228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу
…
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобы бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
…
Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік туындайды.
|
228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу
…
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
…
Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.
|