Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет26/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45

енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 117-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі 
      1. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің 
жалпы сипаттамаларын жазудан тұрады.
 
      Салалық біліктілік шеңбері орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және 
пайдаланылатын білімінің, машығы мен құзыретінің сипатына қарай деңгейлер 
бойынша салада маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды.
 
      Кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне 
және құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын 
талаптарды айқындайтын стандарт.
 
      2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта 
қарауды жұмыс берушілер бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер 
палатасы бекітетін салалық біліктілік шеңберлері негізінде жүргізеді.
 
      2-1. Мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік 
стандарттарды әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды тиісті 
қызмет саласының мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті органмен 
келісу бойынша жүзеге асырады.
 
      3. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп 
жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын 
реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия бекітеді.
 
      4. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды тиісті қызмет 
салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жұмыс берушілер 
бірлестіктері жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек 
қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      5, 6-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 04.07.2018 № 171-VІ 
(01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
04.07.2018 
№ 171-VІ
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  
 
 
 118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру 


      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта 
даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс 
беруші айқындайды.
 
      1-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейінгі білімнің, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың білім 
беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және сәйкестікті растау 
мен біліктіліктер берудің кешенді жүйесін іске асыру үшін тиісті кәсіптік 
стандарттар болған кезде талаптарды ескеруге тиіс.
 
      2. Жұмыс беруші жұмыскерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында 
тұрмайтын өзге адамдарды (білім алушы) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды 
және олардың біліктілігін арттыруды:
 
      1) тікелей ұйымда (жұмыс берушіде);
 
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында;
 
      3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін 
арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.
 
      3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік 
даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес 
жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында 
тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
 
      4. Оқыту шартында:
 
      1) білім алушы алатын нақты мамандыққа, біліктілікке және (немесе) 
біліктілік курсының атауына сілтеме;
 
       2) жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары мен міндеттері; 
 
      3) оқыту мерзімі және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен 
өтеу мерзімі;
 
      4) оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеудің өтелмеген мерзіміне 
пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары;
 
      5) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;
 
      6) тараптардың жауаптылығы қамтылуға тиіс.
 
      Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар 
қамтылуы мүмкін.
 
      5. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтетін 
жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы не 
жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.
 


      6. Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға 
байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.
 
      7. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауға, 
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.
 
      8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына 
сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар 
ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді 
орындайды.
 
      Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 
№ 171-VІ
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 04.07.2018 
№ 172-VІ
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
 
 119-бап. Дуальдық оқыту 
      Дуальды оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін дуальды 
оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалатын дуальды оқыту 
туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
 
      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 
еңбек тәртіптемесінің қағидалары қолданылады.
 
      Білім алушы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім 
алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді 
орындайды және сол уақыт үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.
 
      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.
 
      Дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту 
мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға 
тәлімгерді бекітіп береді.
 
      Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 
№ 171-VІ
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 04.07.2018 
№ 172-VІ
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
 
 10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 
 120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті 
      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген 
нұқсан (зиян) үшін материалдық жауаптылығы, егер осы Кодексте және 
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау