9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны бақылау және қадағалау органына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін атқарушы органға және тексерілетін субъектінің басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.
5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды бақылау және қадағалау органына жазбаша түрде ұсынады.
6. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған, тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болған кезде, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, бақылау және қадағалау органы басшысының, (оның орынбасарларының), бақылау және қадағалау органы бөлімшелері басшыларының, тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.
Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысу үшін жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда, тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бақылау және қадағалау органына жазбаша түрде ұсынады.
Бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде, түпкілікті шешімді бақылау және қадағалау органы не оның орынбасары қабылдайды және бұл тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.
7. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы болмаған кезде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде әрекет ететін өзге қызметкер қол қояды.
8. Осы баптың 7-тармағында аталған адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда, тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделді деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |