Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет15/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45

қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған 
жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
      Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты 
еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) 
еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін 
сақталады;
 
      21) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды 
қоспағанда, жұмыскер заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс 
істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
 
      22) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы 
шешімі жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін ол ереуілге қатысуды 
жалғастырған;
 
       23) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не меншік иесі уәкілеттік берген 
тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен 
атқарушы орган басшысының, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы 
мүшелерінің, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және 
корпоративтік хатшының өкілеттіктері тоқтатылған;
 
       24) тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл 
сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен 
қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-
тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
 
      25) жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір айдан астам 
жұмыста болмаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
      2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты осы жұмыс ол үшін негізгі 
болып табылатын жұмыскермен еңбек шартын жасасқан жағдайда жұмыс 
берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
 
      Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
10.01.2018 
№ 134-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен 
соң 
қолданысқа
 енгізіледі) Заңдарымен.
 
        
 
 
 53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі 
       1. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі 
көзделмесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу кезінде еңбек 
шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге 


міндетті. Еңбек шартын жұмыскердің жазбаша келісімімен бұзу хабардар ету 
мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
 
       "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына 
екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен 
жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз 
осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген 
негіздер бойынша бұзуға жол берілмейді.
 
       2. Еңбек шарты осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында 
көзделген негіз бойынша бұзылған кезде, егер еңбек, ұжымдық шарттарда 
хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші он бес жұмыс 
күні бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етуге 
міндетті. Хабардар ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген 
уақытқа пропорционалды түрде жалақы төлеумен ауыстырылуы мүмкін. 
Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді 
көрсетуге міндетті.
 
      Мынадай:
 
      1) құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) жабылуы;
 
      2) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;
 
       3) жұмыскерлердің өкілдерін еңбек шартын бұзу үшін негіз болған 
себептерді (жұмыс берушідегі экономикалық өзгерістер мен еңбек шартын бұзу 
қажеттілігі арасында тікелей байланыстың болуын) көрсете отырып, кемінде бір 
ай бұрын жазбаша хабардар ету шарттары бір мезгілде сақталған кезде осы негіз 
бойынша еңбек шартын бұзуға болады. 
 
       3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы 
Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша 
еңбек шартын бұзу құрамына жұмыскерлердің өкілі қатысуға тиіс аттестаттау 
комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.
 
      Жұмыскерлерді аттестаттауды жүргізу тәртібі, талаптары мен кезеңділігі 
ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
 
       4. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз 
бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен құрылатын емтихан комиссиясының шешіміне 
негізделуге тиіс.
 
       5. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз 
бойынша еңбек шартын бұзу үшін жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруына 
кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына 


немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қорытындымен расталуға 
тиіс.
 
       6. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 
17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу 
осы Кодекстің 65-бабында көзделген тәртіптік жаза қолдану тәртібі және осы 
Кодекстің 66-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
 
      7. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген негіз 
бойынша еңбек шартын бұзу медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
 
      Жұмыскерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс 
беруші уәкілеттік берген адам қабылдайды. Жұмыскер медициналық 
куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
 
       8. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында көзделген негіз 
бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік 
парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.
 
       9. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз 
бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер "Қазақстан Республикасында 
зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-
бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер 
зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір 
ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және 
(немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене 
отырып жол беріледі.
 
       10. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 25) тармақшасында көзделген 
негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші жұмыскерге болмағаны 
туралы актіні хабарламасы бар хатпен жіберген күннен бастап күнтізбелік он 
күн ішінде жұмыскер болмау себептері туралы ақпаратты ұсынбаған кезде жол 
беріледі.
 
      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 16.04.2018 
№ 147-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 
№ 165-VІ
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу 
       1. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) және 23) 
тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау