Шымкент университетінің студенттеріне және профессор-оқытушылар құрамына
арналған.
Оқу-әдістемелік сектормен әзірленді.
Әзірлегендер – Қозбағарова Б.С.
Құланова С.Ш.
Керимбаева С.Е.
Жұмыс нұсқауын даярлау барысында келесі нормативтік құқықтық құжаттар
пайдаланылды: - «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» ҚР
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы; - «Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген; - Оқытудың кредиттік
технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары» ҚР БҒМ 2011 жылғы
20 сәуірдегі № 152 бұйрығы (2014.06.02. №198 бұйрығымен берілген өзгерістер мен
толықтыруларымен); - «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2013.11.04.
№445 бұйрығымен берілген ӛзгерістер мен толықтыруларымен)..
Шымкент Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітуге ұсынылды.
(24.08. 2016 ж. № 1 хаттама)
Шымкент Университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітілді
(25.08. 2016 ж. № 1 хаттама)
«
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ” ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ӨТКІЗУ
1. Барлық бакалавр мамандығының студенттері “Қазақстан тарихы” пәні бойынша оны
оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.
2. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік)
білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер “Қазақстан тарихы”
пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.
3. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білім базасында жеделдете
оқыту мерзімінде білім алатын студенттер “Қазақстан тарихы” пәнін оқымайды және
мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
4. Мемлекеттік емтиханға дайындықты факультет деканатымен және оқу-әдістемелік
басқармасымен бірлесе отырып, “Қазақстан тарихы” пәнін оқытатын кафедра өткізеді.
5. “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра оқудың
барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын аталған пән
бойынша үлгі оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.
6. “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру оқу жұмыс
бағдарламасына сәйкес ауызша немесе тест түрінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен
анықталады.
8. “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет
деканының ұсынысы бойынша құрамында төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік
емтихан комиссиясы күнтізбелік жылға құрылады.
9. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы оқу жылының 1-қарашасынан
кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
10. “Қазақстан тарихы” пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1-
желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
бұйрығымен бекітіледі.
11. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан ЖОО басшысының бұйрығымен
бекітіледі.
12. МЕК отырыстарының кестесін тіркеу бөлімі құрады және оны университет ректоры
мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.
13. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
14. МЕК отырыстары әр студент бойынша жеке хаттамамен нысанға сәйкес ресімделеді
және оған комиссия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды.
15. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-
көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.
16. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4
форматында түптеліп, нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік
басқарманың) мөрімен бекітіледі.
17. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына
“келген жоқ” деген жазу жазылады.
18. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК мәжілісінің хаттамасы қайтадан
ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды “Баға
________№__________хаттамамен кайта қаралды ____бет” деген жазумен өзгертіледі
және оған қатысқан МЕК мүшелерінің бәрі қол қояды.
19. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік әріптік
бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
20. “Қазақстан тарихы” пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша
білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле
отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән
бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 60 %-ын құрайды және мемлекеттік
емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.
21. Студент “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан
“қанағаттанарлықсыз” баға алған жағдайда, ол келесі академиялық кезеңде немесе жазғы
семестрде осы пәнге жазылуы оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысуы, ағымдық
бақылау талаптарын орындауы, мемлекеттік емтиханға жолдама алуы және оны қайта
тапсыруы тиіс.
22. “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру
үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
23. Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен
кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция беруіне
болады.
24. Апелляция
өткізуүшінректордыңбұйрығыменаталғанпәнбойыншатәжірибеліоқытушылардан
“Қазақстантарихы” пәнібойыншаапелляциялық комиссия құрылады.
25. “Қазақстантарихы” пәнібойыншамемлекеттікемтихандытапсырудыңнәтижелері оны
тапсыруқаралғансолемтихандықсессияныңқорытындысыншығарукезіндеесепкеалынады.
26. МЕК-ныңжұмысыаяқталғаннансоң Комиссия төрағасыесепжазады,
олуниверситеттіңғылымикеңесініңмәжілісіндеталқыланып,
бекітілгенненкейінбілімсаласындағыөкілеттіорганғатапсырылады.
“Қазақстантарихы”
пәнібойыншаМемлекеттікемтихантөрағасыныңесептеріқысқыемтихантапсырубойынша 1
наурыздан, ал жазғыемтихантапсырубойынша 1 тамызданкешіктірілмейтапсырылуытиіс.