17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыреті
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге
асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың
себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар
әзірлейді;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде
белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) алып тасталды - ҚР 24.05.2018
№ 156-VI
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері
бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл
жасайды;
8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
мониторингін жүзеге асырады;
10) алып тасталды - ҚР 24.05.2018
№ 156-VI
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек
қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ
еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін
ұсынады;
12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша
ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары
бойынша қажетті ақпаратты береді;
14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018
№ 156-VI
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі).
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен
(01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн
жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді
тіркеуді жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық
көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар)
ереуілдер өткізуді келіседі;
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жұмыскерлердің
өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер
жасасады;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар
жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын
жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
19-бап. Еңбек қатынастары субъектілері
Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек қатынастары субъектілері болып
табылады.
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды
тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және
барлық міндеттерін атқарады.
20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілеттіктері
1. Жұмыскерлердің мүдделерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған
кезде сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.
2. Кәсіптік одақ мүшесі болып табылмайтын, жұмыскерлердің сайланбалы
өкілдерін сайлауға қатыспаған жұмыскерлер кәсіподақ органдарына,
жұмыскерлердің сайланбалы өкілдеріне өздерінің мүдделерін білдіруге құқық
беруге құқылы. Кәсіподақ органдары, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері
жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның мүдделерін білдіруді қамтамасыз
етеді.
3. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерінің:
1) жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және
қорғауға;
2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және ұжымдық шарттарды жасасу
бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізуге;
3) ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын зерделеу және
қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану үшін жұмыс орындарына баруға;
4) жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын осы
Кодексте белгіленген тәртіппен реттеуге қатысуға құқығы бар.
21-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы
Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс
берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын
жасасу алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиісті лауазымға орналасуға арналған конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген органдардың
белгіленген квота есебімен жұмысқа жіберуі;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |