Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет22/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

       2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы 
төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл 
сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. 
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс 
жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша 
ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.
 
      3. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның 
бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
 
 95-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу 
       1. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы 
төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. 
 
      2. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі 
бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез 
келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін 
еңбек демалысына қосылады.
 
      3. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері 
шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта 
берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша 
жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған 
бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
 
      4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүкті әйелдерді және ауыр 
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 
істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері 
шақыртып алуға жол берілмейді.
 
 96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты 
тоқтатылған кезде өтемақы төлеу 
      1. Еңбек шарты мерзімінің өтуіне байланысты оны кейіннен тоқтатумен жыл 
сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, демалыс уақыты еңбек шарты 
мерзімінің шегінен толық немесе ішінара шыққан жағдайда берілуі мүмкін. Жыл 
сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының соңғы күні еңбек шарты мерзімінің 
өтуіне байланысты оны тоқтату күні болып есептеледі.
 
      2. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық 
пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының 
(жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы 
төлемі жүргізіледі.
 
 97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс 


      1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші 
негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
 
      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс 
берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
 
      3. Жұмыс беруші:
 
      1) неке тіркелгенде;
 
      2) бала туылғанда;
 
      3) жақын туыстары қайтыс болғанда;
 
      4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің 
хабарламасы негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын 
демалыс беруге міндетті.
 
 98-бап. Оқу демалысы 
      1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен 
емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды 
орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери 
оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары 
беріледі.
 
      2. Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, 
оқу шартында айқындалады.
 
      3. Жұмыс беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге 
оқуға, тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) 
сақтай отырып, оқу демалыстарын береді.
 
 99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар 
      1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы 
(балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына 
байланысты мынадай демалыстар беріледі:
 
      1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;
 
      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;
 
      3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы 
сақталмайтын демалыс.
 
      2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық 
беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап 
демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша 
қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді.
 
      Жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы:
 
      қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және 
босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге;
 


      қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған кезде – босануға дейін 
күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге;
 
      ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге 
қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күнге және 
босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге (қиын босанған немесе екі 
және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күнге);
 
       жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі 
мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала 
туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда – босанғаннан кейін 
күнтізбелік жетпіс күнге; 
 
       жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі 
мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз 
және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп 
кеткен жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге; 
 
       ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге 
жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі 
мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала 
туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда – босанғаннан кейін 
күнтізбелік тоқсан үш күнге; 
 
      ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге 
жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі 
мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз 
және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп 
кеткен жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге беріледі.
 
      Әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша қабілетсіздік парағына өтініш 
жасаған кезде демалыс жиынтықтап есептеледі және босанғанға дейін өзі нақты 
пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушіде жұмыс істеген 
ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
 
      Әйел босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша қабілетсіздік парағына 
өтініш жасаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген ұзақтықпен 
босанғаннан кейінгі демалыс қана беріледі.
 
      3. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге (ата-ананың 
біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу 
алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі.
 
      4. Егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің 
актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қазақстан 
Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау