Қазақстан тарихы 60 нұска



жүктеу 4,4 Mb.
бет4/14
Дата14.05.2018
өлшемі4,4 Mb.
#13070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

C) 1994 ж. Қаңтарда

D) 1993 ж. Қаңтарда

E) 1990 ж. Қаңтарда
12 - НҰСҚА

1. Кейінгі палеолитте рудыњ, тайпаныњ пірі болып саналған бейне:

A) Ер адам.

B) Әйел-ана. C) Құс.

D) Аң. E) От.

2. Андронов тайпаларының бас киімі:

A) Тымақ.

B) Бөрік.

C) Сәлде.

D) Құлақшын.

E) Тақия.

3. Сарматтардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі

A) Көшпелі мал шаруашылығы

B) Балық аулау

C) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

D) Отырықшы мал шаруашылығы

E) Егіншілік

4. Қарахандықтар мемлекетінде мемлекет пайдасына жиналатын салық қалай аталады?

A) Сауын B) Ұшыр

C) Зекет D) Икта

E) Соғым

5. Жүсіп Баласағұнидің тарихи және әдеби шығармасы, поэма:

A) " Музыканың үлкен кітабы".

B) "Түрік сөздігінің айтылуы".

C) "Қалай бақытты болу жайындағы ғылым".

D) "Азаматтық саясат".

E) "Даналық кітабы".

6. Жібек жолы арқылы кілем, басма, хош иісті амбра және әшекейлі (ювелирлық) тастар тасылған елдер:

A) Араб халифатынан.

B) Парсы елінен.

C) Қытайдан.

D) Үндістаннан.

E) Византиядан.

7. 1236-42 жылдары Шығыс Еуропаға жорық жасаған:

A) Сүбедей. B) Шибан.

C) Бату. D) Ноғай.

E) Мөңке.

8. Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде қай жылы ойраттардан жеңіліс тапты?

A) 1447 ж. B) 1477 ж.

C) 1457 ж. D) 1467 ж.

E) 1437 ж.

9. Қазақ қоғамындағы жоғарғы бекзадалар табы - "ақсүйектер" қай тайпаға жатты?

A) Қожа тобына жатты.

B) Қыпшақ тайпасына жатты.

C) Арғын тайпасына жатты.

D) Найман тайпасына жатты.

E) Ешқандай тайпаға жатқан жоқ.

10. Әбілқайыр хандығына орыс елшілігін басқарып келген Ресейдің сыртқы істер ісінің аудармашысы кім болды?

A) Тевкелев.

B) Гагарин.

C) Татищев.

D) Кириллов.

E) Зернов.

11. 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің шығуына Жәңгір ханның Каспий теңіз аумағындағы тайпаларға кімді басшы етіп тағайындауы себеп болды?

A) Есентемірді.

B) Қарауылқожаны.

C) Нұралыны.

D) Қаратай сұлтанды.

E) Иманбай сұлтанды.

12. Х1Хғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы.

A) Радлов

B) Г.С.Карелин

C) В.Даль

D) Гумилев.

E) Левшин

13. Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл.

A) 1845 ж. B) 1855 ж.

C) 1870 ж. D) 1840 ж.

E) 1860 ж.

14. Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізген көтерілістің басшысы

A) Есет Көтібарұлы.

B) Сырым Датұлы.

C) Кенесары Қасымұлы.

D) Махамбет пен Исатай.

E) Ж.Нұрмұхамедұлы.

15. 1905 жылы желтоқсанда интернационалдық сипат алған ереуіл қай жерде өтті?

A) Қарқаралы.

B) Қостанай.

C) Верный.

D) Орынбор.

E) Успен кеніші.

16. Қазақ жазушысы С.Мұқановтың қай шығармасы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске арналған?

A) Қилы заман.

B) Ботагөз.

C) Құралай сұлу.

D) Қартқожа.

E) Құлагер .

17. Уақытша үкімет қандай әлеуметтік топтың мүддесін қорғады?

A) Жұмысшылар мен шаруалардың.

B) Шаруалардың.

C) Солдаттардың.

D) Жұмысшылардың.

E) Буржуазияның.

18. 1917 ж. ІV Бүкілтүркістандық съездің шешімімен құрылған мемлекеттік құрылым қалай аталды?

A) Мұсылман мемлекеті.

B) Бұхар Республикасы.

C) Алашорда.

D) Түркістан Автономиясы.

E) Қазақ Республикасы.

19. Азамат соғысы жылдарында сенбіліктер кезінде паровоздарды жөндеуден өткізген семейлік жұмысшылардың саны:

A) 500 астам.

B) 300 астам.

C) 400 астам.

D) 700 астам.

E) 600 астам.

20. Индустрияландыру кезіндегі Мәскеулік Кеңестік Халық Шаруашылығы (Совнархоз) жанындағы штабтың құрылу мақсаты:

A) Қазақстандағы өнеркәсіпті басқаруға байланысты.

B) Қазақстан өнеркәсібін қамқорлыққа алуға байланысты.

C) Саботажға қарсы күрес.

D) Индустрияландыру нәтижесін қорытындылауға байланысты.

E) Индустрияландырудағы қателіктерді жоюға байланысты.

21. Коммунистік партияның Орталық Комитеті "Қазақстанның ауыл шаруашылығы, атап айтқанда мал шаруашылығы туралы" қаулыны қабылдаған жыл:

A) 1932 жыл. B) 1933 жыл.

C) 1934 жыл. D) 1935 жыл.

E) 1931 жыл.

22. Әйелдердің жаппай "Ерлер мамандығын меңгеру" қозғалысы қашан басталды?

A) 1939 ж. B) 1937 ж.

C) 1941 ж. D) 1938 ж.

E) 1940 ж.

23. 1934 жылы құрылған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестірінің жетекшісі.

A) Ә. Қашаубаев.

B) К. Жандарбеков.

C) А. Жұбанов.

D) Ж. Шанин.

E) Е. Брусиловский.

24. "Майданға жіберетін (үй ішімізде) ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінем" - деп өтініш жазған:

A) Төлеген Тоқтаров.

B) Қасым Қайсенов.

C) Сұлтан Баймағамбетов.

D) Мәншүк Мәметова.

E) Әлия Молдағұлова.

25. Алматыны 56 қаламен байланыстыратын автоматты телефон қай жылы іске қосылды?

A) 1947 жыл.

B) 1949 жыл.

C) 1950 жыл.

D) 1948 жыл.

E) 1946 жыл.

26. 1960 ж. 5 тамызда Мәскеуде болған КСРО мен АҚШ арасындағы атмосферада, космоста және су астында ядролық сынақтарды тоқтату туралы келісім Қазақстанға қандай әсерін тигізді?

A) Семей полигонын жабу туралы шешім қабылданды.

B) Семей полигонында сынақтар тоқтатылды.

C) Семей полигоны жер асты сынағына көшті.

D) Семей полигонында сынақтың барлық түрін уақытша тоқтатты.

E) Полигонды қайта жөндеуге кірісті.

27. ХХ ғ. 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға кім әрекет жасады?

A) Н. Ким

B) И. Головацкий

C) А. Қадыров

D) И. Худенко

E) С. Мұқанов

28. Ерікті тарихи-ағартушылық "Әділет" қоғамы қашан құрылды?

A) 1989 ж. сәуірде

B) 1990 ж. сәуірде

C) 1992 ж. сәуірде

D) 1991 ж. сәуірде

E) 1988 ж. сәуірде

29. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды?

A) Жекешелендіру туралы Заң қабылданды.

B) Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.

C) Қазақстан дүниежүзілік банктің мүшесі болды.

D) Қазақстан Халықаралық валюта қорының мүшесі болды.

E) Қазақстанның БҰҰ-на өтуі.

30. Қазақстан Республикасыдағы Кеңестерді жаппай тарату басталған жыл:

A) 1994 ж.

B) 1992 ж.

C) 1993 ж.

D) 1996 ж.

E) 1995 ж.

13 - НҰСҚА

1. Бумеранг қай дәуірге жатады?

A) Төменгі палеолит.

B) Темір ғасыры.

C) Неолит.

D) Мезолит.

E) Жоғарғы палеолит.

2. Қола дәуірінде шаруашылықтың басты саласы:

A) Егіншілік.

B) Мал шаруашылығы.

C) Балық аулау.

D) Терімшілік.

E) Аң аулау.

3. Үйсіндердің астанасы болған қала:

A) Бабыш-Молда.

B) Битянь.

C) Чугучен (Қызыл Аңғар).

D) Қарғалы.

E) Көк-Мардан.

4. Бумын қаған басқарған мемлекет:

A) Қимақ қағанаты.

B) Түрік қағанаты.

C) Түркеш қағанаты.

D) Батыс түрік қағанаты.

E) Оғыз мемлекеті.

5. Қазақстанның қай бөлігінде ХІІ ғасырдың ескерткіші Сырлы Там кесенесі сақталған?

A) Жетісуда.

B) Түркістанда.

C) Тараз маңында.

D) Сырдарияның төменгі ағысында.

E) Маңғыстауда.

6. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, не ретінде кеңінен пайдаланылды?

A) Халықаралық валюта ретінде

B) Елшілерге берілетін сыйақы ретінде

C) Әшекей бұйым ретінде

D) Жалдамалы әскерге төленетін ақы ретінде

E) Айырбас теңге ретінде

7. Монғол хандарының орыстың ұлыстық князьдарына князьдық етуге құқық берген ерекше рұқсаты.

A) Таңба.

B) Ям.

C) Яса.


D) Диуан.

E) Ярлык.

8. Әбілқайыр хандығы қай кезде өмір сүрді?

A) 1428-1468 ж.ж.

B) 1438-1478 ж.ж.

C) 1418-1458 ж.ж.

D) 1408-1448 ж.ж.

E) 1448-1488 ж.ж.

9. Қазақ хандығы XVІ ғ. бірінші ширегінде қай хан тұсында үлкен күшке айналды?

A) Қасым хан (Жәнібектің баласы).

B) Бұрындық хан (Керейдің баласы).

C) Жәнібек хан.

D) Керей хан.

E) Махмұт сұлтан (Жәнібектің баласы).

10. 1799 ж 21 қарашада шыққан жарлық бойынша Орта жүз қазақтарының Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуына руқсат еткен император:

A) II Александр.

B) I Николай.

C) I Александр.

D) I Павел .

E) III Пётр .

11. Ішкі Ордада "хандық қеңес" құрылған жыл:

A) 1815 ж.

B) 1801 ж.

C) 1810 ж.

D) 1827 ж.

E) 1820 ж.

12. Семей өлкесіне жіберілген Достоевский өлке тарихын зерттеуде неге көңіл аударды?

A) Музыкалық аспаптарды жинады.

B) Суреттер жинады.

C) Өлкенің табиғатын зерттеді.

D) Халық күйлері мен өлеңдерін жазып алды.

E) Археологиялық ескерткіштер туралы мәлімет жинады.

13. 1867-68 ж.ж. "Ережеге" сай Қазақстанның қай аймағында қазылар соты сақталды?

A) Сырдария облысы.

B) Петропавл облысы.

C) Торғай облысы.

D) Ақмола облысы.

E) Каспий облысы.

14. XІX ғ. ІІ жартысында Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің дамуына не кедергі болды?

A) Білімді ұстаздардың жетіспеуі.

B) Оқу құралдарының жетіспеуі.

C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

D) Ұстаздардың жалақысының аздығы.

E) Қаржының аздығы.

15. 1905 жылы 21 қарашада патша билігінің халыққа қарсы іс-әрекетіне қарсылық білдірген солдат гарнизоны орналасқан елді мекен:

A) Орал.


B) Верный.

C) Әулиеата.

D) Өскемен.

E) Жаркент.

16. 1916 ж. Торғай облысындағы азаттық қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі, батыр, мерген:

A) Бекболат.

B) Жәмеңке.

C) Монай.

D) Ұзақ.

E) Кейкі.

17. 1918 ж. жазға қарай көптеген қазақ болыстарында жұмыс істеген:

A) Қазақ кеңестері.

B) Шаруалар кеңестері.

C) Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі.

D) Қазақ депутаттарының кеңесі.

E) Кедейлердің комитеттері.

18. Азамат соғысының басталуына түрткі болған оқиға.

A) Югослав корпусының бүлігі.

B) Батыс Украина корпусының бүлігі.

C) Польша корпусының бүлігі.

D) Румын корпусының бүлігі.

E) Чехословакия корпусының бүлігі.

19. Қазақ АКСР-нің тұңғыш астанасы болған қала:

A) Қызылорда.

B) Верный.

C) Орынбор.

D) Ташкент.

E) Омбы.


20. 1925 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін өткізу идеясын ұстанған адам:

A) М.Калинин.

B) Ф.Голощекин.

C) В.И. Ленин.

D) И.В.Сталин.

E) Я.Свердлов.

21. Ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгідегі Жарғысы қабылданған жыл:

A) 1938 ж.

B) 1935 ж.

C) 1934 ж.

D) 1936 ж.

E) 1937 ж.

22. 1940 ж. колхоз және совхоз егістіктерінде қанша трактор жұмыс істеді?

A) 41000.

B) 35000.

C) 30000.

D) 25000.

E) 46000.

23. ХХ ғ. 20-ж. аяғына қарай Қазақстанның мектеп құрылысында пайда болған мектептердің түрлері:

A) Бесжылдық.

B) Жетіжылдық.

C) Екіжылдық.

D) Үшжылдық және төртжылдық.

E) Біржылдық.

24. "Ресей - кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу,"- деген өшпес сөзді айтқан:

A) В.Фурсов.

B) Б.Момышұлы.

C) М.Ғабдуллин.

D) В.Клочков.

E) И.В.Панфилов.

25. Тарих ғылымының докторы Е. Бекмаханов қай жылы Ғылым академиясынан қуылып, буржуазияшыл ұлтшыл деген кінә тағылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

A) 1952 ж. желтоқсанда.

B) 1951 ж. желтоқсанда.

C) 1950 ж. желтоқсанда.

D) 1953 ж. желтоқсанда.

E) 1947 ж. желтоқсанда.

26. 1954-1958 жж. іске қосылған өнеркәсіп орындарының саны

A) 500


B) 650

C) 730


D) 800

E) 700


27. XX ғасырдың 60-шы жылдарының 2-ші жартысында ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

A) Өнеркәсіпті индустрияландыру.

B) Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

C) Өндірісті электрлендіру.

D) Өндірісті автоматтандыру.

E) Өндірісті механизациялау.

28. Кењес ғскерлерініњ Ауѓанстан жеріне енгізілуіне қарсы болғаны үшін А.Д. Сахаровқа қолданылѓан жаза:

A) Психологиялық ауруханаѓа салды.

B) Мғскеуден Горький қаласына жер аударды.

C) Отанынан қуды.

D) Т‰рмеге жапты.

E) Ѓылыми атаѓынан айырды.

29. 1986 ж. желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі:

A) Экологиялық сипатта болды.

B) Құқыққа қарсы сипатты болды.

C) Әлеуметтік сипатта болды.

D) Ұлтшылдық сипатта болды.

E) Бейбіт және саяси сипатта болды.

30. Қазіргі Қазақстан экономикасының тірек саласы:

A) Машина жасау.

B) Ауыл шаруашылығы.

C) Мұнай-газ өнеркәсібі.

D) Химия өнеркәсібі.

E) Түсті металлургия.


14 - НҰСҚА

1. Алғашқы қауым адамдары тас құралдарын жасаған кезде нені таңдауды үйренді?

A) Лазуритті

B) Гауһар

C) Нефритті

D) Інжу

E) Шақпақ тасты



2. Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш рет қай қаланың төңірегінен табылды?

A) Шымкент

B) Ачинск

C) Орынбор

D) Тараз

E) Алматы

3. Кімнің еңбегінде ежелгі сақтар туралы баяндалған?

A) Сы-ма-цянның

B) Ж.Баласағұнның

C) Плинийдің

D) Геродоттың

E) М.Қашқаридың

4. Х ғ. соңында оғыздар кімдермен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ бұлғарларын талқандады?

A) Қимақтармен

B) Половецтермен

C) Киев Русімен

D) Қарлұқтармен

E) Печенегтермен

5. Қазақстан қалаларында ісләмның таралуына байланысты қай кезде мешіттер салына бастады?

A) Х-ХІІІ ғ.ғ.

B) VІІІ-ІХ ғ.ғ.

C) ІХ-Х ғ.ғ.

D) VІІ-ІХ ғ.ғ.

E) VІІ-VІІІ ғ.ғ.

6. Түрік қағанаттарын орта ғасырларда қандай патша империясы деп атады?

A) Солтүстіктегі жылқы патшасы империясы

B) Патшалардың патшасы империясы

C) Шығыстағы адамдар патшасы империясы

D) Батыстағы құнды байлықтар патшасы империясы

E) Оңтүстіктегі пілдер патшасы империясы

7. Монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтаған жыл

A) 1221 ж. B) 1224 ж.

C) 1220 ж. D) 1222 ж.

E) 1223 ж.

8. Ақ Орда мен Моғолстан халқының жан-жақты байланыстарын орнату үшін олардың кімге қарсы бірлескен күресінің зор маңызы болды?

A) Ноғай ордасына

B) Ақ Ордаға

C) Алтын Орда хандарына

D) Темір мемлекетіне

E) Жоңғарларға

9. Қасым ханның қол астындағы халық саны қанша адамға жетті деп есептелінеді?

A) Жарты миллион

B) Үш жүз мың

C) Бір жарым миллион

D) Бір миллион

E) Екі миллион

10. Қазақтанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

A) 1771 ж. B) 1741 ж.

C) 1721 ж. D) 1751 ж.

E) 1731 ж.

11. 1822 ж. ''Сібір қазақтарының Ережесі'' бойынша ақсүйектерге 10 жылғы еңбегінен кейінгі берілген атақ.

A) дворян.

B) болыстық сұлтан.

C) уез бастығы.

D) ауылнай.

E) әскери губернатор.

12. XIХ ғасырдың 50-жылдарында Мырза Ахмет бек кіргізген салық (3 сом 50 тиын) кімдерден алынды?

A) Шаруалардан.

B) Шаңырақтан.

C) Қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерден.

D) Ерлерден.

E) Жан басынан.

13. 1831 ж. Орынбор қаласындағы Неплюев кадет корпусы жанындағы ашылған мұражай нені насихаттады?

A) Орыс қару-жарағының тарихын.

B) Өлкенің отарлауы жөніндегі тарихын.

C) Сақтардың тарихын.

D) Археологиялық табыстардың экспонаттарын.

E) Осы өлкенің тарихы мен халқының шаруашылығын.

14. Қазақ даласындағы 1848 ж. Қарқаралы уезінде ашылған жәрмеңкені атаңыз.

A) Қарағанды.

B) Семей.

C) Қоянды.

D) Астрахань.

E) Бұқтырма.

15. 1905-1907 жж. Қазақ өлкесіндегі саяси қозғалыстардың өрістеуіне ықпал еткен оқиға.

A) Мемлекеттік думаға сайлау

B) Орыс-Жапон соғысы

C) Ресейдегі "қанды жексенбі"

D) 1905-1907 жж. революциясы

E) Берілген жауаптардың барлығы.

16. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстанда 12-14 жастағы балалардың күнделікті орта есептегі жалақысы:

A) 60 тиын.

B) 20 тиын.

C) 50 тиын.

D) 40 тиын.

E) 30 тиын.

17. 1916 жылғы "бұратана халықтарды қара жұмысқа алу" туралы патша жарлығын жақтағандар.

A) Либерал-демократиялық интеллигенция.

B) Жергілікті отаршыл әкімшілік.

C) Қоныс аударушылар.

D) Пролетариат.

E) Батырақ қазақтар.

18. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады?

A) Ақтөбе

B) Верный

C) Семей


D) Петропавл

E) Қостанай

19. Қазақ АКСР-ін құрған құрылтай съезі қайда және қашан шақырылды?

A) Қызылордада, 1925 ж.

B) Ташкентте, 1921 ж.

C) Ақтөбеде, 1922 ж.

D) Алматыда, 1924 ж.

E) Орынборда, 1920 ж.

20. ЖЭС кезеңіндегі мал шаруашылығындағы өзгерістер:

A) Тек жылқы өсіру дамыды.

B) Мал басының өсуі.

C) ЖЭС ештеңе өзгерткен жоқ.

D) Қой өсіру ғана дамыды.

E) Мал басының азаюы.

21. Бірінші бесжылдық жылдарын атаңыз.

A) 1929-1934 ж.ж.

B) 1927-1931 ж.ж.

C) 1928-1932 ж.ж.

D) 1928-1934 ж.ж.

E) 1927-1932 ж.ж.

22. Ұжымдастырудың нәтижесінде болған зардаптардың көлемі жайлы 1933 жылы наурызда Сталинге хат жолдаған қазақстандық қоғам қайраткері:

A) Е.Алшынбеков.

B) Т.Рысқұлов.

C) Қ.Қуанышев.

D) И.Құрамысов.

E) С.Сәдуақасов.

23. Соғыс қарсаңында салынған теміржолдың ұзындығы:

A) 2681 км.

B) 500 км.

C) 1358 км.

D) 1700 км.

E) 806 км.

24. 1934 жылы қаңтарда Алматыда ашылған:

A) Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы.

B) Ұлттық қазақ театры.

C) Ұйғыр музыкалық драма театры.

D) Қазақтың мемлекеттік музыкалық театры.

E) Корей музыкалық театры.

25. 1941 ж. жазылған "Ленинградтық өрендерім" жырының авторы:

A) Ж. Саин.

B) Ғ. Мүсірепов.

C) Ж. Жабаев.

D) С. Мұқанов.

E) С. Мәуленов.

26. Мұнайлы мұнай кәсіпшілігінің іске қосылған жылы:

A) 1950 ж.

B) 1952 ж.

C) 1955 ж.

D) 1946 ж.

E) 1965 ж.

27. Тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі, жаппай игеру басталғаннан кейін

A) 5 жыл өткенде құрылды

B) 25 жыл өткенде құрылды

C) 10 жыл өткенде құрылды

D) 20 жыл өткенде құрылды

E) 15 жыл өткенде құрылды

28. Әлемде тұңғыш рет атом қуатымен су тұщытатын қондырғы орнатылған қала.

A) Атырау.

B) Балқаш.

C) Өскемен.

D) Ақтау.

E) Орал.


29. 1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды?

A) Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы жайында.

B) Білім мен денсаулыққа қосымша қаржы бөлу жайлы.

C) Мал шаруашылығының жағдайы жайлы.

D) Келесі жылға арналған мемлекеттік бюджет қаралды.

E) Республика басшылары ауысты.

30. КСРО-ның өмір сүрген кезеңі

A) 1917-1991 ж.ж.

B) 1922-1990 ж.ж.

C) 1922-1991 ж.ж.

D) 1922-1986 ж.ж.

E) 1920-1990 ж.ж.


15 - НҰСҚА

1. Адамның шыққан отаны

A) Еуропа

B) Австралия

C) Африка

D) Америка

E) Азия

2. Андроновтықтардың "бойтұмар" есебінде пайдаланған заттары:



A) Білезіктер.

B) Аңдардың азу тістері.

C) Моншақтар.

D) Жүзіктер.

E) Алқалар.

3. Жазба деректерде үйсін мемлекет басшысының лауазымды атауы:

A) Хан.

B) Қаған.



C) Шаньюй.

D) Шах.


E) Гуньмо.

4. Түрік этнонимі алғаш рет қай жылы кездесті?

A) 350 ж.

B) 450 ж.

C) 642 ж.

D) 542 ж.

E) 742 ж.

5. Қыпшақтармен туыстық қатынасқа түсіп, қыпшақ ақсүйектерінен әскери әлеуметтік топ құрған орта азиялық билеушілер әулеті:

A) Эфталиттер.

B) Қарахандықтар.

C) Хорезмшахтар.

D) Саманилер.

E) Селжұқтар.

6. Іле аңғарындағы христиандардың Қоялықта өз шіркеуі болғандығын мәлімдеген

A) Марко Поло

B) Қашқари

C) Плано Карпини

D) Вильгельм Рубрук

E) Баласағұн

7. Қазақстан экономикасына монғол шапқыншылығының әсері қандай болды?

A) Мал шаруашылығы гүлденді.

B) Экономика қарқындап дамыды.

C) Өндіріс жанданды.

D) Қалалар өсті.

E) Өндіргіш күштер әлсіреді.

8. Дешті Қыпшақ жеріндегі Әбілхайыр әулетінен шыққан шайбанидтер билігі қандай себебке байланысты тоқтады?

A) Ноғай хандығының құрылуына

B) Моғолстанның құрылуына

C) Ойраттардың шапқыншылығына

D) Қазақ хандығының құрылуына

E) Ақ Орданың құрылуына

9. Қазақ хандығының құрылған уақыты.

A) XV ғасыр.

B) XVIII ғасыр.

C) XVII ғасыр.

D) XIV ғасыр.

E) XVI ғасыр.

10. Сібір редутынан Омбы бекінісіне дейінгі бекіністер шебінің аталуы:

A) Колыван шебі .

B) Горьки шебі .

C) Кузнецк шебі.

D) Ертіс шебі.

E) Пресногорьковск шебі.

11. Патша өкіметінің Наполеон шапқыншылығына байланысты Ресей мемлекетіне қауіп төнгендігі туралы үндеу қашан қабылданды?

A) 1812 ж. 4 шілде.

B) 1812 ж. 2 шілде.

C) 1812 ж. 3 шілде.

D) 1812 ж. 6 шілде.

E) 1812 ж. 1 шілде.

12. Қоқан әскер күштерінің Қаскелең өзені жағалауында салған Таушүбек бекінісін орыс әскерлері қай жылғы жазда басып алды?

A) 1851 ж.

B) 1852 ж.

C) 1854 ж.

D) 1853 ж.

E) 1850 ж.

13. XІX ғ. аяғында Ресейдің мемлекеттік банктерінің бөлімшелері Қазақстанның қай қалаларында ашылды?

A) Ақсуда, Павлодарда.

B) Оралда, Орынборда.

C) Әулие атада, Перовскіде.

D) Ақмешітте, Қазалыда.

E) Семейде, Петропавлда.

14. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы облыстарды басқаруға кім тағайындалды?

A) Старшындар.

B) Әскери генерал-губернаторлар.

C) Сұлтандар.

D) Билер.

E) Халық сайлаған азаматтық тұрғындардың өкілдері.

15. XІX ғ. домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы күйші-сазгерді атаңыз.

A) Тәттімбет Қазанғапұлы.

B) Дәулеткерей Шығайұлы.

C) Құрманғазы Сағырбайұлы.

D) Сармалай.

E) Ықылас Дүкенұлы.

16. Орыс-қазақ мектептерінің ашылуына негіз болған ағарту саласын дамыту туралы ережені патша үкіметі қашан қабылдады?

A) 1902 ж. B) 1914 ж.

C) 1906 ж. D) 1910 ж.

E) 1909 ж.

17. 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыстың қамтыған жерлері:

A) Бүкіл Қазақстан

B) Семей облысы

C) Жетісу

D) Ақмола облысы

E) Торғай облысы

18. 1917 жылы қарашада Бүкілтүркістанның Төтенше ІV ші съезінде құрылған мемлекеттің аты:

A) Қазақстан Республикасы

B) Бұхар республикасы

C) Қырғыз республикасы

D) Түркістан автономиясы

E) Алаш Орда

19. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала?

A) Орал.

B) Омбы.


C) Қызылорда.

D) Орынбор.

E) Ташкент.

20. 1921ж. Қазақстандағы кедейлер одағы қалай аталды?

A) "Үш жүз".

B) "Ұшқын".

C) "Қосшы".

D) "Тау бүркіті".


жүктеу 4,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау