|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Тексеруді тағайындау туралы актіде
|
бет | 334/591 | Дата | 19.01.2022 | өлшемі | 0,56 Mb. | | #33443 |
| Салыстырма кестеТексеруді тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
4) тексерудің түрі;
5) тексеруге жататын мәселелер;
6) тексеруді жүргізу мерзімі;
7) тексерілетін кезең көрсетіледі.
2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда тиісті акт жасалады, оған бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуларында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, белгіленген мерзімдерде тексеру жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соққан, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексеруді тағайындау туралы акт тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына табыс етілуге тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде тапсыру мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеді деп есептеледі. Бұл ретте, тексеру басшысы тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адамды бұл жөнінде жазбаша хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|