24-1) жоқ
24-2) жоқ
30-1) жоқ
…
35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
35-1) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және олардың қызметін реттейді;
…
38-2) жоқ
|
8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкі:
…
5) Қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
…
14) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар, осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және талаптармен соңғы сатыдағы қарыздар береді;
…
16) статистикалық әдістемені әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және қаржы статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
…
18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және қаржы статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит және қаржы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;»;
19) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ осы Заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
|