Қазақстан республикасының Ұлттық банкі директорлар кеңесінің Қ аулыс ы алматы қаласы 2007 жылғы 23 мамыр №108 Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды


Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды



жүктеу 450,53 Kb.
бет2/2
Дата25.11.2017
өлшемі450,53 Kb.
#1786
1   2

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды


жүзеге асыру ережесі
(Өзгерістер мен толықтырулар:

1) ҚРҰБ ДКҚ № 223 30.11.2007ж. (Тіркеу. № 2409)

2) ҚРҰБ ДКҚ №173 21.10.2008жыл. (Тіркеу. № 2493))

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 905 тіркелген «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар Республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 157 қаулыларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.


2. Осы Ереже Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесінің (бұдан әрі – төлем жүйелері бөлімшесі) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, сондай-ақ қадағалау объектілерін айқындау мақсатында әзірленді.


3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалау – төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ өзге де қадағалау объектілерінің тиімді жұмыс істеуін, пайдалануды және дамытуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын төлем жүйелері бөлімшесінің қызметі.
1-тарау. Жалпы ережелер
4. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан әрі – банкаралық жүйе) – операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) болып табылатын операция күнінің ішінде Ұлттық Банктің ақшасымен есеп айырысу кепілдігі бар басым төлемдерді жүзеге асыруға арналған нақты уақыт режиміндегі жалпы есеп айырысулар жүйесі. Банкаралық жүйе Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жүйелік мәні, яғни оның үздіксіз жұмысы ұлттық қаржы нарықтарының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін төлем жүйесі болып табылады және жұмыстағы тоқтап қалулар (іркілістер) Қазақстан Республикасында қаржы тәуекелдерінің туындауына әкелуі мүмкін.

2) банкаралық клиринг жүйесі – операторы Орталық болып табылатын, көп жақты клиринг қағидаты бойынша жұмыс істейтін және аз сомаға (5 миллион теңгеден аспайтын) төлемдерді жүзеге асыруға арналған клиринг жүйесі;

3) төлем жүйелері мониторингі - төлем жүйелерін пайдаланушылардың төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асырған кезде туындайтын тәуекелдерді басқару және барынша төмендету мақсатында жүргізілетін банкаралық жүйе мониторингі және банкаралық клиринг жүйесі;

4) төлем жүйелерінің операторы - банкаралық жүйені және банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде олардың техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін заңды тұлға. Төлем жүйелері операторының функциясын Ұлттық Банк, сол сияқты оның еншілес ұйымдары да жүзеге асыра алады;

5) төлем жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау – төлем жүйесінің жұмыс істеуінің халықаралық стандарттарға, оның ішінде Халықаралық есеп айырысулар банкінің төлемдік және есеп айырысу жүйелері комитетінде әзірленген басты қағидаттарға сәйкестігін бағалау;

6) төлем құралдары – төлем тапсырмалары, төлемдік талап-тапсырмалар, чектер, банк шотын тікелей дебеттеу, инкассалық өкімдер, вексельдер, төлем ордерлері, төлемдік хабарламалар, аккредитивтер;

7) операторы Орталық болып табылатын төлем жүйелері (бұдан әрі – Орталықтың төлем жүйелері) – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және пайдаланушылар арасында ақша аударымын қамтамасыз ететін төлем жүйелері, оған банкаралық жүйе және банкаралық клиринг жүйесі жатады;

8) төлем жүйелерін пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банк) немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, төлем жүйесіне қызмет көрсету туралы Орталықпен шарт жасаған ұйым;

9) құқықтық тәуекел – Орталықтың төлем жүйелерінің, банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі және оларды ұйымдастыру, төлем карточкалары және халықаралық ақша аударымдары нарықтарын дамыту, төлем құралдарын пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқытық базаны жетілдірмеу салдарынан туындайтын төлем жүйелері жұмысының тиімділігіне теріс ықпал ету тәуекелі;

10) басымдық төлем – орындалуының пайдаланушы және оның клиенттері үшін бастапқы мәні бар төлем;

11) төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдер - нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен айқындалған кредит тәуекелі, өтімділік тәуекелі, аяаяқтық тәуекелі, операциялық, жүйелік, техникалық тәуекелдер, сондай-ақ құқықтық және беделдік тәуекелдер;

12) беделдік тәуекел – төлем жүйелерінің тиімділігіне және қауіпсіздігіне теріс қоғамдық пікірдің туындау немесе сенімнің төмендеу тәуекелі;

13) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы және Төрағаның орынбасарлары;

14) банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесі – банктер арасында, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған қазақстандық теңгемен корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылатын төлемдер және ақша аударымы жүйесі;

15) Орталықтың төлем жүйелерінің деректер базасы серверлерінің ақпараттық ресурстары – Орталықтың төлем жүйелеріндегі хабарламаларды өңдеу нәтижелері бойынша алынатын электронды жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базасы);

16) интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесінің шағын жүйесі (бұдан әрі - шағын жүйе) – қызметкерлерден және олардың қызметін автоматтандыру құралдарының жиынтығынан тұратын, белгіленген функцияларды орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын жүйе.
2-тарау. Төлем жүйелерінің

жұмыс істеуін қадағалау объектілері
5. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалау объектілері мыналар болып табылады:

1) банкаралық жүйе;

2) банкаралық клиринг жүйесі;

3) банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесі;

4) төлем құралдары;

5) төлем карточкаларының нарығы;

6) халықаралық ақша аударымдарының нарығы.
3-тарау. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалаудың

мақсаты және міндеттері
6. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалаудың мақсаты – Орталықтың төлем жүйелерінің, банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төлем құралдарын пайдалану, төлем карточкалары және халықаралық ақша аударымдарының нарықтарын дамыту.

7. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалаудың негізгі мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымының уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеу тұрақтылығын және қауіпсіздігін қолдау мақсатында төлем жүйелерінің жұмыс істеу мониторингі, талдау мен бағалау және төлем жүйелерін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерді басқару және барынша азайту;

3) банктер арасында, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған қазақстандық теңгемен корреспонденттік шоттар (бұдан әрі – банктер арасындағы корреспонденттік шоттар) арқылы төлемдерді сенімді жүргізуді және банктер арасында, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік шоттар белгілеу тәртібін жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмыс істеуін талдау;

4) төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін пайдалану мен ендіруді жетілдіру мақсатында төлем құралдарын пайдалануды талдау;

5) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді ыңғайлы, қауіпсіз және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында төлем карточкаларының нарығын дамытуды, төлем карточкалары мен және оларды пайдалана отырып көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін дамытуды талдау;

6) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының шетелдерге ақша аударымын тиімді және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ақша аударымдарының нарығын дамытуды талдау;

7) төлем жүйелеріне және төлемдер мен ақша аударымдары саласындағы өзге де қадағалау объектілеріне қоғамдық сенімді қолдау.
2-бөлім. Орталықтың төлем жүйелерінің

жұмыс істеуін қадағалау
1-тарау. Орталықтың төлем жүйелерінің

жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
8. Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауға мыналар кіреді:

1) Орталықтың төлем жүйелерін ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің шарттарын және тәртібін айқындайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру, оның ішінде:

Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қадағалау мәселелері бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру;

Орталықтың төлем жүйелері жұмысының ережелерін және рәсімдерін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуын, төлемдер жүргізудің халықаралық стандарттар белгілеген қауіпсіздік және сенімсіздік талаптарының жеткіліктілігін және қанағандырылуын талдау. Қажет болған жағдайда Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне және басқа да құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

Орталық пен пайдаланушылар арасында жасалған төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарттардың (бұдан әрі - шарт) төлем жүйелеріне қатысуын және шарттарды бұзуды, Орталықтың және пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін айқындаудың анық және жеткілікті болуын талдау. Қажет болған жағдайда Орталыққа шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар беру;

төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін қамтамасыз етуге қатысты халықаралық стандарттарды, халықаралық қаржы ұйымдарының ұсыныстарын және шет елдердің орталық (ұлттық) банктерінің тәжірибесін зерделеу және олардың негізінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың қосымша тәсілдерін әзірлеу;

2) алынып тасталды;

3) Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің мониторингі және талдау;

4) Орталықтың төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерді талдау және оларды басқару әдістерін пайдалану;

5) Орталықтың төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексеру;

6) қажет болған кезде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін бағалау, оның қорытындылары бойынша Ұлттық Банктің басшылығына және Орталыққа есеп ұсынылады;

7) пайдаланушылардың және пайдаланушының мәртебесін алған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін тексеру;

8) Орталықтың төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қадағалауды және қамтамасыз етуді тиімді жүргізуге қажетті өзге де қызмет.

9. Төлем жүйелері бөлімшесі Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген қадағалау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру және тәуекелдерді басқару әдістері бойынша Ұлттық Банктің басшылығына ұсыныстар енгізеді.


2-тарау. Алынып тасталды
3-тарау. Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне мониторинг және талдау жасау
19. Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеу мониторингін және талдауын төлем жүйелері бөлімшесі жүргізеді және оған мыналар кіреді:

1) банкаралық жүйенің жұмыс істеу мониторингі және талдау;

2) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу мониторингі және талдау;

3) төлем жүйелерінде төлемдер тағайындаудың бірыңғай классификаторының кодтары бойынша төлемдер ағынын талдау.

4) Орталықтың төлем жүйелерін ұйымдастыру, бағдарламалық-техникалық қолдау және дамыту жөніндегі жұмыстарды талдау.

20. Банкаралық жүйенің жұмыс істеу мониторингі және талдау:

1) пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін Ұлттық Банк бөлімшесінің (бұдан әрі - пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше) осы Ереженің 4-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, есепті аптадан кейінгі келесі жұмыс күні апталық негізде ұсынатын банкаралық жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы электронды ақпараты;

2) Орталықтың банкаралық жүйенің белгілі уақыт кезеңінде жұмыс істеуі және банкаралық жүйенің ағымдағы жай-күйі туралы электронды ақпараты;

3) Ұлттық Банкте ашылған, Ұлттық Банктің шағын жүйелерін пайдалану арқылы алынатын пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарындағы қазақстандық теңгемен ақша қалдығы туралы электронды ақпараты негізінде жүзеге асырылады.

21.Алынып тасталды.



22. Орталықтың банкаралық жүйенің жұмыс істеуі туралы электрондық ақпараты есепті күнгі:

1) дебеттік және кредиттік айналымдар туралы, кірген және шыққан қалдықтар туралы, банкаралық жүйенің операциялық күнінің әрбір сағаты бойынша өтімділіктің жеткіліксіз болуы себепті орындалмаған төлем құжаттарының саны және сомасы туралы;

2) әрбір пайдаланушы бойынша уақыт аралықтары және сома бөлігінде дебеттік айналымдар туралы;



3) банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде кезекте тұрған, пайдаланушы қайтарып алған, сондай-ақ банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде өтімділіктің жеткіліксіз болуы себепті орындалмаған төлем құжаттары туралы, төлем құжатының кезекке келіп түскен/орындалған (қайтарылған) уақыты көрсетіліп;

4) банкаралық жүйеде операциялық күннің әрбір сағаты бойынша төлем құжаты есептелетін ең аз, ең көп және орташа уақыт кезеңі туралы. Уақыт кезеңі төлем құжатының банкаралық жүйеге түскен уақытынан бастап оны орындау уақытына дейін есептеледі және банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде кезекте тұрған төлем құжаттары есепке алынбайды;

5) банкаралық жүйеде орындалмаған (қателескен) төлем құжаттары туралы деректерден тұрады.

6) операциялық күнді ашу уақытын және операциялық күнді жабу уақытын көрсете отырып, банкаралық жүйенің жұмыс уақыты туралы;

7) Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық күнді басқару тәртібі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшасында белгіленген нысан бойынша банкаралық жүйедегі (банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде немесе ашу/жабу кезінде) іркілістердің туындау жағдайлары немесе штаттан тыс туындаған оқиғалар туралы.

22-1. Орталықтың банкаралық жүйесінің ағымдағы жай-күйі туралы электронды ақпараты мынадай деректерден тұрады:

1) банктік бірегейлендіру кодтарын көрсете отырып банкаралық жүйедегі олардың пайдаланушылардың позицияларының ағымдағы жай-күйі туралы;

2) дебет және кредит айналымдары, банкаралық жүйе бойынша тұтастай алғанда және әрбір пайдаланушы бойынша кезекте тіркелген төлем құжаттарының саны және сомасы, олардың сальдо позициялары туралы;

3) төлем құжаттарының кезегі бар пайдаланушылар саны туралы;

4) пайдаланушының әрбір төлем құжаты бойынша;

5) пайдаланушының қате құжаттары бойынша.

22-2. Төлем жүйелері бөлімшесі осы Ереженің 22-тармағының 1)-5) тармақшаларында және 22-1-тармағында көзделген ақпаратты Орталықтың төлем жүйелерінің деректер базасы серверлерінің ақпараттық ресурстарына кіруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы; осы Ереженің 22-тармағының 6) тармақшасында көзделген ақпаратты апта сайын, есепті аптадан кейінгі келесі жұмыс күні; осы Ереженің 22-тармағының 7) тармақшасында көзделген ақпаратты іркілістер немесе штаттан тыс оқиғалар анықталғаннан кейін келесі жұмыс күні алады.



23. Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу мониторингі және талдау:

1) клиринг ұйымдарының банкаралық клиринг жүйесінің белгілі бір уақыт кезеңінде жұмыс істеуі туралы электронды ақпараты;

2) Ұлттық Банктің шағын жүйелерін пайдалану арқылы алынатын банкаралық клиринг жүйесінің ағымдағы жай-күйі туралы электронды ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

23-1.Алынып тасталды.

23-2. Орталықтың банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеуі туралы электрондық ақпаратында есепті күнгі:

1) тұтастай алғанда клиринг ұйымы бойынша да, сол сияқты банкаралық клиринг жүйесінің әрбір пайдаланушысы бойынша да ақша айналымдары бойынша жеке-жеке және төлемдердің сома аралықтары бойынша өтуі туралы;

2) банкаралық клиринг жүйесіндегі күші жойылған төлемдер туралы;

3) банкаралық клиринг жүйесін пайдаланушылардың таза позицияларының есебі басталған және есебі аяқталған уақытты көрсете отырып, таза позициялар есептелетін уақыт кезеңі туралы;

4) операциялық күнді ашу уақытын және операциялық күнді жабу уақытын көрсете отырып, банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс уақыты туралы;

5) Нұсқаулықтың қосымшасында белгіленген нысан бойынша банкаралық клиринг жүйесінде іркіліс туындаған немесе штаттан тыс оқиғалар болған (банкаралық клиринг жүйесінің операциялық күні ішінде немесе күнді ашу/жабу кезінде) жағдайлар туралы деректер болады.

23-3. Төлем жүйелері бөлімшесі осы Ереженің 23-2 тармағының 1)-2) тармақшаларында көзделген ақпаратты есепті күннен кейінгі келесі жұмыс күні; осы Ереженің 23-2 тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты Орталықтың төлем жүйелерінің деректер базасы серверлерінің ақпараттық ресурстарына кіруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы; осы Ереженің 23-2 тармағының 4) тармақшасында көзделген ақпаратты есепті аптадан кейінгі келесі жұмыс күні апта сайынғы негізде; осы Ереженің 23-2 тармағының 5) тармақшасында көзделген ақпаратты іркілісті немесе штаттан тыс оқиғаны анықтағаннан кейінгі жұмыс күні алады.

23-4. Ұлттық Банктің шағын жүйелерін пайдалану арқылы алынатын банкаралық клиринг жүйесінің ағымдағы жай-күйі туралы электрондық ақпаратта:

1) Орталықтың клирингін әрбір пайдаланушының және клирингтік ұйымның белгілі бір уақыт кезеңіндегі жай-күйі бойынша оның банктік бірегейлендіру коды көрсетіле отырып, кредиттік немесе дебеттік таза позициясы;

2) банкаралық жүйеде банкаралық клиринг жүйесін пайдаланушының ақша сомасы;

3) пайдаланушының Ұлттық Банкте қазақстандық теңгемен ашылған корреспонденттік шотындағы ақша сомасы туралы деректер болады;

24. Орталықтың төлем жүйелерінде төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша төлемдер ағынын талдау төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің кодтары бөлігінде жүргізілетін төлемдер бойынша Орталықтың ақпараты негізінде жүзеге асырылады.

24-1. Орталықтың төлем жүйелерін ұйымдастыру, бағдарламалық-техникалық қолдау және дамыту жөніндегі жұмыстарды талдау:

1) төлем жүйелері бөлімшесінің есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін алатын Орталықтың тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарлары;

2) төлем жүйелері бөлімшесінің есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін алатын төлем жүйелерін ұйымдастыру, техникалық қолдау және дамыту бойынша функцияларды жүзеге асыратын Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің атқарылған жұмыстары туралы тоқсандық және жылдық есептері;

3) төлем жүйелері бөлімшесінің жұмысты жүргізгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде алатын Орталықтың төлем жүйелері жұмысын резервтік сервердің бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару нәтижелері туралы мәліметтер;

4) төлем жүйелері бөлімшесінің есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін алатын Орталық төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің, ағымдағы жағдай және болып отырған проблемалар туралы мәліметтері бар коммуникация құралдарының жай-күйі туралы Орталықтың тоқсан сайынғы есебі;

5) төлем жүйелерінің жаңа функционалын енгізуге қатысты әзірлеу/пысықтау жөніндегі техникалық тапсырмалардың жобалары негізінде жүзеге асырылады;

6) Орталықтың төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеуі жөнінде әзірлеген басқа материалдары.



25. Алынып тасталды.

26. Алынып тасталды.

27. Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау үшін пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеден алынған Ұлттық Банктің пайдаланушылардың шығыс (активтік) операцияларын тоқтата тұруы туралы, төлем құжаттарын жүйеден тыс есепке қою туралы, инкассалық өкімдерді, төлем талап-тапсырмаларын 2-картотекаға қою/2-картотекадан орындау туралы қосымша ақпарат пайдаланылады. Бұл ақпаратты пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімше көрсетілген шаралар жүзеге асырылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні төлем жүйелері бөлімшесіне ұсынады.

28. Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау үшін Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінен және филиалдарынан алынған қосымша ақпарат, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және шет елдердің орталық (ұлттық) банктерінің сайттарынан алынған ақпарат пайдаланылуы мүмкін.

29. Төлем жүйелері бөлімшесі Орталықтың төлем жүйелерінің жұмысына мониторинг және талдау жүргізу шеңберінде мынадай функцияларды орындайды:

  1. алынған ақпаратты күн сайын өңдейді және талдайды;

  2. белгілі бір уақыт аралығы үшін төлем ағындарын пайдаланушылар топтары бойынша және тұтастай алғанда банкаралық жүйе және банкаралық клиринг жүйесі бойынша талдайды;

  3. төлемдердің өту кезеңділігін төлем құжаттарының сомалары бойынша және банкаралық жүйедегі операциялық күннің әрбір сағаты бойынша талдайды, банкаралық жүйенің негізгі жүктемесі сағаттарын, сондай-ақ белгілі бір уақыт аралығы үшін банкаралық клиринг жүйесінде төлемдердің өту кезеңділігін төлем құжаттарының сомасы бойынша айқындайды;

  4. Ұлттық Банк басшылығына ақпарат ұсыну үшін Орталықтың төлем жүйелеріндегі ақша төлемі мен аударымдарының көлемін болжауды жүзеге асырады;

  5. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының Орталықтың төлем жүйелерін дамыту көрсеткіштеріне ықпалын талдайды;

  6. белгілі бір уақыт аралығы үшін Орталықтың төлем жүйелеріндегі ақша ағынын төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша талдайды;

  7. банкаралық жүйеде төлем құжаты есебі үшін пайдаланылатын ең аз, ең көп және орташа уақытты талдайды;

  8. банкаралық клиринг жүйесі пайдаланушыларының таза позициялары- ның есебі үшін пайдаланылған уақытты талдайды;

  9. нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күнін ашқаннан бастап операциялық күнді жапқанға дейінгі уақыт кезеңі) банкаралық жүйенің/банкаралық клиринг жүйесінің жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күнін ашқаннан бастап операциялық күнді жапқанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептелетін белгілі бір уақыт аралығындағы банкаралық жүйенің/банкаралық клиринг жүйесінің үздіксіз жұмысының (жұмыс қабілетінің) коэффициентін есептейді, банкаралық жүйенің/банкаралық клиринг жүйесінің бір айдағы (жылдағы) үздіксіз жұмысы (жұмыс қабілеті) коэффициентінің мәні 90 пайыздан кем болмауы тиіс;

  10. банкаралық жүйеде орындалмаған (қателескен) төлем құжаттарын талдайды;

11) алынып тасталды;

12) алынып тасталды.

30. Төлем жүйелері бөлімшесі Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген талдаудың негізінде:

  1. банкаралық жүйедегі және банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдердің айналымдары бойынша мәліметтер бар ай сайынғы есептілікті қалыптастырады және Ұлттық Банк басшылығына ұсынады;

  2. жүргізілген талдау нәтижелерін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген талдама шолуда және Ұлттық Банк басшысына ұсынылатын басқа да есептерде көрсетеді;

3) Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялау, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне баяндамалар дайындау үшін банкаралық жүйенің және банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратты қалыптастырады және Ұлттық Банктің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне ұсынады;

4) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде банкаралық жүйенің және банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратты Ұлттық Банктің web-сайтына орналастыруды (жаңартуды) жүзеге асырады;

4-тарау. Орталықтың төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерді талдау және оларды басқару әдістерін пайдалану
31. Орталықтың төлем жүйелерінің тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында төлем жүйелері бөлімшесі төлем жүйелерінде туындайтын тәуекелдерге талдау жүргізеді, тәуекелдерді басқару әдістерін пайдаланады, Ұлттық Банк басшылығына тәуекелдерді басқару әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді және Орталыққа тәуекелдерді барынша азайту жөнінде ұсыным береді.

32. Алынып тасталды.

33. Банкаралық жүйеде кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелдердің туындауын барынша азайту мақсатында төлем жүйелері бөлімшесі Орталықтың төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау жүргізген кезде:

  1. күн сайын, есептіден кейінгі келесі жұмыс күні банкаралық жүйе бойынша тұтастай және әрбір пайдаланушыға жеке-жеке ақша айналымдылығы коэффициентін және өтімділік коэффициентін есептейді.

Есептелген ақша айналымдылығы коэффициенттері және өтімділік коэффициенттері негізінде олардың бір айдағы, тоқсандағы және жылдағы орташа мәндерін есептеуді жүзеге асырады. Ақша айналымдылығы коэффициенттерін және өтімділік коэффициенттерін есептеу осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Банкаралық жүйенің/пайдаланушылардың ақша айналымдылығы коэффициенттерінің және өтімділік коэффициенттерінің есептелген мәндерін талдайды, сондай-ақ банкаралық жүйенің ақша айналымдылығы коэффициенттерінің және өтімділік коэффициенттерінің осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген мәндерге сәйкестігін талдайды;

2) күн сайын, есептіден кейінгі келесі жұмыс күні банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде, банкаралық жүйенің операциялық күні ішінде кезекте тұрған, пайдаланушылар қайтарып алған және операциялық күн соңында өтімділіктің жеткіліксіздігі себепті орындалмаған төлем құжаттары бойынша талдау жүргізеді.

Төлем жүйелері бөлімшесі пайдаланушылармен телефон арқылы немесе электрондық тәсілмен байланыса отырып, төлем құжаттарының қайтарып алыну/орындалмау себептерін айқындайды және кейінгі операциялық күндері олардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

34. Банкаралық клиринг жүйесіндегі кредиттік, өтімді және жүйелік тәуекелдердің туындауын азайту мақсатында төлем жүйелері бөлімшесі Орталықтың төлем жүйелерінің жұмысын талдау кезінде күн сайын, есепті күннен кейінгі келесі жұмыс күні банкаралық клиринг жүйесін пайдаланушының банкаралық жүйесіндегі ақшасының жетпеу себебі бойынша жойылған төлемдер туралы деректерді оның клирингтің нәтижелері бойынша таза позициясын есептеу кезінде талдайды.

Төлем жүйелері бөлімшесі пайдаланушымен телефон бойынша немесе электрондық тәсілмен байланыса отырып, клирингтің нәтижелері бойынша таза позициясын есептеу кезінде банкаралық жүйедегі ақшасының жетпеу себебін анықтайды және келесі операциялық күндері жойылған төлем құжаттарының орындалу мониторингін жүзеге асырады.



35. Пайдаланушы банкаралық жүйедегі төлем құжаттарын өтімділіктің жетіспеуі себебі бойынша жүйелі түрде жүргізбеген (қайтарып алған, орындамаған), сондай-ақ банкаралық клиринг жүйесін пайдаланушының банкаралық жүйесіндегі төлем құжаттары жойылған жағдайда (үш немесе одан көп қатар күндері не бес не одан көп қатар емес күндері), төлем жүйелері бөлімшесі Ұлттық Банктің басшылығына осы пайдаланушыда ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу үшін өтімділіктің жетпейтіні туралы хабарлайды.

36. Орталықтың төлем жүйелерін ұйымдастыру, бағдарламалық- техникалық қолдау және дамыту бойынша жұмысты талдауды жүргізу кезінде Орталықтың төлем жүйелеріндегі техникалық, операциялық тәуекелдерді және алаяқтық тәуекелін басқару және барынша азайту мақсатында төлем жүйелері бөлімшесі:



1) Орталықтың мәліметтері негізінде Орталықпен бірлесе отырып Орталықтың төлем жүйелері бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмыс істеп тұрған құрамына, коммуникация құралдарына талдау жүргізу арқылы Орталықтың төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмысын тексереді, талдау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда Орталыққа түрлендіру және жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

2) Орталықтың жұмыс жоспарларын олардың орындалу тиімділігін арттыру мақсатында атқарылған жұмыс туралы ұсынылған есептерді пайдалана отырып оны Орталықтың орындауын талдауды жүргізеді;

3) төтенше жағдайлар туындаған кезде Орталық келісуге ұсынған Орталықтың төлем жүйелерінің жұмысын қалпына келтіру жоспарын қарайды, қарау нәтижесі бойынша қажет болған жағдайда Орталыққа оларды жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

4) төлем жүйелерінің жаңа функционалын енгізуге қатысты Орталық келісуге ұсынған әзірлеу/пысықтау жөніндегі техникалық тапсырмалардың жобаларын қарайды, қарау нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда Орталыққа оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

5) Орталықтың төлем жүйелерінің жұмысын резервтік серверге аудару мерзімдерін Орталықпен келіседі;



6) Орталықтың мәліметтері негізінде Орталықтың төлем жүйелерінің жұмысын резервтік сервердің бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару нәтижелеріне талдау жасайды және қажет болған кезде Орталыққа және пайдаланушыларға жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

7) қажет болған кезде Орталыққа ұйымдық құрылымы және қызметкерлерінің құрамы бойынша ұсынымдар береді;

8) пайдаланушының жұмыс орнының Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуіне аттестация жүргізеді.

37. Орталықтың төлем жүйелеріндегі құқықтық тәуекелдерді басқару және азайту мақсатында төлем жүйелері бөлімшесі осы Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген тәуекелдерді басқару әдістерін қолданады.

38. Беделіне нұқсан келтіру тәуекелін басқару және азайту мақсатында төлем жүйелері бөлімшесі:



  1. төлем жүйелері арқылы ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізудің уақтылылығын, қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың төлем жүйелері жұмысының мониторингін, талдауды, бағалауды жүзеге асырады;

  2. Ұлттық Банктің мерзімді басылымдарына және web-сайтына, Қазақстан Республикасының мерзімді басылымдарына Орталықтың төлем жүйелері жұмысы туралы ақпарат жариялайды;

  3. төлем жүйелерін көпшілікке танымал жасау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар дайындайды;

  4. төлем жүйелері саласында болып отырған проблемаларды, жоспарланған өзгерістерді, басым бағыттарды талқылау мақсатында мемлекеттік органдармен, пайдаланушылармен және төлем жүйелерінің операторларымен ынтымақтастық жасайды және семинарлар, кездесулер және талқылаулар ұйымдастырады;

  5. төлем жүйелерін ұйымдастыру және қадағалау деңгейін көтеру үшін қажетті ақпаратпен алмасу мақсатында шетелдердің орталық (ұлттық) банктері және халықаралық қаржы ұйымдары үшін семинарлар өткізеді, сондай-ақ олардың төлем жүйелері саласында ұйымдастырған іс-шараларына қатысады;

  6. пайдаланушыларға, басқар заңды және жеке тұлғаларға төлем жүйелерінің жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.


5-тарау. Төлем жүйелерін пайдаланушылардың және пайдаланушы мәртебесін алған, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін тексеру
39. Төлем жүйелері бөлімшесі Орталықтың төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде төлем жүйелерін пайдаланушылардың және пайдаланушы мәртебесін алған, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін олардың осы Ереженің 40 және 41-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтауын «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруді жүзеге асырады.

40. Пайдаланушының жұмыс орнын орналастыруға, ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етуді рұқсат етілмеген кіруден қорғау, негізгі ақпаратты сақтау және пайдалану, қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру тәртібіне қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1059 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы № 325 қаулысында көзделген.

41. Төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға, пайдаланушыны және Орталықты төлем жүйесіне бірдейлестіру, хабарлар алмасу, төлем жүйесінің терминалында оқиғаларды тіркеу, ақпараты қорғау рәсімдеріне қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2458 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 235 қаулысында көзделген.
3-бөлім. Өзге объектілерді қадағалау
1-тарау. Банктер арасындағы корреспонденттік
қатынастар жүйесін қадағалау

42. Банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесін қадағалауға:

1) Ұлттық Банктің банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жұмысының мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру;

2) банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысын талдау кіреді.



43. Банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысын талдау банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

1) банктер арасындағы корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері және аударымдары және көрсетілген шоттарға ақша қалдығы;

2) төлемдер мақсатының бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша банктер арасындағы корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған төлемдер жөніндегі ақпараты негізінде жүзеге асырылады.

44. Төлем жүйелері бөлімшесі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Ұлттық Банктің банктер арасындағы корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдарының көлеміне белгілеген лимитті сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

Банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым белгілеген лимитті асырып жіберген жағдайда төлем жүйелері бөлімшесі Ұлттық Банктің басшылығына осы банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әсер ету шараларын және санкциялар қолдану туралы ұсыныс енгізеді.

45. Төлем жүйелері бөлімшесі банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысына жүргізілген талдау негізінде:

1) банктер арасындағы корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары туралы ай сайынғы есептілікті қалыптастырады және төлем жүйелері бөлімшесінің басшысына ұсынады;

2) жүргізілген талдау нәтижелерін төлем жүйелері жұмысының талдама шолуында көрсетеді;



3) банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысы туралы ақпаратты қалыптастырады және Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялау үшін Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне ұсынады;

4) банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысы туралы ақпаратты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық Банктің web-сайтында орналастыруды (жаңартуды) жүзеге асырады.


2-тарау. Төлем құралдарын пайдалануды қадағалау
46. Төлем құралдарын пайдалануды қадағалауға:

1) Ұлттық Банктің төлем құралдарын қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру;

2) халықаралық стандарттарды, халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын және шетелдердің орталық (ұлттық) банктерінің төлем құралдарын қолдануға және ендіруге қатысты тәжірибесін зерделеу және олардың негізінде төлем құралдарының жаңа түрлерін әзірлеу;

3) төлем құралдарын пайдалануды талдау кіреді.



47. Төлем құралдарын пайдалануды талдау банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, Ұлттық Банктің төлем айналымын қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдары тәсілі бойынша бөлу жөніндегі ақпараты негізінде жүзеге асырылады.

48. Төлем құралдарын пайдалануды талдау үшін Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшелерінен және филиалдарынан қосымша ақпарат, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және шетелдердің орталық (ұлттық) банктерінің ақпараты пайдаланылуы мүмкін.

49. Төлем жүйелері бөлімшесі төлем құралдарын пайдалануға жүргізілген талдау негізінде:

1) талдау нәтижелерін төлем жүйелері жұмысының талдама шолуында көрсетеді;

2) төлем құралдарын пайдалану туралы ақпаратты оны Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялау, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндамалар дайындау үшін қалыптастырады және Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне ұсынады;

3) төлем құралдарын пайдалану туралы ақпаратты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық Банктің web-сайтында орналастыруды (жаңартуды) жүзеге асырады.

3-тарау. Төлем карточкаларының нарығын қадағалау


50. Төлем карточкаларының нарығын қадағалауға:

1) Ұлттық Банктің төлем карточкаларын шығару және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру;

2) халықаралық стандарттарды, халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын және шетелдердің орталық (ұлттық) банктерінің төлем карточкалары нарығы жұмысының мәселелеріне қатысты тәжірибесін зерделеу және олардың негізінде төлем карточкаларының және оларды пайдаланумен ұсынылатын қызметтердің жаңа түрлерін әзірлеу;

3) төлем карточкалары нарығының дамуын талдау кіреді.

51. Төлем карточкалары нарығын талдау банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкалары жөніндегі ақпараты негізінде жүзеге асырылады.

52. Төлем карточкалары нарығының дамуын талдау үшін Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшелерінен және филиалдарынан қосымша ақпарат, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және шетелдердің орталық (ұлттық) банктерінің ақпараты пайдаланылуы мүмкін.

53. Төлем жүйелері бөлімшесі төлем карточкалары нарығының дамуына жүргізілген талдау негізінде:



1) белгілі бір уақыт аралығында төлем карточкаларын пайдалану жөніндегі есептілікті қалыптастырады және Ұлттық Банктің басшылығына ұсынады;

2) жүргізілген талдау нәтижелерін төлем жүйелері жұмысының талдама шолуында көрсетеді;



3) төлем карточкалары нарығының дамуы туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялау, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндамалар дайындау үшін қалыптастырады және Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне ұсынады;

4) төлем карточкалары туралы ақпаратты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық Банктің web-сайтында орналастыруды (жаңартуды) жүзеге асырады.
4-тарау. Халықаралық ақша аударымдары нарығын қадағалау
54. Халықаралық ақша аударымдары нарығын қадағалауға:

1) Ұлттық Банктің төлем Халықаралық ақша аударымдарын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және жетілдіру;

2) халықаралық стандарттарды, халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын және шетелдердің орталық (ұлттық) банктерінің халықаралық ақша аударымдары нарығы жұмысының мәселелеріне қатысты тәжірибесін зерделеу;

3) халықаралық ақша аударымдары нарығының дамуын талдау кіреді.



55. Халықаралық ақша аударымдары нарығының дамуын талдау банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың халықаралық ақша аударымдары жөніндегі ақпараты негізінде жүзеге асырылады.

56. Халықаралық ақша аударымдары нарығының дамуын талдау үшін Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшелерінен және филиалдарынан қосымша ақпарат, мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және шетелдердің орталық (ұлттық) банктерінің ақпараты пайдаланылуы мүмкін.

57. Төлем жүйелері бөлімшесі халықаралық ақша аударымдары нарығының дамуына жүргізілген талдау негізінде:

1) жүргізілген талдау нәтижелерін төлем жүйелері жұмысының талдама шолуында көрсетеді;



2) халықаралық ақша аударымдары нарығының дамуы туралы ақпаратты қалыптастырады және Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялау үшін Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне ұсынады;

3) халықаралық ақша аударымдары туралы ақпаратты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық Банктің web-сайтында орналастыруды (жаңартуды) жүзеге асырады.
4-бөлім. Төлем жүйелері бөлімшесінде ақпарат сақтау
қауіпсіздігінің шаралары және тәртібі

58. Төлем жүйелері мониторингін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақпарат төлем жүйелері мониторингін жүргізуге арналған жұмыс орнында бір жыл бойынша электрондық түрде сақталады. Бір жыл өткеннен кейін ақпарат жойылады.

59. Төлем жүйелері мониторингін жүргізуге арналған жұмыс орны рұқсатсыз кіруден қорғау құралдарымен жарақтандырылған жеке үй-жайда орналастырылады.

60. Төлем жүйелерінің мониторингін жүргізуге арналған бағдарламалық құралдар осы мақсаттарға арнайы бөлінген, санкцияланбаған кіруден қорғаудың пайдаланушыларды тану құралдарын және электрондық журнал жүргізудің мүмкіндігін қамтитын бағдарламалық кешені бар дербес компьютерлерге орнатылады. Төлем жүйелерінің мониторингін жүргізуге арналмаған бағдарламалық құралдарды дербес компьютерге орнатуға рұқсат етілмейді.

61. Төлем жүйелерінің мониторингін жүргізу үшін жұмыс үстеліне кіруді қамтамасыз ететін парольдерді, код сөздерді немесе басқа ақпаратты сақтау және пайдалану оларды санкцияланбаған пайдалану мүмкіндігіне жол бермеуге тиіс.

62. Төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыратын әрбір жауапты қызметкер (бұдан әрі - жауапты қызметкер) өзінің дербес есептік жазбасымен және өзінің паролімен арнаулы бағдарламалық құралдарды пайдаланады.

63. Жауапты қызметкерлер төлем жүйелері бөлімшесі басшысының өкімі (бұдан әрі – өкім) негізінде тағайындалады.

64. Жауапты қызметкерлердің кіру құқықтарын өкім негізінде Ұлттық Банктің ақпарат технологиясы бөлімшесінің басқару қызметі және Орталықтың қауіпсіздік бөлімшесі тағайындайды.

65. Жауапты қызметкердің іс-әрекеттерін бақылауды осы жауапты қызметкердің тікелей басшысы жүргізеді.

66. Төлем жүйелерінің, банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмыс істеуін, төлем құралдарын пайдалануды, төлем карточкалары және халықаралық ақша аударымдары нарығының дамуын талдау үшін пайдаланылатын ақпарат бес жыл бойы төлем жүйелері бөлімшесінің жауапты қызметкерінің жұмыс үстелінде немесе арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудің деректер базасында электрондық түрде сақталады. Бес жыл өткен соң дербес компьютердің қатты дискісінен магнитті тасымалдағыштарға көшірілген ақпарат мұрағатқа жіберіліп, сонда сақталады.

67. Төлем жүйелері бөлімшесінің төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері төлем жүйелерін қадағалау барысында алынған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті.
5-бөлім. Қорытынды ережелер
68. Банктердің Қазақстан Республикасы заңнамасының және Ұлттық Банктің төлемдер және ақша аударымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда, алынған ақпаратты, тексерістердің, құқық қорғау органдары мен басқа мемлекеттік органдар ұсынған материалдардың нәтижелері мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде төлем жүйелері бөлімшесі Ұлттық Банк басшылығының қарауына ұсыну үшін ереже бұзушыларға ықпал ету шараларын қолдану және жазалау туралы құжаттарды әзірлеп, дайындайды.

69. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.




Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асыру ережесіне 1-қосымша

Ақшаның айналымдылық коэффициенттерін және

өтімділік коэффициентерін есептеу тәртібі

1. Банкаралық жүйедегі операциялық күнгі ақшаның айналымдылық коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: SД

Жүйенің ААК = -------,

Жө


мұнда: жүйенің ААК – банкаралық жүйедегі операциялық күнгі ақша айналымдылығының коэффициенті;

SД – пайдаланушылардың операциялық күнгі банк жүйесі бойынша дебеттік айналымдарының сомасына тең дебеттік айналым сомасы;

Жө – банкаралық жүйенің мәні банкаралық жүйеге келіп түскен жалпы ақша сомасына тең ағымдағы өтімділігі (операциялық күн ішінде банкаралық жүйеге/банкаралық жүйеден келіп түскен/алынған ақшаны есептегенде, операциялық күн басындағы банкаралық жүйедегі пайдаланушылардың келетін ақша қалдықтарының сомасы).

2. Банкаралық жүйедегі операциялық күнгі пайдаланушының ақша айналымдылығының коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Д

Пайдаланушының ААК = -------,



Пө

мұнда: пайдаланушының ААК – пайдаланушының банкаралық жүйедегі операциялық күнгі ақша айналысының коэффициенті;

Д – пайдаланушының банкаралық жүйе бойынша операциялық күнгі дебеттік айналымы;

Пө – операциялық күн ішінде банкаралық жүйеге пайдаланушыдан келіп түскен/банкаралық жүйеден пайдаланушы алған ақшаны есептегенде, пайдаланушының банкаралық жүйедегі мәні пайдаланушының операциялық күн басындағы кіретін ақша қалдығының сомасына және пайдаланушының операциялық күн ішінде банкаралық жүйе бойынша кредиттік айналымына тең ағымдағы өтімділігі.

3. Операциялық күнгі банкаралық жүйе өтімділігінің коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Жө

Жүйенің АӨК = ------------,



SД + SН

мұнда: жүйенің АӨК – банкаралық жүйенің операциялық күнгі өтімділік коэффициенті;

Жө – банкаралық жүйенің мәні банкаралық жүйеге келіп түскен жалпы ақша сомасына тең ағымдағы өтімділігі (операциялық күн ішінде банкаралық жүйеге/банкаралық жүйеден келіп түскен/алынған ақшаны есептегенде, банкаралық жүйедегі пайдаланушылардың операциялық күн басында кіретін ақша қалдықтарының сомасы);

SД – пайдаланушылардың операциялық күнгі банк жүйесі бойынша дебеттік айналымдарының сомасына тең дебеттік айналым сомасы;

SН – өтімділіктің жеткіліксіз болуы себепті, операциялық күннің аяғында банкаралық жүйемен жойылған, орындалмаған төлемдер сомасы.

4. Пайдаланушының операциялық күнгі банкаралық жүйедегі өтімділік коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


Пайдаланушының АӨК = ------------,

Д + Н


мұнда: пайдаланушының АӨК – пайдаланушының операциялық күнгі банкаралық жүйедегі өтімділік коэффициенті;

Пө – операциялық күн ішінде банкаралық жүйеге пайдаланушыдан келіп түскен/банкаралық жүйеден пайдаланушы алған ақшаны есептегенде, пайдаланушының банкаралық жүйедегі мәні пайдаланушының операциялық күн басында кіретін ақша қалдығының сомасына және пайдаланушының операциялық күн ішінде банкаралық жүйе бойынша кредиттік айналымына тең ағымдағы өтімділігі.

Д – пайдаланушының банкаралық жүйе бойынша операциялық күнгі дебеттік айналымы;

Н - өтімділіктің жеткіліксіз болуы себепті, пайдаланушының операциялық күннің аяғында банкаралық жүйеде жойылған, орындалмаған төлемдерінің сомасы.

5. Банкаралық жүйе мен пайдаланушылардың белгілі бір кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) ақша айналысының коэффициенті мен өтімділік коэффициентін есептеу осы коэффициенттердің қарастырылып отырған кезеңдегі әрбір операциялық күнгі орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Коэффициенттердің S

Орташа коэффициент = ---------------------- ,

(n үшін) N

мұнда: Орташа Коэффициент (n үшін) – белгілі бір кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) ақша айналысының коэффициенті және (немесе) өтімділік коэффициенті, мұнда n – кезең (ай, тоқсан, жыл);

Коэффициенттер S – кезеңдегі әрбір операциялық күнгі ақшаның айналымдылық коэффициенттерінің және (немесе) өтімділік коэффициенттерінің сомасы;

N – кезеңдегі операциялық күндердің саны.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды жүзеге асыру ережесіне 2-қосымша

1. Банкаралық жүйенің өтімділік коэффициенті үшін банкаралық жүйенің кредиттік тәуекелі және өтімділік тәуекелі ең аз болып саналатын мәндер белгіленеді:

жүйенің ААК ³ 0,5 болғанда, жүйенің АӨК £ 1,5

жүйенің ААК £ 1,5 болғанда, жүйенің АӨК ³ 0,5 .

2. Банкаралық жүйедегі ақша айналымдылығының коэффициенті үшін банкаралық жүйенің кредиттік тәуекелі және өтімділік тәуекелі ең аз болып саналатын мәндер белгіленеді:

жүйенің АӨК ³ 0,5 болғанда, жүйенің ААК £ 1,5

жүйенің АӨК £ 1,5 болғанда, жүйенің ААК ³ 0,5,

мұнда: жүйенің АӨК – банкаралық жүйенің өтімділік коэффициенті,

жүйенің ААК – банкаралық жүйедегі ақша айналымдылығының коэффициенті.
3-қосымша

Алынып тасталды.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін

қадағалауды жүзеге асыру ережесіне

4-қосымша
Банкаралық жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы мәліметтер

_____ _______ _____ _____ _______ _____ аралығында



жылы күні айы жылы күні айы


Датасы

Пайдалану-шының

ББК


Пайдаланушы хатының нөмірі және датасы


Жоспар бойынша операциялық күнді ұзарту уақыты

Операциялық күнді ұзартудың нақты уақыты

Операциялық күнді ұзарту себебі

1

2

3

4

5

6



















Басшы _____________ (Аты-жөні)

Орындаушы _____________ (Аты-жөні) телефоны __________



Банкаралық жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы мәліметтерді

толтыру жөніндегі ереже
Банкаралық жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы мәліметтер мынадай ақпаратты қамтитын 6 бағаннан тұрады:

1-баған – Датасы. Банкаралық жүйенің операциялық күнін ұзарту жүзеге асырылған операциялық күннің датасы қойылады;

2-баған – Пайдаланушының ББК. Операциялық күнді ұзарту жүзеге асырылған пайдаланушының бірегейлендіру коды қойылады;

3-баған – Пайдаланушы хатының нөмірі және датасы. Операциялық күнді ұзартуды жүзеге асыруға негіз болған пайдаланушы хатының нөмірі және датасы қойылады;

4-баған – Жоспар бойынша операциялық күнді ұзарту уақыты. Пайдаланушының операциялық күнді ұзартуды сұрату уақыты қойылады;

5-баған – Операциялық күнді ұзартудың нақты уақыты. Операциялық күннің аяқталу уақыты қойылады.



6-бағанОперациялық күнді ұзарту себебі. Пайдаланушының хатында көрсетілген операциялық күнді ұзарту себебі қойылады.


5-қосымша

Алынып тасталды.
жүктеу 450,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау