Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет17/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы 
жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;
 
      4) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар 
бұзыла отырып жасалған;
 
       5) еңбек шарты осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында көрсетілген 
адамдармен жасалған жағдайларда;
 
      6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген басқа да 
жағдайларда, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек 
шарты тоқтатылуға жатады.
 
      Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 
№ 414-V
 Кодексімен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
 
 61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу 
      1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп 
жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының 
тоқтатылуын және үй жұмыскерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын 
қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен 
ресімделеді.
 
      2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын 
тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс.
 
      3. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі 
жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 
жұмыскерге тапсырылады не оған хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
 
 62-бап. Еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты өзге де 
құжаттарды беру 
      1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыскердің еңбек 
қызметін растайтын құжатты беруге міндетті.
 
      2. Жұмыс беруші жұмыскердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талап 
етуі бойынша, өтінішпен жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде 
мамандығы (біліктілігі, лауазымы), жұмыс істеген уақыты және жалақы мөлшері 
көрсетілген анықтаманы, жұмыскердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы 
туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте 
көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.
 
      3. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс 
беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші жұмыскердің 
алдында берешегі болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша қалыптасқан 


берешектің мөлшері туралы тиісті түрде ресімделген анықтаманы беруге 
міндетті.
 
 5-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ 
 63-бап. Еңбек тәртіптемесінің қағидалары 
      1. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларын жұмыс беруші бекітеді.
 
      2. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен 
тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын 
реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
 
 64-бап. Тәртіптік жазалар 
      1. Жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші немесе 
ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының 
заңдарында көзделген жағдайларда, мынадай:
 
      1) ескерту;
 
      2) сөгіс;
 
      3) қатаң сөгіс;
 
       4) осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 
17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, еңбек шартын 
жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға 
құқылы.
 
      2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында 
көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
 
      Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 
№ 156-VI
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
 
 
 65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі 
       1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы 
қолданады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, 
ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы тәртіптік жаза қолданған кезде 
осы Кодекстің 65 және 66-баптарының ережелері қолданылады.
 
      2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша 
түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер 
жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады.
 
      Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола 
алмайды.
 
      3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана 
қолданылуы мүмкін.
 


      4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
 
      1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
 
      2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына 
жұмыстан босатылған;
 
      3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
 
      4) жұмыскер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
 
      5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс 
күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып 
хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып 
растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл 
туралы тиісті жазба жасалады.
 
      Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке 
таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған 
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы 
бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.
 
      Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 
№ 156-VI
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
 
 
 66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі 
       1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан 
Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік теріс қылық анықталған кезде тікелей, бірақ 
ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
 
       Осы Кодекстің 176-бабында көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар 
ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 
бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
 
      2. Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай 
өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе 
ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру 
нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер 
тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қолдануға 
болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты 
кірмейді.
 
      3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе 
қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, 
іссапарда немесе вахтааралық демалыста болуына байланысты жұмыста 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау