«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 0,56 Mb.
бет208/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   591
Салыстырма кесте

г) мұрагерлерге:


10. Уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2)-тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген талаптармен ұсынады.

Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына өзіне осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.

...


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен жаңа құрылған мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде реттеу, қадағалау және бақылау функцияларын тиісінше жүзеге асыруы үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен ақпарат алмасу мүмкіндігін белгілеу мақсатында

Қатысушы банк өзі мәліметтерді ашуды ұсынады, өйткені осы сәтте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – ҚДКҚ) қосылу шарты шеңберінде банктің депозиторларға қойылатын қарама-қарсы талаптарды қамту тиіс осы депозиторлардың автоматтандырылған деректер базасын есепке алуды қатысушы банктің жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады.

Осы бақылау банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда депозиторлардың толық тізімін қалыптастыру және кепілдікті өтеуді дұрыс есептеу мақсатында

жүзеге асырылады.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жаңадан құрылатын уәкілеттік мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.

Қазақстан Республикасының


Қылмыстық-процестік кодексінің 181-бабының үшінші тармағына сәйкес келтіру мақсатында, онда қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарға растайтын құжаттар мен материалдар қоса берілсін

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жаңадан құрылатын уәкілеттік мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында

8-тармақ бойынша қайтыс болған клиенттің мұрагерлеріне банктік құпияны құрайтын мәліметтерді алу мүмкіндігін бекіту мақсатында.

Іс-жүзінде мұрагерлер банкке мұрагерлік құқығы туралы куәлікпен мұрадағы тиесілі үлесін алуға келген жағдайлар орын алады.

Мұра қалдырушының банктік шотынан ақшаны алған кезде мұрагерде (бірнеше болған жағдайда) орынды сұрақ туындайды банк ақша сомасын дұрыс төледі ме? Мысалы мұра қалдырушының банктік шотынан төлеуге тиесілі 1/10 үлесінің белгілеу үшін мұра қалдырушының банктік шотындағы жалпы ақша сомасын білгісі келетіні заңды саналады.

Алайда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 8-тармағының қолданыстағы редакциясында мұрагерге мұра қалдырушының банктік шоты бойынша дәйекті ақпаратты алуға мүмкіндігі жоқ, бұл әділділігімен шынайлығы қағидаттарына қарама қайшы келеді.










51-бап

1-тармақ


он бірінші бөлік


51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке тыйым салу және олардан өндiрiп алу





Электрондық нысанда жіберілетін өкім мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қалыптастырылады.



51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке тыйым салу және олардан өндiрiп алу





Электрондық нысанда жіберілетін өкім мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қалыптастырылады.



Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.










54-бап

1-тармақ


бірінші бөлік

2-тармақ


3-тармақ

4-тармақ


54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік

1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесі, нысандары не нысандарына қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.


2. Банктер уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегі қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берілген кредиттердiң мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.

3. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.

4. Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік

1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесі, нысандары не нысандарына қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

2. Банктер уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жердегі қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берілген кредиттердің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.



3. Банктер уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
4. алып тасталсын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және қаржы ұйымдарының есептілікті ұсыну тәртібін белгілеу өкілеттігін беруге байланысты.











54-1-бап

1-тармақ


2-тармақ

54-1-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі

1. Банктердің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды уәкілетті органға ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясының қабылданғанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.


54-1-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі

1. Банктердің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

2. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органына салық декларациясын ұсыну туралы растаумен қоса жеке табыс салығы және мүлік (ол бар болса) бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің ұсыну тәртібін белгілеу өкілеттігін беру мақсатында.

Салық органының салық есептілікті қабылдау туралы хабарлама декларацияны электронды нысанда ұсынған кезде ғана беріледі.

Салық кодексінің 208-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші салық есептілікті электронды нысанда ғана емес, келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште, немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы - қағаз жеткізгіште ұсына алады;

Барлық жеке тұлғалардың жеке табыс салығы және мүлік (ол бар болса) бойыншадекларацияны міндетті түрде ұсыну мерзімдерінің ауысуына байланысты











61-6-бап


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау