қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) және құқыққа қарсы
кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) арасындағы себепті байланыс
нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады.
2. Еңбек шартының басқа тарапқа нұқсан (зиян) келтірген тарапы оны осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді.
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық
жауаптылығы нақтылануы мүмкін.
4. Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек
шартының тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу
жөніндегі материалдық жауаптылықтан босатпайды.
121-бап. Жұмыскерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы оған келтірген нұқсан
үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы
1. Жұмыс беруші жұмыскердің алмай қалған жалақысы мен оған тиесілі өзге
де төлемдерді жұмыскер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыскер
жұмыс орнына заңсыз жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты
заңсыз өзгертілген, жұмыстан заңсыз шеттетілген, еңбек шарты заңсыз бұзылған
жағдайларда, оған өтеуге міндетті.
2. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз
айыру арқылы келтірілген нұқсанды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша
жағдайлары белгіленуі мүмкін.
122-бап. Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс
берушінің материалдық жауаптылығы
1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне
және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен
өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-
тармағында көзделген зиян жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде
толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші
жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы
айырманы өтеуге міндетті.
3. Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма
тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiн белгілеумен байланысты
зиян келтірілген кезде, жұмыс беруші жұмыскерге жоғалтылған табысын және
денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде
денсаулықтың зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың
мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті
қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-
VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем
осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды
растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге
жатпайды.
123-бап. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық жауаптылығы
1. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық
жауаптылығы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінде және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жағдайларда
басталады.
2. Егер нұқсан еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті
қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерге берілген мүліктің
сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
орындамауы салдарынан туындаған болса, жұмыскердің жұмыс берушіге
келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы жойылады.
3. Жұмыскер жұмыс берушіге келтірілген тікелей іс жүзіндегі нұқсанды
өтеуге міндетті.
4. Тікелей нақты нұқсан деп жұмыс берушінің қолда бар мүлкінің шынайы
азаюы немесе көрсетілген мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы
мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс
берушідегі мүлкінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс беруші үшін
мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не артық төлем
жүргізу қажеттілігі түсініледі.
5. Жұмыскерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына
жатқызылуы мүмкін нұқсан үшін жауаптылық жүктеуге жол берілмейді.
6. Жұмыс беруші жұмыскерлерге қалыпты жұмыс және оларға сеніп
тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар
жасауға міндетті.
7. Жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ)
материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер
атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ
толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің
актісімен бекітіледі.
8. Мынадай:
1) жұмыскерге толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша
шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы
қамтамасыз етілмеген;
2) жұмыскер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да
құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;
3) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық (оларға ұқсас)
жағдайда нұқсан келтірілген;
4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде
оларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерге пайдалануға
берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар
кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген;
5) жұмыс беруші үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы
талап бұзылған жағдайда;
6) еңбек, ұжымдық шарттарда ескерілген өзге де жағдайларда жұмыс
берушіге келтірілген нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық
жұмыскерге жүктеледі.
11-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін
кепілдіктер
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға
тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек
міндеттерін орындаудан босатады.
2. Жұмыскерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін
жалақы көрсетілген міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ жұмыс
орнындағы орташа жалақысынан төмен болмай төленеді.
3. Мерзімді әскери қызметті өткерген адамдар оны өткергеннен кейін екі ай
ішінде мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген ұйымға
жұмысқа қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады.
125-бап. Медициналық қарап-тексеруге жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер
Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің қаражаты
есебінен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті
жұмыскерлердің олардан өткен уақытта жұмыс орны (лауазымы) мен орташа
жалақысы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |