Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет30/100
Дата26.12.2019
өлшемі1,88 Mb.
#24983
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100

белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.
 
 
 
   139-бап. Азаматтық қызмет 
      1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге 
асырылады.
 
      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын 
ұйымдастырады және өткізеді.
 
      3. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін 
шығару арқылы жүзеге асырылады.
 
      4. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам азаматтық қызметке басқару 
функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды. 
 
      5. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу мен бекітуді еңбек 
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісу бойынша тиiстi қызмет салаларының 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жүргізеді.
 
      6. Азаматтық қызметші:
 
      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, 
басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;
 
      2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді атқаруға 
кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;
 
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
 
      4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған, мемлекеттік құпияларды, 
қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге 
құқылы емес.
 
      7. Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті 
қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды.
 
      8. Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары 
арасындағы келісу бойынша басқа мемлекеттік мекемеге, қазыналық кәсіпорынға жұмысқа 
ауыстырылуы мүмкін.
 
      9. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы 
төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 
      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық 
сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария 
саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, 
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы 
түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және 
мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық 
айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
 
      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық 
сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария 
саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша 
жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
 
      10. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық 
айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік 
отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
 
      Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде 
сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
 
 
 
   140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы 
атқарушы органының басқа да мүшелерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері 
      1. Атқарушы органның басшысымен еңбек шартын жасасу, оның еңбегіне ақы төлеу 
тәртібі мен шарттары, оны тәртіптік жауаптылыққа тарту, жұмыстан шеттету осы Кодекске, 


Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, құрылтайшылар, заңды тұлға 
мүлкінің меншік иесі не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адам (орган) немесе 
заңды тұлғаның уәкілетті органы бекітетін құжаттарға, заңды тұлғаның оқшауланған 
құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      2. Егер жалғыз құрылтайшы (қатысушы, акционер) заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы 
органы болып табылған жағдайда, еңбек шарты жасалмайды. Еңбек қатынастары жұмыс 
берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісімен ресімделеді, онда еңбек функциясы, еңбек 
қызметін жүзеге асыру мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыстың орындалатын орны, сондай-
ақ еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
 
      Құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, 
атқарушы органның басшысымен еңбек шарты жасалады не құрылтайшылардың, заңды тұлға 
мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның 
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі негізінде онымен еңбек 
қатынастары тоқтатылады. 
 
      3. Атқарушы органның басшысын жаңа мерзімге тағайындаған (сайлаған, лауазымға 
бекіткен) жағдайда, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 
 
      4. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы актісіне 
құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі 
уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен 
не олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды. 
 
      5. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысына және басқа да мүшелеріне 
тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған 
күннен бастап екі айдан кешіктірілмей қолданылады.
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысына тәртіптік жаза қолдану тәртібі 
Қазақстан Республикасы заңнамасының және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының 
ерекшеліктері ескеріле отырып, құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не 
құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның 
уәкілетті органының шешімімен бекітілген жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
 
      6. Осы Кодексте көзделген заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегін реттеу 
ерекшеліктері заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органына, сондай-ақ заңды тұлғаның 
алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
 
 
 
   141-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын жұмыскерлердің 
еңбегін реттеу ерекшеліктері 
      Ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты, азаматтық және эксперименттік авиацияның 
авиация персоналына жататын жұмыскерлердің еңбегі азаматтық авиация саласындағы 
халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты 
режимі ұзақтығының ерекше нормаларын белгілейтін "Қазақстан Республикасының әуе 
кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген 
ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
 
 
 
   142-бап. Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы)мүшелерiне жататын 
жұмыскерлердің еңбегін реттеу 
      Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің 
еңбегі теңiз кемелерiнің экипаждары (жүзу құрамы) мүшелерiнің еңбегін, еңбегіне ақы 
төлеуді, жұмыс уақытын және тынығу уақытын реттеудің ерекшеліктерін белгілейтін "Сауда 
мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге 
осы Кодекспен реттеледі.
 
 
 


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау