Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет4/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 
№ 414-V
 Кодексімен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі); 24.05.2018 
№ 156-VI
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
 
 2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
       1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан 
Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де 
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан 
Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік 
пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым 
салынады.
 
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы 
Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт 
қағидалары қолданылады.
 
      Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін 
жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған 
халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
 
 3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек 
қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де 
қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін 
қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен 
кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
 
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек 
қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, 
қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып 
табылады.
 
 4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
 
      1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол 
бермеу;
 
      2) еңбек бостандығы;
 
      3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар 
еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
 


      4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына 
құқықты қамтамасыз ету;
 
      5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
 
      6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын 
қамтамасыз ету;
 
      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
 
      8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
 
      9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін 
қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
 
      10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
 
      11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу 
болып табылады.
 
 5-бап. Еңбек бостандығы 
      Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір 
кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке 
қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
 
 6-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу 
      1. Әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске 
асыруға тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының 
өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек 
саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.
 
      2. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, 
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге 
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене 
кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты 
ешқандай кемсітуге болмайды.
 
      3. Еңбек қызметінің тиісті түрлері үшін Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес белгіленетін не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен 
қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан 
туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер 
кемсітушілік болып табылмайды.
 
      4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе 
өзге де орындарға жүгінуге құқылы.
 
 7-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу 
      Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
 


      Мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен 
талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін 
ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.
 
      Мәжбүрлі еңбекке:
 
      жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен 
жүргізілетін және оны орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың 
билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне 
енген үкіміне байланысты;
 
      төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
 
 8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы 
      1. Осы Кодекс:
 
      1) еңбек қатынастарын;
 
      2) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты;
 
      3) әлеуметтік әріптестік;
 
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
 
      2. Осы Кодекстің күші, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан 
Республикасының аумағында орналасқан жұмыскерлерге және жұмыс 
берушілерге, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың 
филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
 
      3. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің 
ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де 
заңдарында белгіленеді.
 
      4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, 
бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
 
 9-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар 
       Айлық жалақының ең төмен мөлшері, күнделікті жұмыстың (жұмыс 
ауысымының) ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы 
"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік 
стандарттар болып табылады.
 
 10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, 
жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері 
      1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты 
өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен 
және ұжымдық шартпен реттеледі.
 
      2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек 
шарттарының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау