Қолжетімді тұрғын үй
«Қолжетімді тұрғын үй ─ 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысы қабылданды.
Бұл Бағдарлама бойынша үш жылдық бюджетте 514,1 млрд. теңге, оның ішінде 2012 жылға – 143,9 млрд. теңге (2013 жылы – 157,2 млрд. теңге) көзделді.
Жаңа Бағдарлама құны бойынша қол жетімді тұрғын үй құрылысын арттыруды көздейді, сондай-ақ халықтың басым бөлігінің тұрғын үй проблемаларын шешуге бағытталған. Ол үшін Бағдарламада тұрғын үй құрылысының мемлекеттік қолдауы қарастырылған әртүрлі бағыттары көзделген.
Тұрғын үйдің қолжетімділігі мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз етілетін болады:
инженерлік коммуникациялар өткізілген жер учаскелерін дайындау;
қаржы құралдары табысы жоғары емес азаматтарға оларды пайдалануға нақты мүмкіндік беруі тиіс;
құрылысты индустрияландыру құрылыс көлемінің өсуін және мерзімдерінің қысқаруын, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді.
Өңірлік даму
«Моноқалаларды дамытудың 2012 ─ 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
Моноқалалардың проблемаларын шешу бойынша шараларды 2012 жылы іске асыруды жеделдетіп бастау үшін республикалық бюджеттен бірінші кезектегі іс-шараларға пилотты 6 млрд. теңге бөлінді.
«Өңірлерді дамыту» және 2012 ─ 2020 жылдарға арналған «моноқалаларды дамыту» бағдарламалары шеңберінде 2015 жылға дейін 227,0 млрд. тенге жоспарланған, оның ішінде 2011-2012 жылдарға 21,2 млрд. тенге бөлінді, 2013 жылы:
─ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына – 29,5 млрд. теңге, бұл қаражаттың 80% инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады;
─ «2012 ─ 2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасына – 34,1 млрд. теңге жоспарланған.
Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін өлшемдерге сәйкес моноқалалардың экономикалық әлеуетін жоғары, орташа және төмен топтарға бөлу арқылы, олардың проблемаларын шешуге сараланған тәсіл қарастырылған.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 1258 қаулысымен бекітілген Қазақстандағы калалық агломерацияларды (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтобе, Ақтау) дамыту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Таңдалып алынған өлшемдер негізінде Қазақстан қалаларының агломерациялық әлеуетіне талдау жүргізілді. Өлшемдер ретінде демографиялық сыйымдылық, логистикалық және экономикалық әлеует, сондай-ақ ядро─қаланың әкімшілік мәртебесі айқындалды.
Жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша агломерациялардың 2 деңгейі анықталды:
1-деңгейлі агломерациялар – неғұрлым әлеуетке ие Астана, Алматы және Шымкент қалалары.
2-деңгейлі агломерациялар – олардың қатарына Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірше Ақтөбе және Ақтау калалары енгізілді. Бұл қалалар өздерінің агломерациялық әлеуеттерін іске асырудың бастапқы сатысында тұр.
Қазақстанда агломерацияларды дамытудың негізгі міндеті оларды әлемдік және өңірлік нарықтармен кіріктірілген ұзақ мерзімді өсу орталықтары ретінде қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытуды екі кезеңде жүзеге асыру ұсынылады.
Бірінші кезеңде (2013 – 2014 жылдар) басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту ұсынылады.
Тұжырымдама жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары мен жиындары арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде тұрғындардың рөлін біртіндеп арттыру, қала тұрғындарының басқару шешімдерін қабылдау процесіне белсенді тарту, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкімдерін тағайындау немесе сайлау кезінде мәслихаттардың рөлін кезең-кезеңімен арттыру, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқарудың ауылдық деңгейінің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту сияқты міндеттерді шешуді көздейді.
2013 жыл ішінде аудандар (қалалар) мәслихаттарының сайлауы арқылы аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық (селолық) округтерде, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) әкімдердің сайлауын енгізу ұсынылады.
Екінші кезең (2015 - 2020 жылдар) ─ жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысымен бекітілді.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (мамандандырылған ХҚКО) салуға: 2012 жылы ─ 2,2 млрд. теңге, 2013 жылға ─ 3 млрд. теңге, 2014 жылға ─ 1,7 млрд. теңге сомасында қаржат көзделді.
31 мемлекеттік қызметтен тұратын әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің тізбесі айқындалды.
Осы тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевтың төрағалығымен мемлекеттік кызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының отырыстарында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітілді.
2012 жылғы әлеуметтік маңызы бар бүкіл 19 мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді, ол 61,2% құрайды.
Барлық әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшірігеннен кейін тұрғындар мен бизнестің жылына тапсыратын қағаз түріндегі құжаттарының 40 миллионнан астамын жою болжанып отыр.
Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.
Электрондық форматқа көшіру үшін 80 рұқсат беру құжаттарының тізбесі жасалды. Қазіргі кезде тізбеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар рұқсат беру құжаттарын электрондық форматқа көшіру жөнінде 80 іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Тиісті қаражат бюджетте «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасын дамыту» бағдарламасы шеңберінде көзделген. Рұқсат беру құжаттарын электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс 2013 жылы жалғасады.
Анықталған 1096 рұқсаттың жоғары қатерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-сінің күшін жою және азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей тәуекелмен байланысты емес ақпараттық сипаттағы, 40 рұқсатты хабарлама тәртібіне көшіру көзделген лицензиялар мен рұқсаттардың барлық түрлерін үштен бірге азайтуды қамтамасыз ететін заң қабылданды.
Еліміздің барлық рұқсат беру жүйесін реттеу мақсатында 2012─2015 жылдарға арналған рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың жаңа тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдаманың негізгі қағидаты рұқсат беру құжаттарын жіктеу мен оларды қауіптілік дәрежелері бойынша сыныптауды көздейтін ықпалдастырылған рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады.
Қазіргі уақытта барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға қосылған.
2012 жылғы 1 тамыздан бастап барлық лицензиялар электрондық форматта қалыптастырылады және беріледі. Мысылы, жылдың басынан бері «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы 17 651 лицензия берілді.
2012 жылғы 10 шілдеде қабылданған № 36-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы лицензияларды электрондық форматта беруді нормативтік тұрғыдан бекітті.
Қазіргі уақытта ІІМ ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесін кіріктіру бойынша электрондық үкіметтің кұрамбөліктерімен жұмыстар аяқталды, бұл іс-шаралар азаматтар ұсынатын құжаттардың тізбесін оңтайландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Жүргізуші куәлігін беру бойынша қызмет көрсету үшін мамандандырылған ХҚКО-да электрондық автодром жүйесі енгізілуде.
Халықтың компьютерлік сауатын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде «тұрғындардың компьютерлік біліктілігін 50-ға дейін арттыру» нысаналы индикаторы көзделген.
Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін 2012 жылдың соңына дейін 407 000 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде:
халықты компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдыларына әкімдіктердің оқытуы – 300 000 адамды;
коммуникация саласындағы қызметкерлерді оқыту – 20 000 адамды;
«электронды үкімет және электронды қызмет көрсету» семинарлары шеңберінде 47 000 адамды оқыту;
«электронды үкімет» шоу─румдарында 40 000 адамға консультация беру.
16 өңірде халықтың компьютерлік сауаттылығының негізгі дағдыларына 496 086 адам оқытылды.
Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі жұмыстарды каржыландыру мәселесін шешу үшін Қаржы министрлігі «Халықтың компьютерлік біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын енгізді.
Сонымен қатар «электронды үкімет», «Зерде» холдингі» АҚ, Қарағанды облысы әкімдігінің, www.kaztube.kz сайттарында орналастырылған компьютерлік біліктіліктің негізгі дағдылары бойынша электронды ақпараттық-оқыту бағдарламалары әзірленді. Компьютерлік сауаттылық бойынша баннерлер жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылған. Компьютерлік сауаттылық бойынша «Еларна» (2012 жылғы 8 қарашадан бастап) және «Хабар» (2012 жылғы 9 қарашадан бастап) телеарналарында роликтерді көрсету жүргізіледі.
Сондай-ақ, ұлттық компаниялар өз қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізуде.
Компьютерлік сауаттылық негізгі дағдыларына 16 640 қызметкер оқытылды («Қазақтелеком» АҚ – 2 500, «Қазпошта» АҚ – 7 630, «ҚТЖ» АҚ – 6 000, «Эйр─Астана» АҚ – 510).
Сонымен қатар, компьютерлік біліктілікті жоғарылату «Электронды үкімет және электронды қызмет көрсету» курстары шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде 17 455 адам оқытылды, оның ішінде «Самұрық─Қазына» ҰӘҚ» АҚ – 112, «Қазақтелеком» АҚ – 5 519, «Қазпошта» АҚ – 4 137, «ҚТЖ» АҚ – 7 647, «Эйр-Астана» АҚ – 40 қызметкер.
Нәтижесінде коммуникация саласында қызметкерлерді оқыту шеңберінде 34 095 қызметкер оқытылды.
Бұдан басқа «Электронды үкімет және электронды қызмет көрсету» курстары 16 өңірде жүргізіледі (81 елді мекенде). Бұл курстарда 47 000 адам оқытылды.
«Электронды үкімет» шоу-румдарында 30 377 адамға консультация берілді.
Жалпы барлық бағыттар шеңберінде 607 558 адам оқытылды және консультация алды (яғни халықтың 3,88%-ы).
Нәтижесінде халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 51,28%-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |