«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет67/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   213

1 бәсеке бойынша тексеріс


«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия өз құрамын бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болатын салаларда енгізіледі:



  • Конституциялық құрылыс;

  • Ұлттық қауіпсіздік;

  • Қоғамдық тәртіпті сақтау;

  • Адам құқықтары мен бостандықтары;

  • Халық денсаулығы.

Қызметтің бұл түрі жеке секторға, атап айтқанда, нотариатқа тапсырыла алады.

Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеу келесі нәтижені көрсетті. ҚР «Нотариат туралы» заңнамасының Негіздеріне сәйкес, жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламаларды тіркеу нотариат функцияларына жатады. Бұл мақсаттар үшін, нотариаттың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламалардың тиісті тізілімі жұмыс жасайды.

Осыған байланысты жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу бойынша қарым-қатынастарға қатысушыларды нотариустармен толықтыру ұсынылады.




9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым

Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.



9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым

Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен алым алынады.


1 бәсеке бойынша тексеріс

Қолданыстағы заңнама бойынша жылжымалы мүлік кепілдігін мемлекеттік тіркеу үшін алымның мөлшері ҚР « Салық және бюждетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексінің 456 бабында белгіленген.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы хабарламаларды тіркеу нотариатқа тапсырылатынын назарға ала отырып, ҚР «Нотариат туралы» Заңының 30-1 бабында аталған нотариалдық әрекетті жүзеге асыру ақысының мөлшерін белгілеу қажет.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына 4 қосымшада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу саласында өндіретін және (немесе) жүзеге асыратын жұмыстардың, қызметтердің бағалары белгіленген.

Осыған байланысты ҚР «Нотариат туралы» Заңының 30-1 бабының 1 тармағыныың 23-1) тармақшасында да міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлікті беру үшін; өтініш берушінің кінәсінан жасалған тіркеу құжаттарындағы қателерді түзеу үшін; міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігі тізілімінен үзінді анықтаманы беру үшін төлемақы мөлшері белгіленеді.

Осы бөлікте «Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы» Заңы ҚР «Нотариат туралы» Заңының сілтемелік нормасымен толықтырылады.




9-3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шартты жасасқан жағдайда екінші деңгейдегі банк кепіл ұстаушы ретінде жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағында айқындалады.

      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.



9-3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шартты жасасқан жағдайда екінші деңгейдегі банк кепіл ұстаушы ретінде жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның, нотариустың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағында айқындалады.

      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Тіркеуші орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның, нотариустың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау