1
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
4) Республика Прези-
дентiнiң кезектi сайлауын
хабарлау;
5) Әдiлет бiлiктiлiк
алқасының құрамына екi
депутатты жiберу;
6) Республика Президен-
тiне қарсы мемлекетке
опасыздық жасады деп
айып тағу.
4) Конституциямен Парла-
мент мəжілісіне жүктелген өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. мəжіліс депутаттарының
жалпы санының көпшілік дау-
сымен, мəжіліс депутаттарының
жалпы санының кемінде бестен
бірінің бастамасы бойынша
мəжіліс үкіметке сенімсіздік
білдіруге хақылы.
56. Түсініктеме беріліп отырған бапта Қазақстан
Республикасының мемлекеттік билігінде орналасқан жалпы
тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiнде тек қана соған жататын
Мәжілістің рөлін белгілей отырып, Парламент Мәжілісінің
ерекше өкілеттігі белгіленген.
Заңмен Мәжілістің ерекше өкілеттігі мәселелері жөніндегі
елеулі өзгертулер енгізілген. Конституцияның 56-бабы 1, 2
және 3-тармақшаларында тек қана Мәжілістің ерекше қаруына
жататын өкілеттіктер санамаланған. Ешқандай да бір басқа
мемлекеттік органның аталған тармақшаларда көрсетілген,
Мәжілістің ерекше қарауын құрайтын саладағы мәселелер
бойынша шешім қабылдауына хақысы жоқ. Сонымен бір-
ге Конституцияның 56-бабы 1-тармағында бар Мәжілістің
қарауына жататын мәселелер тізімі толық емес. Мәжілістің
кейбір өкілеттіктері Конституцияның басқа да баптарын-
да бар. Мысалға Конституцияның 47-бабы 2-тармағына
сәйкес Мәжіліс Мәжiлiс депутаттарының кемiнде үштен
бiрiнiң бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының
көпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн Президентке айып тағу
және оны тексеру туралы шешім қабылдауға құқылы.
56.1.1) Тек қана Мәжілісте Заң шығару құқығы бастамасын
жүзеге асырумен байланысты Мәжілістің ерекше қарауына
конституциялық заңдар мен заңдарды енгізу және сол жоба-
200
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
ларды қарау жатады. Сонымен заң жобаларын Парламент Па-
латаларында қарау кезегі белгіленген. Әуелі конституциялық
заң және заң жобалардың қабылдау рәсімдерін Мәжілісте
содан кейін Сенатта өтуі тиіс («Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-
лы» Заңның 16-тармағына түсініктеме жазбаны қараңыз).
56.1.2) Заңмен Президенттің Премьер-Министрді тағай-
ындауға Парламент Мәжілісінің келісімін алудың жаңа
қағидатты нормасы енгізілген. Парламенттік көпшілік және
Премьер-Министрдің парламенттік көпшілік партиясының
өкілдігі негізінде Үкіметті қалыптастыру мен жұмыс істеуінің
жаңадан қарастырылған ережелеріне байланысты Мемле-
кет басшысының Премьер-Министрді, яғни бүкіл Үкіметті
бекітудегі басты рөлі Мәжіліске беріледі.
Мәжіліске ұсынылып отырған Премьер-Министрдің кандида-
турасын таңдау Мемлекет басшысының өкілеттігі болып табыла-
ды. Мәжіліс Республика Премьер-Министрдің тағайындалуына
келісімін беріп немесе мемлекет басшысы ұсынған кандидатура-
ны тағайындаудан бас тарта отырып, қатысады.
Мемлекет басшысының Премьер-Министрді тағайындауға
Мәжілістің келісім беру рәсімінің мағынасы бірегей мемле-
кеттік биліктің конституциялық қағидатын жүзеге асыру және
Үкіметті қалыптастыруда тиімді тежемелік және тепе-теңдік
жүйесін құру үшін қандай да бір нысанда заң шығарушы биліктің
қатысуы керектігімен қорытылады. Осындай қиындатылған
Үкімет басшысын тағайындау Парламентте әртүрлі сая-
си күштердің әлеуметтік келісіміне қол жеткізу мүддесінде
келісімге келуді іздеуді көздейді және соңында мемлекет бас-
шысы, заң шығару және атқарушы тармақ билігінің үйлесімді
және келісілген жұмыс істеуіне алғышарттар жасайды. Соны-
мен қатар, Президенттің Премьер-Министрді тағайындауына
Мәжілістің келісім беруі Парламенттің Үкімет қалыптастыруға
201
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ықпал етуінің, оның қызметінің негізгі бағыттарын белгілеуінің
негізгі нысаны болып табылады. Президенттің Премьер-Минис-
трді тағайындауына Мәжілістің келісім беруі туралы мәселенің
шешілуі сайып келгенде Үкіметтің белгілі бір саяси бағыт
жүргізуіне Мәжіліс келісім берді дегенді білдіреді.
Конституцияда Республика Президентінің Премьер-Министр
қызметіне тағайындауына Парламент Мәжілісінің келісімін
алудың мынадай тетігі бекітілген. Республика Президенті Пар-
ламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияла-
рымен консультациялардан кейін Премьер-Министр қызметін
тағайындауға келісім беру үшін Мәжілістің қарауына тиісті
жазбаша ұсынулар енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені
Парламенттің тиісті Палатасының таяудағы отырысының күн
тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады.
Премьер-Министрді Президенттің тағайындауына Парла-
мент Мәжілісінің келісімі алдын ала немесе кейінгі сипатта
болады және Палата отырысында беріледі.
Мәжілістің отырысында кандидатқа және кандидатты таныс-
тырушы адамға сұрақтар қойылуы және депутаттар ұсынылған
кандидатты «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер білдіруі мүмкін.
Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз
ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.
Егер Мәжіліс Республика Президенті Премьер-Министр
қызметіне ұсынған кандидатураны тағайындау бойынша
келісім беру туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Мемле-
кет басшысы Мәжіліске нақ осы Премьер-Министрге немесе
жаңа кандидатураға жазбаша ұсыныс енгізеді.
Мәжіліс Республика Президентінің Премьер-Министр
қызметіне тағайындауға келісім беру туралы шешімді Па-
лата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауы-
сымен, егер дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе,
ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Шешім Мәжілістің
Достарыңызбен бөлісу: |