уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
…
4-1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны қылмыстық қудалау органына жіберген кезде құжаттарды және материалдарды растау ретінде банк құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұйымдарға ұсынуы банк құпиясын ашу болып табылмайды.
...
5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.
…
6-1…
Осы баптың осы тармағында және 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тек салықтық әкімшілендіру, кедендік бақылау мақсатында беріледі.
…
6-5. …
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
…
7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуды алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.
…
Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.
…
8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар екендiгi, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
…
Достарыңызбен бөлісу: |