2. Жалпы тәсілдер
Мұнай-газ саласын дамытудың жоспарланған деңгейіне қол жеткізудің жалпы тәсілдері:
1) мұнай және газ өндірісінің көлемін жоспарлы түрде арттыру;
2) көліктік әлеуетті кеңейту;
3) озық технологиялар мен қауіпсіз өндірістерді пайдалану;
4) ішкі нарықты мұнаймен, мұнай өнімдерімен және газбен қамтамасыз ету;
5) ГБЖ арқылы қорларды арттыру (резервтер құру).
Тиісті іс-шаралар:
1) Қашаған кен орнында коммерциялық өндіруді уақтылы бастау;
2) ірі мұнай-газ жобаларына қатысудың қазақстандық үлесін арттыру;
3) жергілікті экологияны сақтау жауапкершілігін арттыра отырып, көмірсутектерді өндірудің заманауи технологияларын пайдалану;
4) мұнай мен мұнай өнімдерін тұтынушы анағұрлым табысты мемлекеттік серіктестік;
5) қазақстандық мұнайды жеткізудің анағұрлым табысты экспорттық бағыттарын дамыту мен кеңейту;
6) ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру үшін үш МӨЗ-де жаңғыртуды уақтылы аяқтау;
7) МӨЗ-ді жаңғыртумен қатар мұнай-газ өндіруші компаниялардың МӨЗ-ге мұнай жеткізу тетігін әзірлеу;
8) заманауи әдістемелер мен технологияларды пайдалана отырып, геологиялық зерттеулер жүргізу арқылы елдегі кен орындары мен көмірсутектер қорларының санын арттыру;
9) капиталды қажет ететін, қиын игерілетін кен орындарында мұнай мен газды өндірудің орындылығы, сондай-ақ мұнай-газ кен орындарындағы қорлардың толтырылуын есепке алу туралы мәселені қою;
10) игеру алдындағы аймаққа әсер етудің және қыртыстардың мұнай қайтарымын арттырудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану арқылы мұнайды, газ бен конденсатты алу коэффициентін арттыру.
Тау-кен технологиялық блогын дамытудың жалпы тәсілдері.
1. Ұтымды пайдалану. Жаңартылмайтын ресурстарға қатысты іс-әрекет анағұрлым толық ажыратуға, өндірілген шикізатты ұқыпты жұмсау мен кешенді пайдалануға бағытталатын болады.
2. Табиғи ресурстарды барынша көп пайдалану жөніндегі технологияларды іздеу. Энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға ықпал ететін жағымсыз әсерді төмендетуге бағытталған минералдық шикізатты іздеу, барлау, өндіру, байыту мен қайта өңдеудің, оны кешенді пайдаланудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу.
3. Табиғи ресурстарды зерделеу. ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын индустриялық және инфрақұрылымдық жобалардың талаптарына сәйкес келу мақсатында, салаларды үйлесімді түрде дамыту жөніндегі ұсынымдар әзірлеу мақсатымен игерілмейтін кен орындарын талдауға бағытталатын табиғи ресурстарды; инфрақұрылымның, жұмыс күшінің, су ресурстарының болуын зерделеу көзделген.
4. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың бағыттарын іздеу.
5. Қалдықтарды басқару жүйесі. Қалдықтарды басқару жүйесі табиғи ресурстарды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналады. Қазақстанның тау-кен өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарының үйінділерінде, қалдықтарды сақтау қоймаларында және тоғандарында 34 млрд. тоннаға жуық техногендік минералдық түзілімдер (бұдан әрі - ТМТ) сақтаулы. Мемлекеттік кадастр есепке алатын ТМТ нысандарының жалпы саны - 775. ТМТ көлемінің жыл сайынғы өсімі 350-400 млн. тоннаны құрайды. ТМТ-ні пайдаланудың жалпы жылдық деңгейі 70-80 %-ға жетеді, бұл осы сектордың инвестициялық тартымдылығын айғақтайды.
6. 4-5-бөліністегі өнімнің өндірісі. Қазақстанда шикізатты терең қайта өңдеуді және қосылған құны бар өнім өндірісін ұйымдастыру үшін барлық алғышарттар бар.
7. Инновацияларды енгізу, металлургия өнеркәсібінің өндірістік құрылымын жақсарту.
8. Тиісті кадрлық әлеуетті даярлау.
9. Металдар мен машина жасаудың кіші салаларының - теміржол көлігі, көтергіш-көліктік, ауылшаруашылық және жол-құрылыстық машина жасау - ірі тұтынушыларына арналған ұсыныстарды арттыру.
2030 жылға қарай ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстанда машина жасау саласымен қатар тау-кен металлургиясы саласындағы жаңа өндірістік қуаттарды ұйымдастыру қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |