Негізгі ұғымдар:Ұлы Отан соғысы, "Барбаросса жоспары", майдан арсеналы, депортация, мобилизация, тыл, 316 атқыштар дивизиясы.
1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде «Гросс Түркістан», «Еділ-Орал» деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды. Коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайына бейімдеуге, барлық күш пен құралдарды елімізді қорғауға жұмылдыруға басшылық жасап, жау тылында партизандық соғысты ұйымдастырды. Кеңес армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтарымен толыға түсті. Бірінші кезеңде соғыс Солтүстік-батыс (Ленинград), Батыс (Москва), Оңтүстік-батыс (Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар: 194 1ж. шекарадағы шайқастар. Брест қамалы қорғанысы; Прибалтика және Белоруссияның басып алынуы; Ленинград блокадасының басталуы, Смоленск шайқасы (1941); Киев, Одесса, Севастополь қорғаныстары (1941-42). Герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы, Москва шайқасы. 1942 ж. аяғы - 1943ж. бас. Сталинград қорғанысы (түбегейлі бетбұрыс).
Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда бес ұлттық дивизия мен бригада жасақтау ұйғарылды. Олар: 105, 106, 96 ұлттық атты әскер дивизиялары және 100, 101 ұлттық атқыштар бригадасы. Соғыстық бастапқы 3 айының ішінде 238, 310, 314, 387, 391, 316 атқыштар дивизиялары құрылды. 1939ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды.
2. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.ҰОС–ң даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Г. Жұматаев, Ш Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А. Качан болды. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.Олар Ж. Саин, Қ.Қайсенов, Ә. Шәріпов. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Б. Момышұлы басқарған 1073 ұландық атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді(Б. Момышұлына 1990ж. Кеңес Одағы Батыры атағы берілді). 316 дивизиясының жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28–гвардияшыл-панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Мәскеудің қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Рамазан Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
КСРО көп шығынға ұшырады, 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс.
3. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілді, көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-45жж. Қазақстаннан батыс аудандардың 532.5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970 мыңдай депортацияланған немістер, поляктар осында келді. Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа да маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді. Қазақстанға 220 фабрика, завод, ұстаханалар, артель мен өнеркәсіп комбинаты көшіріліп әкелінді. Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезінің өзінде-майдан шебі Қазақстанға жеткен жоқ. Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар 34млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпоындары сұйық отын шығаруды 39%арттырды, электр қуатын өндіру 2 есеге өсті. Республика мыс, қорғасын өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, бойыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. 1941-45жж. Барлығы 460 завод, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды.
Көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80% әйелдер болды. Қазақстан еңбекшілері Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев тарының гектарынан 202ц. өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы «Авнгард» колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштің гектарынан 172ц. өнім алды. Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді. 1941-45жж. Олар майдан мен елге 5879 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және т.б. азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Бекітуге арналған сұрақтар:
Екінші дүниежүзілік соғыспен Ұлы Отан соғысының негізгі себептерін атаңыздар. Ұлы Отан соғысы басталған күнді атаңыз.
Фашистік Германияны жеңуде Қазақстан халқы қандай үлес қосты?
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда құрылып ерекше ерлігімен көзге түскен әскери құрылымдарды атаңыз.
Қазақстан- майдан арсеналы дегенді қалай түсінесіз?
Неше қазақстандық екі мәрте Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды?
Ұлы Отан соғысы жылдары ғылыммен өнер қандай рөл атқарды?
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО-да ұлтаралық қатынас қалай болды?
Ұлы Отан соғысының жеңісінің тарихи маңызы қандай?
Әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Дәріс 27.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946-1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУЫ.
Мақсаты: Студенттерге соғыстан кейінгі елдің бейбіт өмірге көшуі, қоғамдық-саяси жағдай туралы мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар: әкімшіл-әміршіл жүйе, жеке басқа табыну,демилитаризация, ақша реформасы, карточкалық жүйе.
Жоспар:
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Қазақстанның мәдени дамуы.
1. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.Кеңес елінде 1920ж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшіл жүйе 1930-50жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау,адамдарды өндіргіш құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар тән еді. Елде И.В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Жас талантты тарихшы Е. Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдарды қатарында болды,оларға А.М. Панкратова, А.П.Кучкин, Б.Д. Греков, Н.М.Дружинин, т.б.Кеңес тарихшылары жатты. Кітап 1943 ж. маусымында жарыққа шықты. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми кескілескен айтыс тудырды. Бекмахановтың «ХІХғ. 20-40жж. Қазақстан» (1947ж.) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл-ұлтшыл деп жарияланды. «Правда» газетінде кітап айыпталды. Бекмахановты ғылыми атақтарынан айырды. 25жылға соттады. 1954ж. Қазақстанға қайта оралды. Бұндай істер жалғыз болған жоқ. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов,жазушылар Ю.Домбровский, Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекқожин, С. Бегалин сияқты саяси айыптармен жазаланды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті Қ.И.Сәтпаев пен М.О. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болы.
Сталин дүние салғаннан кейін (1953 ж. 5 наурыз) Л.П. Берияның қылмысты іс-әрекетін тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. 1956ж. ақпанда Мәскеуде КОКП-ның ХХ съезі өтті, оның өзекті мәселесі Сталиннің жеке басына табынуды жою болды. КОКП ОК-ның бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың және оныңсалдарына талдау жасауға тырысты. «Жылымық жылдары» деген атпен тарихқа енген 1950ж. ІІ жартысынен бергі кезеңдекөптеген игі іс атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципі енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Елімізде іске асырылған экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық шаралар нәтижесінде дамудың көптеген көкжиектері ашыла бастады.
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру.1954ж. КОКП ОК ақпан-наурыз Пленумдарында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қарастырылды. Қысқа мерзімде егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіп, солтүстік аудандарда жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 1954-56жж. 640мың адам келді. (Ауыл шамруашылығы механизаторлары, құрылысшылар, денсаулық сақтау қызметкерлері т.б.) Тың жерлерге Кеңес әскері қатарына қайтқан жауынгерлер көп келді. Олардың күшімен Көкшетау облысында «Кантемировец», Солтүстік Қазақстанда «Тамановец», Қарағанды облысында, «индустриальный» және т.б. совхоздар құрылды. 1950ж. аяғ. Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық техникалық негізгі едәуір нығайды.
1954-60жж. Республикада тың игеру есебінен сатық өндірудің жалпы көлемі 106млн. тоннаға жетті. Қазақстанда жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикасын ілгерілетті. Тың игерудің зардаптары да болды. Басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейді. Ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Оқу орыс тілінде көшірілді. Мал шаруашылығына зиян келтірілді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың саны кеміді. Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді. 1945-60жж. Қазақстанның өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамыды. Қарағанды көмір алқабында ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосылды.Екібастұзда ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 1950ж. көмір жабу, қопару және оны вагондарға арту толық механикаландырылды. Бұл жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр станциялары, Жезқазғанда жылу-электр орталығы салынды. Қарғанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске қосылды. Бұқтырма СЭС құрылысы басталды. Теміртауда қазақ металлургия заводы іске қосылды. Ақтөбе ферросплав заводының қуаты едәуір ұлғайтылды. Өскемен қорғасын-м ырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Сонымен қатар Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен тау-кен машина- жабдықтарын жасау зауыты мен Соколов-Сарыбай комбинаты, Ақтөбе хром қоспалары заводтары салынды. Химия өнеркәсібі дами бастады. Социалистік жарыс кең орын алды. Жеңіл өнеркәсіп салалары да дамыды. Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және оны орталыққа тасу көлік пен байланыс жүйелерін дамытудаға әсер етті.
1946-90жж. Қазақстан территориясында Семей, Капустин Яр, Азғыр т.б. полигондары жұмыс істеді. Ядролық сынақ полигонының ең ірісі Семей полигоны болды. Ядролық қаруды тұңғыш сынау 1949ж. 29 тамызда өткізілді. Ядролық сынақтар өткізу адамдар денсаулығына, аймақтың табиғи ортасына үлкен зардаптар тигізді.
3. Қазақстанның мәдени дамуы.Соғыстан кейінгі жылдары мәдениеттің материалдық базасы әлсіз болды. 1946ж. маусым айында КСРО Ғылым Академиясы қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР ҒА-ң құрылуы республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Қазақстанда ғылымды дамытуға көрнекті орыс ғалымдары С.И. Вавилов, И.П.Бардин, А.М. Панкратова ұйымдастырушылыққызмет көрсетті. Тұңғыш Президенті – Қ.И.Сәтпаев болды. 1950ж. Қазақстанда қоғамдық салаларының базасы кеңейтілді. КазМУ-де философия факультеті ашылды. 1950ж. аяғына қарай ҚКСРҒА-ң жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаника бағы мен 8 ғылыми база жұмыс істеді.
1957ж. бастап ядролық физика саласында зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады, космос сәулелері лабораториясы, Астроботаника секторы ашылды. 1947ж. М.Әуезов «Абай» романының 2 кітабын жазып бітірді. 1955ж. жазушының іргелі туындысының дүниеге келді. 1959ж. М.Әуезовке әдебиет пен өнер саласында Лениндік сыйлық берілді.
Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы 1950ж. ұлттық жетістігінің бірі болды. С. Мұқанов «Сырдария» романында замандастарының өмірін, еңбегін, арман-мақсаттарын бейнелейді. «Өмір мектебі» трилогиясын жазды. Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионер»повестер жарық көрді. «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын жазды. Ә. Тәжібаев «Шайтан», «Портреттер» поэмасын жазды.
Орыс, ұйғыр, кәріс, неміс жазушылырының шығармалары да болды. Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесі енгізілді. Республикада 9мыңға жуық мектеп, 55 жоғары және 240 орта арнаулы білім беретін оқу орындары жұмыс істеді. Мәдениет сарайлары театрлар, музейлер, клубтар, кітапханалар қызмет етті. Теледидар кең көлемде жұмыс істеді, радио хабарымен қамтылды. Кітап шығарылды. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер»трилогиясы,Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы жарық көрді. Композиторлар С. Мұхамеджанов,Е.Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, Н. Тілендиев өздерінің тамаша шығармалары қазақ музыкасын байыта түсті.Е.Серкебаев, Б. Төлегенова, «Гүлдер», «Досмұқасан» ансамбльдері. Қазақфильм студиясының «Атаманның ақыры», "Қыз Жібек", "Транссібір Экспресі", «Ана туралы аңыз» сияқты фильмдерін шығарды.
Бекітуге арналған сұрақтар:
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды?
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанның экономикалық дамуы қандай қиыншылықтарды бастан кешірді?
Кеңес және партия басшылары соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық дағдарыстыстан шығуды қалай ойластырды?
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру қашан басталды?
Тың және тыңайған жерлерді игерудің қорытындылары мен нәтижелерін анықта.
Н.С. Хрущев КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан қашан босатылды?
1958ж. тамыздағы Теміртау қаласында болған еңбекшілердің наразылығына не себеп болды?
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдары білім және ғылым саласында қандай жетістіктерге жетті?
Әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Дәріс 28.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1960-1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУЫ.
Мақсаты: Студенттерге 1960-80 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар:тоқырау, дамудың экстенсивті жолы, шаруашылық есеп.
Жоспар:
1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.
«Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.
Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.
1. 1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды.
2. «Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.1970-85жж. Республиканың индустриялық әлеуеті өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40.8 млрд. сом жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3.1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6.5 есе, машина жасауда 4есе, отын өнеркәсібінде 3.8 есе өсті. 1000-дай өнеркәсіп газ өңдеу заводы, Шевченко пластмасса, Қарағанды резина-техника, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу заводтары.Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, т.б.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын сақтап қалды. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды.
1970-80жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес тауарлардың 60% Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының бір қалыпты дамымауына алып келді.
КОКП ОК (1965ж.) Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.Республиканың ауыл шаруашылығы ірі инвестиция алды. 1971-78жж. Оған 58.2 млрд сом жұмсалды.
3. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуы.Қоғамдағы саяси жағдай 1970-ші жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық қүрылыс принциптері мен түрлерінің тоқырауға ұшырауымен ерекшеленді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде саяси құрылымды жаңартуға, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлі ұмтылыстар көріне бастады. Яғни, онда социализмнің "сталиндік", "кеңестік" нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселелер көтерілді. А. Дубчек бастаған коммунистік партияның бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті.
Алайда КСРО басшылығымен бұл ұмтылыс 1968 жылы "Прага көктеміне" қарсы төндірілген "интернационалдық акцияның" салдарынан іске аспай қалды. Осының нәтижесінде 1960-шы жылдар ортасындағы бетбұрыс кертартпа күштердің құрсауында қалды. Бүл оқиғаның ізі суымастан "ревизионизмге" қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы "маркстік-лениндік" тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.
Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сауалдың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу кажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды.
Билеуші партияның басшылығы Қазан (1917 ж.) оқиғаларының 50 жылдығына жасаған баяндамасында Кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуына әкеледі деген тұжырым жасаған болатын. Бұл "тұжырымдаманың" өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзақка созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Ол тұрғыдан алғанда "коммунизмге қарай алып адыммен секіру" идеясынан бас тарту жағдайына байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсіз. Бірақ бұл түжырымдама " 30-40-шы жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген" деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді.
Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясындағана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді ерекше ұлғайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі. Қоғам әзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдыра берді. Қоғамның даму құбылысы өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстыра қарастырылғандықтан, сөздер мен үғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болды, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады.
Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977 ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бәрі 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы казанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн Конституциясы күні болып жарияланды.
1978 жылғы наурыздың 17-сі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республика Конституциясының жобасын бас-аяғы бір-ақ айға созылған "бүкілхалықтық талқылауға" ұсынды. Оның іргетасын Кеңес мемлекетінің Негізгі Заңы құрады. Сыншыл рухтағы ресми қоғамдық пікірге кереғар келетін материалдар, әлбетте, ескерусіз қалды. 1978 жылдың 18-20 жұлдыздарында Қазақстан билеуші партиясының ОК-і мақұлдағаннан кейін, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Жаңа Конституцияны қабылдады.
Демократияны шектеу, еңбек адамын меншік пен билікке жақындатпау, адамның қүқын аяқасты ету т.б. болатын кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгілер, міне, осындай. Жаттандық пен қасандыққа бой ұру демократиялық институттардың қатып-семуіне және формалді сипат алуына әкеп соқты. Қалыптасқан жағдай Кеңестердің демократиялык, ішкі мүмкіндіктерінің тынысын тарылтып, адымын ашқызбауға айналды. 1970-1980 жылдары жетекші органдар тарапынан Кеңестер жұмысын жақсарту жөнінде ондаған қүжаттар қабылданғанымен, оң өзгерістер болған жоқ және болуы да мүмкін емес еді. "Мемлекеттендіру" процесі кәсіподақтарды, комсомолды және қоғамдық ұйымдарды да қамтыды. Қоғамдық ұйымдардың партиялық-мемлекеттік аппаратпен тұтасуы, олардың дербес негіздерін жоққа шығаруға әкеп тіреді.
Бұл кезеңге тән болған сөз бен іс, қабылданған шешімдер мен олардың орындалуы арасындағы алшақтық кеңес адамдарының бойында самарқаулық пен немқұрайдылык туғызды. 1950-60-шы жылдардағы реформалардың сәтсіздікке ұшырауы, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелердің болмауы жарияланған мақсаттар мен ниеттерге сенімсіздікпен қарау рухын дүниеге әкелді.
Бекітуге арналған сұрақтар:
Республика Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға қашан ұсынылды?
1979ж. Ақмола қаласында жастардың шеруге шығуына не себеп болды?
Әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Дәріс 29.
Тақырыбы: ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
Мақсаты: Студенттерге 1985 жылдан бастап тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстанның дамуы жөнінде мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар: Қайта құру, жариялылық, демократияландыру, жеделдету, милитаризация.
Жоспар:
Қайта құру қарсаңындағы Қазақстан.
Қайта құрудың басталуы.
1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы.
1. Қайта құру қарсаңындағы Қазақстан.1985ж. дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары жер жырту, тұқым себу, дәнді-дақылдарды жинау, мал шаруашылығы жұмыстары 75-98% техникаландырылды. Ауыл шаруашылық проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу нәтиже бермеді. Адамның мұқтажына көңіл бөлмеушіліктің салдарынан, 1987ж. ауылдық жерлерде денсаулық сақтау мекемесі болмады. Республика ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін қарқындату бірқалыпты жүрмеді.
КОКП-ң бүлінуі оның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қатерлі ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі мәселені шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Социалистік ұлттардың федерацияданшығу қажеттігі пайда болуы мүмкін емес деген пайымдау үстемдік құрды.
2. Қайта құрудың басталуы. 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК пленумында М.Горбачев әлеуметтік-экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалар – қайта құрулар жүргізетінін мәлімдеді. Қайта құру саясаты мемлекеттің қоғамдық-саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін-өзі басқаруын тереңдету деп түсіндірілді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары- қоғам өмірін демократияландыру және жариялықты дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету болды. Сонымен бірге 1985 жылы сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету туралы қаулы қабылданды. Жеделдету саясатының мақсаты-өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығын дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жекеменшік түрлерін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Кооперативтік шаруашылықтардың тиімді жақтары бірден байқалды. Бірақта жеделдету бағыты ғылыми тұрғыда негізделмей асығыс енгізілген еді. Мемлекет басшылары экономиканы басқаруда әлі де директивалық әдістерге сүйенді. Бұл жеделдету бағытының басты қайшылығы болатын. Бірақ бұл шаралар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы айқын сезіле бастады. Азық-түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқарудың жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі дәлелденді.
1987 жылы қазанда КОКП ОК Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Борис Ельцин қайта құру мен реформалардың жүзеге асырылуының баяулығын қатты сынға алды.
1987 жылы қарашада Қазан төңкерісінің 70 жылдық мерекелік мәжілісі болып өтті. Онда М. Горбачев кеңестік қоғамның дамуының негізгі тарихи кезеңдеріне саяси баға берді. Бас хатшының баяндамасында сталинизм қылмысты құбылыс деп танылып, тарих «ақтаңдақтары» жаңа тұрғыдан қаралуы тиіс деген қортынды жасалды.
1988 жылы маусымда КОКП ХІХ Бүкілодақтық конференциясы өткізілді. Конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасалды. Онда партия басшылары тарапынан саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасаумүмкін еместігі мойындалды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлекеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның игілігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60 %-ы шеттен тасымалданды. Ғылым мен мәдениет, білім беру салаларын қаржыландыруда «бюджеттік қалдық» ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен, ұлттық келбетінен айырыла бастады. Қазақ тілі қоғамдық қызметінен айырылып, тұрмыстық тіл деңгейіне түсті. Нәтижесінде 1954- 1986 жылдары 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектеп жабылды.
Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, одақтас республикаларға оларды орындау үшін бұйрық ретінде жіберіліп отырды. Орталықтың шешімдерімен келіспеу, оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. Қазақстан халқының көз алдында Арал мен Семей экологиялық қасіреті қалыптасып жатты. Кеңес қоғамында адамдардың әлеуметтік немқұрайдылығы күшейді.
3. 1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы ақпан-наурызда Қазақстан Компартиясының ХҮІ съезі болып өтті. Съезде әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың жекелеген кемшіліктерін сынаумен шектелді.
Республикамызды 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912- 1993)болды. Ол КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, әрі үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Д.А. Қонаевтың қайраткерлігі мен адамгершілік қасиеттері халыққа мәлім болды. Сонымен бірге мемлекет қайраткері ретінде Д.А. Қонаев та сол уақыттағы әміршіл-әкімшіл жүйенің перзенті еді. Сол себепті Д.А. Қонаевтың саяси тағдырын Кремль шешті.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V Пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бары 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОКөкілі Г. Разумовскийдің ұсынысымен Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев қызметінен алынды. Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің біріші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды (1986-1989).
Орталықтың мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. Өйткені қоғам өмірін қайта құрамыз, демократия мен жариялық орнатамыз деп ұрандаған партия басшылығының бұл саяси қадамына халық бірден қарсылық білдірді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Мұндай наразылық шерулері республиканың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.
Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.В. Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал басты себептері- Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүрлеріне қысым жасап, ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердің жаппай жабылуы мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің болмауы да ауылдан қалаға келген жастар үшін ауыр психологиялық қысым болатын. Қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни орталық партия басшылығының сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді.
Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта басталды. Басқа ұлт өкілдеріне қарсылық пен мемлекеттік құрылысты өзгерту туралы үндеулер көтерілген жоқ. Конституцияға қайшы келетін саяси талаптар да қойылған жоқ болатын. Алайда партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Сол себепті бірден Алматы гарнизоны әскери дайындыққа келтірілді. КСРО Ішкі істер министрі А. Власов Кеңес Одағының 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әсәскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылданды. Бұл билік тарапынан жасалған Конституцияға қайшы келетін заңсыз әрекет еді. Бейбіт шеруді тарату мақсатында билік арнайы «Боран» («Метель») операциясын жасады. Бұл операцияға Г. Колбин өзі жетекшілік етті. Кеңес әскері халыққа қарсы сойылдар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару түрлерін қолданды.Осылайша Комунистік партия мен Кеңестік өкімет билігі адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың басты ұйымдастырушысына айналды. Мыңдаған қазақ жігіттері мен қыздары Желтоқсан көтерілісінің құрбандары болды. Солардың бірі Алматы архитектура құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков еді. 1988 жылы КСРО жоғарғы соты оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Өкінішке орай, ол 1988 жылы мамырда белгісіз жағдайларда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда Президенттің жарлығымен Қ. Рысқұлбековке Халық Хаһарманы атағы берілді.
Соңғы деректерге қарағанда, 17-19 желтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан, соның 8 мыңнан астамын ұстап, қаланың сыртына апарып тастаған, 103 адам бас бостандығынан айырылып, екі адам (Қ.Рысқұлбековпен М.Әбдіқұлов) ату жазасына кесілген. 52 адам партиядан, 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
1987 жылы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп бағаланды». Ресми билік қазақ халқының саяси наразылығының маңызын төмендету мақсатымен оны қатардағы оқиға ретінде бағалаған болатын.
1989 жылы маусым-мамыр айларында КСРО Халық депутаттарының І съезінде М.Шаханов КОКП басшылығынан Желтоқсан көтерілісіне әділ баға беруді талап етті. М. Шахановқа академик А. Сахаров белсенді саяси қолдау көрсетті. Осындай талаптың нәтижесінде Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды.Комиссия төрағалығына М. Шаханов бекітілді. Комиссия жұмысының нәтижесінде қаулыдағы «қазақ ұлтшылдығы» деген айып қате деп танылды.
1990 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысында бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, қиын жағдайда бейбіт жол көрсете алмауы мен партия жетекшілерінің қарулы күшке сүйенуі болған еді. Өйткені Челябі, Новосібір, Ташкент, Уфа, Тбилиси, т.б. қалалардан әкелінген әскери бөлімдердің жауынгерлерінің қатыгездікпен жасаған әрекеттері қазақ жастарын да жауап қайтаруға мәжбүр етті.
1991 жылы желтоқсанда 1986 жылғы 17-19 желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде Президенттің жарлығы шықты. 17 желтоқсан –Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
Бекітуге арналған сұрақтар:
М.С. Горбачев әлеуметтік-экономикалық дамытуда жеделдету бағытын қашан жариялады?
Желтоқсан оқиғасының себебі не болды?
Желтоқсан қайраткерлерін атаңыз.
1989ж. Жаңа Өзен қаласында болған толқудың себептерін атаңыз.
Әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Дәріс 30.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛУЫ.
Мақсаты: Студенттерге Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары,еліміздің әлемдік қауымдастықтағы ролі жөнінде мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар: Референдум, Президент, Конституция, Парламент, консолидация, кәсіби мемлекет, инфрақұрылым, сенат, мәжіліс, инаугурация, көп партиялылық жүйе.
Жоспар:
КСРО-ның ыдырауы және оның себептері.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
1990ж. КСРО-ң орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс болды. КОКП басшылары басқаруға қабілетсіздігін көрсетті. Орталықтың іс қимылы ең қажет тауарлардың, азық-түліктің жетіспеу перспективасы көлденең тартылған аймақтар арасындағы ондаған жылдар бойында қалыптасқан экономикалық байланыстарды үзе бастады. Республикада экономикалық дербестікке ұмтылу үрдістері пайда болды,-толыққанды дербестік – егемендік жариялау процесі басталды. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, республикасының меншіктік құқы дәлелденді, Қоғамдағы жаңғыртуға бағытталған қозғалысы Н.Ә. Назарбаев басқарды.
1990ж. ортасында «Азат»қозғалысы және «Азат»саяси партиясы пайда болды. Басты мақсаты ТМД шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі.
1990ж. 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ң президенті лазауымын белгіленді, оған Н. Назарбаев сайланды. 1990ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты.
1991ж. 1 желтоқсан Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991ж. 16 желтоқсанда «Егемендік туралы заң» қабылданды. Қазақтың Кеңестік Социалистік республикасы – Қазақстан Республикасы болып аталды.
1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД құрылды.
Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн.
Қазақстан Республикасы туының авторы — Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгіддір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн — энергия көзі, байлықгың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіңдіктің, тәуелсіздіктің, боашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда "Қошқар мүйіз" деп аталатын қазақы өрнек салынған.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді.
Қазақстан Әнұраны әуенінің авторлары — композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди болса, мәтінінің авторлары — ақыңдар М.Әлімбаев, ҚМырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева. Әнұранда халқымыздың еркіңдікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағытталған арманы көрініс тапқан. Әнұран патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.
Бекітуге арналған сұрақтар:
КСРО-ның ыдырауына не себеп болды?
Қазақ КСР-і Қазақстан Республи касы болып қашан өзгертілді?
ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
ҚР Ұлттық рәміздері қашан қабылданды?
ҚР қандай әлемдік ұйымдарға мүше?
Семинар сабақтарының жоспары және әдістемелік нұсқау
Семинар 1.
Тақырыбы: ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН. (1 с.)
Жоспар:
Қола дәуірінің кезеңделуі.
Андронов мәдениеті.
Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық өзгерістер.
Әдістемелік нұсқау:
Семинар тақырыбы бойынша дайындалған кезде студенттердің ең алдымен келесі мәселелерге назар аударуы қажет: адамзаттың пайда болуы туралы түсініктер, адамзат тарихының археологиялық кезеңделу бойынша тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінуі. Бірінші сұрақ бойынша қола дәуірінің кезеңделуі ерте қола, орта қола, кейінгі қола кезеңдерінің хронологиялық мерзімін анықтап, әрқайсының ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Қола дәуірінің Қазақстан аумағынан табылған ескерткіштері: тұрақтар, қоныстар, құрылыстар, т.б. және оларды қай ғалымдардың зерттегені жайында айтып өту керек.
Екінші сұрақ бойынша Андронов мәдениетінің таралу аймағы, ооның ашылуы, таралу аймағы, зерттелуі, осы мәдениетке тән белгілер, оны жасаушы тайпалардың ескерткіштері туралы айтылады. Қазақстан аумағынан табылған қола дәуірінің ескерткіштері, Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі (Ә. Марғұлан, А. Оразбаев, С. Черников, А. Максимова, т.б. ), ескерткіштері, т.б. мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс.
Үшінші сұрақ бойынша: 1) қола дәуіріндегі шаруашылықтағы өзгерістер – егіншіліктің, металлургияның, қолөнердің дамуы, мал шаруашылығының көшпелі сипат алуы; 2) адамзат қоғамындағы өзгерістер – тайпалардың құрылуы, қоғамда ер адамдардың үстемдігінің орнауы, оның себептері, әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің өсуі, сондай-ақ материалдық және рухани мәдениеттің дамуы туралы айтылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007. – 274 б.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006. – 768 б.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007. – 344 б.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Семинар 2.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР. (1 с.)
Жоспар:
Сақтар және сарматтар.
Ғұндар.
Үйсіндер.
Қаңлылар.
Әдістемелік нұсқау:
Семинар сабағының бірінші сұрағы бойынша мына мәселелерге жауап берілуі тиіс: ерте темір дәуірінің хронологиялық шеңбері, бұл кезеңдегі қоғамдық және шаруашылық өзгерістер, сақ тайпалары туралы археологиялық және жазба деректер (грек және парсы деректері), сақ және сармат тайпаларының орналасу аумағы, олардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен мәдениеті, көршілес елдермен қарым-қатынастары, т.б. Сонымен қатар, сақ және сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі (К. Акишев, З. Самашев, т.б.) туралы мәлімет беріп, Есік, Бесшатыр, Шілікті, Берел қорымдарынан, Аралтөбеден табылған құнды ескерткіштерге жан-жақты сипаттама беріледі.
Екінші сұрақ бойынша ғұн тайпалары (хунну, сюнну) туралы тарихи деректер (қытай, еуропалық деректер), олардың қоғамдық-саяси құрылысы, басқару ісі, шаруашылығы, мәдениеті сияқты мәселелер қамтылады. Ғұндардың Қазақстан аумағына қоныс аударуына, олардың келуімен осы аумақтағы тайпалардың антропологиялық өзгеріске ұшырауына, яғни монғолоидтық белгілердің пайда болуына, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» және бұл мәселеге қатысты қазіргі кездегі ғылыми көзқарастарға кеңірек тоқталу керек.
Үшінші және төртінші сұрақтар бойынша үйсін және қаңлы тайпалары туралы мәлімет беретін археологиялық және жазба деректер, бұл тайпалардың этникалық тарихы, қоғамдық-саяси құрылысы, әскери ісі, мәдениеті туралы айтылады. Картадан үйсіндер мен қаңлылардың орналасқан аумағы анықталып, жазба деректер бойынша халқының саны, шаруашылық түрлері, олардың ғұндармен, Қытаймен және т.б. елдермен елшілік байланыстары, соғыстары сипатталады.
Соныман қатар, семинар тақырыбына байланысты тарихи терминдерге, адам есімдеріне анықтама беріліп, тарихи оқиғалардың болған уақыты мен орны нақты көрсетіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007. – 274 б.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006. – 768 б.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007. – 344 б.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. – 640 б.
Семинар 3.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР. (1 с.)
Жоспар:
Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
Оғыз мемлекеті. Қимақ қағанаты.
Қарахандар мемлекеті.
Қыпшақ мемлекеті.
Әдістемелік нұсқау:
Семинардың бірінші сұрағы бойынша алдымен Түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы, қоғамдық құрылысы, түріктердің Иранмен, Византиямен, эфталиттармен қарым-қатынастары туралы айтылады. Содан кейін Түрік қағанатының екіге бөлінуі, Батыс Түрік қағанатының жер аумағы, этникалық және қоғамдық-саяси құрылысы сипатталады.
Екінші сұрақ бойынша Түргеш қағанатының құрылуы, түргештердің арабтармен және қытайлармен қарым-қатынастары туралы мәлімет беріледі. Қарлұқтардың этникалық құрылысы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп, Жетісуға қоныстануы, шаруашылығы мен мәдениеті сипатталады.
Үшінші сұрақ бойынша алдымен оғыз және қимақ тайпалары туралы тарихи жазба деректерге тоқталу керек. Содан кейін Оғыз мемлекетінің этникалық және саяси тарихы, олардың көрші елдермен (Русь, Еділ Бұлғариясы, салжұқтар) қарым-қатынастары туралы айтылады. Қимақ қағанатының аумағы, қимақтардың сыртқы саясаты, шаруашылығы мен мәдениеті жөнінде мәліметтер беріледі.
Төртінші сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелер қамтылуы керек: Қарахандар мемлекетінің жер аумағы, отырықшы шаруашылықтың және қалалық мәдениеттің дамуы, исламның кеңінен таралуы, Қарахандардың Орталық Азиядағы халықтармен (салжұқтармен, қарақытайлармен) қарым-қатынастары, т.б.
Бесінші сұрақ бойынша қыпшақтардың шығуы туралы болжамдар, Дешті-Қыпшақта олардың үстемдігінің орнауы, этникалық және қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы туралы айтылады. Қыпшақтардың оғыздармен, қимақтармен, Хорезммен және Русьпен қарым-қатынастары туралы мәліметтер беріледі.
Соныман қатар, семинар тақырыбына байланысты тарихи терминдерге, адам есімдеріне анықтама беріліп, тарихи оқиғалардың болған уақыты мен орны нақты көрсетіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007. – 274 б.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006. – 768 б.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007. – 344 б.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.
Семинар 4.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ХІІІ – ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР (1 с.)
Жоспар:
Монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.
Алтын Орда.
Ақ Орда.
Моғолстан.
Көшпелі өзбектер мемлекеті.
Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.
Әдістемелік нұсқау:
Бірінші сұрақ ХІІІ ғ. басында Орталық Азияда Монғол мемлекетінің құрылуы, оның әскери күш-қуаты, қоғамдық құрылысы мәселелерін қарастырудан басталады. Одан кейін монғолдардың Қазақстан мен Орта Азияға әскери жорықтарының басталу уақыты, оның себептері, монғол әскерінің дайындығы, жергілікті халықтың монғолдарға қарсылық көрсетуі, «Отырар апаты», Хорезмді жаулап алу жайлы мәліметтер келтіру керек. Монғол ұлыстарының құрылуы мәселесін түсіндіру барысында Жошы, Шағатай, Үгедей және Төле ұлыстарының құрамына кірген аймақтар картадан көрсетіп, «ұлыс» сөзінің мағынасын анықталады. Шыңғыс хан мен оның ұлдарынан кейін ішкі саяси күрестің өрістеуі барысында монғол ұлыстарының бөлшектене түсуі, ХІІІ ғ. ортасында жекелеген мемлекеттердің бөлініп шығуы (Бату ұлысы, Орда Ежен ұлысы, Хайду мемлекеті, т.б.), бұл мемлекеттердегі түркі тілдес халықтардың шешуші ролі жайлы баяндалады.
Екінші сұрақ бойынша Батудың 1235–1242 жж. Еділ бойына, орыс князьдіктеріне және Шығыс Еуропа елдеріне жасаған жорықтарының нәтижесінде Алтын Орданың құрылуы, жер аумағы, орталығы болған қалалары анықталады. Алтын Орданың мемлекеттік, азаматтық, әскери, шаруашылық, сот істерін жүргізетін органдарға сипаттама беріледі. Бату, Берке, Менгу-Темір, Өзбек, Жәнібек хандардың кезіндегі ішкі саяси, халықаралық жағдай, мемлекеттік құрылысы туралы айтылады. Алтын Орданың этникалық құрамына, әралуан тілі мен мәдениетіне назар аударылады.
ХІІІ–XV ғғ. өмір сүрген Ақ Орда туралы сұрақты қарастыру барысында Орда Ежен ұлысының құрылу тарихы, ішкі және сыртқы саяси жағдайы бойынша жауаптар дайындалу керек. Картаны пайдалана отырып, Ақ Орда мемлекетінің жер аумағы, онымен шекаралас елдер анықталады. Мемлекеттің күшеюіне, Алтын Ордадан саяси тәуелсіздікті иеленуіне ат салысқан Мүбарак Қожа, Ерзен, Ұрыс хандардың қызметі және олардың өз заманындағы саяси істерге араласуы жайлы мәліметтер келтіріледі. XIV ғ. 2–ші жартысындағы Ақ Орда мемлекетінің билеушілері Ұрыс (Орыс) ханның (1361–1377), Тоқтамыс ханның (1380–1395) Орта Азия әміршісі Темірмен (1370–1405) күресі, оның саяси салдары жөнінде түсіндіруге болады. Ақ Орданың жер аумағы қазіргі Қазақстанның басым бөлігін алғанына, халқының құрамында жергілікті тайпалардың (қыпшақ, арғын, қоңырат, керей, найман, үйсін, т.б.) басым болғанына және оның болашақ Қазақ хандығының этникалық негізін құрағанына назар аударылады.
Моғолстан мемлекеті сұрағында Шағатай әулетінің ұлысы ыдырағаннан кейін Моғолстанның құрылуы, орналасқан аумағы мен алғашқы билеушілерінің (Тоғылық Темір, Ілияс Қожа, Қызыр Қожа) жүргізген саясаты туралы қарастырылады. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде мемлекет тарихын көрсеткен Мұхаммед Хайдар Дулатидың деректеріне тоқталып, мемлекеттегі басқару жүйесі, жер иелену тәртібінің дамуы, көрші елдермен қарым-қатынастары, Әмір Темірдің Моғолстанға қарсы XIV ғ. 70-90 жж. жасаған жорықтарының зардаптары туралы мәліметтер келтіріледі. XV ғ. 1-жартысында Мұхаммед хан билігі тұсында Моғолстандағы саяси жағдайдың тұрақтануы, Уәйіс ханның ойраттармен күресі мәселелеріне назар аударылады. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында билік жүргізген Есен-Бұға ханның (1429–1462) саясатына, XVI ғ. басында Моғолстан мен Қазақ хандығының Жетісу өңірінде, Шығыс Түркістанда жүргізген соғыстарына сипаттама беріледі. Моғолстанның этникалық құрамы түркі тілдес тайпалар мен түркіленген монғол тайпаларынан тұрғаны, үстемдік еткен монғол тілдес тайпалардың түркіленіп, жергілікті халықпен араласуы жайлы айту керек.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы) сұрағын қарастыру мемлекеттің құрылған уақыты мен жер аумағын анықтаудан басталады. Шайбан ұрпағы Әбілхайырдың (1428–1468) билікке келуі туралы баяндай келіп, хандықтың этникалық құрамына, қоғамдық құрылысына тоқталу керек. Мемлекеттің XV ғ. 40-шы жж. Сырдария мен Қаратау өңіріндегі қалаларды иеленіп, Сығанақты орталық еткені, Әбілхайыр ханның көрші елдерге қатысты ұстанған саясаты жөнінде түсіндіріледі. Мемлекеттегі ішкі саяси жағдайдың болашақ Қазақ хандығының құрылуына тигізген ықпалы айтылады. Әбілқайыр хандығының әлсіреп, бірнеше ұлыстарға бөлініп кету себептеріне талдау жасалып, мемлекеттің XV ғ. Орта Азия мен Қазақстанның этносаяси тарихында алатын маңызды ролі көрсетіледі.
Семинардың алтыншы сұрағын қарастырғанда ең алдымен Алтын Орданың ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасының пайда болуы, жер аумағы мен этникалық құрамы жайлы айтылады. Мемлекеттің саяси тарихына тоқталғанда Ноғай Ордасының негізін салушы Әмір Едігенің (1396–1419) маңғыт жұртын нығайтуға бағытталған саясаты туралы мәліметтер келтіріліп, қоғамдық құрылысы сипатталады. XVI ғ. 30-50 жж. қазақ ханы Хақназардың тұсында ноғай–қазақ қатынастарының белсенді түрде дамуы, XVI ғ. 2–ші жартысында Ноғай Ордасының бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап, ноғайлардың Ресеймен, Қырым хандығымен қарым–қатынастары жайлы жауаптар дайындалады.
Сібір хандығының тарихына қатысты айтылатын мәселелер: «Сібір» атауының шығуы мен мағынасы жөніндегі түрлі көзқарастар, XIV ғ. 60-жж. Сібірде Түмен хандығының құрылуы, Шайбани ұрпақтарының билікке келуі және олардың Тайбұға әулетінің хандарымен саяси билік үшін күресі, т.б. Сібір хандығының XVI ғ. тарихында көрнекті орын алған шайбанилік Көшім ханның (1556–1598) тұлғасына тоқталып, оның Ресей патшалығымен қарым-қатынасы, Ермак бастаған казактармен күресі және Сібір хандығының XVI ғ. соңында Ресей құрамына алынғаны туралы айтылады.
Семинар тақырыбына байланысты тарихи терминдерге, адам есімдеріне анықтама беріліп, тарихи оқиғалардың болған уақыты мен орны нақты көрсетіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007. – 274 б.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006. – 768 б.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007. – 344 б.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.
Семинар 5.
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. (1 с.)
Жоспар:
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.
«Қазақ» этнонимінің әлеуметтік және этникалық мәндері.
Қазақ хандығының құрылуы.
ХV ғ. соңында Қазақ хандығының нығаюы.
Әдістемелік нұсқау:
Бірінші сұрақ бойынша қазақ халқының пайда болуы мен этникалық тарихына байланысты бірнеше ғылыми көзқарастардың бар екендігі назарға алынады. Біріншіден, этногенетикалық үрдісті сипаттауға қатысты қазақ халқының пайда болуының миграциялық және автохтондық тұжырымдары, екіншіден, қазақ халқының этногенезінің аяқталу кезеңі жайлы монғолдарға дейінгі (А. Левшин, Х. Әділгереев, М. Ақынжанов, т.б.), этносаяси (В. Вельяминов-Зернов), өзбек-қазақтық (Ш. Уәлиханов, В. Юдин, т.б.) көзқарастар туралы айтылады. Қазақтардың халық болып қалыптасуына әсер еткен басты факторлар анықталады.
Келесі сұрақ бойынша «қазақ» атауы алғаш рет кездесетін тарихи деректерді анықтап, олардағы «қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер мен болжамдарға кеңінен сипаттама берілуі қажет. Қазақ атауының шығу тегін б.з.б. І мыңжылдықтың 2-ші жартысында Қазақстан аумағында өмір сүрген «сақ», «каспи» т.б. тайпалардың атымен байланыстыратын Ә. Х. Марғұлан, А.Бернштам, М.Ақынжанов сияқты ғалымдардың тұжырымдары айтылады. Одан кейін, «қазақ» сөзінің мағынасын өз алдына еркін жүрген, ерікті адамдар деп түсіндіретін В. Радлов, Ш. Уәлиханов, М.Х. Дулати, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. ғалымдардың тұжырымдарына тоқталу керек.
Семинардың үшінші және төртінші сұрақтары бойынша тарихи деректердегі мәліметтерге сүйеніп, Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда құрылған Көшпелі өзбектер мемлекетінің және Моғолстанның XV ғ.-ң 50-60 жж. саяси-әлеуметтік, этникалық жағдайына сипаттама беріледі. Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне топтасқан тайпалардың Әбілхайыр ханның қол астынан бөлініп, Батыс Жетісуға қоныс аударуы Қазақ хандығының құрылуына негіз болғанын айту керек. Моғолстан ханы Есенбұғаның қазақ сұлтандарымен одақ құрып, оларға жер бөліп беруіндегі көздеген саясатының мәні, XV ғ.-ң соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының шекарасының кеңеюіне және халық санының өсуіне ықпал еткен саяси-әлеуметтік факторлар анықталады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: «Шың кітап», 2010. – 360 б.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007. – 274 б.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006. – 768 б.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007. – 344 б.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008. – 640 б.
Семинар 6.
Тақырыбы: ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ. (1 с.)
Жоспар:
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.
Абылай хан тұсындағы Қазақ мемлекеті.
2.1 Абылай хан билігінің күшеюі.
2.2 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
Әдістемелік нұсқау:
Семинарға дайындықты Қазақстан тарихынан арнайы әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын, мерзімдік басылымдарда тақырыпқа байланысты жарияланған ғылыми мақалаларды оқып білуден бастау керек. Семинардың бірінші сұрағы бойынша дайындалу барысында мына мәселелер назарға алынады:
ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының геосаяси жағдайы және сонымен байланысты мәселелер;
Тәуке хан билік етуінің соңғы жылдарында орталық хан билігінің әлсіреуі және бытырңқылықтың күшеюі;
Қазақ-жоңғар соғыстарының себептері, қарсыласушы тараптардың мақсаттары;
Екі жақтың соғысқа дайындық деңгейі. Әскерінің құрамы, қарулану жағдайы;
Қазақ-жоңғар соғыстарының кезеңдері, алғашқы шабуылдардың нәтижелері, негізгі шайқастар, кезеңдердің нәтижелері;
Соғыстың әскери және саяси нәтижелері, тарихи маңызы.
Семинардың келесі сұрағы бойынша жауап бергенде келесі мәселелерді басшылыққа алу керек:
Абылай ханның (Әбілмансұр) әлеуметтік шығу тегі. Мінез-құлқы, көзқарастары қалыптасуының алғышарттары. Оның тұлға ретінде қалыптасуына өскен ортасының немесе өмір сүру жағдайының тигізген әсері;
Саяси немесе қоғамдық қызметінің басталуы;
Қай әлеуметтік топтың немесе таптың мүддесін білдіргенін, бұл топтың тарихи мақсаттарын, ерекшеліктерін анықтау;
Абылай ханның жеке басының қасиеттері. Олардың қойылған мақсатқа жету үшін қаншалықты жарамды болуы;
Өз мақсаттарына жету үшін қолданған амалдарын, тәсілдерін сипаттау. Олар уақыт талабына қаншалықты сәйкес келуі;
Қол жеткізген нәтижелері, табыстарының (сәтсіздіктерінің) себептері;
Абылай ханның тарихтағы рөлі. Оның қызметінің оқиғалардың әрі қарай өрбуіне тигізген әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007. – 274 б.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том. Алматы «Атамұра», 2002.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы «Дәуір», 1994.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
Семинар 7.
Тақырыбы:ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНА ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. (1 с.)
Жоспар:
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.
Кіші жүздің және Орта жүздің Ресей империясының қол астына өтуі.
Семинар 8.
Тақырыбы:ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. (1 с.)
Жоспар:
Орта жүз бен Кіші жүзде хан билігінің жойылуы.
Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі.
Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847).
Семинар 9.
Тақырыбы:ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ДАМУЫ. (1 с.)
Жоспар:
1905-1907 жж. орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.
1916-жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
Семинар 10.
Тақырыбы:ҚАЗАҚСТАН АҚПАН ЖӘНЕ ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕ. (1 с.)
Жоспар:
1. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі қазақ өлкесі.
2. Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі.
3. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан. Кеңестер билігінің орнауы.
Семинар 11.
Тақырыбы: ХХ Ғ. 20-30 ЖЖ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ. (1 с.)
Жоспар:
1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы.
2. Индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.
Семинар 12.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА. (1 с.)
Жоспар:
1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.
2. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
3.Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.
Семинар 13.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946-1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУЫ. (1 с.)
Жоспар:
1. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
3. Қазақстанның мәдени дамуы.
Семинар 14.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛУЫ. (1 с.)
Жоспар:
1. КСРО-ның ыдырауы және оның себептері.
2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
Семинар 15.
Тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЯСАТЫ. (1 с.)
Жоспар:
1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси институттарының қалыптасуы.
2. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары
ОСӨЖ № 1.
Тақырыбы: ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Алғашқы адамдардың пайда болуы туралы қандай ғылыми көзқарастар белгілі?
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән ерекшеліктерді сипаттаңыз.
Палеолит дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы адамдар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысты?
Палеолит дәуіріндегі адамдардың әлеуметтік ұйымдасуы қандай кезеңдерден өтті?
Мезолит дәуірінің басты ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Неолит дәуірінде адамдардың шаруашылығы мен кәсібінде қандай жаңалықтар болды?
Тұтыну шаруашылығынан өндіруші шаруашылыққа ауысу дегенді қалай түсінесіз?
Энеолит дәуіріне тән басты ерекшеліктер қандай?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Тас дәуірінің әрбір кезеңдерінің хронологиясы, басты ерекшеліктері, Қазақстан аумағынан табылған ескерткіштері және оларды зерттеген ғалымдар туралы мәліметтер беретін кесте құрастыру.
2-тапсырма. Картамен жұмыс.
Картадан тас дәуірінің Қазақстан территориясынан табылған археологиялық ескерткіштерінің орындарын көрсету және контур картаға түсіру.
3-тапсырма. Реферат, баяндама жазу.
Қазақстандағы тас дәуірінің ескерткіштері.
Қазақстандық археологтар және олардың қызметі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007.
ОСӨЖ № 2.
Тақырыбы:ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қола дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді? Әр кезеңнің хронологиялық шегін анықтаңыз.
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерін қай археологтар зерттеді?
Андронов мәдениеті қандай кезеңдерге бөлінеді? Андронов мәдениеті ескерткіштеріне тән өзіндік ерекшеліктерді анықтаңыз.
Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің кезеңдері мен ескерткіштерін атаңыз.
Солтүстік, Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін атаңыз.
Қола дәуіріндегі рулар арасында қақтығыстардың болып тұрғанын немен түсіндіресіз?
Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің болғанын немен дәлелдеуге болады?
Қола дәуіріндегі тұрғын үйлердің салынуында қандай өзгерістер болды?
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстан аумағында көшпелі шаруашылықтың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Қола дәуірінде адамдардың шаруашылығында және қоғамдық өмірінде болған өзгерістерді көрсететін кесте құрастыру.
2-тапсырма. Картамен жұмыс.
Андронов мәдениетінің, Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің таралу аймағын картадан тауып көрсету.
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін картадан көрсету және контур картаға түсіру.
3-тапсырма. Реферат, баяндама жазу.
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы: «Атамұра», 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы, 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
ОСӨЖ №3.
Тақырыбы:ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР.
1) Сақтар мен сарматтардың археологиялық ескерткіштері.
2) Сақтардың әлеуметтік ұйымдасуы және шаруашылығы.
3) Ғұндардың саяси тарихы.
4) Үйсіндер мен қаңлылар туралы деректер.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі мен ерекшеліктерін анықтаңыз.
Сақ тайпаларының Қазақстан жерінен табылған археологиялық ескерткіштерін атаңыз.
Қазақстандағы темір дәуірі ескерткіштерін қай археологтар зерттеді?
Сақ тайпаларының ескерткіштері – қорғандар мен обалардың әр түрлі көлемде тұрғызылуы нені білдіреді?
Сақтар мен сарматтарда шаруашылықтың қандай негізгі және қосалқы түрлері дамыды?
Сақтардың қолданбалы өнерінде дамыған «аңдық стильге» сипаттама беріңіз.
Сақ тайпаларының қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жіктелуі туралы не білесіз? Сақ қоғамындағы патшалардың, абыздардың, жауынгерлердің және қауым мүшелерінің рөлін анықтаңыз.
Сармат тайпаларының одағы қай аумақта мекендеді және қандай тайпаларға бөлінді?
Ғұндардың саяси және қоғамдық-шаруашылық құрылысы туралы қандай жазба деректерде айтылады?
Ғұн тайпаларының тарихын зерттеумен қандай ғалымдар айналысты?
Ғұн мемлекетіндегі басқару жүйесі қандай болды?
Ғұндардың қоғамында қандай әлеуметтік топтар болды?
Ғұндардың бір бөлігінің Қазақстан аумағына қоныстануының себебі неде?
Ғұндардың көрші елдермен, атап айтқанда Қытаймен, қаңлылармен және үйсіндермен қарым-қатынастары туралы не білесіз?
Мөде (Маодунь), Чжи-чжи, Хуханье, Аттила және т. б. ғұн билеушілерінің тарихи қызметіне сипаттама беріңіз.
«Халықтардың ұлы қоныс аударуының» себептері мен салдарларын анықтаңыз.
Ежелгі замандағы жазба деректерге үйсіндер мен қаңлылар туралы қандай нақты мәліметтер сақталған?
Үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.
Қазақстан аумағынан үйсіндердің қандай археологиялық ескерткіштері табылды?
Үйсіндер мен сақтардың мәдениетіндегі ұқсастықтарды неден байқауға болады?
Қаңлылардың Қазақстан аумағынан табылған мәдени ескерткіштерін анықтаңыз.
Қаңлылардың үйсіндермен, ғұндармен және Қытаймен қарым-қатынастары қандай болды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Картамен жұмыс.
Картадан Қазақстан территориясынан табылған ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін көрсетіңіз.
Сақ және сармат тайпаларының мекендеген жерлерін картадан көрсетіп, контур картаға түсіріңіз.
Картадан б.з.б. IV-ІІІ ғғ. ғұн тайпаларының мекендеген аумағын көрсетіңіз.
Картаны пайдалана отырып, ғұндардың қоныс аудару бағыттарын анықтаңыз.
Картадан үйсіндер мен қаңлылардың мекендеген жер аумағын анықтау және оны кескін картаға түсіру.
2-тапсырма. Реферат, баяндама жазу.
Ежелгі парсы және грек жазба деректеріндегі сақтардың тарихы.
Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың археологиялық ескерткіштері.
3-тапсырма. Ғұндардың тарихында орын алған оқиғалармен байланысты келесі жылдар бойынша кесте құрастыру:
Б.з.б. IV–ІІІ ғасырлар, б.з.б. ІІІ ғасыр, б.з.б. 209 жыл, б.з.б. 59 жыл, б.з.б. 55 жыл (б.з.б. 47 жыл), 93 жыл, ІІ–V ғасырлар, 410–453 жылдар.
4-тапсырма. Үйсін және қаңлы тайпалық одақтары туралы нақты тарихи мәліметтер (мекендеген аумағы, әкімшілік құрылысы, халқы, әскер саны, қалалары, т. б.) бойынша кесте құрастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Қ. С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф. А. Қозыбақова және т. б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №4.
Тақырыбы: VI–X ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ерте орта ғасырларда Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер құрылды?
Түрік қағанаты қай мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты?
Түрік және Батыс Түрік қағанаттарының қоғамдық құрылысына сипаттама беріңіз.
Батыс Түрік қағанатының әлсіреуі мен құлауының себептерін анықтаңыз.
Шығыс Түрік қағанатының көрші елдермен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.
Түргештер Сұлу қағанның билігі тұсында қандай жетістіктерге қол жеткізді?
751 жылы Тараз маңында болған Атлах шайқасының тарихи маңызы қандай?
Қарлұқтардың, оғыздардың және қимақтардың этникалық және тайпалық құрамына сипаттама беріңіз.
Оғыздар мемлекетінің құлау себептері қандай болды?
Қимақ қағанатының әлсіреуіне қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер етті?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. VI ғ. ортасы – ХІ ғ. басында Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттер туралы нақты тарихи мәліметтер бойынша кесте құрастыру.
2-тапсырма. Картамен жұмыс.
VІ–ХІ ғғ. Қазақстан аумағында өмір сүрген ерте ортағасырлық мемлекеттердің жер аумағын, басты қалаларын кескін картаға түсіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы: «Атамұра», 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №5.
Тақырыбы: Х ҒАСЫР – XІІІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Қарахан әулеті мемлекетінің этникалық құрамына қандай тайпалар кірді?
Қарахан әулеті мемлекетінде қандай жоғары лауазым иелері болды?
ХІ ғ. 30-40 жылдары Қарахан әулеті мемлекеті қандай дербес иеліктерге бөлінді? Олардың әрқайсына сипаттама беріңіз.
Қарахан әулеті мемлекеті қандай халықтармен соғыстар жүргізді?
Қыпшақтар туралы алғашқы мәліметтер қай жазба деректерде кездеседі?
«Дешті Қыпшақ» атауы қашан пайда болды және оның мағынасы қандай?
Қыпшақ мемлекетінің этникалық құрамына қандай тайпалар кірді?
Қыпшақтар қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің қандай белгілері болды?
ХІ-ХІІ ғғ. қыпшақтардың Хорезм мемлекетімен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Х ғ. – ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің (Қарахан әулеті мемлекеті, Қыпшақтар мемлекеті, Қарақытайлар мемлекеті) этникалық-саяси құрылымы бойынша кесте құрастыру.
2-тапсырма. Қарахан әулеті мемлекетінің тарихына қатысты келесі жылдар бойынша хронологиялық кесте құрастыру:
942 жыл, 960 жыл, 999 жыл, 1004-1005 жылдар, ХІ ғ. 30-40 жж., 1141 жыл, 1213 жыл.
3-тапсырма. Картамен жұмыс.
Картадан Қарахан әулеті мемлекеті мен Қыпшақтар мемлекетінің жер аумағын анықтап, контур картаға түсіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы: «Атамұра», 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №6.
Тақырыбы: VI–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ МӘДЕНИЕТ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ұлы Жібек жолының халықаралық сауда жолы ретінде қалай қалыптасты?
Ұлы Жібек жолы бойында саудаға қандай тауарлар шығарылды?
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы қандай болды? Ұлы Жібек жолы халықаралық сауда жолы ретіндегі маңызын қандай себептерге байланысты жоғалтты?
Көне түрік жазуы ескерткіштері қай жерлерден табылды? Оларды кімдер зерттеді?
Көшпелілердің діни наным-сенімдерін және оның ерекшеліктерін сипаттау.
Х-ХІІ ғғ. қалалар санының өсуіне қандай жағдайлар себебін тигізді?
Х-ХІІ ғғ. қалалардың құрылысында қандай жаңа ғимараттар пайда болды?
Ортағасырлық қалаларда қолөнердің қандай түрлері кең дамыды?
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан жеріндегі түркі тілдес ғылым мен әдебиеттің дамуына үлес қосқан қандай ғалымдар белгілі?
Дамыған орта ғасырларда ғылым салаларының дамуына қандай себептер болды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Реферат, баяндама жазу.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі түрік қағанаттарының тарихы.
Ерте ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті.
Орта ғасырлардағы (VI-XІІ ғғ.) Қазақстан қалалары.
Ұлы Жібек жолы және оның қазақстандық тармақтары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Байпаков К. М., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
ОСӨЖ №7.
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Қазақ» атауы қандай ортағасырлық жазба деректерде кездеседі?
Қазақ халқының этникалық ұйытқысының қалыптасуына қандай тайпалар негіз болды?
Қазақ халқы қалыптасуы қандай кезеңдерден өтті?
«Қазақ» атауының әлеуметтік мағынада қолданылуы қай кезге жатады және ол қандай ұғымды білдірген?
Қазақ атауының саяси және этникалық мәнге ие болуы қай кезеңге жатады?
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу үрдісін жылдамдатқан саяси, экономикалық, мәдени факторларды анықтау.
Қазақ халқының қалыптасуы нешінші ғасырларда аяқталды?
Қазақ хандығының құрылуы туралы қай ортағасырлық деректе айтылады?
Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары қандай болды?
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттердің саяси, әлеуметтік-этникалық жағдайларына сипаттама беру.
Қазақ хандығы қашан құрылды, алғашқы қазақ хандары кімдер болды?
Керей мен Жәнібек сұлтандар қандай себептерге байланысты Моғолстан жеріне қоныс аударды?
Қазақ хандығы Шығыс Дешті Қыпшақтағы қандай саяси дағдарыс кезінде құрылды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Реферат, баяндама жазу.
Қазақ халқының шығу тегі туралы.
Қозыбасы – Қазақ хандығының туы тігілген жер.
Қазақ хандары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы; «Атамұра», 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы, 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №8.
Тақырыбы: XV ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ - ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қазақ хандығының нығайып, жер көлемінің ұлғаю себептерін анықтау.
Бұрындық хан мен Қасым хан билігі тұсында Қазақ хандығының күшеюі неден байқалды?
«Қасым ханның қасқа жолы» дегеніміз не? Оның мазмұнына сипаттама беру.
XVI ғ. 20-30 жылдарында қандай хандар билік жүргізді және бұл кезеңде Қазақ хандығының саяси жағдайы қалай өзгерді?
Хақназар хан өз саясатында қандай табыстарға қол жеткізе алды?
Хақназар хан Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен өзбек ханы Абдаллахтың арасындағы келіспеушілікті қалай пайдаланды?
Тәуекел ханның билігі тұсында Қазақ хандығының құрамына қандай қалалар қосылып алынды?
XVII ғ. 2-ші жартысында Қазақ хандығы қандай көршілес елдермен байланыстар орнатты?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Қазақ хандарының билік құрған жылдары бойынша хронологиялық кесте құрастыру.
2-тапсырма. ХVІ ғ. Қазақ хандығы тарихы бойынша төмендегі жылдарда болған оқиғаларды анықтаңыз:
1511-1518 (1523) жж., 1514 жыл, 1538-1580 жж., 1573 жыл, 1580 жыл, 1586 жыл, 1594 жыл, 1595 жыл, 1598 жыл.
3-тапсырма. Картамен жұмыс.
Картадан XVІ ғ. Қазақ хандығының аумағын көрсету, контур картаға түсіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы, 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. Алматы, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы, 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008.
ОСӨЖ №9.
Тақырыбы: ХVІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
XVII ғ. басында Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай болды?
Тұрсын ханның Есім ханмен жоғарғы хандық билік үшін таласуы немен аяқталды?
«Есім ханның ескі жолы» дегеніміз не?
Жоңғар мемлекеті қашан және қай аумақта құрылды?
Жоңғар қонтайшыларының қазақ жеріне шапқыншылық жасаудағы көздеген мақсаты қандай болды?
XVII ғасырдың 2-ші жартысында Қазақ хандығының әлсіреу себебі неде?
1643 жылғы Орбұлақ шайқасы туралы не білесіз? Бұл шайқаста қазақтардың жеңіске жетуінің себептері қандай?
Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістерді енгізді?
«Жеті жарғы» дегеніміз не? «Жеті жарғы» бойынша қылмысы үшін құн төлеу мөлшері қанша болды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Хронологиялық кестені толтыру. ХVІІ ғ. Қазақ хандығының тарихы бойынша төмендегі жылдарда болған оқиғаларды анықтаңыз:
1598-1613 жж., 1613-1627 жж., 1627-1628 жж., 1628-1644 жж., 1643 жыл, 1644-1652 жж., 1652 (1680) – 1715 жж.
2-тапсырма. Картамен жұмыс.
Картадан XVІІ ғ. Қазақ хандығының аумағын көрсету, контур картаға түсіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №10.
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІ. ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН АУМАҒЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Жүз» ұғымының мағынасын түсіндіріңіз.
Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік бөлінісі ретіндегі «жүз» ұғымы қай кезеңде қалыптасты?
Қазақ ру-тайпаларының жүздерге бөліну принципінің негізінде қандай факторлар тұрды?
Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы қандай халық аңыздары сақталған?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы Ш. Уәлиханов, Н. Аристов, В. Бартольд, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов сияқты ғалымдардың пікірлерімен танысып, оларды салыстырыңыз.
2-тапсырма. Қазақ жүздерінің рулық-тайпалық құрамы мен қоныстанған аумағы бойынша кесте құрастырыңыз және оған түсініктеме беріңіз.
3-тапсырма. Картамен жұмыс.
Картадан қазақтың үш жүзінің құрамына кіретін ру-тайпалардың қоныстанған аумағын анықтап, әр жүздің жер аумағын контур картаға түсіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №11.
Тақырыбы: ХVІ-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар.
XV-XVI ғғ. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы қандай сатылардан тұрды?
Қазақ хандығында ақсүйектер категориясына кімдер жатты?
Қазақ қоғамында феодалдар тобына кімдер жатты?
Қарасүйектер категориясына халықтың қай топтары жатқызылды?
Қарапайым халық феодалдарға қандай міндеткерліктер атқарды?
Қазақ хандығында сот билігін жүргізу кімдердің қолдарында болды?
Қазақ қоғамындағы билер мен батырлардың рөлі қандай болды?
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығында маусымдық жайылымдар қандай кезеңдерге бөлінді?
Қазақ хандығында егіншілік қай аудандарда жақсы дамыды? Оның себебі неде болды?
Қазақ ханының қандай құқықтары болды? Қазақ ханын сайлау құқығына кімдер ие болды?
Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық өмірінде қалалар қандай рөл атқарды?
Қалалардың экономикалық жағынан әлсіреуіне қандай жағдайлар себеп болды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Қазақ қоғамының ХVІ-ХVІІ ғғ. әлеуметтік жіктелуі (ақсүйек, қарасүйек) бойынша сызба құрастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №12.
Тақырыбы: ХVІ-ХVІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Мәдениеттің қандай түрлері бар?
Материалдық мәдениет дегеніміз не? Оған нелер жатады?
Қазақ халқының қандай ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар?
Қазақ халқының ұлттық киімдері және олардың түрлері туралы не білесіз?
Қазақ халқының қандай ұлттық тағам түрлері бар?
Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған нелер жатады?
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз, олардың маңызы қандай?
Қазақ халқының музыка өнерінің қандай салалары бар? Қазақтың қандай ұлттық музыкалық аспаптары бар?
Ауыз әдебиеті шығармаларының қандай түрлері белгілі?
XVI-XVIIІ ғғ. қазақ халқының қандай ақын-жырауларын білесіз?
Жыраулар шығармашылығының басты тақырыбы қандай болды?
Билердің Қазақ хандығында атқарған қызметі қандай болды? XVІI-XVIIІ ғғ. өмір сүрген қазақ билерін атаңыз.
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. XVI-XVII ғасырларда қазақ тарихы бойынша жазылған тарихи шығармаларға сипаттама беру.
2-тапсырма. Реферат, баяндама жазу.
ХVI-ХVIІ ғасырлардағы қазақ халқының материалдық мәдениеті.
Кейінгі орта ғасырлардағы қазақ ғалымдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. І том. Алматы, 1989.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №13.
Тақырыбы: ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСТАРЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар.
XVIII ғ. басында Қазақ хандығының саяси жағдайы қалай өзгерді? Осы кезеңде Қазақ даласына қандай көрші елдер шабуылдар жасап отырды?
XVIII ғ. басында қазақ жүздерінде қандай хандар билік жүргізді?
Қазақ хандығына әскери жорықтар ұйымдастырған жоңғарлардың басты мақсаттары қандай болды?
Қазақ елінің тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңі қандай оқиғаны білдіреді?
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресін кімдер ұйымдастырды? Бұл күрестің басында қандай хандар мен батырлар тұрды?
Қазақтардың жоңғарлармен соғыстары кезінде қандай ірі шайқастар болып өтті?
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде қазақтар қандай жағдайға ұшырады?
Қазақ хандығына қарсы әскери жорықтар ұйымдастырған қандай жоңғар қонтайшылары белгілі?
1726 жылғы Мәслихат қай жерде өтті? Онда қандай басты мәселе қарастырылды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Хронологиялық кестені толтыру. Қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі басты оқиғаларды жылдар бойынша анықтаңыз: 1710 жыл, 1715-1718 жж., 1718 жыл, 1723 жыл, 1723-1727 жж., 1725 жыл, 1726 жыл, 1729/1730 жыл.
2-тапсырма. Тарихи қайраткерлердің кім екенін анықтау.
Қайып хан, Болат хан, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет хан, Жолбарыс хан, Сәмеке хан, Цеван-Рабдан, Қалдан-Церен.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы, 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №14.
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ БАСТАЛУЫ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Қазақ-орыс елшілік байланыстары қай кезден басталды?
1594 жылғы Қазақ хандығынан Мәскеу патшалығына Құлмұхаммед бастаған елшіліктің мақсаттары қандай болды?
Тәуке хан билік жүргізген кезде Қазақ хандығы мен Сібір қалалары арасында қандай байланыстар орнатылды?
Қайып хан Ресей патшалығына қандай елшіліктер аттандырды?
XVIII ғ. басында Қазақ хандығы қай мемлекеттермен шектесіп жатты?
XVIII ғ. басында Жоңғария мемлекетін басқарған Цеван-Рабдан сыртқы саясатта қандай мақсатты көздеді?
Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресейге қандай мақсатпен елшілік аттандырды?
Кіші жүзі ханы Әбілқайыр Ресейге адалдық жөнінде қай жылдары ант берді?
XVIII ғ. басында Ресейдің Қазақ даласына қатысты ұстанған саясаты қандай болды?
XVIII ғ. басында Ресей үкіметі Қазақ даласына қандай экспедицияларды аттандырды? Ертіс өзені бойында қандай бекіністер тұрғызылды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Мына тарихи қайраткерлердің кім екенін анықтау:
Құлмұхаммед, Ораз-Мұхаммед, В. Степанов, Әбілқайыр хан, Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы, Анна Иоанновна, А. Тевкелев, Барақ сұлтан.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №15.
Тақырыбы: АБЫЛАЙ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ.
Тапсырмалар:
Талқылауға арналған сұрақтар.
Абылайдың тұлғасы қай оқиғадан кейін мәлім болды?
Абылайдың Қазақ даласындағы саясаты қандай мақсатта жүргізілді?
Абылай сұлтан Орта жүздің атынан Ресейге адалдық жөнінде қай жылы ант берді?
Абылай хандық билікте қандай өзгерістерді жүзеге асырды?
Абылай хан Ресей және Цин империяларымен қандай дипломатиялық байланыстар орнатты?
Абылай ханның ордасы қай өңірде орналасты?
Абылай хан Жоңғар мемлекетіне қатысты қандай саясат ұстанды?
СӨЖ тапсырмалары:
1-тапсырма. Мына тарихи қайраткерлердің кім екенін анықтау:
Әбілмансұр, Қалдан-Церен, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Уәли хан, Елизавета Петровна, ІІ Екатерина, Әмірсана.
2-тапсырма. Абылай ханның билігі тұсында Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен, Ресей империясымен, Цин империясымен және қырғыздармен жүргізген сыртқы саясатына сипаттама беретін сызба құрастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Әбуев Қ. Қазақстан: тарих және тағылым. Астана «Елорда», 2006.
Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М. Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
ОСӨЖ №16.
Тақырыбы: ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕМЕЛЬЯН ПУГАЧЁВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Тарихи қайраткерлердің кім екенін анықтау.
Сырым Датұлы, Е. Пугачев, Нұралы хан.
2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар.
Е. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтар не себептен қатысты?
Е. Пугачев көтерілісіне қай жүздің қазақтары қатысты?
Е. Пугачев бастаған көтеріліске қандай қазақ сұлтандары қолдау білдірді?
Е. Пугачев бастаған көтеріліс кезінде Нұралы хан бастаған феодалдар қандай позицияны ұстанды?
Е. Пугачев қазақтарды көтеріліске қатыстыру үшін оларға қандай уәде берді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы, 2005.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.
Қазақстан тарихы. Құрастырған: Ермұханова Х.К. Алматы: «Шың кітап», 2010.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996, 2010.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005, 2008.
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2007.
Аралық және қорытынды аттестаттау материалдары
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
(тарихшы емес мамандықтарға арналған)
Тас дәуіріндегі Қазақстан. Палеолит және мезолит кезеңдері. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінің шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
Неолит дәуіріндегі Қазақстан. Энеолит кезеңінің ерекшеліктері.
Қазақстан қола дәуірінде. Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Сақ-скиф дәуірі. Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
Ғұн мемлекеті. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» және оның дүниежүзілік тарихтан алатын орны.
Үйсіндер мен қаңлылар мемлекеті. Саяси тарихы. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
Ерте түрік дәуірі. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
Оғыз конфедерациясы. Қимақ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
Қазақстанның түрік дәуіріндегі материалдық және рухани мәдениеті (VI-XII ғғ.).
Көне түрік руникалық жазба ескерткіштері. X-XII ғғ. түркі тілдес әдебиетінің дамуы.
Қарахандар мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті.
Қазақстанның ортағасырлық тарихындағы қыпшақтардың рөлі.
Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы алатын орны.
Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Қазақстанның моңғол ұлыстарының құрамына енуі.
Қазақстан Алтын Орда құрамында. Саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті мен қоғамдық ұйымдасуы.
Алтын Орданың ыдырауы. Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы.
Моғолстан мен Ноғай Ордасы: этникалық құрамы және саяси тарихы.
Әмір Темір империясының құрылуы. Әмір Темірдің Дешті Қыпшақ және Моғолстан жеріне жорықтары.
Көшпелі өзбектер мемлекеті. Өзбек ұлысының құрамына кірген этникалық компоненттер.
Сібір хандығының этникалық құрамы және саяси тарихы. Көшім хан.
Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек.
Қазақ халқының этногенезі. «Қазақ» сөзінің этимологиясы. Оның әлеуметтік және этникалық мазмұны.
Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының нығаюы. Оның ішкі және сыртқы саясаты.
XVI ғ. 2-ші жартысы – XVII ғ. басындағы Қазақ хандығы. Хақназар, Тәуекел және Есім хандардың қызметі.
XVII ғ. – XVIII ғ. басындағы қазақ-жоңғар қарым – қатынастары. Жәңгір хан. Орбұлақ шайқасы.
Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
XVI ғ. аяғы – XVIII ғ. басындағы қазақ-орыс қарым – қатынастары. Дипломатиялық елшіліктер.
XVI-XVIII ғғ. Қазақстан мәдениеті: Қазтуған, Үмбетей, Бұхар жырау шығармашылығы.
XVI-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы. Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.
XVI-XVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
Қазақ жүздерінің құрылуы. Оның этникалық құрамы мен территориясы.
Қазақ билері. XVII-XVIII ғғ. қазақтардың қоғамдық өміріндегі олардың рөлі. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары. Аңырақай шайқасы.
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы: алғышарттары, негізгі кезеңдері.
Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы. Оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Қазақтардың Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775 жж.)
1783-1797 жж. С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
1822-1824 жж. реформалар. Хандық билікті жою, патша үкіметінің жаңа әкімшілік-территориялық бірліктерді құруы. Көкшетау округінің ашылуы.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж.).
И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі (1836-1838 жж.)
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның онтүстігінің жаулап алынуы. Оның әлеуметтік – экономикалық салдары.
1867-1868 жж. «Уақытша ереже». Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі.
1868-1869 жж. Торғай мен Орал облыстары қазақтарының бас көтеруі. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865 жж.) ғылыми және қоғамдық қызметі.
XIX ғ. Қазақстандағы білім беру мен ағарту ісінің дамуы. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық қызметі.
XIX ғ. 2-ші жартысында қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуы. Абай Құнанбайұлының (1845-1904 жж.) шығармашылығы.
XIX ғ. Қазақстанның материалдық және рухани мәдениеті. Ақан сері, Біржан сал шығармашылығы.
Ресейдегі аграрлық дағдарыс. XIX ғ. 2-ші жартысы – XX ғ. басындағы Қазақстанға қоныс аудару саясаты және оның салдары.
Қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. XIX ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы.
XIX ғ. 2-ші жартысы – XX ғ. басындағы Қазақтандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.
1905-1907 жж. бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қызметі.
XX ғ. басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті.
Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның тарихи маңызы.
1917 ж. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық – демократиялық революциясы және Қазақстан.
1917 ж. «Алаш» партиясының құрылуы, оның бағдарламасы мен көсемдері.
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
1918-1920 жж. Азамат соғысы. «Әскери коммунизм» саясаты және оның зардаптары.
1920 ж. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның» құрылуы, оның тарихи маңызы. КСРО-ның құрылуы.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) жылдарындағы Қазақстан. 1921-1922 жж. жер-су реформалары.
Қазақстандағы 1920-1940 жж. индустрияландыру саясаты. Оның ерекшеліктері.
XX ғ. 30-шы жылдарындағы күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары.
«Кіші Қазан» идеясының жүзеге асырылуы. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы.
1920-1930 жж. Қазақстан мәдениеті. Халыққа білім беру жүйесінің құрылуы және дамуы. Әдебиет және өнер.
1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.
XX ғ. 30-50 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар.
Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстандағы ұлттық саясат пен демографиялық үрдістер (1917-1991 жж.).
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
Қазақстан – майдан арсеналы. Көкшетаулықтардың Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлестері.
XX ғ. 40-60 жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.
Қазақстан «Хрущевтік жылымық» кезеңінде: реформа жасау әрекеттері мен демократиялық идеяларды жаңғырту (1953-1964 жж.).
Тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
1960-1970 жж. ортасындағы Қазақстан. Экономиканы реформалау әрекеттері.
Қазақстан «тоқырау» кезеңіңде (1970-1985 жж.): саясат, экономика, мәдениет.
XX ғ. 60-80 жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.
Қазақстандағы қайта құрудың басталуы. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жастардың қоғамды демократиялық жаңғырту жолындағы күресі.
Қазақстан қайта құру кезіңінде. 1985-1991 жж. ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі дағдарыс.
КСРО-ның ыдырауы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау.
Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы. Ішкі саясаттың негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін қабылдау (Елтаңба, Ту және Әнұран).
1995 ж. 30 тамыздағы ҚР-ның Конституциясы және оның маңызы.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы (1991-2011 жж.).
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. ТМД жүйесіндегі Қазақстанның орны мен ролі. Еуразиялық Одақ құру идеясы.
1991-2011 жж. Қазақстан ғылымының, мәдениетінің және білім беру жүйесінің даму деңгейі. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы.
«Қазақстан - 2030» даму стратегиясы (1997 жылғы Президент Жолдауы).
Қазақстанның қазіргі таңдағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және халықаралық ұйымдардағы қызметі. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы.
Қазақстанның қазіргі таңдағы саяси партиялары және олардың қызметі.
Қазақстандағы қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Қазақстандық жол» атты еңбектері.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» (қараша, 2014 жыл).
Тест тапсырмалары
Археологиялық кезеңделуге сәйкес адамзат тарихы қандай дәуірлерге бөлінеді?
тас, қола және темір
тас, мыс және қола
тас, мыс және темір
мыс, қола және темір
тас, мыс және қалайы
Тас дәуірінің ежелгі кезеңі қалай аталады?
Палеолит
Мустье
Мезолит
Неолит
Энеолит
Палеолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымының бастапқы кезеңін көрсетіңіз.
Алғашқы тобыр
Тайпа
Рулық қауым
Көршілік қауым
Тайпалар одағы
Палеолит дәуірінің хронологиялық кезеңін көрсетіңіз.
б.з.б. 2 млн 500 мың жыл – б.з.б. 12 мың жыл
б.з.б. 2 млн 500 мың жыл – б.з.б. 800 мың жыл
б.з.б. 2 млн 500 мың жыл – б.з.б. 140 мың жыл
б.з.б. 2 млн 500 мың жыл – б.з.б. 40 мың жыл
б.з.б. 2 млн 500 мың жыл – б.з.б. 3 мың жыл
Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?
Мезолитте
Неолитте
Палеолитте
Энеолитте
Қола дәуірінде
Алғашқы питекантроп адамының қалдықтары ең алғаш қай жерден және қашан табылды?
Ява аралынан, 1891-жылы
Чжоу-коу-дянь үңгірінен, 1927-жылы
Тесіктас үңгірінен, 1938-жылы
Олдувай шатқалынан, 1959-жылы
Кроманьон үңгірінен, 1868-жылы
1938 жылы неандерталдық баланың сүйегі қай жерден табылды?
Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен
Германияның Неандерталь жерінен
Шығыс Африкадағы Олдувай шатқалынан
Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен
Индонезиядағы Ява аралынан
«Нomo sapiens» – саналы адамға жататын алғашқы адамның түрін көрсетіңіз.
Кроманьон
Дриопитек
Питекантроп
Синантроп
Австролопитек
Оңтүстік Қазақстаннан табылған ежелгі палеолит кезеңіне жататын тұрақтарды көрсетіңіз.
Тәңірқазған, Бөріқазған
Ащысай, Үсіктас
Шақпақата
Дүзбай
Обалысай, Өгізтау
Археолог Х. Алпысбаев Оңтүстік Қазақстандағы қай жерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ежелгі палеолит дәуірінің ескерткіштерін тапты?
Қаратау маңында
Тянь-Шань маңында
Кентау маңында
Ұлытау маңында
Алатау маңында
«Матриархат» дегеніміз не?
Аналық рулық қауым
Тайпалардағы көсемдер билігі
Көршілік қауым
Аталық рулық қауым
Алғашқы тобырдың тіршілігі
Мезолит дәуірінің хронологиялық шеңберін анықтаңыз.
б.з.б. 12 000 жыл – б.з.б. 5 000 жыл
б.з.б. 5 000 жыл – б.з.б. 3 000 жыл
б.з.б. 140 000 жыл – б.з.б. 40 000 жыл
б.з.б. 40 000 жыл – б.з.б. 12 000 жыл
б.з.б. 2 000 жыл – 1 000 жыл
Адамзаттың тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа өтуі қай кезеңде болды?
Неолитте
Кейінгі палеолитте
Мезолитте
Энеолитте
Қола дәуірінде
Неолит дәуірінің хронологиялық шеңберін анықтаңыз.
б.з.б. 5 000 жыл – б.з.б. 3 000 жыл
б.з.б. 12 000 жыл – б.з.б. 8 000 жыл
б.з.б. 40 000 жыл – б.з.б. 12 000 жыл
б.з.б. 2 000 жыл – б.з.б. 1 000 жыл
б.з.б. 140 000 жыл – б.з.б. 40 000 жыл
«Энеолит» дегеніміз, бұл –
Мысты тас дәуірі
Қола дәуірі
Жаңа тас дәуірі
Ерте тас дәуірі
Орта тас дәуірі
Солтүстік Қазақстан облысынан табылған энеолит кезеңінің ескерткішін көрсетіңіз.
Ботай мәдениеті
Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштері
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Келтеминар мәдениеті
Арқайым қалашығы
Ботай мәдениетіне жататын тұрақтардан қазба жұмыстары нәтижесінде не табылды?
Жылқы сүйектері
Қыш ыдыстар
Әйел мүсіндері
Еңбек құралдары, қару-жарақтар
Микролиттер, нуклеустер
Ботай мәдениетін зерттеген археологты көрсетіңіз.
В. Зайберт
К. Ақышев
Х. Алпысбаев
С. Черников
Ә. Марғұлан
Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысында қандай өзгеріс болды?
тайпалық бірлестіктер құрылды
адамдар тобыр болып өмір сүрді
аңшылар мен терімшілер қауымы қалыптасты
ру бірлестіктері құрылды
мемлекеттер құрылды
Қола дәуірінде Сібірді, Қазақстанды, Орал өңірін және Орта Азияны мекендеген тайпалардың мәдениеті шартты түрде қалай аталады?
Андронов мәдениеті
Келтеминар мәдениеті
Жетіасар мәдениеті
Қола мәдениеті
Маханжар мәдениеті
Қола дәуірінің хронологиялық шеңберін анықтаңыз.
б.з.б. XVIII ғасыр – б.з.б. VIII ғасыр
б.з.б. XVIII ғасыр – б.з.б. ХV ғасыр
б.з.б. XV ғасыр – б.з.б. XIІI ғасыр
б.з.б. XII ғасыр – б.з.б. VIII ғасыр
б.з.б. VIІI ғасыр – б.з.-ң VІ ғасыр
Андронов мәдениеті деп не себептен аталды?
Алғаш Андроново селосы маңынан табылуы себепті
Андроновтық стильде жасалуына байланысты
Андронов есімді археологпен байланысты
Андронов тайпасының атымен байланысты
Барлық жауаптар дұрыс
Андронов мәдениетін қай жылы және қай археолог алғаш тапты?
1914 жылы, Тугаринов
1954 жылы, Марғұлан
1927 жылы, Грязнов
1930 жылы, Теплоухов
1969 жылы, Ақышев
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мекендеген тайпалар шаруашылықтың қай түріне көшті?
Көшпелі мал шаруашылығы
Сауда-саттық және қолөнер
Үй маңында мал өсіру
Суармалы егіншілік
Қала салу, ғимараттар тұрғызу
Темір дәуірінің хронологиялық шеңберін көрсетіңіз.
б.з.б. VIII ғасыр – б.з.-ң VI ғасыр
б.з.б. 5 – 3 мыңжылдықтар
б.з.б. 2 – 1 мыңжылдықтар
б.з.б. XVIII – б.з.б. VIII ғасырлар
б.з.б. XV – б.з.б. VІІІ ғасырлар
Б.з.б. 530 жылы парсы патшасы Кирмен соғысып, оны жеңіп шыққан сақтардың патшасын көрсетіңіз.
Томирис
Скунха
Спитамен
Зарина
Спаргапис
Б.з.б. 518 жылы сақ тайпасының жауынгері Ширақ қандай ісімен әйгілі болды?
Парсыларды шөл далаға апарып адастырды
Сақтардың парсыларға қарсы күресін ұйымдастырды
Парсы патшасы ІІ Кирдың басын алды
А. Македонский әскерлерін Сырдариядан өткізбеді
Сақтардың патшасы болып сайланды
Геродот және өзге де антик тарихшылары сақтарды қалай атаған?
Азиялық скифтер
Сэ
Турлар
Құдіретті еркектер
Савроматтар
Ахеменидтік сына жазба деректерінде сақтардың қандай топтары аталады?
Тиграхаудалар, хаумаваргалар, парадарайалар
Массагеттер, савроматтар, дайлар
Аргиппейлер, аримаспылар, ассилер
Амюргия-сақтар, ортокарибантия-сақтар
Исседондар, сакараулдар, каспилер
«Алтын адам» ескерткіші қай қорымнан табылды?
Есік қорымынан
Шырық-Рабад қаласынан
Бесшатыр қорымынан
Берел қорымынан
Шілікті қорымынан
Сақ тайпаларының қолданбалы өнерінде тараған стильді көрсетіңіз.
Аңдық стиль
Зооморфтық стиль
Зерлеу, оқа жүргізу
Жарып түсіру
Полихромдық стиль
Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағының батыс және ішінара солтүстік аудандарын мекендеген тайпаларды көрсетіңіз.
Савроматтар
Скифтар
Массагеттер
Сақтар
Қаңлылар
Сақ мәдениетінің белгілі өкілі, б.з.б. VI ғасырда өмір сүрген философты көрсетіңіз.
Анахарсис
Скил
Полиэн
Скунха
Спаргапис
Ғұндар туралы қытай деректері нешінші ғасырға жатады?
б.з.б. ІІІ ғасырға
б.з.б. ІІ ғасырға
б.з.б. І ғасырға
б.з.-ң І ғасырына
б.з.-ң ІІІ ғасырына
Қытай деректерінде ғұндар қандай атаумен көрсетілген?
Сюнну (хунну)
Усун
Сэ
Кангюй
Сяньби
Ғұндардың жоғарғы билеушісінің лауазымы қалай аталған?
Шаньюй
Қаған
Түменбасы
Көсем
Гуньмо
Б.з.б. 206 (209) жылы ғұн тайпаларын кім басқарды?
Мөде
Чжичжи
Хуханье
Аттила
Лаошань
Ғұн қоғамы оңтүстік және солтүстік топтарға қашан бөлінді?
б.з.б. І ғасырдың ортасы
б.з.б. ІІІ ғасырдың ортасы
б.з.б. ІІ ғасыр
б.з.-ң І ғасырдың аяғы
б.з.б. V ғасырдың ортасы
Б.з.б. І ғасырдың ортасында солтүстік ғұндарды кім басқарды?
Чжичжи
Мөде
Аттила
Ши Хуаньди
Хуханье
Ғұн қоғамында шаньюйден кейінгі орында кімдер тұрды?
Түменбасылар
Қауым мүшелері
Қолөнершілер
Рубасылар
Ақсақалдар
Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныс аударуының екінші толқыны қашан басталды?
Б.з.-ң 93 жылы
Б.з.б. 206 жылы
Б.з.б. 55 жылы
Б.з.б. 93 жылы
Б.з.-ң 55 жылы
Үйсіндер иеліктерінің орталығы қай өңірде болды?
Іле өзені аңғарында
|