевский

27. 1920 жылғы наурызда Семей облысының солтүстігінің ақгваридяшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан: Жетісу майданы.

28. Азамат соғысының кескілескен қырғынында қаза тапқан адамдар саны: 8 млн адам.

* N N Q * 1. Шетелдік соғыс интервенциясының етек алуына Антанта елдері дайындап, соладрдың нұсқауымен жасалған Чехословак корпусы бүлігі болды: 1918 жылы 25 мамыр

2.ІІ Николай мен оның отбасының барлық мүшелері атылды: 1918 жылы 16 шілде.

3. 1917 жылғы тамыз- қараша айларында Мәскеуден Шалқар станциясына дейінгі 2 мың шақырымнан астам жолды ерлікпен жүріп өткен экспедицияны бастаған: Ә.Жангелдин.


ІІ. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат


  • «Әскери коммунизм» саясаты жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майдагерлік өнеркісіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.

29. Азамат соғысы кезінде Орал- Ембі мұнайлы ауданын Орталық Ресеймен байланыстырған темір жол: Александров –Гай Ембі

30. Азамат соғысы барысында азық- түлік салғырты енгізілді:1919 жылы қаңтар (астық дайындау)

31. «Әскери коммунизм» кезеңінің бір іс- шарасы: кейбір әскери бөлімдер еңбек армиясы жағдайына көшірілді.

32. 1920 -1921 жылдары қазақ өлкесіндегі еңбек армиясының қатарында болған адамдар саны: 6 мыңға жуық

33. Азамат соғысы кезінде Қазақстанда мұнай өндіру 1913 жылмен салыстырғанда қысқарды: 4 есе

* Қарағандыда көмір өндіру қысқарды: 5 есе

* Азамат соғысының нәтижесінде 1913 жылмен салыстырғанда – мыс өндіру тоқтап қалды

34. Азамат соғысы жылдарында бір өзі ғана мемлекетке 6 млн. пұтқа жуық астық тапсырды: Қостанай уезі.

35. 1921 жылдың ақпан айында 25 мың адамнан тұратын отряд Кеңес өкіметіне наразылық білдірді: Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты (Николаев, Токарев)

* 1921 жылдың наурыз айында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті: Оралда

*Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді: Кеңестер Алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тарқысы келді.

36. Азамат соғысының барысында алаш зиялыларының Кеңес өкіметі тарапына өтуіне ықпал еткен: Контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі.

* БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы: «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай –ақ қырғыздардың бұрыңғы «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрыңғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауы тиіс.»

37. БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы бойынша «Алашорда» үкіметінің мүшелеріне: кешірім берілді (* амнистия)

38. 1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы: А.Байтұрсынұлы.
* N N Q * 1. «Даладағы аштық» мақаласының авторы: Т.Рысқұлов

1920 ЖЫЛДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

І. ҚазАКСР-нің құрылуы

ІІ. Республикадағы қоғамдық –саяси өмір.

ІІІ. Жаңа экономикалық саясат.
І. ҚазАКСР-нің құрылуы

*1917 жылы басталған Қазақ АКСР –н құру жөніндегі жұмыстың уақытша тоқтап қалу себебі: азамат соғысының басталуы.

1. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеті құрылды: 1919 жылы 10 шілде

2. 1919- 1920 жылдары Казревком Қазақстанда алған билік: жоғарғы әскери- азаматтық билік

3. Қазақ Революциялық Комитетінің басшысы болып тағайындалған ұлты поляк, 1902 жылдан Компартия мүшесі: С.Пестковский

4. Қазақ Революциялық Комитетінің органы болған баспасөз: «Ұшқын» газеті («Искра»)

5. «Алашорданы» тарату туралы шешім қабылданды: 1920 жылы 9 наурыз.

6. 1920 жылдың наурыз айында өз жақындағылардың үлкен тобымен кеңес билігі жағына өткен Алаш-Орда жетекшілерінің бірі: А.Байтұрсынұлы

7. Қазақ АКСР- н құру туралы декрет шықты: 1920 жылы 20 тамызда

8. Қазақ АКСР- ның құрылғанын жарияланған құжат: «Қырғыз (Қазақ )Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет.

* N N Q * Халқы 5 млн-ға жуық.

*Аумағы- Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі. Красноводск уезінің бір бөлігі, Астархань губерниясының бір бөлігі.

9. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды: 1920 жылы 4 қазанда

10. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы: С.М.Мендешев

11. Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы: В.А.Радус- Зенькович

12. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде қабылданған құжат: «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы»



* N N Q * 1920 жылы 4 қазанда Орынбордаағы Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде жоғарғы өкімет органдары сайланды.

* Декларация Қазақ АКСР- інің конституциялық жолмен жарияланғаны аталды. «Әрбір ұлттың,- деп жарияланды Декларацияда,- ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар және оған толық мүмкіндік қамтамасыз етуге тиіс»

13. Қазақ АКСР- інің тұңғыш астанасы: Орынбор

14. А.Байтұрсынов пен М.Сералин өз жазбаларында Қазақстанға қосу қажет деп дәлелденген аймақ: Қостанай

15. Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға: В.И.Ленин

16. Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағанына ҚазАКСР-іне берілді: 1921

* 1921 ж.бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір- Жайық пен Ертіс бойынан қайтарылды

17. 1926 жылғы Қазақ АКСР- і құрамына қазақ жерлерінің бірігуі нәтижесінде республика аумағы: 2,7 млн шаршы метр

18. 1926 жылғы казАКСР- інің халқы саны: 3 млн. 230 мың. (5 млн 230 мың.)

19. 1926 жылғы Қазақстандағы қазақ халқының үлес салмағы: 61,3 %

20. 1924 жылғы Қазақстан астанасы көшірілген қала: Қызылорда.

21. 1929 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала: Алматы


* N N Q * 1. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылы 10 шілдеде В.И.Ленин қол қойған декреті бойынша құрылды: «Қырғыз (Қазақ) өлкесін бсқару жөніндегі революциялық комитеті»

2. 1925 жылы 15-19 сәір аралығында Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Ү съезі өткен қала: Қызылорда.


ІІ. Республикадағы қоғамдық –саяси өмір.

22. Кеңестердің бүкілқазақстандық Ү съезі Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін «Алдағы уақыта қырғыз- қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылданды: 1925 ж

23. 1925 жылы ақпан айында Қырғыз облыстық партия ұйымы өзгертілді: Өлкелік партия ұйымы.

24. Қазақстан комсомолының І съезі: 1921 жылы шілде (*Орынборда)

25. Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы: Ғани Мұратбаев.

26. Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдары: 1902-1924 жж.

27. ХХ ғасырдың 20- ші жылдары әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері: А.Оразбаева, Н.Құлжанова, С.Есова, Ш.Иманбаева

28. Ауылдардағы ағарту жұмысының орталықтары : «Қызыл отаулар»

29. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декрет қабылдады: 1921 жылы қаңтар

30. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады: 1923 жылы 22 қарашада



* N N Q * 1927 жылғы мамырда «Қазақ уездік, округтік мекемелерде қазақ тілігнде іс жүргізуге біржола көшу» жөнінде шаралар жүргізілді.

31. 1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың үлесі(саны): 82%



-*1921 ж. елдің 1/3 бөлігін аштық жайлады

* 1921 жылдың қараша айында ашыққандар саны: 1 млн. 50 мың адам

* 1922 жылы наурыз айында ашыққандар саны: 2 млн. 303 200 адам

* Қазақстанның солтүстік- батыс аудандарында аштық апаттардың салдарынан ғана болып қойған жоқ. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында орталықтың азық отрядтары ауыл шаруашылығы өнімдерінің «артығын» алып кетті.

32. 1921 жылғы аштыққа қарсы күрес шараларының бірі: БОАК- інің декретімен республиканың егін шықпаған аудандарының халқы астық салығынан босатылды

33. 1921 жылы 14маусымда енгізілген «Нақты ет салығы туралы» декреті бойынша көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды.

34. Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпау салдарынан ардап шеккен шаруаларға қаражат бөлінді:

2 млн.

35. 1921 жылғы жер- су реформасының негізгі мақсаты: 1916 жылы Патша үкіметі тартып алынған жерлерді қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне қайтару

36. Жер- су реформасын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарған кедейлер ұйымы: «Қосшы» одағы.

37. Сібір және Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет шығарылды: 1921 жылы сәуір.

38. Кедейлер ұйымы «Қосшы одағы» құрылды: 1921 жылы

39. Жер- су реформасы кезінде Жетісу және Оңтсүтік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін құрылған жер қорының көлемі: 1 млн десятина

* Жетісуда жер- су реформасы жүргізілген- 1921 жылы

*Жер- су реформасы болды- 1920- 1921 жж.

*1922 жылы егіс көлемінің 60 пайыз Кеңес үкіметі берген дән себілді

ІІІ. Жаңа экономикалық саясат.

40. Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында РК (б) П- ның Х съезінде енгізген экономикалық саясаты: жаңа экономикалық саясат

41. 1921 жылғы наурызда азық салғырты алмастырылды: азық салығымен

42. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді: Жерді жалға алуға және беруге, жалдама еңбекті қолдануға, ұсақ кәсіпорындарының жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілуіне

43. Жаңа экономикалық саясаттың кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: жеке саудаға

* 1927 республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, олардың сауда айналымы 30 млн сом болды.

44. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: Еңбек міндеткірлігі

45. ЖЭС енгізілгеннен кейін мал өсірумен айналысатын, ірі қарасы алтыға жетпейтін қожалықтар: салықтан босатылды

46. 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметтің шешіміне сәйкес енгізілген салықтың түрі: ақшалай салық.

47. 1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілгенақшалай үдемелі салығының негізгі қиындығы түсті: кулактар мен байларға

48. ЖЭС жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам: несие қоғамы

49. «Қосшы одағының» 1930 жылдан кейінгі атауы: «Кедей одағы»

50. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру үшін құрылған: Қосшы одағы

* 1924 жылдың 4 тамыздағы қаулы бойынша ҚазАКСР –іне ауыл шаруашылық машиналары мен құралдар сатып алуға 25 млн сом бөлінді.

51. 1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы: тракторлар (415 трактор-1924-1925жж.)

* Оларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.

52. Қазақ АКСР –інің егі көлемі 1928 жылы 1913 жылғы деңгейіне жетті: 4,4 млн га.

53. ЖЭС кезеңіндегі мал шаруашылығындағы өзгерістер: мал саны көбейді

54. 1928 жылғы ҚазАСКР –дегі мал саны: 41 млн.

55. Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінген өнеркәсіп саласы: кен өндірісі

56. Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы: Кенді Алтай

57. Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп: Риддер қорғасын зауыты.

58. 1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: Қарсақбай мыс комбинаты

59. 1920 жылы пайдалануға берілген зауыт: Шымкент сантонин (дермене) зауыты

60. ЖЭС-тің нәтижесінде мал саны: 40,5 млн.
* N N Q * 1. Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын «күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттаған: Ленин.

2. 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 кәсіпорындарынның ішінде жұмысын тоқтатты: 250

3. ЖЭС жүргізілген жылдар: 1921-1925 жылдары

4. 1925 жылы егін егілген ауыл шаруашылығы ұлғайып, неше гектарды құрады: 3,0 млн

5.1925 жылы 1914 жылғы өніммен бірдей пұт астық жинады: 92 млн.

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20- ЖЫЛДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН 30- ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ


І. Индустрияландыруға бағыт алу, оның барысы

ІІ. Ф.И.Голощекин ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

ІІІ. 1930 жылдарындағы қоғамдық- саяси өмір.
І. Индустрияландыруға бағыт алу, оның барысы

1. Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: 1925-1933жж.

2. Ф.И.Голощекин насихаттаған идеясы: «Кіші Қазан»

* Ф.И.Голощекин: «Ауыл Қазан төнкерісінің лебін сезінген жоқ», «1925 жылдың күзіне дейін бізде болған жағдайларды Қазақстан оның партия ұйымдары тарихының алғы шарттары деп атауға болатындығын», дәлелдеді

* И.В.Сталин: «Голощекиннің ұсынысы «бірден- бір дұрыс» саясат»,- деп мәлімдеді

3. «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерлері: С.Сәдуақасов және Ж.Мыңбаев



* 1926 жылы оларға ұлтшыл деген кінә тағады.

4. «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан жақтың талабы: Приближения промышленности к источником сырья

* Жоспарлаушы органдардағы кейбір экономистердің өндіргіш күштердің дам деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын «ұлыдержавиялық шовинизм көрінісі» деп есептеді

5. Қазақстандағы индустрияландыру ісі басталды: Болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден.

6. Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан тұстас келді: КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші Бесжылдығымен

7. Индустрияландыру кезінде Орал- Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик: И.М.Губкин

8. И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір:Орал-Ембі

9. Орталық Қазақстанның минерал- шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н.С.Курнаков

10. Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы болып табылады» деген тұжырым жасаған: Н.С.Курнаков

11. Жезқазған мыс кеңін зерттеген, жас инженер –геолог: Қ.И.Сәтбаев

12. Бірінші бесжылдықтағы екпінді құрылыстардың бірі: Түрксіб темір жол магистралі

13. Түркістан- Сібір темір жолы салына бастады: 1927 жылы

14. Түркістан –Сібір темір жол құрылысына еңбек еткен адамдардың саны: 100 мыңдай

15. Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазаққұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға: Т.Қозыбеков

16. Қатардағы жұмысшыдан, Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілді:Д.Омаров

17. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті: 3 жылда

18. Түрксібтің солтүстік және оңтүстік учаскерлері 1930 жылғы 28 сәуірде түйіскен станция: Айнабұлақ

19. Түркістан- Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді: 1931 жылы қаңтар

20. Түрксіб темір жолы жалғастырды: Орта Азия мен Сібірді

21. Индустрияландыру жылдарында республика индустриясының дамуына үлес салмағы зор болған өңір: Ертіс

22. КСРО- да мырыш, мыс, қорғасын және басқа да стратегиялық металдар өндіру жөнінен жетекші орын алған «үшбұрыш»: Орал-Сібір

23. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы: Ембі

24. Индустрияландыру жылдарында елдің қаржы жүйесін нығайтуға қомайқы үлес қосқан: Алтын өндіру

25. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс: Әкімшіл- әміршіл басқару жүйеде

26. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: Шикізат көздері

* Республика зауыттары мен фабрикалары дайын өнім шығармады.

27. «Қазақстан отар болып келді, отар болып қалды» деп айтқан қайраткер: С.Сәдуақасов

28. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны: 375 мың

* Бұл 1926 жылмен салыстырғанда бес есе көп болуына қарамастан, Қазақстан қалалары одан әрі еуропалық сипат ала берді.

29. Соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендердегі қазақтардың үлесі:16 %




ІІ. Ф.И.Голощекин ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

30. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:1927 жылы ХҮ съезде

31. Орталық комитет Қазақ АКСР –інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауды белгіленді:1932 жылдың көктемі

32. Ф.Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» идеясына наразылық білдірген ұлт зиялылары (С.Садуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев) тағылған айып: «Ұлтшыл»

33. 1928- 1929 жылдры астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны : 31 мың

34. Ұжымдастыруға дейінгі республикадағы мал саны: 40,5 млн.

35. Қазақстан ОАК мен ХКК «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жераударту туралы» декрет шығарды: 1928 жылы.

* Олар «өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды» деп саналды.

* Жартылай феодалдар байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды.

36. 1928 жылы жер аударылған жартылай феодалдар мен байлардың саны: 657

* Ұжымдастыру жылдары ірі байлардан алынып, ұжымшарларға берілген ірі қара малдың саны: 145 мың

37. Қазақстанның мал шаруашылығы аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы: жерді бірлесіп өндеу және шөп жабу.

38. Қазақстанның астықты аудандарына колхоз құрылысының негізгі формасы: ауыл шаруашылығы артелі

39. Республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды: 1929 жылы екінші жартысы

40. Алғашқы машина- трактор станциялары (МТС) құрылды: 1929 жылы

41. 1932 жылдың ақпанында аумағы 150 км жерден көшіріп әкеліп, 400 киіз үйден «қала үлгісіндегі поселке» жасалған аудан: Шу

* Жәнібек ауданында барлық шаруашылықтың 95 % ұжымдастырылды.

* Абыралы ауданында -70%, Жымпиты ауданында - 60%.

42. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы: 65 %

43. 1931- 1932 жылдары малдың 80 пайыздан етке өткізген аудан: Шұбартау

44. Торғайлық асыра сілтеушілер «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұран тастап, онда млн- ға жуық малдың не бары: 98 мың

45. Ұжымдастыру кезіндегі «Ұлы жұт»жылдары: 1930-1932 жж.

46. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы қалғаны:

4,5 млн

47. 1931-1933 жылары аштықтан қырылған халық саны: 6,2 млн-нан 2,1 млн-ы

48.1931- 1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны:

0,4 млн адам

49. 1930- 1932 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден халықтың: 40% қырылды

50. Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны: 769 мың

* Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ.

51. Ұжымдастыру кезінде, 1929 жылы жауапқа тартылған шаруалар саны: 56 498

* Олардың 34 мыңнан астамы сотталды.

52. Күшпен ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда қарулы қарсылықтар болды:1929- 1931 жж.

53. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін күшпен ұжымдастыруға қарсы халық наразылығының ірі ошағына айналған: Семей округі

54. «Қазақ өлкелік комитеті бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі», деп бағалаған Торғай шаруаларының көтерілісі: Батпаққара

* Батпаққара көтерілісі 1929 жылы 1 қарашада басталды.

55. Ұжымдастыруға қарсылық ошағы, Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстаннан 5 мың шаруа біріккен Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған: 8 дивизия басып тастады

56. Жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары кезінде көтерілісшілер басып алған аудан орталығы: Созақ ауданы (*--- Р S Н: 400 адам.)

*--- Р S Н: Көтеріліс басшыларының бірі: Жакупов

* Көтеріліс табандылығы мен шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді.

* Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.

*--- Р S Н: Крупным центром повстанческого движения стала Адаевская степь

* Ырғыз көтерілісін ұйымдастырушы- Айжаркын Канаев

57. Ұжымдастыру жылдарында Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған аудандар: Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын

*Р S Н* Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақс,Сарқант, Жаркент, Бәрібаев аудандарының бүлік шығарған ауылдарының едәуір бөлігі Қытай жеріне ауып кетті.

58. 1931 жылдың көктемінде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылып тасталған аудандар: Қарқаралаы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау

59. 1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен көтерілістер саны: 372

PS Н- Оған 80 мыңнан астам адам қатысты

60. 1932 жылғы шілдеде БК(б)П өлкелік комитетіне , Ф.Голощекинге жазылған ашық хат: «Бесеудің хаты»

* Ашық хат жазғандар: Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, М,Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.

61. 1933 жылы наурызда И.В.Сталинге ашық хат жазған қайраткер: Т.Рысқұлов

62. Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды: 1932 жылы қыркүйек

* Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылды. Астықты аудандарда коммуналардың орнына ауыл шаруашылығы артельдер (еңбек бірлестіктері) ұйымдастырылды, халыққа күштеп қоғамдыстырылған мал- мүлкі қайтарылып берілді.

63. Екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, онда ауыл шаруашалығы артелінің жаң үлгі Жарғысы қабылданды: 1935 жылы ақпан

64. Ұжымдастырудан кейін Қазақстанның ұжымшарлары мен кеңшарлары қайта бас көтере бастады: Екінші бесжылдықтың кезінде.

65. Қазақтардың көшпелі өмір салтынан отырықшылдыққа көшуі, негізінен аяқталды: екінші бесжылдықтың ішінде

66. Ұжымдастырудан кезеңінен кейін ауылда өзекті тұлғаға айналған:

67. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді: корейлер

68. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілген корейлер саны: 100 мыңнан астам

69. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударушы корейлерден тұратын: Қызылорда мен Алматы облыстарындағы 37 ұжымшар құрылды.

*Р S Н* Корей отбасыларының бір бөлігі Өзбек КСР- інің суармалы егіншілік аудандарына көшіп кетті.

Р S *-В январе –феврале 1928 г.Сталин совершил поездку в Сибирь, санкционировал чрезвычайные меры хлебозагатовок.

В 1926 г. прошла кампания передела сенокосных и пахотных угодий. Беднота получила 1,3 млн. га сено­косных и 1,25 млн. га пахотных угодий, ранее принадле­жавших баям.

*Председатель Центральной Комиссии КазЦИК по кон­фискации баев - И.Курамысов.

*1931-1932 гг. в Чубартауском районе сдали государству на мясо 80% всего поголовья скота.

*. Аресту и выселению в 1931 г. было подвергнуто 5500 семей.

* Протоколы тройки рассматривались на закрытом заседании Казкрайкома партии и подписывались одним из секретарей: Ф.Голощекиным, И.Курамысовым, а с 9 марта 1930 г. - пред­ставителем Казкрайкома ВКП(б) Г.Рошаль.

* Темір жол тасымалының жүк айналымы, негізінен, өлкенің табиғи байлықтарын Қазақстаннан тыс жерге тасу есебінен 1913 жылға деңгейінен 21,3 есе асып түсті.

*Ф.Голощекин ауылдарға 4 800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау